Телеканал Ел Арна http://www.elarna.kz/ Телеканал Ел Арна ru-ru Fri, 18 May 2012 19:47:00 +0600 Fri, 18 May 2012 19:47:00 +0600 http://www.elarna.kz/blogrss.php El Arna RSS admin@elarna.kz admin@elarna.kz «Шіркін, life» http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-35/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-35/


]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ассалаумағалейкум http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-38/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-38/  Сіздерді халықтық телеарна «Ел Арнаның» жаңа сайтының ашылуымен құттықтаймын! 
 Осы сайтта мен өзімнің блогымды жүргізетін боламын. Аталмыш блогтың мүмкіншілігін пайдалана отырып, бағдарламада көтерілген тақырыптар, қазақ жастарының әртүрлі мәселелеріне байланысты өзімнің ойларыммен бөлісіп отырамын. Сіздердің бағдарламаға қатысты пікірлеріңіз, қандай тақырып қозғалуы туралы ойларыңыз болса, әрдайым тыңдауға, талқылауға дайынмын. 
 «Ел Арнада» жүздескенше! 
 «Азамат деген атқа лайық болайық!»
 
Құрметпен, Руслан Желдібай 


]]>
Жельдибай Руслан Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Приветствую Всех посетителей сайта www.Elarna.kz ! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-39/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-39/ В нашей жизни замечательное и знаменательное событие. Мы открыли Свой !!! сайт. 
Появления собственного блога я ждала с нетерпением ! 
Уверена, что блог станет настоящим проводником нашего с Вами общения. Жду отзывов, предложений и замечаний. 
Хотя, давайте просто общаться и дружить. 
И не забывайте - Ел арна- это новая страница Вашей жизни. Вместе у нас все получится. 
Айгуль Мукей - директор телеканала "Ел арна".  


]]>
Мукей Айгуль Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Cәлем достар! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-40/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-40/       Туған жерімде «Тықылдақ» деген атқа ие болып, «Шіркін, life»-тан кейін «күшігі бар жүргізуші» атанған Каспийдің Ақмаржанымын. Телефон нөмірім бір-бірін қайталамайтын жеті саннан, ал өмірім – сериалдардағыдай шым-шытырық оқиғалар мен кездейсоқ жағдайлардан тұрады. 

                                                 Менің блогыма қош келіпсіздер!!!

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Встречайте новую программу и новую Индиру Зайнудинову! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-41/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-41/ Однако мне особенно запомнилась реакция Айгуль на мое появление в кадре. Она сказала что-то о моем преображении. И действительно, теперь это не веселая девушка из программы «Қош келдіңіздер», которая улыбалась с экранов во все 32 зуба и приставала ко всем с вопросом: «За что вы любите свой город?» - а серьезная ведущая-несмеяна, разоблачающая недобросовестных производителей и торговцев некачественными товарами. 
Премьера действительно прошла на ура. Это отнюдь не самолюбование – я сделала вывод по оценке многих зрителей, в числе которых не обязательно близкие мне люди. Потребительская тема, на мой взгляд, актуальна всегда и везде.
И как говорится в нашем рекламном ролике: «Мы слышали об этом из зарубежной прессы и думали, что нас это обойдет стороной. Отечественное – значит можно доверять? Мы это проверим!»

]]>
Индира Зайнудинова Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
С уважением Аскар Магзумов для всех посетителей нашего сайта http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-42/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-42/ Мағзомов Асқар Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Салем !!! Жаңа жылда, жаңа сайт http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-43/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-43/ Мағзомов Асқар Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Жаңа сайттағы жаңа бет :) ! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-44/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-44/ Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 "Шіркін-life"-тағы көзге күйік болған күшік http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-45/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-45/

      Реалити-шоуға қатысқан жұлдыздардан гөрі газет-журналдардың менің сүйкімді күшігім туралы көбірек шимайлағанын білесіздер /Қожекең айтпақшы: «Білетін болсаңдар – қайталап жатудың қажеті жоқ. Ал білмейді екенсіңдер – білмей-ақ жүре беріңдер!.. қаласаңдар, білетіндерің білмейтіндеріңе айтыңдар!»/
     
Сонымен: «Тележобаның мықты шығуына тек күшік қана кедергі болды...» - деп есептейтін /тағы да көптеген факторларды тізіп берген/, пікірлерін сыпайы түрде газет бетіне жариялаған «таныс емес» және сыни мақалаларын жазып жастығының астына тығып қойып жариялауға ұялған «таныс» журналисттердің жүйке жүйесі тыныш болсыншы деп бүгін бір шешім қабылдадым!!! Ол туралы сәл кейінірек жазармын, әзірге адамзат баласының жақынына деген мейірімі төмендеп кеткен мынау қиын заманда, табиғатпен де байланысымызды үзуіміз керек деп есептейтін ақылдыларға жеке тоқталып өткім келеді... бірде Сырымнан Балаби: «Атадан қанша ағайындысыңдар?» - деп сұраған екен. Сонда Сырым: «Екеуміз» - депті. Балаби: «Даттан он бір ағайынды деп естіп ек... бұл қалай болғаны?..» - деп таңырқайды. Сырым шешен айтқан екен сонда тұрып: «Иә, он бір ағайынды екеніміз рас. Бірақ, олардың барлығы алыста ғой, не қайран?.. Екеу дегенім: бірі – мен де, екіншісі – халқым!..» Қара шаңырақтан жырақ жүрген менің де кей уақыт жалғыздықтың жаулығын тас қып тартып алып, ауыр ойлардың шырмауынан шыға алмай қалатын кездерім болады. Ондайда жаныңның сыздай ауырғанын адам баласына сездіргің келмейді; тыныштықты аңсайсың. «Не хабар?.. не жаңалық?.. көңіл-күйің жақсы ма?..» - деген сұрақтарға жауап бермек түгіл, сол сәт тұтқаны көтеруге де жүрексінесің. Безілдеген телефоныңның үні де дарбазадан кіре алмай тұрған көк есектің ақырғанынан бетер жаман естіледі /бұл жалғыз менің ғана басымдағы жағдай емес/ Міне, сондайда үйдегі асыранды жануарымның көзі мөлт-мөлт етіп жаныма келетіні бар; бейкүнә көзқарасынан тіпті ең жақын деген адамдарымнан сезбейтін мейірімді байқап қалам. Ол үн де шығармайды, доспын деген кейбіреулер сияқты өтірік сөйлеп көлгірсімейді; жай ғана сен аңсаған тыныштыққа ортақтасады. Онысымен: «мен бармын ғой... жалғыз емессің...» - деп айтқысы-ақ келетіндей. Аз ғана үнсіздіктен соң эгоисттік ойлардың барлығын бір шетке ысырып тастап, өзімнің мойныма жүктелген жауапкершіліктің барын сезініп... көңілім жадырап шыға келеді. Әр адам жан күйзелісіне ұшыраған шақта өзін қалай алдарқату керектігін білетін болса – біздің еліміз «суицид»-тен әлемде үшінші орынды иемденбеген болар еді... Біздің қазақ қиналғанда, сыр бөлісер жан таппағанда: «психологқа барып ой бөлісейінші-ау...» - демейді. Түсінер бауыр, бастан сипар шеше, ақыл айтар жеңге болмаса бәрін іште бүгіп «ауырмай өлеміз». Менің терезе алдындағы гүлдермен сөйлесетінім, мысықтар мен күшіктерге қамқорлық танытып жүретінім бәз біреулердің мысқылдап күлуіне «сылтау» болары сөзсіз. Бірақ, жұрт не дейді деп жалтақтағым жоқ. Менің жан сарайымдағы өзгерістерді білуге ықыласты болмаса – білмес дүниесіне қол сұқпасын!.. Мұхтар Шаханов ағамыздың өлеңдерінде жазылған ғой: «қылмыспен тең – түсінуге тырыспау...» Өзім арқылы қаланың тар үйіне сыймай жүрген көп замандастарымның басындағы жайтты суреттеп бергендей болдым. Камераның алдында: «мен кереметпін!» - деп майысып қалатын кейбір жұлдыздарымыз сияқты шынайы өмірде болып жатқанды қанша жасырғымыз келсе де «алмас қылыш қап түбінде жатпайды». Барды – барша баяндауымыз керек. Менің мысық-күшік арқалап жүргенімді түсінбейтін жандарға жақсы жауап болған шығар?..  деп ойлаймын. Ал, енді «Шіркін,life»-қа келер болсақ, менің бұл тақырыпқа қатысты да ауыз толтырып айтарым көп-ақ . Осы уақытқа дейін менен тікелей сұхбат алған журналисттердің іштей кіжініп жақтырмай отырғандарын сезсем де, олармен пікір таластырып жатуға құлық таныта қоймап ем. Айбатының бір сыни мақаламен-ақ шектелетінін біле тұра: «Журфакты бітіргем» - деп төс қаға, юрфак-тың ешкімге керек болмай қалған қызыл дипломын арқалап жүрген мына маған менсінбей қараған ақылды журналистпен сөз таластырып жату да – ақымақтық қой. Егер қазақ телевизиясында «жануарлармен эфирге шығуға тиым салынады» - деген қатаң ереже болса, Ата Заңымыздың баптарында қазіргідей: «жеке өмірге қол сұғушылық заңмен қудаланады» - деп жазылмаған болса - «халық жауы» атанбасам да, әй бір кішігірім қуғындауға ұшырап кететінім даусыз еді... бір қызығы, танымал деген жұлдыздарың  да менің Жоржымның көлеңкесінде қалып қойды /кей мақалаларда әншілерге жеке-жеке тоқталып өтпесе де, Жорж туралы қалам тартпаған тілші болмады/ Өзімше Жорж Сандтың құрметіне қойған едім атын; оған да тиісті біреулер. «Қазақта ат құрып қалып па?..» - деді аяқ астынан патриот бола қалғыштар. Серік, Берік, Нұрхан деп қойсам: «менің атымды итіне қойыпты...» - деп тағы ренжитіндер табыла кетер еді. Жаңа қазақтарың балаларының есімін Анель, Жанель, Диана деп қойып жатқанында мен неге күшігімді ескіше Ақтөс, Майтабан, Құтжол деп атауым керек, ойланып көріңіздерші?!.
       
Бөріктерін аспанға атып қуансын, барлық проблема менің қолымдағы бейкүнә күшікке келіп тіреліп тұрса /бағдарлама кезінде бір дыбыс шығармаған Жоржымның не жазығы бар екенін?.. түсірілімге кедергі жасаса бір жөн.../ сүйінші хабарды жеткізейін!!! «Шіркін, life»-тың екінші маусымы «күшіксіз» өтетін болды. Алғашқы маусымда Асыл мен Нұржанның сүйіктілеріне айналған Жоржым екінші маусымдағы бағдарламаға қатысатын «әзір бекітіле қоймаған» жұлдыздармен таныса алмайды... бірақ, өзіне қамқор болар адаммен танысуға асық боп жүр. Менің бүгін қабылдаған шешімім сол! Жоржыммен қош айтысатын болдым! КТК арнасында берген сұхбатымда Гүлмира Әбықайдың сұрағына: «Егер өмірімде бір сенімді адам пайда болса, тұрмысқа шығатын боп шешсем Жоржыммен қош айтысуыма тура келеді» - деген едім /ер мінезді ханзадамды әлі кезіктіргенім жоқ, алайда, іссапармен шапқылап кеткенімде Жоржымның жалғызсырап қалғанын қаламаймын/ Сол кезде ғаламтордағы «достарым» бірінен соң бірі хат жолдап күшікті өздеріне беруін өтінген болатын. Қалыптасқан дәстүр бойынша жануарды қолдан-қолға бере салуға болмайды, ырымға жаман /мал тұрмайды дейді қолда/, сондықтан Жоржымды алам деушілерге АУКЦИОН жарияламақпын. Ол көшеде иесіз жүрген жануар емес, біріншіден; екіншіден, жай Жорж емес, ол Жұлдыз-Жорж!!!  «Шіркін,life» жобасында еркелігін тия алмай мінез көрсеткен, «картоп аршымаймын, қолымда дақ қалып қояды...» - деп болмашы нәрсеге шу көтерген /аттарын атамай-ақ қояйын/ әлдекімдермен салыстырғанда ол өзінің мақұлық болса да, саналы тіршілік иелерінің кейбірінен ақылдырақ екенін көрсете білген Жорж. Өзінің Қап-қарашкаға ұқсас аңғал мінезі бар, Асыл сияқты кейде үнсіз де отырып қалады, Динара мен Салтанаттай өзіне не керек екенін білмей қалатын  кездері де жоқ емес, Айкерім тәрізді өз құқығының аяққа тапталуына жол бермейді керек десеңіздер, Алмас сынды еркелеп алғанды жақсы көреді, өзінен салмағы бірнеше есе ауыр иттерге үріп ұмтыла жөнелгенде Бейбіт пен Ақылбек сияқты «нағыз еркек» дерсің... «мал иесіне тартады» демекші, етті көп жемейтін, кекті көп сақтамайтын сүйкімді жануар.
       
Ұсыныстарыңызды мақаланың астына жазып қалдыра беріңіздер!


 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін Life" жобасы турал менің ойым. http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-46/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-46/ Мағзомов Асқар Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 "Шіркін, life-2"! Сіз не дейсіз??? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-47/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-47/ Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Өткен тағы бір күн... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-48/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-48/

         Жексенбі. Әдеттегідей микрофон алдында отырмын. Көпшіліктің асыға күтетін, бауырмашыл жандардың сылтауратып аға-жеңге, әпке-жезделеріне қонаққа баратын, ал кейбір апта бойғы зыр жүгірістен қатты шаршаған жандардың ұйқыны қандырып алатын демалысы. Мен үшін бұл күннің дүйсенбі,сәрсенбілерден бір ғана айырмашылығы бар: эфирге бір сағат қалғанда ұйқыдан оянам да /былайғы күндері ерте тұруыма тура келеді/, басыма тас қып орамалды тартып алып /ол да болса маскировка, әйтпесе, шашымды сәндеп тұруыма минимум жарты сағат уақытым кетеді/ жұмысқа аттанам. Ыстық кофе ішуді ұмытуым мүмкін, бірақ, қолтығыма кітап қыстырып шығуды әсте естен шығармаймын. Өткен аптада әріптесім Бибігүлдің үйіне қонаққа барғанымда, сөредегі маржандай тізіліп «мен мұндалап» тұрған ескілі-жаңалы кітаптардың үш-төртеуін «оқи тұрайынға» салып сұрап алған едім /ұлттық кітапханадан сұрап едім – бермеді, Алатаудың баурайында жүргеніме төрт жылға таяп қалды, әйткенмен, қолымда «Алматы қаласының тұрғыны» екенімді дәлелдейтін құжат жоқ, соның кесірінен.../ Эфирде сағатына 30 секундтан үш-төрт рет сөйлейтінім болмаса, 10,20,40,56 минуттардағы біздің бастығымыз үшін өте маңызды жарнамалардың тұрақты шығуын қадағалайтыным болмаса – негізі бос отырам. Сондықтан, сол «вакуумды» пайдалы ақпаратпен толықтыру үшін, біздің толқынымыздан қазір жиі беріліп жүрген «Алло, алло...pronto, pronto» деген хит әннен соң айтатын бір қызық  дүние тауып алу үшін кітапқа /онда да өңкей махаббаттың шытырман оқиғалы романдарын жиып алам ғой. Енді солардың тізіміне саяси-әлеуметтік тақырыптардағы туындыларды да қосып қою керек боп жатыр/ үңілетінім бар. Оған мүмкіндік те жоқ емес: жексенбіде 6-қабаттық ғимаратымызда қашан болса да  күлімсіреп отыратын күзетшілер мен бірен-саран өзім сияқты «трудоголик» адамдардан басқа қыбырлаған тіршілік иесі болмайды. Үйде ішіп үлгермеген ыстық кофені осы жерден дайындап /«...дұрысы: студияда тамақ ішуге болмайды!» - деп ескерту жасап жүретін кейбір саунд ағайларымыздың сөзін естімегендей болып/, тәтті кәмпиттерімді үстелдің үстіне әдемілеп қоям да, ар-арасында тістеп қойып рахаттанып жұмысымды жалғастырам. Қазір эфирде Киркоровтың «Мы так нелепо разошлись» деген жаңа туындысы шырқалып жатыр. Жақсы ән. Бірақ, тура сондай тақырыптағы Ақбота Керімбекованың «Оралмадың» дегені де жаман емес. Әттең, тек ол әнді осылай студияда бар даусына қойып жалғыз тыңдауға мәжбүрмін. Мағжан ақын жырлағандай: «Толқынды толқын қуады, толқынмен толқын жарысады...» болса ғой біздегі қазақ әндері... Маржан ақын болмаса да, ұлттық колоритімізді бойына сіңірген сол қазақ әндерін эфирден үздіксіз қойып отырса ғой... «саған арнап бір ән жазсам деп жүрмін...» - Саят Медеуовтың әні аяқталмай жатып, Айкерім Қалаубаева: «Еркіме бағынбаған...» - деп «Сағатқа сырын» бастап кетсе ғой. Қазақтың жаңа сарындағы әндерін көлік кептелісі кезінде ашуланып отырған жүргізушілер /және олардың пассажирлері/ тыңдай отырып қабақтарын ашса ғой...

        «Бір жаңа ән жаздық, Тықылдақ, естіген құлаққа ұнап жатыр!!! Саған апарып тастайық...» - деп бүгін таңертеңмен телефон соққан Тамара Асардың музыкалық продюсері Әсет Масабаевқа: «Ой, қандай керемет! Алып келіңіз!» - деп айта алмағаныма қатты қынжылдым. Біздің толқынымызда қазақ әндері қойыла бастаған уақыттан «фонотеканы жаңартам» -деп жүгірген бірінші адам болғанмын. «50/50 деген болмайды, әр үш сағат сайын қазақша сөйлесін барлық арналар...» - деп «Тіл туралы Заңға» өзгеріс енгізілгенін естігенде «бөркімізді аспанға лақтырып» қуанып ек «Русское Радио-Азия», «Европа+», «Ретро ФМ»-нің диджейлері. Қызық-ау, өмір деген де... әншейінде: «әнімізді ТВ-радиоларға берейін десек, қаржы жағынан қысылып жүрміз» - деп елдің алдында құнды дүниесін жарыққа шығара алмай қиналып жүрген кейіп танытып, өздерін «жертва» қылып қоятын «микрофон ұстағандар» сол кезде қыбырламай қойды ғой. Мәдина Садуақасованың Фурманов-Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан студиямызға дөңгелек дискісін тастап кетуге қолы бір тимей кетті, тәйірі... Қарагөз Тілеубекованың біресе съемкада болып мен қоңырауын естімей қалам, мен соққанда ол қалада болмай қалады, әйтеуір, сәті түспеді. Қайрат Нұртастың әнін сұраған тыңдармандардың біріне ашуланып отырып: «Сол жігітті көрсеңіз – айтыңыз!!! Әнін маған жеткізсін! Қолыма түссе мен сізге міндетті түрде қойып берем!» - деп айтып салғам. Көзі тірісінде, өкінішті-ақ, тілдесуге-жүздесуге мүмкіндік болмады, бірақ, көз көргендер: «жаны жайсаң жігіт болған» - деседі; марқұм Нәби Аймұратовтың аруағы риза болсыншы деп «ең алғашқы махаббат басталады партадан...» атты әнмен көпшілікке сүйкімді боп үлгерген /тарғыл тағдырдың таңдауы сол болды,бірақ/ өнердің биік шыңына жете алмай  қыршын кеткен жігіттің барлық дерлік әндерін жинап қойдым. Нұржан Қалжанның көлік апатынан кейін қандай халде болғанын /қазір қаржының тапшылығына байланысты жабылып қалған/ журналға мақала жазып жүргенімде көргенмін /Майра Ілиясова апайымыз бар, «Қазақстан»-ның продюсері, қазір бас продюсер болу керек,әйтеуір, қызметінің өскендігі туралы естігем... бірақ, ол емес маңыздысы... барлығымыз ауруханаға барғанбыз/ Сонда Майра апайымыздың жас жігіттің тірі қалғанына шүкіршілік айтып, сонда да болса: «даусын жоғалтып алмас па екен?..» - деген алаңдаушылығын байқап қалдым. Кейін ес жинап үлгерді-ау деген кезде хабарласып, Нұржаннан әндерін әкеліп тастауын өтіндім. Бірнеше қоңыраудан кейін ол да келіп әндерімен біздің жинақты толықтырды. Ал, енді Айқынға деген ризашылығым шексіз! Біздің толқынымыздан қазақ әндерінің қойыла бастағанын естіген сәтте-ақ «ортақ» танысымыз Мөлдірден /қай Мөлдір екені төмендегі жазбаларда баяндалады/ менің телефон нөмірімді алып, дереу әндерін жеткізген /«журналисттердің тамағын біз тауып беріп отырмыз»-деп есептемейтін, бірлесе жұмыс істеуіміздің екі жаққа да, әсіресе, орындаушының өзіне көп пайда келтіретіндігін білетін/, соның арқасында менің тарапымнан айтылған мақтау сөздерге таңылған бірінші жұлдыз болды. Шама-шарқымша барлығына дерлік хабарласуға тырыстым. Әйткенмен, олар көп те, мен – жалғызбын. Сондықтан, қазір блогтағы осы жазбаны /біреу-міреулердің сілтемесі бойынша/ оқып отырған әншінің бірі: «...шылғи өтірік!!! Маржан маған телефон соққан жоқ!» - деп кіжініп отырса, мен өзімді осылай ақтап алам. Жасырмаймын, жерлестерім болғандықтан ішім жылып Ғаділбек Жаңай, «Каспий» тобының жігіттерінен  әндерін жиып алған өзім болатынмын /бірақ, Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған «Есте сақта»-ны да, бейнеклиптерінде аспаз боп жүретіндердің «Лейли»-ін де халық көп сұрайтын/. Онда да жаңа әндерінің шыққандығын өздері айтушы ма еді?.. Таксиде кетіп бара жатып, әлі де болса қазақ әндерін тыңдайтын, тыңдауға намыстанбайтын /ондайлары да кездесіп тұрады/  жүргізушілерден естіп қалатынмын. «Жаңа ән шығыпты ғой, маған неге әкелмейсің?..» - деп дауыс көтере бастағанымда, Ғаділбек те біледі-ау жағдайды қалай ушықтырып алмау керектігін: «Е, міне ғой жазып біткеніміз... саған енді апарайын деп жатқам...» -  деп аңғал күлкісімен алдап салады. Осы ұзын-сонар баяндамамнан-ақ қыбырлап жұмыс істегенімді аңғарған жан бар шығар - іздедім. Әншілермен жұмыс істеудің қаншалықты қиын екенін білетін «Хабар»-дағы құрбым Әзімханқызы Мөлдір сөзімді растап бере алады. «...телефон нөмірін тауып берші» - деп оның да шұғыл шаруасынан айырып, біраз мазасын алғаным бар. «Маржанжан-ау, қазақ әндерін жинап жүрсің-ау, эфир жаңарып қалды!» - деп маған қосымша жалақы төленбек түгіл, басымнан сипаған жан болмады. «Осы «Стол заказов»-та қойылатын әндер «сұйылып» барады» - деп біздікілердің басы ауырып, балтыры сыздамайды. Оны жақсы білем. Жүгіргенім де сол болатын. Егер: «Кешкі ас неге дайын емес?!» - деп жекіп отыратын күйеуім, «мынауың не жүріс?..» - деп қабағы тырысып отыратын енем, бесікте қарны ашып шырқырап жатқан сәбиім болса, әрине, біздің толқынымызда қазірге дейін атам заманда тарқап кеткен «АБК» триосының «Тамшылары» шырқалып тұрған болар еді... «Мен Русское Радио-Азиядан... әндеріңізді әкеліп тастай аласыз ба?..» - деп телефон соғам әрқайсысына. «Жігер» тобының жігіттері «жігерсіз» екен – деп тас-талқан боп топты «черный список»-қа енгізіп қоюыма болатын еді. Тек, жігіттерінің емес, әндерінің әдемілігіне бола тартыншақтадым. Оларға деген сұраныс бар /тыңдармандар бағдарлама барысында қойып беруімді қалайтын/, соны ғана көңілге демеу тұтып бірнеше рет «қыр соңдарынан қалмай» жүріп, әйтеуір, толық жинақтарын фонотекаға енгізіп қойдым. Ал, «қара тізімге» қатысты болса – онда бірінші боп тұрған Ерболат Құдайбергенов /естіп білгенімдей, ол жігітті «Хабар»-дың біраз продюсерлері де өздерінің «тізіміне» енгізіп қойыпты/. Ерекең менің тізіміме қалай кіріп кетті десеңіздер... өткен жылдың соңында отырып алып: «әне апарам әндерімді, міне апарам...» -деп созғылап жүрген әншілерге смс жаздым ғой. Біздің толқын 20 шақты қалаға, оған қоса қаншама кішігірім ауыл-аймаққа тарайды. Соны тілге тиек етіп: «Әндеріңізді Жаңа Жылға дейін әкелмесеңіздер – маған ренжімеңіздер! Қатты айтсам, айып етпессіздер, бірақ, біздің де жұмысымызға түсіністікпен қарауға тырысқайсыздар...» - деп үлкен нүктесін қойғам. Бұл өзімнің бағамды арттырғым келгендіктен емес, күн сайынғы халық алдындағы есеп беруім сияқты өтетін эфирімді ойлағандықтан. Өйткені, тыңдармандар ішкі «былықты» біле бермейді, құдды бір Маржан бар нәрсені жасырып отырғандай: «Еркінді неге қоймайсыз осы сіз?..» - деп агрессияға толы смс хаттарын /оның ішінде ТВ-де «ПИП» деген дыбыспен жабылатын айтылуы – жеңіл, естір құлаққа қабылдануы «жеңіл емес» сөздер де бар/ жолдап жатады. Тақырыптан біраз ауытқып барам... сол әлгі ескерту-хаттан кейін бірнешеуі: «Ренжімеңіз енді, мынау күні жолға шығатын ем, әндерді мына күні жеткізейін...» - деп жағдайын айтысып жатты. Қазақпыз ғой, тойларынан қалмасын дейсің; тағы да құрғақ уәделеріне алданып қала бересің. Ал, енді Ерболат-көкемнен келген смс хат: «Бұндай мақтаншақ әрі міндетсінетін радиомен жұмыс істемей-ақ қойдым. Рахмет!!!» - деп аяқталыпты. Шапылдасып ұрсып жатам ба?.. Біздегілер айтты: «бір рет телефон соқтың ба?.. болды! Екінші рет мазаларын алма, олар да біздің мазамызды алмасын!» Не дегенмен, республикалық деңгейде тұрақты шығып тұрған радиостанциямыз ғой. «Әндеріңді тегін қойып берем!» - деп жүргенімде студиямызға жете алмай қалған /осы блогтағы менің шимайларыма көзі түскен сауатты өнер иелеріне айтып жатырмын/ енді ақымақтығынан аузындағы сырдан айрылып қалған қарғаның күйі қалай болады екен, көріңіздер!!! Қазір біздің толқынымыздан «Дискотека Авария» - ның «если хочешь остаться...»-сын, Аллегрованың «Кому какая разница»-сын т.с.с. кезекпе-кезек тыңдайтын боламыз. Жұмсақ креслода отырған көкемдерге де «разница» жоқ екен, байқадым. Әліптің артын бақылап жүруден басқа амалым жоқ, шарасыздықтан жағылған бояудың кепкенін күтпестен ұзын тырнақтарыммен компьютердің клавиатурасын қамшылап отырмын. Бағдарлама кезінде: «Сестренкама, братишкама сәлем жолдаймын...» - дейтіндердің сөздерін түзетіп отыратыным бар ғой, сондайда: «Өзіңіз қазақша сөйле деп өзгелерді үйретесіз де, орысша әндерді қоясыз...» - деп ренішін білдіретін тыңдармандарыма әр кез микрофонды қосқан уақытта айта да алмаймын. Егер осы мақаланы оқып отырған болса, бұл сайттың бар екендігінен бейхабар жандарға сөз арасында айтып жеткізер деген сенімдемін. Қолымда болса: «қоймаймын!»-деп қасарысып жатқаным жоқ. «Әттең, тонның келтесі-ай» боп отырғанымды түсінсеңіздер етті...

        «Даудың басы Дайрабайдың қара сиыры» демекші /кейбіреулер «қызыл сиыр» дейді, әйтеуір, сиыр ғой.../ бүгінгі жексенбінің кереметтігін айтып бастап ем, сөзден-сөз шығып, соның нәтижесінде біраз әншіге «мықты пиар» жасап жібердім-ау... жұмыс уақытым аяқталуға таяп қалды. Санаулы минуттардан соң жүргізуші жігіт те келіп қалады. Кешкі эфирден соң, әдетте, апарып тастайтын өзіміздің жүргізушілеріміз бар ғой. Ылғи да естимін: «Сендердің дауыстарыңа ғашық жігіттер эфирден соң гүлмен келіп күтіп тұратын шығар?..» - деп  ойлайды екен көп адам. Сол үшін ғана радиожүргізуші болғысы келетін, не сүйіктілерін «әдемі дауыстан» қызғанатын нәзік жандыларға айтар ем: сіздер қатты қателесесіздер!!! Түнгі сағат 12-де шықсақ жеткізіп салатын жүргізушілеріміз бар, ал егер түнгі эфирге қалсақ, 3-терде біздің жұмыс орнымызды тез таба алмай «адасатын» такси жүргізушілеріне ашуланып үйге әрең жететін кездеріміз де жиі демеймін, бірақ ішінара болып тұрады. Ал, гүлмен күтіп алатын романтик жігіттер анау қаңқалары мұражайда тұрған динозаврлармен бірге құрып кеткен-ау, шамасы... Есесіне, үнді киноларын сүйіп көретін сезімтал бойжеткендерің саны күрт өсіп келеді /бұрын да аз емес еді/. Радиодағы әріптесім Малик Рузиев түнгі сағат 3-те шықса да оны күтіп алатын қыздар көптеп табылып жатады. Бір рет, есімде, Жаңа жыл қарсаңында болу керек, күн болса суық;  Маликке гүлдері мен үлке-е-е-е-н жұмсақ ойыншығын арқалап келген екі қыз болған. Ол бізге айтып мақтанады, біз болсақ ызадан ернімізді тістеп қала береміз... Сонымен, бүгінгі жексенбілік жұмысым аяқталды.  

        Ертең дүйсенбі. Күні бойы съемкада болам, ал кешкісін «Хабар»-дың 15 жылдығына арналған КВН ойыншыларының додасын тамашалауға баратын боп жатырмын. Жоржым тағы да жалғыз қалатын болды-ау үйде...

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Фестиваль КВН - Кубок Хабара http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-49/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-49/ Во  -первых  я искренне восхищаюсь настоящими квнщиками - представителями команды КВН- Казахи и фронтменом, а по совместительству нашим ведущим Н. Коянбаевым,
лидерами казахстанского квновского движения Б. Сызыдковой и Т. Ерджановым, (кстати в этом ряду и очень Уважаемый мною человек Совет Сеитов),
а также многими  другими ребятами.
Кстати, впервые (по крайней мере на моей памяти) КВН посетил аким г. Алматы а. С. Есимов.
Огромная ему благодарность. Пришла и очень занятой человек- Председатель Правления АО "Агентство "Хабар" Г.М. Иксанова (ее блог на сайте Хабара).  Много было различных творческих и не очень людей, за что им благодарность огромная, кстати, звезды приходят регулярно, несмотря на нехватку времени.
Так, что же еще ... 
Команды порадовали в большей степени, некоторые немного огорчили.
Я кстати, стала уже практически знатоком КВН, поэтому заметила разницу в том, как ребята готовятся к играм, и как выкладываются на фестивале.
Разница есть. Впрочем, знаю, что все квнщики люди очень занятые, многние работают на телевидении, большая часть учится, но все они настоящие бойцы КВНовского фронта.
Отдельное спасибо Военному институту  КНБ, знаю, чего  стоило ребятам вырваться с занятий, для это потребовалось отдельное разрешение Начальника института, (спасибо и ему и еще отдельный рахмет Новому ректору КазНУ Г.М. Мутанову, он тоже был на игре и ректору КазНПУ г-ну Пралиеву). Да, клип Совершенно секретно был супер, думаю, эти кадры должны обязательно остаться в архивах Агентства Хабар. Так, что спасибо всем, и игрокам и болельщикам ! Успехов, Поздравляем 101 алматинец за Кубок Хабара, Туркестан и Проспект молодости за победу в фестивале. Пишите, Всем успехов и удачи.
Да, и праздником Родной Хабар.             ]]>
Мукей Айгуль Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін-life-2" жобасына іріктеу аяқталды!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-51/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-51/           «Шіркін-life-2» жобасына қатысатын «жұлдыз еместердің» есімдері белгілі болды.Таңертеңнен бергі қызу тартыс кешке жақын әрең дегенде /онда да режиссерымыз Аят Марқабаев қатты асықтырып жіберді/ аяқталды. Үміткерлердің бәрі бірдей «мықты» болды деп айта алмаймын. Қолынан түк келмейтін, тіпті бос уақытында айналысатын шаруалары жоқ, жай «өтіп бара жатып кіре кеткендер» де болды. Барлығынан: «Қандай өнерлерің бар?» - деп сұрағанымызбен біздің көргіміз келгені - ән,би емес-тін. «Ән айтам, домбыра тартам» - дегендердің кейбірін тыңдамай да қойдық. Өйткені, уақыт тығыз, алайда, тыңдаудың да қажеті болмады. Бұл - өнер фестивалі емес. Тек адамның бір нәрсеге қызығушылығы бар ма, жоқ па – біз үшін маңыздысы сол болған. Қуантарлық жәйт: сабақтан, жұмыстан тыс басқа да істермен шұғылданып, уақытын тиімді өткізуге тырысатын жандар көп-ақ екен. Онымен қоса: «Мен көрсетейін деп едім, что бірдеңе істей алатындығымды...» - деп өз тілінде екі сөздің басын құрай алмайтындардың да аз еместігін байқап қалдым. Оларды «шала қазақ» - деп те атауға болмас. Шамасы, қазақша «сөйлей алмайтын» адам боп көріну сәнге айналып кеткен-ау... Онсыз да қазақилықтың барлығын өз қолымызбен құртып жатырмыз ғой: иығымыз ашық, көйлегіміз қысқалау деген сияқты /мойындаймын, мен де киім-киіс жағынан көп адамға үлгі бола алмаспын/, бірақ, еуропалық сән үлгісімен киіне жүріп те, «kazasha» емес, қазақша сөйлеуге болады емес пе?.. Оның үстіне, қазақша бағдарламаға іріктеуге келіп тұрғанын біледі; бірінші маусымда Салтанаттың әрбір сөзін бағдарлама барысында «аударып» отырғанымызды да көрді, мүмкіндігінше сол қателікті жібермеуге тырыса ма деп ойлап ем үміткерлерді... Жарайды, ол бөлек әңгіме. 

        Сонымен, бүгінгі іріктеуден өткен ең мықты деген төрт үміткердің есімдері ....  Олардың шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқ, бірі студент, бірі.... Әрмен қарай да «көп нүктелер» көбейіп кетер, кешірім өтінем, құпияның барлығын аша алмаймын. Оны аз уақытта арнамыздан көре аласыздар. Тартыс өте қызықты өтті. Әділ қазылар алқасында бірінші маусымда біраз тер төккен Бейбіт Қорған, Динара Қырықбаева, Нұржан Керменбаев және Асыл Беделхан болды. Іріктеу кезінде өз арамызда да келіспеушіліктер туындап жатты. Кімді таңдарымызды білмей басымыз қатқан сәттеріміз де болған. Бірақ..... ойы ұшқыр, қимылы ширақ, өзінің құқығын қорғай алатын пысықтау қыздар мен жігіттерді іріктеп алдық. Сонымен, «Шіркін-life-2» жобасына қатысатындар туралы арнайы бағдарламаны өткізіп алғыларыңыз келмесе, біздің арнамыздан алыстамауға тырысқайсыздар!!! 

         

       

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Екінші сапар-екінші маусымның қатысушыларымен бірге http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-52/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-52/ Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Армысыздар, «Еларна» телеарнасының құрметті көрермендері! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-53/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-53/ Арнаның жаңа ашылған сайтында блог жүргізу бақыты бізге де бұйырыпты. Біз «Еларнаның» эфирінде әр жұма сағат 20 00де және әр сейсенбі күндері сағат 11 00 де өздеріңізбен «БӘРІ ЕСІМДЕ» бағдарламасы арқылы жүздесіп жүрміз. Шынын айтсақ, бұрын телеарнаның ішкі кухнясын көрмеген біздерге бағдарламаны жүргізу алғашқыда оңайға соққан жоқ. Дегенмен, барымызды салып, талаптанып жатырмыз. Біз үшін сіздердің сын-пікірлеріңізде өте қымбат. Себебі,олар біздің өсуімізге көмектеседі. Сондықтан, бағағдарламаға қатысты ойларыңызбен бөліссеңіздер. Сіздерді қызықтырған сұрақтарыңызға да жауап беруге әзірміз. Эфирде жолыққанша.....

Құрметпен, ЖАЗИРА МЕН ЖАНБОЛАТ!

]]>
Жазира мен Жанболат Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Тағы да «Шіркін-life» туралы… http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-54/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-54/          Ертеңгі съемкаға дайындық қызу жүріп жатыр. «Шіркін-life»-тың соңғы шоу-бағдарламасын ертең түсіргелі жатырмыз ғой – менікі соның әлегі. Дұрыс ойлайтын жұрт әуелі көйлегін алып, сосын сәйкес аяқ киім іздейтін болса, мен керісінше, бірінші әдемі туфли сатып алдым да, сонан соң табанымнан тозып жарты күн соған түстес білезік пен сырға іздедім. Көйлек тігетін матама ең соңында ғана қолым жетті. Енді түнімен отырып көйлегімді көктеймін /қалай шығатындығын қайдам, кейін эфирден көре жатарсыздар/... жұмыс деген жетіп артылады. Асхат отыр әлі сценарийге үңіліп, продюсеріміз Толқынның телефонына тыным жоқ: ертеңгі келетін «жұлдыздарды» түгендеп жатыр. Администраторларымыз Карина мен Азиза «Алғыс хат»-тарды реттестіріп әлек. Редакторымыз Тахир қоштасып кетіп бара жатқан еді, тағы бір мәселеге қатысты әңгіме басталып кетті де, ол жігіт қайта жанымызға отыра қалды. Ой, не керек, барлығымыздың ойымызда, сөзімізде сол жыр болған «Шіркін-life»...

         Сабылып керек-жарақтарымды іздеп дүкеншімен сөйлесіп тұрғанымда менен үш мың шақырым алыста жүрген /негізі мен ғой алыста жүрген/ әкем телефон соқты. Ол кісі жайдан-жай қоңырау шалмайды. «Сары қызым, қарның ашып жүрген жоқ па?» - деп уайымдап соғатыны бар, бірақ, онда дауысы басқаша естілетін. Бүгін мүлде басқа. Мамам сияқты ол кісінің мінез-құлқын жақсы білем деп айта алмаймын, алайда әкемнің бір күрделі әңгімені бастағысы кеп тұрғандығын ішім сезді. «Сары қызым, сен тыңда! Мұндағы апа-жезделерің айтып жатыр. Сен анау қолыңдағы күшікті ұстап шықпа ендігәрі. Қай атаңнан көрдің оны?.. Бәрі айтып жатыр...» - деп әкем зілді дауыспен бастады дейсің... «Шіркін-life»-тың эфирге шыққанына үш айдан кетті. Осы уақытқа дейін неғып үйдегілер пікірін айтпай үнсіз жатыр деп ойланушы ем. Шынымды айтсам, әкемнің осылай арнайы телефон соққанына қатты қуандым. Ол өзі жиырма бес жыл милицияда жұмыс істеген, мінезі қаттылау кісі. Бірақ, алдап-сулап көңілін табуға болады; мамам солай істейтін... мен шыққан бағдарламаларды әкем көре бермейді, елден естігендері болмаса... бір күліп алдым. КТК телеарнасының «Кейіпкер» бағдарламасына Жорж екеуміз бірде «кейіпкер» болғанбыз деп жазып ем ғой. Сонда: «Маржан күшігіне айына 40 мың теңге жұмсайды екен...» - деп айтты ғой олар. Бірақ, ол жай ғана статистикалық мәлімет болатын. Ия, жануарды баласынан артық жақсы көретін, баласына бермегенді итінің аузына тосатын қияли жандар да бар. Ал, маған – менің Жоржыма қатысты болса, иесі ет жемейтін күшіктің аузына қайдан ет түссін?.. Менің Жоржымның нан мен тәтті печеньеден-ақ қарны үріліп шыға келетін. Шамасы, анау «40 мың» туралы әңгімені естіген жұрт тыныш ұйықтай алмай: «Қой, Құлекеңе айтайық, қызына ұрыспай ма екен?..» - деп әкеме өкпелерін айтып барған-ау... ТВ-дегілер ақшаны күреп табады деп ойлайтын боп тұр ғой сонда ел?.. бір кезде күлкімді тиып: «Ол жазда түсіріліп қойған бағдарлама ғой, Сіз уайымдамаңыз, келесі маусымда қолыма күшік ұстап шықпаймын!» - деп әкемнің көңілін жайландырып қойдым. Әңгімеміз сонымен аяқталды. Ия, ия... «Шіркін-life» туралы…тағы да «Шіркін-life» болды бүгінгі әңгіме. Ертеңгі «тема» да сол болайын деп тұр. Ертең қатты шаршайтын сияқтымыз... Түсірілімге қатысатын барлық жандарға сәттілік тілеймін!!!

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Новый Женсовет и с Праздником ! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-55/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-55/ Сегодня был первый день записи - в гости приходили мужчины -  спортсмен - Ислам Байрамуков,  психолог - Марк Эфраимов, дизайнер - Ернар Бали и политолог Расул Жумалы  !
Было интересно, но сейчас и очень волнительно - что же получится  ???
Напишите, как посмотрите - мы в эфире в воскресенье 21 ноября, по моему в 21.30.  Целую всех. 
Айт кабыл болсын ! ]]>
Мукей Айгуль Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін-life" туралы емес... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-56/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-56/

...әр нәрсе өз уақытымен болады екен. Біздің жүздеген жоспарларымыз бен мидағы миллиондаған мақсаттарымыз да кейде сол тентек-уақыттың ағымына қарсы тұра алмайды, әттең... қанша "мықтымын!" - деп төс қаққаныңмен, табиғатты алдау мүмкін емес, оған көзім анық жетті. Ер боп жаратылған "еркек" бола алмаса, әйел боп жаратылған пендесі Алланың "нәзіктігімен" еліктіре алмаса - онда бар "процесс" керісінше кетеді де... қазір шалбар киіп, галстук таққандардың қызға жақын бара алмай, біз өкшемен бөкселері бұлтаңдап жүргендердің тәтті сезімге зәру боп жатқаны да соның айғағы шығар?..  Әдемі кештерді жалғыз өткізуден жалыққан сәттері осындай неше түрлі түсініксіз  ойлар келе бастайды. Ал, ой қуалап кете берсең алдыңнан жарық көрінеді деген үміт жоқ, қараңғы қапасқа кеп тірелесіңДжек Лондонның «Мартин Иден»-ы немен аяқталғанын білетіндер түсінер, бәлкім, ой қуалап кетудің қайда апарып соғатынын...

Бір жақын досыма "әйел мен ер" тақырыбында блогыма міндетті түрде жазам деген уәдем бар еді. Ол тағатсыздана күтіп жүрген болар?!. Ылғи радиода отырғанымда "жігіттерді жағасынан алып" /кейбір достарым солай дейді/ шымшыма сөздеріммен қағытып отыратыным бар ғой. Ол да қай бір жетіскеннен?.. Тек анау бетінен бес моншағы төгіліп, қыздан бетер майысқан еркексымақтардың әрекетін көргенде шыдай алмай кетеді екенсің. Табиғатта қисынсыз құбылыс жоқ, барлығы рет-ретімен, орын-орнымен жаратылған... еркек деген кім өзі? Соны анықтап алайықшы әуелі!!! /осы орайда Абас-шах мырзаның "Еркектің аты - еркек" деген, кезінде талайлардың сынына ұшыраған бағдарламасы есіме түседі/ Еркек - біз өкшенің астында қалатын жайдақ су емес, нәзік жандылардың арман-үмітке толы кемесін асау толқындарымен оңға-солға бұрып, бағыт беріп отыратын алып мұхит емес пе?.. Өз басым ер адамдарға тек осындай теңеу айтқым келеді. Әй, тек соларыңның санасына жетсе бұл әңгіме... көпке топырақ шашудан аулақпын. Бар мәрт жігіттер қазақта, бар! Ақиық ақын Мұқағалидың өлеңдерінде жазылғандай: «...жақсы жоқ деп айтпаңдар, бәтшағарлар!» Біздің /көп қыздардың атынан жазып отырмын/ көңілімізді алаңдататыны – олардың азайып бара жатқандығы. Статистика құртты ерлерді «аз» деп; дандайсып кетті бәрі. «Біз болмасақ күндері қараң...» - деген әңгімелер шыға бастады. Бала кезімде мән бермеппін, әкем таңертең әндетіп жүріп жуынатын, сонда ол кісінің аузынан жиі еститінім: «Адамның күні – адаммен». Жаттанды бір әннің мәтіні деп астарына үңіле бермейтінмін, сөйтсем, Мұхтар ағамыз /Шаханов/ бір еңбегінде жазғандай: «ауыл академиктерінің» айтып кеткен дана ойлары екен ғой...

 Осы арадан «үзіліс» жариялауға тура келеді /бірақ, бұл тақырыпқа әлі мың ораламыз/. Эфир уақыты болып қалды. Түнгі «Стол заказов» басталғалы жатыр. Еншімізге берілген екі сағат уақыт ішінде: «Мен сені сүйем, пәленше!!! Сенсіз өмір сүре алмаймын» - деп, ғашықтық шарабына мас болып жүргендердің хаттарын оқып отырып, шынымды айтсам, өзімнің де өмірге деген көзқарасым жақсы бағытта өзгеріп отырады. Сондықтан, орыс тілді әріптестерімнің шұғыл шаруалары шығып қалып жатса, ойланбастан микрофон алдына отыра қалатын «замена» деген мен болам. Эфирде тілдескенше!!!    

 

 

 

 


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Маған үйлен деп жатыр! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-57/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-57/ Жақында болған демалыс күндердің бірінде ағайын-туғанның ауылына барып қайттым. Бұрындары да ауылға айына бір барып тұратынмын, ол кезде үлкендер жағы "оқуың қалай, қашан бітіресің, дипломыңды қашан көреміз?" деп сұрай беретін, ал енді бұл жолы әлгі сұрақтар басқа тақырыпқа ауысқан. "Қашан үйленесің-әй, келін әкелсейші, жасың кеп қалды ғой, пәленше деген руға жолама, түгенше деген рудың қыздары дұрыс болады" деп соңынан кеңес беріп көп нүктемен аяқтайды әңгімелерін. Мұндай лекциялардан кейін қалай ойланбайсың, "ойпырмай үйлену керек екен негізі, жас та кеп қапты ғой" деп қалаға келесің, ал мұндағы достарың болса "ерте үйленіп қайтесің, қазір 21-ғасыр, ер-азамат 30-ға кеп үйленсе де жарасады, үй алып ал, жағдайыңды жасап ал, үйлену қайда қашады дейсің" дейді. Бір жағынан олардың да айтып отырғаны дұрыс, ата-бабаларымыз бұрындары 13 те отау иесі деп жастарды ерте үйлендірген, ал қазір заман басқа ғой. Әлде жұмыссыз отырса да көзді тарс жұмып үйлене салған ауылдағы кластасымнан үлгі алсам ба екен? Қалай ойлайсыздар?]]> Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-58/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-58/ Жазира мен Жанболат Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Путин мені түсінген болар еді... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-59/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-59/
"Менің күшігім елді шулатты-ау..." - деп қысылып жүрсем, Путиннің күшігі әлемді аузына қаратты ғой http://www.egemen.kz/21389.html   Жануарларға "аллергиясы" бар журналисттер не жазар екен деп енді жіті қадағалауға кірістім. "Басқа ұлттың өкілдеріне кешірімді..." - дейді-дағы, басқа қандай сын айтулары мүмкін?.. Эх, қайран менің Жоржигім-ай, бізді түсінетін жандар көп болса ғой, қазір сен де баяғыша көз алдымда елпеңдеп жүгіріп жүрген болар ең... мен жұмыстан шаршап келгенімде кішкене де болса көңілімді алдарқатып қоятын ең... екеуміз фотосессиядан кейін қоштаспаған да болар ек...эх, Жоржик, Жоржик!..
       
                              Менің жануарларға деген махаббатымды Путин түсінген болар еді...


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Мен "ГОЛЛИВУД"-тамын!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-60/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-60/
  «Сізді Алматыға кетіп біздің Маңғыстаулықтардың қандай екенін көрсетеді десек, олай емес - бізді тіпті ұялттыңыз ғой, итті біздің қазақта сіз құсап бақпайды...»

 
Гүлайым есімді бойжеткеннің маған жазғаны осы болды. Қаным басыма шапты. Ашуландым. Қатты ашуландым. Өткенде ғана әкем телефон соғып айтқан: «Сары қызым, сені экраннан көрген сайын ел күтеді. Сен болсаң: «Ақтауданмын» - дейсің. Жаңаөзен ғой сенің туған жерің, солай деп неге айтпайсың?.. Мейлі, кішкентай қала болсын, бірақ, қазір мұнайдың Отаны – Жаңаөзен екенін бәрі біледі. Оныңды қысқарт! Ақтауданмын деуші болма! Халық ренжіп жатыр...» - деген. Сондағы менің берген жауабым... негізі бұл тақырыпты қозғағым келмеп еді. Тыныш жатқан жыланның құйрығын басып... эй, тілден табамыз-ау осы біз...

Өткенге көз жүгіртер болсақ... «Қазақстан-Ақтау» облыстық арнасында жүрген кезім, Ақтаудағы қалалық «Тандем» радиосында да жұмысым қызу жүріп жатқан. Алайда, сыймай кеттім. Менің көздегенім – үлкен қалаға кету болды. Өйткені, студенттік шағымды үлкен қалада, үлкен университетте өткізсем деген үлкен арманым бар еді... орындалмай қалған... отбасындағы қиын жағдайға байланысты шешемнің көңіліне қарап кете алмадым. Қолыма дипломымды алған соң бірқалыпты сарында жалғасып жатқан өміріме күрделі өзгеріс қажет болды. Сонда ертедегі найза мен қалқанын алып жауға шапқан батырлардай, қолыма киім-кешегім мен банктен несиеге алған азын-аулақ ақшамды алып туыс жоқ, тамыр жоқ бөтен қалаға тартып кеткем. Кетер кезімде бір кішігірім кеш өткізбек болдым. Қоштасу кешін. Себебі, халықтың алдында жүрген соң ертең: «Қайда кетті?» - деген сұрақтың туындауы ғажап емес-тін. Сонда жанашыр достарым бар, әріптестерім бар, түсінген туыс бар, әйтеуір, шама-шарқынша барлығы қол ұшын беріп көмектесті. Тек, Жаңаөзен қаласына, өзімнің туып-өскен қалама барып тұрып бір жаға болар ағаның қолдау көрсетпегеніне іштей ызалы болғам. Қайдағы көмек?.. Қала әкімінің түрін көру де арман ғой... Біздікілер: «Сөз бостандығы жоқ... Ақ Үйге еркін кіре алмаймыз... мықты деген журналисттеріңнің өзі билікте отырғандарға көкейдегі сұрақтарын ашық қоя алмайды...» - деп өкпе айтып жүр. Ақ Үй түгіл, кішкентай ғана қалашықтың әкіміне кіру  қандай проблема екенін білмейді-ау ақылдылар... атын атамай-ақ қояйын, 2007 ж. басында Жаңаөзенде әкімнің жұмсақ орындығында кім отырғанын біледі ғой жұрт. Мүмкін, қазір де бар шығар ол адам?.. Мен сол «инциденттен» кейін, шынымды айтсам, туған жерімдегі бірер туысым мен достарымды түгендемесем, қалғанына бас ауыртқым жоқ. Сол кездегі әкімнің орынбасары: «Мына жағынан қолдау көрсетейік... мына жағынан ештеңе істей алмаспыз...дәл қазір мүмкіндігіміз жоқ» - деп жылы шығарып салудың орнына, үлкен арманын жалау етіп барған маған: «Бюджетте ақша жоқ!» - дегеннен артық мардымды ештеңе айтпады да. Сонда мен де үнсіз қарап тұра алмадым /шешемнің үнемі беретін кеңесі: «Тіліңді кесіп алмайды ғой – айт!»- дейтін/  Жасы үлкен-ау, ол әкімнің орынбасары екен-ау демедім, көзіне тік қарап тұрдым да: «Рахмет – дедім, - мен Алматыға кетіп бара жатырмын! Түптің түбінде бір жерді жарып шығам! Сол кезде менен сұрайтындар болса – Жаңаөзенде туылдым деп ешқашан айтпаспын!» - дегенмін. Көзіме ыстық жас келіп тұрса да, салқынқандылық танытып, өзімді қатты ұстауға тырыстым. Кабинетінің есігін тарс етіп жаптым да, үйге жеткенше жол бойы жылап бардым. Кішкентай қызға көмек көрсетуге ниет танытпаған ондай аға-сымақтардан айналып кетейін!.. Әрине, маған ешкім көмектесуге міндетті емес болатын, менің өкпем орынсыз да шығар. Алайда, алдына көмек сұрап барғанымда мендегі үміт пен сенімді, бала-көңілді осылай жығу керек пе еді?.. Маған сол кезде нақты қол ұшын беріп жәрдемдеспесе де, жай ғана демеу болар жылы сөзін айтып, Сәттілік тілеп /не дегенмен, үлкен қалаға кетіп бара жатырмын ғой «жұлдыз» болам деп/, ең құрығанда көмектесуге ниет танытса ғой. «Адам көңілі бір атым насыбайдан қалады» - дейді қазақ. Бір суынған көңілдің қайта жылуы да қиын болады екен. Әкеме де соны айтқам. Ол кісі, бірақ, қайтпайды ғой: «Халықтың не кінәсі бар?.. Біздің бір қызымыз шықты деп қуанып отырады ел...» - деген.

...арада қанша жыл өтті. Қуанғанымнан гөрі, ойланып отырсам, үлкен қалада қиналған кезім көп болыпты. Алайда, Алатаудың бөктеріндегі осы бір қала маған жаңа өмір сыйлады; мені дүниеге әкелген әке-шешемнің осы қалада танысып, осы қалада отау құрғандарын мен өзімше мақтан тұтам. «Сен провинциядан келдің...» - деп мені дұрыстап тұрып орныма қойғысы келгендер де табылған кезінде /атын жазбай-ақ қояйын, есімі елге жақсы таныс азаматтардың бірі/ Соған қарамастан, мен алдыма қойған мақсатымнан таймадым. Несін жасырамыз, кішкентай қалада туып-өскендер үшін Алматы нағыз «Голливуд» қой. Маған сенгендер аз болған. Бірақ, аз да болса ол кісілердің ықпалы зор болды. Және ол кісілердің Маңғыстаудан емес, сол «Голливуд»-тан табылғанын мен үлкен мақтанышпен айтып жүрем. Ал, «бізді ұялттыңыз...» - деп жазатын маңғыстаулықтарға айтар менің де өкпе-назым көп. Бейне бір барлық жағынан қамтамасыз етіп /ай сайын пәтерге төлейтін ақшаны қалтама салып, тамағымды, киім-кешегімді түгендеп, т.т./ арнайы жолдамамен жібергендей сөйлейді кей адам.
         Мен сіздердің бәйгеге қосқан тұлпарларыңыз емеспін ғой шаба алмай қап ұялтқан?..

«Маңғыстау!» - деп ұрандатып елдің абыройын көтеру үшін келгем жоқ Алматыға, әрине, абыройын айрандай төгейін деген де ойым болған жоқ. Алайда, мен ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін деп ойлаймын. Өз өмірімді реттеймін деп, мәнсіз тірлігімнен мағына іздеп келгенмін. Алматы – маған жаңа мүмкіндік туғызды, бұлыңғыр ертеңімді көк тұмандардан арылтты, кеудемде бір кездері сөнген үміт шамын қайта жақты, есейтті, еркелетті, жылатты, жұбатты... өзгертті мәнсіз тіршілігімді. 

Кезінде қолдау көрсете алмаған жерлестерім енді осы аз ғана шыққан биігіме, осы аз ғана жетістігіме қуана алмай ма сонда?..

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Привет из Астаны ! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-61/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-61/ Привет. Пишу по возвращении из командировки в Астану ! Была там почти неделю, и это большой,   для меня теперь уже,   временной отрезок. 
Вновь свыклась с родным городом, почти привыкла к холодной погоде, хотя снега пока еще нет.   Город в   предвкушении  грандиозного события -  саммит ОБСЕ, шутка ли 56 флагов в "гости будут к нам". Казалось бы спроси у 5-ти летнего ребенка и он тебе что-нибудь об ОБСЕ расскажет или о подготовке. И это супер - чувствуется такая общность и величественность, а потом мы же казахи - знаем, как гостей принимать !!!    
В столицу я ездила для участия в 2-х мероприятиях -  конференция Национальной  комиссии по делам женщин и семейно-демографической политики  и семки нового совместного казахстанско-российского фильма "Пять вечеров с Президентом Назарбаевым".
Ведущие фильма - я и Сергей Брилев известный российский журналист и ведущий. 
Обаятельный, эрудированный и очень позитивный  человек.
 Режиссер фильма - Рашид Сулейменов талантливый  и профессиональный.Вся семочная (западает твердый знак ) группа компании "Коркем фильм", которую возглавляет Рашид. 
 Впечатлений очень много, было и сложно и одновременно легко, потому, что все , кто был в группе очень профессиональны  и собраны.
 Апафеозом   стало интервью с Президентом - 2 часа в библиотеке Ак Орды.  
Накануне  19-ти летия Независимости,   Президент вспоминал декабрь 91, говорил о том, что и мечтать не приходилось о такой жизни, как сейчас.
С удовольствием и  отеческой любовью говорил о казахстанской молодежи, которая учится и стремится все к  новым и новым высотам,  с гордорстью рассказывал о красавице- Астане.   И кстати, Президент  сказал, что смотрит иногда телеканал Ел арна, и следит за тем , как  мы  меняемся !!!  в лучшую сторону!!! 
    О том, каким получится фильм - судить Вам, думаю, что он выйдет в эфир в ближайшее время, скорее всего в эфир телеканала "Хабар". Кроме того в субботу 27 ноября, смотрите репортаж об этой работе в программе Вести с Сергеем Брилевым. 
Что я испытываю ? Сделана немалая и , думаю,  хорошая работа, а кроме того, после беседы с Главой нашего Государства  - гордость за страну !!!!   Казакстан жасасын ! 
]]>
Мукей Айгуль Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Ел арна" сайтының қонақтарына "Қош келдіңіздер!" деп айтқым келеді! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-62/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-62/ Сіздермен сұхбаттасуға дайынмын және қуаныштымын!
]]>
Бакыт Кенебаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін,life"-ФИНАЛ! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-63/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-63/ 5-желтоқсан кешкі сағат 20.25те бірге тамашалайық! Қызық болады, рас айтамын!

P.S  ТҮСІРІЛІМ БАРЫСЫНДА ДИНАРА ҚЫРЫҚБАЕВАНЫҢ КӨЙЛЕГІНЕ АБАЙСЫЗДА АЙРАН ТӨГІП АЛДЫМ)))))
 ]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
что наша жизнь... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-64/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-64/ - Всем привет! Поздравляю вас с новым сайтом, а себя с первым блогом! На канале «Ел арна» я веду передачу «Что наша жизнь…» В каждом выпуске мы стараемся ответить на этот пресловутый вопрос – что же все-таки, наша жизнь? У каждого свой ответ. Надеюсь, вы смотрите нашу передачу и сопереживаете главным героям.

Очень хочется верить, что при помощи этого блога мы с вами сможем чаще общаться. Задавайте свои вопросы, выражайте свое мнение по поводу канала и нашей передачи. В дальнейших записях обещаю рассказывать об интересных случаях из своей жизни и творческих планах.

Оставайтесь с нами и помните, жизнь – самое дорогое, что у нас есть. Берегите себя!

Ваш Жан Байжанбаев

]]>
Жан Байжанбаев Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Тағы да қашып барам... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-66/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-66/
Бүгін жылдың 333 - күні! Әдетте, мұндай сәйкестіктерге қатты мән беруші ем, бейне бір аяқ астынан өмірім өзгеріп шыға келетіндей жүрегім алып-ұшып жүретін... жыл артынан жылғалап жылдар өте береді, уақытқа қарсы тұрар не бар?.. Тіпті қатты деген тас та мүжілмей ме таудың ететіндегі?.. ал, адам болса сан өзгереді; кей өзгерісті уақыт енгізеді, кейбірін қолдан жасап аламыз.

...маматайым кірді түсіме. Үйге қайтып оралған екен. Менің қуанышымда шек жоқ; асты-үстіне түсіп бәйек боп жүрмін. Ренжітіп қойсам ақ мамам кетіп қала ма деген қорқыныш та жоқ емес. Бала-қиял есейген сайын басыла ма десем... сағынышым басылар емес, бәлкім, содан болар үміттің үзілмейтіні... ауыр ойлар қажытып жібереді, солардан қашам да жүрем. Міне, тағы заттарымды түйіншектеп жолға дайындалып жатырмын – қашуға!.. Тілі келмейтіндер «Шіркін-Лай» дейтін реалити-шоудың екінші маусымын түсіруге бара жатырмыз. Ол жерде күн суық деп жатыр, ал біздің екі аптаға кетіп бара жатқанымызды ескерер болсақ – жылы киіну керек, ол сөзсіз! Бірақ, тәннің жаурағаны түк емес сияқты маған, жаның тоңғанда әбігерге түсесің-ау... «Тәнің ауырса – ауырсын, жаның ауырмасын» - дегенді де сан рет естідім. Естігенің өз алдына, сол айтылған дүниенің астарына үңілмесең – құлағы керең адамнан еш айырмашылығың болмайды екен. 

Дайындық қызу жүріп жатыр: түсірілімге де, Бейбіт мырзаның /Қорған/ сәбиі бірге келді деп аталған тойға да... біздің өміріміз сол дайындықпен қызықтырақ өтеді, байқасам. «Болғанынан – боладысы», әдемі боп барсам дейміз, сабылып іздейтініміз – көйлек, оған сәйкес алқа-білезік, біз өкше... тек кеш аяқталған соң бір түрлі жаның құлазып қалғандай болады... үйге асықпай қайтасың. Ең сорақысы сол – жалғыз...

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Фото из Акорды http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-73/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-73/





]]>
Мукей Айгуль Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Какую книгу вы сейчас читаете? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-76/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-76/ Много ли времени проводите за чтением? Я не могу похвастать рекордами по количеству прочитанных произведений, по списку любимых авторов, по цитированию известных книжных монологов, фразеологизмов, идиом, лирических отступлений.

Помню, как в школе нас заставляли учить слова главного литературного преступника: «Вошь ли я, как все, или человек? Тварь ли я дрожащая или право имею?», будто проникнув в сознание Раскольникова, мы бы лучше прочувствовали произведение. Почему-то этот монолог я запомнила на всю жизнь. Со временем, став обывателем со средним заработком, сменяющим одну квартиру за другой, порой мне хотелось зарубить топором хозяек-процентщиц, но, полагаю, это бы не «спасло тысячи униженных и оскорбленных».

Сегодня я хочу поговорить о книгах. В последнее время увлеклась биографиями великих людей, оставивших в след в мировой истории. На моем столе лежит раскрытый фолиант о создательнице империи «Бурда Моден» Энне Бурда. Ее журнал с пятидесятых годов прошлого века по девяностые читали миллионы женщин. В отличие от не менее модного в то время «Vogue», журнал «Бурда» предлагал домохозяйкам и просто любительницам красиво одеваться – не только любоваться одеждой на фотографиях топ-моделей с подиумов, а давал возможность с помощью выкроек самим создавать модные, стильные платья и костюмы от именитых дизайнеров. Удивительно, но если бы тогда, в середине прошлого века, супруг Энне – Франк Бурда, не завел себе любовницу и не подарил бы ей журнал, а та, в свою очередь, не провалила бы бизнес, Энне навряд ли бы стала известной издательницей. Она бы так и осталась счастливой домохозяйкой, матерью трех мальчиков и продолжала бы свое скромное существование в провинциальном немецком городке Оффенбурге.

К сожалению, с той скоростью, с которой сегодня мы проживаем свою жизнь, я не успеваю останавливать свое внимание на толстых книгах-эпопеях, где ведется подробное описание автором его персонажей, природы, повествование многолетней жизни героев. Но недавно в мои руки попал журнал брата «100 человек, которые изменили ход истории». Это был номер, посвященный Артуру Конан Дойлу, отцу знаменитого Шерлока Холмса. До того как стать великим писателем, он проработал врачом, а публиковаться начал из-за острой нехватки денег.

 Начала в запой читать другие выпуски. Оказывается великий экономист, автор труда «Капитал», Карл Маркс, не умел экономить деньги и всю жизнь голодал. Кровожадный и беспощадный мафиози Аль Капоне нежно любил семью и открывал бесплатные столовые для беженцев. Знаменитый противник коммунизма, Уинстон Черчилль, сам выдвигал идеи братства народов. А Людвигу ван Бетховену, посвящавшему свои сонаты любимым женщинам, крайне не везло в любви.

Вскоре я задалась вопросом – всего сто человек изменили ход истории? Кому-то помог божий дар, кому-то – случай. Кто-то был талантливым художником, писателем или музыкантом, а кто-то – жестоким диктатором, убийцей, поработителем. Но мне непременно захотелось совершить подвиг, написать выдающееся произведение, полететь в космос, но ни за что, ни в коем случае, никогда не быть обывателем со средним заработком, сменяющим одну квартиру за другой и мечтающим «зарубить» хозяйку-процентщицу.

Стремитесь быть лучше, друзья! 

]]>
Индира Зайнудинова Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін-life" /күнделік беттерінен/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-77/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-77/

01.12.2010 ж

Қыстың алғашқы күні! Әдетте осыны сылтауратып талай досыма смс хат жолдаушы ем...бүгін мұрша жоқ. Өйткені, жолға шықтық.
Кешігіп жүру – қанымызда бар әдет қой. Ең соңғы боп жүргелі тұрған автобусқа арқаланып мен міндім. Саудагерлердің ұстайтын ала дорбасына керек-жарақтың бәрін салғандай-ақ болып ем, сонда да бір нәрсені ұмытқандай көңілім алаңдаулы. Таксиден апыл-ғұпыл түсіп жатып аңғармаппын да, операторларымыз камераларын ұстап әрбір сәтті жібермей түсіруге кірісіп кеткен екен. Мен болсам үйден боянбай шыққам; ең бірінші уайымым – жүзім «солғын» болып тұрмай ма дедім...
Автобус лық толы: қырық шақтымыз алаңсыз жайғастық. «Мен осы бекер келдім-ау...» - деп өкінетіндер де бар сияқты жұлдыздардың арасында, байқасам... 

 Сонымен, «Шіркін-life-2» жобасына қатысушы 8 жұлдыз бен 4 жұлдыз емес жандар /жұлдыздарымыздың кейбірі оларды «простые смертные» деп атайды/ + жүргізушілер /Асхат екеуміз, бұл жолы Жоржымыз жоқ/, продюсер, режиссер, администратор, операторлар бар – бәріміз межеленген орынға аман-есен жетіп, жайғастық. Алғашқы түсірілім айқай-шусыз өтті /басында бәріміз осындай тату боп жүреміз, белгілі ғой/. Ертең түске дейін ұйықтайды деген болмайды: ерте тұрамыз. Сол үшін, Маржан, ұйықта! /абажадай кең бөлмеге жалғыз өзім жайғастым, қорқынышты... «приведение» деген жоқ шығар деп үміттенем/ Қайырлы түн, сары қыз!..






                                                 
                                                        *                 *                  *                 *                *

02.12.2010 ж

Таңғы 7-де телефоным шырылдап қоя берді. Сонда да болса орнымнан тұрғым келмей көзімді тарс жұмып алдым. Түні бойғы қорқынышты түстерден кейін кішкене мызғып алғым келді. Бірақ, жұмыстың аты – жұмыс. Түсірілімге кешігіп барсаң продюсер мен режиссердан ұрыс еститінің белгілі.
Тұрдым орнымнан, тез жиналдым. Жұмысқа кірісіп кеттік...


..............-да сақырлаған еркектер /қайда жүргенімізді әзір ашып айта алмаймын, құпияны қатаң сақтауымыз қажет! Сондықтан, бүге-шігесіне дейін ақтарып жаза алмаймын/. Біз өкшемен бұлай да бұлай жүріп өткен біздерді көзқарастарымен шығарып салып, алыстан күтіп алады. Небір сымбатты жігіттер жүр. Енді көзіміз біреуіне түсе берсе «бойдақ емес» болып шығады. Бірақ, ер адамдардың назарын аудартып алғанымызға біз сонда да дән ризамыз. Нәзік жандыларға ең бастысы да сол ғой – бойыңдағы сұлулықты байқайтын көз болса дейсің...

 

Түсірілімге оралайық. Қатысушылар үшін «бұндай өмір» оңайға соғып жатқан жоқ /бірінші маусымда ауылға бардық, бұл жолы тақырып басқаша – бағытымыз мүлде бөлек/. Қызық болды! Түсірілім, әдетте, баяу темппен басталушы еді. Бұл ретте бірден «айқаймен» жұмысқа кірісіп кеттік. Таңертеңнен бері жұлдыз бен осы жобадан кейін «жұлдыз» болатын жандармен шүйіркелесіп жүрдім. Оным «үркітіп алмас үшін» істелген дүние болатын. Кешкі бас қосуда мені «қатал» боп шыға келеді деп күтпеген олар аңтарылып қалды. Әйткенмен, әрқайсысы өз ойын мүдірместен жеткізді. Айтқандай, бүгін оларды екі топқа бөліп қойдық қой. Қызу тартыс басталып кетті!.. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» - дегендей, нағыз қызық ертең басталғалы тұр. Соны жоспарлаймын деп ұйқыны да бір шетке ысырып тастадым. Түнгі сағ. 2:05. Қонақүйде тыныштық орнап қалған. Бәрі ұйқыда. Таңертең ерте тұратын болған соң барлығы бөлмелеріне тез тарқасып кетті /жиналыстан соң/. Режиссердың рұқсатын алдым, ертең өзгелер сияқты 7-де емес, 9-да оянсам да болады. Жақсы ұйықта, сары қыз!!!

 

 
*                 *                  *                 *                *

 05.12.2010 ж.

Бүгін маған демалыс, маған ғана. Түске дейін ұйықтадым соны пайдаланып...Клип түсіріп жатыр бүгін, жүргізушілердің қатысы жоқ бұл іске. Менікі сол, продюсер мен режиссердың: «Боссың, Тықылдақ!» - деген командасын күтем. Сосын «алақайлап» шопингке кірісем. Алматыдан ала дорбамен арқалап келген киім-кешектерім жарамай қалды. Бұнда күн суық, жел деген азынап тұр. Біз келгеннің ертесі күні қар да жауды; дала аяз. «Гламур» дегенді ұмыттық. «Сұлуынан - жылуы» - дейміз дірдектеп тоңғанда... ия, қолым боста дүкен аралаймын. Бутик болушы ма еді?.. Кішігірім үйдің ішінен ашып қойған дүкендер бар. Әйтеуір, өзіме керектіні тауып алып жатырмын. Стиль, имидж деген «тағы» күрделі өзгеріске ұшырады. Бұл құпияны да аша алмаймын, кешіріңіздер!.. Бірақ, бұл дегенің көп адамның көзіне жас алдырып, көп адамды «ШОК» қылған өзгеріс. Өз уақытында эфирден көресіздер ғой... «Ерлігіңіз үшін!» - деп жігіттер қолымнан, маңдайымнан, бетімнен сүйіп жатты /әттең, еріннен ешкім сүймеді-ау.../ Өзім алғашында қызбалықпен шешім қабылдап, «болар іс болғаннан» кейін таң-тамаша боп қалдым, сүйсіндім өзіме. Ия, ерледім мен!.. Продюсеріміз Толқын Сейдуллақызына рахмет! Менің: «Осылай істейін бе?» - деген ұсынысымды қолдай кетті бірден. Арнамыздың басшысы Айгүл ханым да қарсылық білдірмеді /кейін тіпті қуанышты екенін жеткізіп менің де алып-ұшқан көңілімді сабасына түсіріп қойды/. Ертең бұл эфирден кетсе – үлкен әңгіме болатыны сөзсіз. Мақтайтын да, даттайтын да жұрт табылар. «Бірінші күшік ұстап шықты эфирге, енді мынау... » - деп тек Бекболат Тілеухан мырза қолын сермеп шыға келмесе болар еді...біздің реалити-шоу парламентте талқыланып кетсе... жо-жоқ, мен ештеңеден қорықпаймын! Бірінші маусым аяқталса да, менің күшігіме қатысты әңгіме әлі де тоқтамай жатыр. Форумдарда қызу «сөзжарыс» басыла бергенде, міне, екінші маусымды қалың көпшілікке ұсынамыз. Сосын тағы пікірін білдіргіш, өзін «тым ақылды» санайтын азаматтар атыла кетеді. Мен оған дайынмын! Біздің команда дайын!!! Қолыма күшік ұстап шыққам жоқ, сонда да болса сын айтушылар бұл жолы да көп болады, білем. Ал, маған – бәрібір! Сондай «пофигист» болып кетіппін. Әр жаңа күнім – бейне бір өмірімнің «соңғы күні» тәрізді. Мүмкін, қате де ойлайтын шығармын. Әйткенмен...

Радиомды сағындым. Айна алдында тұрып өзімше бірдеңе деп сөйлеп қоятыным бар /ешкім жоқта/. Әкем кірді түсіме, алаңдайтын болар?.. Бауырларымды ойлай бастасам, өзіме сонша қымбат жұмысымды тастап еліме кетіп-ақ қалғым келеді. Ондайда /дәл қазіргідей/ жылап-жылап... жайлап басыла қоям. Жұмысымды тастап кете алмаймын, оны білем. Бірақ, жеке өмірімді қалай жайғастырам, білмеймін... Оның үстіне, мынадай «тірлік» жасаған соң біздің топтағы жігіттердің айтқаны: «Саған енді еркектер мойын бұрып қарамайды... сені алса – ақылды жігіт алады бәрін түсінетін...» - деді. Қатты ойланып қалдым. Бәрін түсінетін ақылды жігіт, қайдасың??? 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жаңа жылдық сыйлығымыз дайын! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-78/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-78/ Ассалаумағалейкүм! Ғаламторға отырып, блогқа үңілмегелі 20 күн болыпты. Дұрыс түсініңіздер, бұл сіздермен хат-хабар алысуға салғырттық танытқаным емес, уақыттың тапшылығынан. Нақтырақ айтсам, "Шіркін, life"-тың шығармашылық тобы осы уақыт ішінде қала сыртында "Шіркін, life-2"! Реалити шоудың екінші маусымын! түсірдік! Күн суық, жаңа мекен, жаңа қатысушылар, жаңа ережелер, жаңа таныстықтар мен жаңа кейіпкерлер!!! Түсірілім барысында көптеген қызықтар болды, бірақ оның барлығын айта алмаймын, көрсете аламын))) Көрсетемін деп отырғаным 2011-жылдың 2-қаңтарынан бастап сүйікті жобаларыңыздың ІІ-маусымы "ЕлАрна" телеарнасы арқылы патша көңілді көрерменге, яғни өздеріңізге жол тартады! Ал, Жаңа жыл қарсаңында ІІ-маусымның қатысушылары шырқаған жаңа ән мен жаңа бейнеклип назарларыңызға ұсынылады! Ендеше босағадан аттап келе жатқан Жаңа жыл құтты әрі берекелі жыл болсын, ал біздің сіздерге тарту етер жақсы бағдарламаларымыз 11 есе көп болсын! Жаңа жылдық сыйлығымыз осы, қабыл алыңыз (ең бастысы, шын көңілден!)!
]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Первый карбонара комом. Или ударим самостоятельностью по ресторанным ценам! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-79/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-79/ Я очень люблю итальянскую кухню – есть в ней что-то общее с уйгурской или дунганской кухней, наверное. Недаром бабушкины изумительные макароны, которые она обжаривает на сковородке с мясом и овощами, получаются ничуть не хуже какого-нибудь «Болоньез». Да и первое свидание с моим молодым человеком проходило в пиццерии «Пипперони», после которого у нас появилась традиция есть пиццу каждый месяц 10-го числа.

 

Мой жених часто заказывает спагетти с соусом «Карбонара», которые стоят в среднем около 2500 тенге. Я подсчитала: на эту сумму я могла бы целую неделю обедать в столовой, или, например, закинуть единицы в телефон и полмесяца не пополнять баланс. А тут – тарелочка спагетти с микроскопическими кусочками бекона в сливочном соусе. Съешь – утолишь голод на час и снова захочешь.  

 

«Ударим самостоятельностью по ресторанным ценам!» - решила я и начала вооружаться интернетовскими рецептами приготовления этого самого блюда. Итак, мне необходимы следующие ингредиенты: спагетти, бекон, яйца, сливки, сыр (желательно пармезан), сливочное масло. Все накупила в ближайшем супермаркете. Правда, вместо пармезана пришлось взять тертый президентовский эмменталь – терки дома нет. В общей сложности, потратила около 1700 тенге, причем, 70 процентов от цены – стоимость сыра.

 

Заперлась на кухне и начала колдовать. Сварила спагетти, обжарила бекон в сливочном масле. Осталось приготовить соус карбонара. Взбила два яйца. Посолила. Посыпала сыром, добавила сливки. Готовым соусом залила бекон, согрела все на сковородке и затем добавила макароны.

 

Тут что-то пошло не так. То ли яйца плохо взбила, то ли сыр неподходящий оказался. В общем, вместо красивого сливочного соуса у меня пошли куски, причем абсолютно неаппетитные. Благо, мой суженый и его сестра все съели и даже попросили добавки.

 

Ну ничего, скоро я буду готовить самый вкусный карбонара в городе! Удалось же мне однажды сэкономить 1500 на малюсеньком кусочке «Тирамису» и сварганить на эту же сумму целый килограмм знаменитого итальянского десерта!

 

Друзья, здесь вы можете давать рецепты блюд, себестоимость которых значительно меньше ресторанных цен!

 

Кстати, планирую на днях устроить дома мохито-пати! Стоимтость мохито в баре «Гоголь» - 1500 тенге, а в среднем кафе – от 700. Уж лучше я на эту сумму наберу лайма, мяты, тростникового сахара и американского джинджер эля марки Schweppes и «замучу» много-много мохито!

]]>
Индира Зайнудинова Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Эксклюзив! "Шіркін, лайф 2" Түсірілім алаңынан! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-80/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-80/ ]]> Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Асель, друзья и подруги !!! и другие сериалы. http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-81/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-81/
 

Фото и биография героев сериала  "Асель, друзья и подруги"

Джазильбекова  Аружан – исполнительница роли Асель. Родилась 25 февраля 1986 года в городе Алматы. В 2003 году окончила Международную Лингвистическую Гимназию №105. В 2004 году стала победительницей конкурса FordModelsSupermodeloftheKazakhstan. Некоторое время работала в модельном агентстве FordModels в Париже. В 2007 окончила КИМЭП, факультет международной журналистики. После института работала шеф-редактором  в казахстанском журнале Advertising и PR. В 2010 году приняла  участие  в съемках художественного фильма «Качели», где сыграла главную роль.

Аружан очень активный и энергичный человек. Занимается спортом, таким как плавание, йога и сноубординг. В свободное время посвящает живописи, любит рисовать маслом и пастелью. Предпочитает слушать джаз, также ей нравится электронная музыка. 

«Журналистика, реклама, искусство, а теперь и кинематограф являются неотъемлемой частью моей жизни», - рассказала актриса.





Талгат Фаррук –
исполнитель роли Санжар. Родился 30 октября в 1991 году в городе Алматы. Окончил многопрофильную гимназию № 134. В настоящее время учится в Международной Академии Бизнеса (МАБ), по специальности финансы (EnglishDepartment). Увлекается спортом, обожает плавание. Также занимается боксом, дзюдо и тяжелой атлетикой. Имеет грамоты в спортивных достижениях. В свободное время любит проводить со своими близкими людьми и просто слушать красивую инструментальную музыку.








Азимбаева Айсулу Маратовна – исполнительница роли Сауле. Родилась 9 января 1988году в городе Алматы. В 2004 году экстерном закончила «Новую Школу» и поступила в «Американский Университет в Дубай» на специальность финансы. В 2008 году окончила университет как специалист делового администрирования. В сентябре 2008 года начала работать в рекламной сфере, но в декабре 2009 года решила сменить профиль. Весь последующий год занималась организацией мероприятий, в частности детскими днями рождения и девичниками.
Айсулу очень много танцует и занимается музыкой. Свободное время любит проводить с друзьями. Не любит скучных и пассивных людей. Считает, что каждый должен больше читать и меньше сидеть на месте. «Нужно всегда двигаться, искать новые поводы и стремиться к чему-то новому»- добавила она.
Съемки в сериале новый и интересный этап в ее жизни. «Это новые знакомства, переживания и ощущения. Я ожидаю очень многого лично для себя от этого опыта»- призналась Айсулу.





Мамиев Самат Аманджанович –
исполнитель роли Болат. Родился 5 июля в 1990 году. В 2008 окончил Лингвистическую гимназию № 68. В этом же году поступил в Алматинский университет энергетики и связи, где в данный момент и учится. Занимается спортом, а именно боксом, настольным теннисом и плаванием. Сочиняет свою музыку, играет на гитаре. Предпочитает слушать спокойную музыку в стиле JamesBlunt. И очень любит кино.





Гареева Фируза Ренатовна -
исполница роли Василисы. Родилась 24 июля в 1992 году.В этом году окончила школу гимназию № 23. Сейчас готовится к поступлению в высшее учебное заведение. « Университет для меня остается под вопросом, но направление четко выбрано»- рассказала актриса.
 Фируза учится в частной музыкальной школе "Елим-ай", на отделении классического вокала и фортепиано. « Я очень этим горжусь, так как осуществила детскую мечту, купила пианино и начала заниматься музыкой!»- призналась она.Также занимается конной акробатикой в цирке и работает моделью в агентстве "ANDRES". Выходные Фируза любит проводить на катке "Медео" Свободное время старается посвятить книгам и просмотру любимых фильмов. Фирюза очень теплолюбивый и открытый человек. «Я сильно люблю детей, панд и молоко» -добавила она. 
У Фирузы есть старший брат, в котором она видит свою опору, которого очень ценит и любит. 
Также актриса призналась, что не может прожить без музыки, книг и счастье. Под счастьем она подразумевает окружающий мир и близких и родных людей.





Малцагов Ринат Рашидович –
исполнитель роли Данияра. Родился 17 июня в 1988 году в городе Павлодаре. С раннего детства увлекается музыкой. Был участником в различных музыкальных конкурсах. В 2004 году в провинции Милана городе Фивизано занял первое место в мировом конкурсе. Является финалистом проекта «SuperStarkz».
 В 2010 году окончил академию искусств имени Турара Жургенова в классе народной артистки Нагимы Искалиевой. В данное время участвует в телевизионном проекте «Еки Жулдыз». Занимается боксом и футболом.


]]>
Мукей Айгуль Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Шіркін Life - 2 is the real life! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-82/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-82/
Мені тек берцы мен бушлат қана сақтап калды суықтан! Сұлуынан - жылуы демекші, әдеміленуді тіптен ұмытып кеттім.

Ал жалпы Отарда өткен өмірім өте қызық өтті десем болады, есте қаларлықтай.]]>
Бакыт Кенебаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Тағы бір ұзақ күн... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-83/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-83/

Тағы бір түсірілім аяқталды. «Тапқыр достар» бағдарламасына қатыстық. «Хабар» арнасынан «Дудар-ай», «Еларнадан» біз – «Шіркін-life»-тың белсенді мүшелері. Сайыс қызықты өтті: барымызша білгенімізді ортаға салдық /білмегенімізді де салдық ортаға/... Қазақта: «су ішкен құдығыңа түкірме» - дейді ғой, кезінде «Дудар-ай»-да талай секеңдеп жүрген едім, бүгін оларға қарсы шығуыма тура келді. Амал жоқ, сайыстың шарты сол, мен қазіргі командамды қолдауым керек-тін. Жеңіп шықтық біз!!! Бірақ, бұл жеңістің дәмі ащылау болды енді. Не дегенмен, олармен де  талай ұмытылмас күндер өтті ғой... ойбай-ау, не болды маған сонша?.. бұл жай ғана сайыс, ондайдың әлі талайын көрерміз-ау. Ең бастысы, бір-бірімізге ренжіген жоқпыз /ұтқандарда не реніш болушы еді, ұтылғандар ренжіп кетпеді ме екен десеңші.../  қызық болды. Өткізіп алмай көріңіздерші!


...иә, жаңа жыл алдындағы қарбаластың қызу шағы дерсің. Барлығы – асығыс, әйтеуір. Сыйлық іздеп әлек бірі, бірі – мерекелік демалыстарда үйлеріне барып қайтпақ. Ал, мен... ешқайда асықпаймын. Соңғы түсірілімнен кейін бір түрлі есеңгіреп қалғандаймын ба?.. не болды, түсіне алар емеспін. Бірақ, бір өзгерістің орын алғаны хақ. Мен өзгердім, мендегі ауыр-жеңілі бар – ойлар өзгерді, телефон нөмірім де қазыр бұрынғыдай бір-бірін қайталамайтын сандардан тұрмайды, «жұлдыздардікіндей» соңы үш 7-мен аяқталады. Бірақ, одан өзімді «жұлдыз» сезініп жүргенім шамалы. «Крутой» нөмірге байланысты болса барлығы - әлдеқашан-ақ біржақты етіп алар ем ғой өмірімді... Ғабит Мүсірепов ағамыз жазған ғой: «Адамның өмірінде ұзақ күндері мен ұзақ түндері, қысқа күндері мен қысқа түндері болады» - деп, менің кешегі күнімнің ұзақтығында шек болмады. Өтпей қойды сағаттар, мен барымша көзіме жас алмауға тырыстым. Ал, шын мәнінде, менің «жылайтын» күнім еді кеше. Аптасына бір не екі аптада бір рет менде сондай «разгрузочный» күндер болады өзі. Жанымда жауырыны мықты ер азамат болмаса да, мендегі тиылмайтын жасты өзіне үнсіз ғана сіңіріп алатын жастығым бар, не орамал табылады сүртіп салатын... әлсіз емеспін, жо-жо-жоқ, мен өзімді әлсіздердің санатына қоса алмаймын. Арналардан берілетін қызықты кинолардың арасында қылтың-қылтың етіп шығып тұратын жарнамалар сияқты менде де мезгіл-мезгіл «рекламная паузалар» болып тұрады. Солардың арқасында шапшаң жүрісіңнен дамылдап, бір сәт жасап жатқан әрекеттеріңнің дұрыс-бұрыстығын анықтап алуға мүмкіндік аласың... кеше менің сондай «тормозить» ететін күнім болған /сол ғой уақыттың өтпей қойғаны/.  Бір жақын адамымның туған күні-тін, бірақ, тағдыр сол аяулы жанның жүзін көруге зар етіп қойды ғой, амал нешік, туған күнде айтылар ізгі тілектердің барлығы қалды іште тұншығып. Шарасыздық жеңіп кетті; назымды айтар сенімді жанның болмағаны налытты, қынжылтты әбден мендегі құйттай жүректі... Эфирдегі уақытым аяқталғанда айтатын сөзім бар, осымен 4 жылға қарап бара жатыр, сол сөзді айтуды ешқашан ұмытқан емеспін. 


 
Бауырларыңыз – бүтін, Аналарыңыз аман болсын!!!


 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Не ТРОНуло. http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-84/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-84/ Впервые анонс фильма «Трон: Наследие» я увидела ровно год назад, перед просмотром «Аватара». Правда, через некоторое время благополучно забыла о выходе новой картины. Но на днях активная рекламная кампания снова обратила мое внимание на «Трон». А что? Мне нравятся антиутопичные фильмы с параллельными, виртуальными, фантастическими, космическими, сонными мирами. Подводя итоги этого года, пожалуй, отдам пальму первенства «Началу» за оригинальный сюжет и визуальные эффекты.

 

Что касается «Трона», то была, мягко говоря, разочарована. Первые 20 минут не отрывалась от экрана – настолько реальный мир показан динамично. Когда главный герой попал в мир виртуальный, созданный его отцом - компьютерным гением, вскоре погрязшим в своем же творении, интерес к картине пропал. И пропал, в первую очередь, из-за игры главного героя, его глупых реплик типа: «Я не программа. Я Сэм Флин». Видимо, создатели решили, что эта фраза должна стать культовой и на всякий случай в конце фильма герой ее повторил.

Очень заворожили батальные сцены: битва с светодисками, битва на светоциклах, битва на светолетах. С моей, обывательской точки зрения, потрясающая графика, стильный дизайн костюмов, транспорта и оружия. А каков этот виртуальный мир! Дом героя Джефа Бриджеса продуман до мельчайших деталей, коих, правда, совсем немного. Как говорится, скромно и со вкусом. Хотя и домом этот псевдо-грот назвать трудно. Очень точно передана холодная атмосфера цифровой реальности: темный фон, ничего лишнего. Когда людей-«программ» убивают, они разлетаются на миллионы кусочков-пикселей. А антигерои под предводительством некоего Клу носят костюмы с красными неоновыми полосками.

Смутил жареный поросенок, которым отец потчевал сына после 20-летней разлуки. Откуда такая еда в виртуальном мире?

Насколько я поняла, этот фильм то ли сиквел, то ли ремейк одноименной картины 1982 года. А называние вовсе не связано с царским креслом. Это, оказывается имя героя, исполняющего даже не второстепенную, а третьестепенную роль.

Товарищи, если надумали идти на «Трон: Наследие», лучше сходите на «Елки». Последний сама не видела, но хороших отзывов о нем гораздо больше!

Кстати, какой фильм вы бы назвали «фильмом года»? И кому прочите Оскара?

]]>
Индира Зайнудинова Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Құрметті достар! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-85/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-85/


]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ескі жылдағы жаңа жазбалар... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-86/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-86/
  Санаулы сағаттар қалды. Жұрттың бәрі дүрлігіп күткен Жаңа Жыл да келіп жетті. Әдетте, менің телефоным мерекелерде үнсіз қалмайтын, бүгін тымырайып-қыңырайып тұр. Оған себеп: нөмірімді өзгерткенім және соңы үш «7» - мен аяқталатын нөмірімді көп таныстарыма бермегенім. Ал, бермеген себебім: күн демей, түн демей мазалайтын «маньяктардың» пайда болғандығы. «Мынадай бір шаруамен хабарласып жатыр ем...» - десе ғой, шіркін, қай сұрағына болмасын тиісінше жауап берер ем. Егер мән-мағынасы жоқ смс хаттар мен қоңыраулар тиылмаса, талайғы ескертулер де ол белгісіз жандарға әсер етпей жатса, меніңше, кім де болса нөмірін ауыстырып жіберген болар еді... Өкпем көп екен, байқасам, ескі жылға артатын өкпем көп-ақ екен. Ең бергісі, өзіммен фамилиялас Құдайберген ағамның өмірден озғандығы... радиода отырғам күндегіше. Біздегі саунд-дизайнер жігіт: «Слушай, кем тебе приходится Кудайберген Султанбаев?..» - деп «естірткен» қайғылы хабарды. Жүрегім сыздап кетті. Ол кісіні қатты сыйлайтынмын...

   Қателеспесем, 2006 жыл болатын. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезім еді. «Каспий – достық теңізі» атты фестивальді тікелей эфирде жүргізетін журналисттердің қатарына менің де есімім ілігіпті. Облыстық деңгейге шығатын болдық. Ол да болса жүрегіңді дір еткізерлік дүние ғой. Түні бойы көйлек тігіп көз ілмедім. Таңертең мәз болып сол көйлегіммен теңіз жағасына келдім. Ол кезде арнамызды Рауан Кенжеханұлы басқарып тұрған еді /қазір, басқа адам басқарып отыр екен... жағдайлары мәз емес деп естідім.../, қонақтарды күтіп алып, оқиғаның бас-қасында бәйек боп жүрген. Кеш басталғаннан бір деммен алып шықтық. Түнгі 12 боп қалды. «Осымен үйге қайтамыз» - деп жиналып жатқанда Рауан мырза дедектетіп жанымызға Құдайберген ағамызды алып келді. «Соңғы сұхбат! Осыдан кейін демаласыңдар!» - деп бізді жұбатып қояды. Шаршап тұрған біз әл-дәрменіміз болмай тұрса да, қарсы сөз айтпастан микрофонды іліп алдық. Жанымдағы жігіт орысша жүргізетін, түсінікті, тізгін менің қолыма түсті. «Қалай жеттіңіз?.. қалай екен фестиваль?...» - деген сияқты мылжың сұрақтардан өзге түгіл, өзіміз де жалығып кеткенбіз ғой. Не айтарымды білмеймін!.. Бастап кеттім, әйтеуір: «Қазақстан-Ақтау телеарнасында сіздермен бірге Маржан Сұлтанбаева және Құдайберген Сұлтанбаев!..» - дегенім сол-ақ екен, ағамыз аңғал күлкісімен: «Біздің фамилия, негізі, көп кездесе бермейтін фамилия...» - деп аяғына дейін өзі сөйлеп шықты ғой. Риза болғаным сол кезде!!! Оны көрген ел көпке дейін айтып жүрді: «Қатырдың, Маржан!» - деп. Одан кейін тағы бірде қаламызға келіп кеткен, сонда эфирден шыққан соң: «Екеуіміздің фамилиямыз бірдей...» - деп мақтандым ғой, ол кісі үндемей тұратын ба еді: «Аталарымыз осында келіп бірдеңе бүлдіріп кеткен-ау, шамасы...» - деп қағыта жөнелді. Ия, келіп жатыр, кетіп жатыр дарындар...

   Сыртта не болып жатқандығынан бейхабармын мүлдем. Сағ. 19-дан 18 минут кетті. Міне, 19-шы минут барады асығып. Мен әлі де жұмыста отырмын. Құрбыларым  - сұлулық салондарында шаштарын түзеп жатыр; менде не қиналыс болушы еді?.. шаштарым «Шіркін-life»-та құрбан боп кеткен жігіттердің жолында. Енді айта беруге болады! Қаңтардың 2-де эфирге шығады ғой бағдарламамыз. «Маржанның шашы...» - деп көргісі кеп жүргендер көп екен. Түсінетіндер келіп қолымды алды: «Жарайсың!» - деп. Ақылы таяз жандар /не өтірік түсінбегендей болып жүргендер/ болса: «Мынау бір есерсоқ екен, жігіттермен ерегескені қай сасқаны?..» - деп сыбап жүрген көрінеді мені сыртымнан. «Тәуекелге бара алмағандар шампан ішпейді» - деген мақал-сымақ бар емес пе?.. /орысша айтылса әдемі естіледі екен, бірақ/  Шампан ішіп отырмын сол!!!  Күні кеше ғана Асқар Дүйсенбі ағамыз: «Эй, сен қыз еркек боп туылатын адамсың ғой...» - деп тістеніп қойған. Шаштың әңгімесі оның да құлағына жетіпті. Иә, тағдыр-ай, ол кезде подполковник болып үлгермеген әкем: «Ер бала болады!» - деп күткенінде мені «ұл» қып жаратпаған екен де. Сонда ешкімде реніш болмас еді: менде де, әкемде де, әкемнің қабағын бағып отырған шешемде де... Жарайды, енді!.. Нәзік боп жаратылған екем ақыры, көйлек киіп назданып, әйел адамға жүктелген міндетті орындауым керек қой. Кейде «миссиямнан» ауытқып кететінім бар, мойындаймын. Бірақ, табиғатқа қарсы шығудан аулақпын. «Еркек» болуға не олардан асып түсуге тырысқан емеспін. Егер ерсі қылық жасасам, оным да – қоғамдағы ерлердің статусының жоғары екендігін көрсету үшін! Менің радиодағы тұрақты тыңдармандарым жақсы біледі; телефон соққан жігіттер сүйіктісіне сөз айта алмай, ұнатқан қызын өзіне қарата алмай қынжылып жатса: «Еркек емессіз бе?.. Барлығы өз қолыңызда ғой!!!» - деп шымшылап отырам. Құдай-ау, қашан түсінеді біздің жігіттер?.. Ұлы ойшыл Конфуций айтыпты-мыс: «Бала – бала боп қалсын, еркек – еркек боп,.. ал мемлекет басшысы өзіне жүктелген міндетті тиісінше атқаратын болса  - елде ырыс-ынтымақ салтанат құрады». Табалдырығымыздан аттағалы тұрған Қоян жылы /шампан ішіп отырмын ғой, тост айта кетейін/ қорқақтардың мысын басса екен деп тілек айтқым келеді. Өкпе-назымызды тыңдар, қиын-қыстау кезеңдерде жанымыздан табылар азаматтарымыз /бар болса, әрине/ аман болсын! Өткен күндердің салған жарасы ешқашан, өкінішке орай, жазылмайды /өзімізді-өзіміз алдамай-ақ қояйық/. Тарғыл тағдырдың бізге қойған шарты да сол: жүректе нендей зіл болса – соның барлығын арқалай жүріп өмір сүруіміз керек... менің әр жеңісіме қатты қуанып, осылай телефонымды өзгертіп туыс атаулыға «невидим» боп жүргенімде «қайдалап» іздер еді бір адам; жоқтығы батады жаныма... ол кеткелі барлығы «жартылай» боп қалды ғой: қуаныш та, шаттық та, мен «бақыт» деп түсінетін дүниелер де... Өткенді ұмытсақ, ертеңіміз бұлыңғыр болады. Сондықтан, жұрт тойлатып жатқанда дастархан басында бізбен бірге отырмай, ақша бұлттардың арғы жағынан тілекші боп жүретін аяулыларымызды ұмытпайықшы. Мәңгілікке көз жұмғанмен, олар лайым да біздің жүрегімізде!.. Ал, жүрек деген флэш-карта сияқты, кіп-кішкентай болса да барлығын өзіне сыйғызып алады.

Жаңа Жылдарыңызбен, қымбаттыларым!

   Мен сияқты өкпелілер аз болсын, өкпелі еместер риза-а-а-а боп жүре берсін! Өзгенің бақытына қызыға қарайық, қызғана қарайық, бірақ, санасыздардың қатарына қосылып жамандық істеуден аулақ болайық! Ырымға жақсы деп Жаңа Жыл кешінде «жаңа шұлық» алып үлгермеген қыздар көңіл-күйлерін түсірмесін! Ол да біреудің сандырағы! Шұлыққа кеп тіреліп тұрған ештеңе жоқ  дегенім ғой...
                                                                                                              Қоян жылында жүздескенше, тілдескенше!!!

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
2011 жыл сезиле ме? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-87/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-87/ ол жана жылдын бизге 31 желтоксанда емес 22 Наурыз куни келетини. Сондыктан енди мен 22 наурызды кутемин деп шештим! 

]]>
Бакыт Кенебаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Поздравление http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-88/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-88/ Каждый год 31 декабря в 12 часов ночи, пока все сидят за столом, я не заметно подхожу к  входной двери, открываю ее и звоню в звонок. Пока прибегают мои родные, я закрываю дверь и делаю вид, будто только что ушел Дед Мороз, так как у него мало времени. Но подарки он передал через меня. Первое время мои дочери верили в этот розыгрыш, обижались, мол, почему Дед Мороз не подождал их. Но увидев подарки, сразу же успокаивались. Спустя годы, эта традиция в нашей семье продолжает жить. И все с доброй улыбкой воспринимают эту шутку. А я как всегда, дождашись 12 часов, подхожу к двери, звоню, закрываю дверь и стою уже с подарками. Хочу заметить, что подарки я делаю не только детям, но и любимой жене и своим близким. 

А как вы встречаете Новый год? И есть ли у вас какая-нибудь добрая, семейная новогодняя традиция?

Дорогие друзья, поздравляю вас с 2011 годом! Пусть сбудутся все ваши желания, пусть в душе вашей всегда будет покой и мир. И пусть вы никогда не узнаете, что такое одиночество... Счастья, успехов, и конечно же крепкого здоровья!!! Удачи и процветания!!!

Ваш Жан Байжанбаев!
]]>
Жан Байжанбаев Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жаңа жыл кино-думаны немесе Ирония любви http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-89/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-89/
]]>
Мукей Айгуль Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Шашым өсіп жатыр!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-90/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-90/
Жұрттың барлығы дүрліге күткен бағдарлама да эфирге шықты /күні кеше/. Жаным бір жай тапқандай болды. Қанша уақыттан бері үзік-үзік беріліп отыратын анонстардардан кейін: «Маржан шынымен шашын алды ма?..» - деген сұрақ мазалап жүрген көпшілікті. Ғаламторға кіріп, электрондық поштамды ашып қалсам да: «Рас па шашыңызды алғаныңыз?.. енді парик киіп жүрсіз бе?.. шашыңыз өсіп жатыр ма?..»  - деген сұрақтарға кеп тірелетін көздерім. Оның үстіне, жан-жақтан телефон соғып жатқан газет-журнал тілшілері де әңгімені: «Қайда туылдыңыз?.. » - деп мәдени түрде бастағанмен, арғы жағында тағатсындана «шаш туралы» сұрағысы келіп қипақтап отыратындарын аңғарып қалдым. Бір-екі журналға сұхбат беріп те үлгердім, ол әлі жарыққа шыға қойған жоқ /ондағы әңгімелер де талай адамның қытығына тиетін болар/.

Бүгін таңертең ерте тұрып, дәрігердің берген нұсқауы бойынша, клиникаға қан тапсыруға барғанмын. Сөйтсем, ондағы бір дәрігер мені танып қойыпты. «Шашыңызды көрсеткіңіз келмей ме?» - деп күлді әлгі егделеу тарқан кісі. Күн салқын болғандықтан ғана бас киімді бастырып алғам, әйтпесе, қысылып жүрген түгім де жоқ
/алғашында парик кигенім – ол анау бағдарлама эфирге шығып алсын деп күтіп жүргенім болатын/. Дәрігерім жымиып күлді де, кешегі бағдарламаны аяғына дейін қарап шыққандығын,  менің тарапымнан жасалған әрекетті құптайтындығын асықпай баяндап шықты. Қасындағы ассистент қыз алғашында дәрігерге: «Сіз бұл қызды қайдан танисыз?» - дегендей аң-таң боп қарап отырған. Сонысын түсініп қалды ма, дәрігер бірден: «Әлгі шаш алатын қыз осы ғой...» - деп мені таныстыра бастады... иә, бұрын «күшік ұстаған қыз» - деп таныса, енді мені біраз адам «шашын алған қыз» - деп айтып жүретін болды ғой. Е, не айтпай жүр халқым?!. Ксения Собчак, Пэрис Хилтон, тіпті шашын ерігіп алып тастаған Бритни Спирстың да аттарын менімен байланыстырып қойды емес пе?.. Біздің қазекеңдердің кейбіріне шай үстінде айтылатын әңгіме болса жеткілікті, әйтеуір, біліп айтса – жөн ғой; білмесе де бас-қасында болғандай: «бүйтіпті де сүйтіпті» - деген бейпіл әңгімеге кірісіп кететіндері бар. Әрине, әркімнің өз пікірі болу керек, әркім өзінше ойлайды, өзінше пайымдайды... Ең бастысы, бағдарлама эфирге шықты, қалың қазақ біздің жобада туындаған дау-дамайды өз көзімен көрді. Дұрыс десе де, менің әрекетімді «еріккендік, бассыздық» - десе де, бірінің аузына қақпақ болайын деген ойым жоқ. Айтсын! Жазсын! Не дегенмен, «саясатқа қатысы жоқ» дүниелерді айтуға бізде демократия берілген ғой, шіркін!..

Бәрін айт та, бірін айт, ең бастысы – шашым өсіп жатыр!!!  


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жаңа жылдағы жаңа жазба! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-92/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-92/ Ассалаумағалейкүм! Екінші маусымның эфирге шыға салысымен-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында да, ғаламтор беттеріндегі форумдарда да қызу талқыға түсіп жатқандығынан жақсы хабардармын. Жоба авторы ретінде маған да бірнеше сауалдар жолданған екен. Дәл сол уақытта ғаламторда отырмағандықтан жиі қойылатын сұрақтарға осы блогта жалпылама жауап беруді жөн деп таптым.

1-мәселе: «Реалити-шоу десе неге біздікілер «Дом 2» деп шулап шығады? Реалити-шоу-бұл телевизия саласында бар жанр. Және оның танымалдылығы ресейлік реалитимен шектеле алмайды. Біле жүріңіз, ресейлік әріптестеріміз Американы ашқан жоқ! Мұндай түрлі жанрдағы шоулар, тіпті күн сайын әрбір арнадан шығатын Жаңалықтар, оны жүргізу т.б. тәсілдер оларға да, бізге де батыстан келді. Бұл жерде неге батыс? деген заңды сұрақ тууы мүмкін, оның жауабын сізге кез-келген журналист айтып бере алады. Бір нәрсенің астын сызып кету керек, рас, шетелден лицензиясымен сатып, көшіріліп алынатын жобалар бар. Бірақ бұл біздің реалити-шоуға қатысы жоқ. Егер біз «Дом 2»-ны көшіріп алған болсақ, Құдай бетін аулақ қылсын, орекеңдер бізді баяғыда-ақ сотқа берер еді. (Өз басым сол реалити-шоуды бастан-аяқ бір рет те көрмеген екенмін!)

2-мәселе: 100 адам болса 100 түрлі ой болары сөзсіз. Бірақ реалити-шоудың бір ерекшелігі-бұл жерде көп нәрсе қатысушының өзіне байланысты. Яғни олардың камера алдында өздерін ұстай алуы немесе ұстай алмауы жоба авторлары мен ұйымдастырушыларына ешқандай да қатысы жоқ. Кемшілік кез-келген адамда болады, сол себепті оларды бір әрекетіне қарап сөгу қаншалықты дұрыс екенін білмедім.

3-мәселе: Отандық телевизия саласына жүргізілген соңғы сараптамалардың нәтижесі (өткен жылдың қыс айы) төмен дәрежедегі көрсеткішке ие болған еді. Біздің сыншыл және тек қазақша бағдарламаларға жаны ашитын «патриот» көрермендеріміз отандық телехабарларды бір шетке ысырып қойып, бала-шағаларымен ресейлік және шетелдік бағдарламаларды қызыға тамашалайтындығы анықталды. Осы тұста сөзіміз бен ісіміздің сәйкес келмегендігі ұят болды. Қазір барлық отандық арналар көптеген олқылықтардың орнын толтыру үшін жұмыла жұмыс істеуде. Сол себепті бұл тұста сіздердің қолдауларыңыз қажет-ақ деп ойлаймын.

Сөз соңында айтарым, реалити-шоудың елімізде бастау алғаны трагедия емес, трагедия-керісінше көрерменнің отандық арналарды қарамай қоюы!  
]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жексенбі... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-94/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-94/

Жексенбі. Телефоным безілдеп белгіленген уақыттан бұрын оятып жіберді. Сондағы ұйқылы-ояу естігенім: «Шашыңды алып тастадың ба сен?.. бағдарламаны көріп отырмын... қазір сонда шашың жоқ па?..» Құдай-ау, менің шашымның «жыры» қашан аяқталар екен өзі? Анау: «көзімді жұмсам да көрем сені...» - деген әндегідей болды ғой, жатсам-тұрсам еститінім – сол. Жексенбі. Бүгін бағдарламаны эфирден қайталап берді, иә, сосын екен ғой телефон шалып жатқаны бұл жігіттің. Әйтпесе, неше күннен бері ұстатпай жүрген әрнені бір сылтауратып, соның арқасында «құжатсыз» жүрмін. Еш жерде тіркеуде жоқпын дегенім ғой. Айыппұл дегенің өсіп жатқан болар біздің демографиямыз сияқты қарқынды түрде. Алғашқысының мәселесі қиындау енді, ал соңғысы – қуантарлық жәйт. Күні кеше өткен «Азамат»-тың түсірілімінде сарапшы боп шақырылған психолог солай деді. Қазір баланың туылуы елімізде екі есеге артыпты. Балабақшада қара домалақтарға орын жетіспей қысылып жатқанымыз да сол көрінеді... уайымым көбейді енді менің. Балабақшаға алдын-ала кезекке тұру керек екен; ол кезегің екі-үш жылдан кейін келеді, құдай қаласа. Сонда мен қазірден бастап «туылмаған» баламды тіркеп қоюым керек қой, шамасы. Жөні түзу жігіт тауып, тұрмысқа шығып; тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп ол баланы дүниеге әкеліп, одан сәбиім былдырлап сөйлеп бастағанша да сол кезегім келетін сияқты ғой асықпай...

Қым-қуыт тіршіліктің қиындығы таусылған ба, шіркін... түй, осы «шіркін» деген сөзден денем тітіркеніп кететін болды. Бағдарламаны аяғына дейін көрген адам: «Сен шынымен шашыңды алып тастадың ба?» - деп сұрақ қойса – қалай ызаланбайсың?.. Көкем-ау, барлығын өз көзіңмен көрдің ғой, енді несін сұрай бересің?.. Сосын тағы: «Сен енді шашсыз жүрсің бе?» - дейтіндерін қайтерсің? Әрине, шашсыз жүрмін! Машинкамен алдыртып тастасаң – басқаша қалай жүресің?.. Елдің бәрін ақымақ деуге келмейді, бірақ, ішінара «блондин-блондинкалары» кездесіп тұрады; соларға ызалы боп жүрмін кәдімгідей. Алғашында үзік-үзік анонстар беріліп жүргенде бұл сұрақтардың қойылуы орынды еді, ал енді бағдарлама толықтай көрсетілген соң барлығының күдігі сейілді деп ойлағам. Бітті! Бұл тақырыпты мен әлдеқашан жауып тастаған болатынмын. Шашым біршама өсті. Күні кеше «Азаматтың» түсіріліміне де осы шашпен қатыстым, керек болса! Мен шашымның қысқалығынан еш қысылып жүргем жоқ, өзгелер неге сонша «трагедия» жасап жүргенін түсінбей-ақ қойдым. Әсіресе, бағдарлама продюсері. Ол жігіттің түсінігі бойынша, шыршаның түсі жасыл болады, жұлдыздар тек түнде көрінеді деген аксиома іспеттес өзгермейтін дүиелердің бірі – қыздардың шашына қатысты. Түсірілімге екі күн қалғанда соның үстінде біраз түсініспеушіліктер орын алған да болатын. Тағы қырсықтығым ұстап: «Париксіз шығам!» - деп қаттым да қалдым /мені қырсық мінез деуге толық негіз бар да шығар/. Түптеп келгенде, кішігірім «сөз таластыру» менің пайдама шешілді! 

Түсірілім күні. Киімдерім дайын; өзім де дайынмын: ерін-көздерім телевидениенің «ережесі бойынша» боялған. Студияға атып кірдім. Онда анық 20-30 адамдай болған, барлығы жалт қарады: шашын тақырлатып алдырып тастаған «тентек» қызды, әрине, танып отыр. Тек көпшілігі мені осы шашпен көрем деп ойламаған болу керек, таңырқай да қарағандарын байқадым. Иә, менің бар болмысым осы! Жақтырмасын, мейлі, жек көрсін – ол әркімнің жеке басының шаруасы, мен оған бола бас қатырмаймын. Басымды мең-зең етіп жүрген нәрселер жетерлік онсыз да... әкеме телефон шалуға батылымның жетпей жүргені; сары қызына деген көңілі суып кетті ме деп уайымдап жүрмін. Бір кездері /бұдан бірнеше жыл бұрын/ маған ессіз ғашық боп үйленуге ниет білдірген жігіттің ұсынысын қабылдамаған едім. Себебі, екеуміздің әкелеріміз көріспестей боп кеткен араз жандар болып шықты. Тура үнді киноларындағыдай - адам айтса нанғысыз, бірақ, режиссерлар туындысының әрбір эпизодын шынайы өмірден алады екен ғой. Сонымен, таңдау жасау керек болды: я жігіттің махаббаты, я әкемнің... мен сол кез отбасымнан теріс қарап кете алмадым. Ал, отбасым менен оңайшылықпен теріс қарап кетеді дегенге сенгім жоқ, әрине. Алайда, «шаштың шоуынан» кейін солай деуге тура кеп тұр... уақыт, бәлкім, өзгеріс енгізер әлі де. Салымыз суға кетіп, көңіліміз құлазыған сәтте де жақсылықтан үміт үзбейтін қашанғы әдетіміз бар емес пе?.. ал, әлгі жігіт кейін үйленді, қазір екі баланың әкесі. Мен болсам, одан кейін де тұрмыс құратын боп шешіп, таңдағанымның «көгілдір» боп шыққанын білгенде «қалыңдықтың» рөліне ендігәрі өзімнің кандидатурамды ұсынуға қорқатын болдым... Махаббат әлемінің қақпасы мен үшін тарс жабық тұр, бір қызығы, оны ашуға ешкім тырыспайды да... пессимизм басып бара жатыр деуге болмайды, кейде бір еңсені зіл басып кеткен шақта осылай шимай-шатпақпен уақыт өткізетінім бар; кейде сырлас жан табылмайды жанымнан, кейде оңаша қалғанды қалап тұрады жүрегім. Бізді солай тәрбиелеген; жанымыз қысылып бара жатса да психологқа бару деген ойымызға кіріп-шықпайды; өз әлемімізде ауыр ойларға тұншығып жата береміз, содан айықпас дертке шалдығамыз: жүректе бітпейтін бір сағыныш, қаңырап қалған қуыс кеуде жылылыққа жарымайды, емдеп жазар дәрігер жоқ сияқты көрінеді. Радиода қанша жыл жүрмін ғой, байқағаным, микрофон алдында отырған жүргізушіні көп адам «психолог» ретінде қабылдайды, әсіресе, түнгі эфир соған - дәлел. Смс хаттар бар, телефон қоңыраулары... ғашық болғым келеді, ханзадамды кездестіре алмай жүрмін, не істесем болады?.. екі қызға бірдей ғашықпын, қайсысын таңдаймын?.. үйленген жігітті ессіз сүйіп қалдым, менің де отбасым бар – тығырықтан қалай шығуға болады?.. әр адамның өмірінде өзіндік өзгерістер орын алып жатады, өзіндік проблемалары бар, оған деген өзіндік көзқарастары да жоқ емес, тек соңғы нүктесін қоя салуға бір адамның кеңесі қажет болып тұрады. Ол менің де басымнан өткен жағдай: барлығын тастап, біржолата заң саласына кетіп қалмақ ойым болған бір кездері. Қайтсем дұрыс болады деп басым қатып жүргенінде, парапсихолог Нора Бекмаханованың бір сөзі тоқтау болды. Қызбалыққа салынбай, қиындық атаулыға көз жұма өзімнің сүйікті ісімді жалғастырайын деген шешімге келдім сосын... дос, туыс, әріптес өз алдына, кейде бір бейтаныс адамға сырыңды ақтарып,  соның көзқарасын білгің кеп тұрады. Оның несі айып?.. қазіргідей виртуалды әлемде өмір сүріп жатқанымызда жан күйзелісіне ұшырап кету қиын емес тіпті де. Менің бір әріптесім бар, агентке қосылған сайын гүл сыйлаудан жалықпайды өзі. Бірде шыдай алмай кеттім де: «Одан-дағы тірі гүл сыйласаңыз етті, қашанғы электронды гүл жібересіз?..» - деп жазып жібергем. Экранда екі беті қызарып тұрған смайлик жылт ете қалды, ұялған түрі ғой енді. Бірақ, тірі гүлді сол күйі сыйламады... жаңа заман жетістігі «романтика» деген ұғымды ығыстырып бара жатыр, өкініштісі. Жігіттер гүл сыйлауды қысқартты, агентте отырып қана «жомарт» болады: бриллиант жүзік дейсің бе, әдемі алқа дейсің бе, ондай көзге көрініп, қолға ілінбейтін сыйлықтарға баймыз, әйтеуір, шетімізден. Күлімдеген смайликтер қанша сүйкімді көрінгенімен, көзбе-көз сөйлесуден алатын әсерімізді жеткізе алмайды; қанша уақытымызды үнемдесе – сонша моральдық тоқырауға ұшыратып жатыр бізді. Ең жақын деген достарымызбен де шай ішіп отырып әңгімелеспейтін болдық, бәрі «агенттің» елегінен өтіп жатыр. Бір-бірімізден алыстап бара жатырмыз, алыстап... мейірімге шөлдейтініміз де содан шығар?.. адамдар құшақтасқан кезде кеуделерінен жылу – жағымды энергетика бөлінеді. Жылап отырған адамды құшағына басып жұбату деген  де содан қалыптасқан үрдіс. Бұл жағдай, әсіресе, қыз балаларға жақсы таныс. Тағдырың тығырыққа тіреп қойған шақта көзіңе еріксіз ыстық жас келеді, ондайда кең жауырынды азаматтың иығына басыңды қойып, біраз еркелеп алсам дейсің. Құшағына тығыла кетіп, солқылдап жылап-жылап та аласың. Ентігің басылғанда басыңды көтерсең – ауыр бір жүктен арылғандай жеңілдеп қалғаныңды сезесің. Иә, жылы құшақтың жайы бөлек қой...

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Бүгін сейсенбі... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-95/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-95/

Радиодағы кешкілік эфирді көңілсіз әннен бастадым, өкініштісі, орысша әннен… бірақ, қолымнан келсе қояр ем ғой қазақтың бір жүректі шымырлатып жіберер нәзік әнін айтқан сөзіме туралап… Әріптесім Алена Лобастова: «Сен жаңа не туралы айттың?» - деп құлағын түре қалыпты. Түсінбеді, әрине, алайда Қадыр Мырза Әлінің есімін неге атадым, соны білгісі келді. Тағы бір арысымыздан айрылып қалғанымызды айттым... ес білгелі ол кісінің есімі менің санама мықтап сіңіп қалған шешемнің арқасында. Қолыма ұстаған алғашқы әдеби кітаптарымның авторы ғой, есейгенде де өлеңдерін оқуды бір үзбегем. Сонда шешем: «Әдеби кітаптарды көп оқыңдар, тілдерің жаттығады…» - деп Осы Қадыр ағамыздың, Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларын сөреге тізіп қоятын. Үйде қандай қауырт шаруа шығып қалмасын: «Кітапханаға бара жатырмын!» - десем болды, ол кісі қарсы сөз айтпайтын… Жаңалықтардан суыт хабарды естігенімде денем дір ете қалды. Ол кісінің есімі менің балалық шағыммен: қайта оралмас тәтті күндерім мен қайта оралмас аяулы жан –  мінезімнің қалтарыс-бұлтарысын жақсы білетін, мені түсінуге тырысатын жалғыз адам бар-тын, соның атымен байланысты еді ғой. Енді ол да жоқ. Бәрі біртіндеп кетіп жатыр мені жалғыз қалдырып… көзіме жас іркіліп толып кетті. Студияда жалғыз отырғанда ешкімге көрсетпей жылап алуға болады… Бірақ, мені жақсы білетін достарым радио тыңдап келе жатса бірден телефон соғып сұрайды хал-жағдайымды. Өйткені, даусымда бір өзгеріс болады; оны тек мұқият тыңдап жүретін жандар ғана байқауы мүмкін, көпшілік аңғара бермейді.

«Блогыңды оқысам – жаның күйзеліп жүрген сияқты...» - деп бір досым ойландырып қойды. Расында, қиналған кезімде қағазды көп шимайлайды екенмін. Қуанышыңмен бөлісерсің-ау біраз доспен, көңілің ортайып қалған шақта біреуге масыл болғың келмейді ғой. «Әй, сол баяғы ыңылдаған әніне басады, сол-ақ жылайды да жүреді...» - деп көп адам сырт айналып жүрсе – ол да жақсы емес... қазір адаммен сөйлесу де қиындап бара жатыр негізі. Кей кез өзімді әрең ұстап қалам: электрондық поштама келетін хаттарды оқығаннан кейін қандай күйде болатындығымды айтып жатайын ба?.. әйтеуір, жақсы әсерде қалмаймын. Ақылы таяз жандардың сауатсыз хаттары зығырданымды қайнатып жібереді. Танымайтын адамына: «Эй, Маке-тақырбас, қалай жағдай?.. » - деп жаза ма екен?.. Әрине, мен ондай хаттарға жауап бермеймін уақытым артылып бара жатса да. Жоқ, одан кейін ренжитінін қайтерсің: «Сен типа ақыл айтасың ғой жұлдыздарға, өзің қарапайым адамдармен сөйлеспейсің...» - деп. Мынадай жазбалардан кейін жауап қайтаруға ниет болатын ба еді, ойланып көріңіздерші?..

«Е-м-а, жұлдыз болып кеттің ба не?.. қойшиш ондайыңды... жазшиш бірдеңе... э,неғып үндемейсің?.. »  -  бұл ең мәдениетті жазылған хаттардан үзінді, одан да сорақылары бар. Қанша мән бермейін десең де, көңіліңе алып қалады екенсің. Менімен он жыл бір партада отырған қыз-жігіттер де бұлай деп жазбайды, оларға, бәлкім, ренжи қоймас па едім?! Ал, бейтаныс адамнан дөрекі мәтінде жазылған хат алсаң – ашуланасың... бірақ, түк істей алмайсың. Санасының жеткен жері сол болса – оған ескерту жаса не, жасама не... Айтайын дегенім: бір-бірімізге сын айтсақ та, бір-бірімізді жақтырмай бара жатсақ та – мүмкіндігінше, ойымызды мәдениетті түрде жеткізуге тырысайықшы. Және тағы бір өтінішім: коммент қалдырғанда есімдеріңізді жазсаңыздар жақсы болар еді. Әйтпесе, жауап қайтарарда тағы қысыламыз қай «гость»-ке бағыттарымызды білмей сөзімізді.

...міне, эфирде де қоштасатын уақытым болып қалды. Кімнің референдум, кімнің азиада деп басы қатып жүр, әйтеуір, бітпейтін бір қарбалас.

                                                                                                       Қайырлы түн!!! 

Айтпақшы, ертең /26-қаңтар/ сәтті сәрсенбіде «Азамат» бағдарламасын өткізіп алмай көріңіздер!!! Уақыты 19-45 болу керек /одан сәл ертерек қосып қойсаңыздар да болады/ Премьера!!! Менің эфирге қысқа шашпен алғаш шығуым!  Шынымды айтсам, өзіме де қызық болып отыр! Барлығымыз бірге тамашалайық, бірақ, тек менің шашым үшін ғана емес – онда өзекті мәселе қозғалады негізі, оған қоса бағдарлама форматы да біршама өзгерді. Сол өзгерістің әсері болу керек, әйтеуір, соңғы түсірілімнен бұрынғыдай емес, шаршамай қайттым... сонымен, премьерадан құр қалмаңыздар!!!

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Запах весны в Алмате http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-97/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-97/ ]]> Блог новичка на телевидении Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Кезекті жексенбі, ал мен жұмыстамын! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-98/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-98/

Ақ бас Алатаудың етегінде бүгін көк көйлекті көктем-бикеш ән сап жүргендей; қар еріп, қара жердің көзі ашылып қалды. Оның үстіне, жексенбі – көңіл-күйімізге ол да оң әсер етпей қоймайды ғой... Жақсы ояндым бүгін. Неше күннен бері мең-зең күйде жүрген едім, бүгін бәрі басқаша. Ненің өзгергенін білмеймін бір түннің ішінде, әйтеуір, бүгін күннің де сәулесі ерекше боп көрініп тұр маған. Сағаттың шырылынан атып тұрдым да, бір стакан кофемен ұйқымды ашып, дереу жұмысқа жиналдым. Әдеттегідей, кешігіңкіреп кірдім студияға. Не әдет екенін осының, үйден ерте шығуға мүмкіндік болса да айна алдында ұзақтау жүріп қалам. Анау атышулы Қожаның өзімен-өзі сөйлесетіні сияқты, менің де айнаның алдында айтарым көбейіп кетеді кей кез.

Радиода ауыз ашқаннан айтқаным – Азиада болды. Онда да таксиде келе жатып көзім шалып қалған – екі қарт кісі азиаданы айшықтайтын белгілердің қасында бір-бірін суретке түсіріп жүр екен, соны сөз еттім отырып алып. Алматыда жүрген соң бізге байқалмайды, ал өзге аймақтардың тұрғындары дәл қазір Алатаудың баурайындағы арман қалаға «жетейін десем – жете алмай» боп жүрген де шығар?.. Күнде көз көріп жүргендіктен біз барып суретке түспейміз, барып қызықтамаймыз. Қолда барда алтынды қадірлемейтін қашанғы әдетіміз ғой сол. Қайта: «анау жердегі құрылыс бітпепті, стадионның мына шетінде әлі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, масқара, соны ертерек неге істемеді екен?..» - деп өзінше сын айтып қоямыз сырттарынан. Әйтеуір, көңіліміз бір толмайды, өкпеміз бітпейді өзгеге деген.

Сол өкпешілдердің бірі – мен. Әлі жүрмін бұртиып. Ғаламтордағы суреттерімнің біріне: «Сені көрсем жыным ұстайды... злая ведьма» - деп қолтаңба қалдырыпты бейтаныс бойжеткен. Ренжігем жоқ, күлдім де қойдым. Қасымдағы әріптесім Леша да бір тырқылдап алды. «Ведьма» болуды үйретеді үлкен қала, сол ілімді жетік меңгеріп алсам деп жүрмін. Әзір толық игере алмай жатырмын бұл образды. Жүрек, құрғыр, илеуге көнетін емес: сезімге берілгіш, мейірімге шөліркеп қалған – жаман адамдардың жақсы айтылған бірер сөзіне сене қалғыш... ақыл-естен гөрі, жүректің дегенін істейтінім жаман менің. Дәл сол сәт әрекетімнің дұрыс екеніне күмәнім болмайды да, ертесі күні – қатты өкінем. Махаббат тақырыбын қозғағалы отырғам жоқ, ол сұмырай менің көшемнен үнемі бұрылып кетеді, бас сұға кетуді білмейді үйіме менің... 

Жаңа таныстардың тізімі толығып жатыр күннен-күнге. Қаладағы такси жүргізушілерінің арасында «шаш алған қызды» танып қоятындары көбейді: бірі өкпесін айтса, енді бірі жол бойы өзіндік ұсыныстарын айтып келеді. Бірақ, жолақыға қатысты болса, маған жеңілдік жасалып жатқан жоқ. Әріптесім Маликтің ұрысатыны ғой: «ақымақсың» - деп. Тіл білмейтін болса да талай достары көріпті біздің бағдарламаны. Солар сұрайтын көрінеді: «Маржанға шаш алғаны үшін қанша ақша төледі?..» - деп. «Ең құрығанда, қомақты соманы талап етпедің бе?..» - деп мені көрген сайын кіжініп қояды ол. Құдай-ау, біз соны ойлаушы ма едік?.. Жалақы жағын реттейтін Батыр мырзадан сұрағанмын: «Енді менің айлығыма кішкене де болса қосылды ма теңгелер?..» - деп. Оның да ұтымды жауабы дайын тұр екен: «Маржанжан, әңгіме ақшада емес, адамгершілікте ғой...» - деп жымиды. Иә, біз солай дейміз, адамгершілікті жоғары қоямыз. Жұмысымызды қайтсек жақсырақ етеміз, қайтсек жандандырамыз деп бәйек боп жүгіре жөнелеміз. Ал, қарапайым халық бізді «күреп тауып жатыр» деп ойлайды. Такси жүргізушілердің де тегін жеткізіп салмайтыны сол шығар... айтпақшы, кеше түнде бір үлкен кісі айтып қалды өкпесін /таксиде кетіп бара жатқам/. Қанша уақыттан бері байқап жүр екен, қазір жігіттер қыздарды үйіне шығарып салуды білмейді дейді /әрине, кеш боп кеткен  мезгілде/. «Қол бұлғап такси тоқтатады да, қыздың өзін салып жібереді. Ол үйіне қалай жетеді деп уайымдамайды да... бұрын біз үйіне кіріп кеткенінше қарап тұратынбыз...» - деп әңгіме бастап кетті. Расында, қазіргі жағдай сондай! Оған өзіміз де кінәлі шығармыз: «Қой, жете салам ғой, алаң болма...» - деп шығарып салуға ниет білдірген жігіттің ұсынысын қайтарып тастаймыз, әбігерге салғымыз келмейді. Бірақ, іштей үйге дейін жеткізіп салғанын қалап тұрамыз... сол кезде: «Жо-жоқ, шығарып салам, қорқасың ғой жалғыз өзің...» - деп айтқанынан қайтпай тұрып алсашы бізден дәмелі жігіт. Эх, жеңіл дүниеге құмарпаздар ондай сөзіңе қайта қуанып та кетеді ғой. Иә, мен өзі жүрген жерімде сондай адамдарға тап болам; бәрі маған өкпелерін айтқыш-ақ. Анау гүл сататын дүкенге кіргенімде сатушының ескерту жасағаны: «Ер азаматтар гүл сыйлау керек қой, сіз неғып келе бересіз осы?..» - деп. Айтулы мерекелерде құрбыларыма гүл құшақтап баратын бір әдетім бар-тын; «үйренген жау атыспаққа жақсы» деп тура сол дүкенге барам ғой шыр айналып. Сөйтсем, гүлінің өткенінен гөрі, ол келіншек менің жағдайыма көбірек алаңдайтын сияқты... Жігіттер-ау, гүл сататын дүкендерге жиі-жиі барып тұрсаңыздаршы, еркеккіндіктілерді сатушылар да сағынып қалыпты ғой... және ас үйдегі шаруаларға да жиі араласып тұрсаңыздар жаман болмас деп ойлаймын. Өйткені, жігіттердің әзірлеген тағамы өте дәмді болады екен. Оған дәлел: мені кеше қонаққа шақырған Нұрмұхамедтің /«Шіркін-life-2» жобасының қатысушысы, экс-алдавайлық әнші жігіт қой/ тәтті тамағы. Ой, керемет екен енді!!! Әншейінде етке деген құмарлығым жоқ мына мен, кеше кәдімгідей тамсанып тұрып жеп алдым еттің бәрін, тек піскен сәбіздерін ғана қалдырдым, оны бала кезден жей алмаймын. Дәмді тағамның рецептін білгілеріңіз келсе сол жігіттің өзінен сұрарсыздар, ал менің айтарым: жігіттерден жақсы аспаз шығады екен, егер шын тырысса!!! Және шын тырысатын болса махаббатын да қайтарып алады... осы жұманың кешінде құрбым Мөлдір екеуміз караокеде отырғанбыз, бізге қарама-қарсы үстелге бір жігіт жайғасты. Ол бізбен бір уақытта келген еді, клубқа кіріп келе жатқанымызда, киімімізді тапсырып жатқанымызда: «О, шашыңыз өсіп жатыр екен ғой...» - деп қалған. Микрофонды ұстап ән шырқай бастағанында таныдым сол мені «танып қалған» жігітті. Даусы әдемі екен, әсіресе, Серовтың «Я люблю тебя до слез»-ын мықты орындайды. Айтайын дегенім... жазайын дегенім негізі, ол жігіт сол жерде жұмыс істейтін администратор қыздың экс-сүйіктісі екен. Екеуі екі жақтан: «Болды, бітті, қазір жай ғана доспыз!» - деп өздерін де, өзгелерді де алдап жүрген болып шықты. Теріс қарап жүрулеріне не себеп болғанын қайдам, әйтеуір, сезімдері өшпепті, соны байқадым және олардың жақындасуына да септігім тиген сияқты сол кеш. Әлгі қыз бір кіріп, бір шығады. Алғашында өзінше мән бермегендей сыңай танытты. Сәл кейіндеу бұл пысық жігіт дуэтпен орындалатын әндерді таңдай бастады ғой, сөйтіп, маған: «бірге айтайық» - деген ұсыныс жасады. Екеуміз тұрмыз ортада. Әндер, әрине де, махаббат туралы. Образға кіріп кеттік: Лещенко мен Алсудың «Снег кружится», Маршал мен Ариананың «Я тебя никогда не забуду»,.. «Цветы под снегом», «Я тебе не верю»... Ән кетіп жатыр көмейден /даусым жеткенінше қосылып жатырмын, мен де осал емес екенмін/, көзімнің астымен әлгі қызға қарап қоям: ол енді сыртқа шығып кете беруін доғарды, бір жұмыспен айналысқандай болып жайғасыпты, әйтеуір. Қызғанып жүргенін сезіп қалдым да, мен де «ойнай» бастадым енді. Алғашқыдай арамыз алшақ емес, ол жігіт тіпті вальске басты. Бір кезде, әндердің арасында үзіліс болған кезде, бойжеткен жігіттің үстеліне кеп отырды. Маған қарап-қарап қояды, көзқарасынан: «Мен саған оны бермеймін!» - дегенін оқып қалдым. Әрі қарай, бәлкім, қол ұстасып бірге қайтқан болар, мен олардан ертерек кетіп қалғам, сондықтан, шытырман оқиғаның немен аяқталғанын білмеймін. Бірақ, қызғаныштың оты тұтанды деген – жүректегі сезімнің әлі де болса сөнбегенін білдіреді емес пе?.. Бұдан шығатын қорытынды: қызғану керек, қызғандыру керек  және де! Егер сүйіктіңе басқа қыз қылымсып, ал сен міз бақпай тұрсаң – онда ойлана бастау керек шығар, қызғанышсыз қалай бастауға болады махаббат тақырыбын?..

Осылай шимай-шатпақтың арқасында жексенбілік жұмыс күнімнің аяқталып қалғанын да аңғармай қалдым; уақыт бүгін ерекше тез өткен сияқты. Эфирде қоштастым, онымен қоса жаңа таныстарыммен де қоштасқалы отырмын: телефон нөмірімді тағы да өзгертпекпін. Өміріме қаншалықты өзгеріс енгізерін кім біліпті, бірақ, мен аңсаған тыныштықтың орнайтыны сөзсіз. Кешке жоспарым сол: жаңа нөмір алып, реалити-шоуымыздың жаңа бағдарламасын тамашалау. Сіздер де өткізіп алмауға тырысқайсыздар! Сын айту үшін де барлығын аяғына дейін көріп алу керек қой.
                                                                                              Тілдескенше, жүздескенше!!! 

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Үйлену! Үй болу! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-99/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-99/ Бүгін түскі ас кезінде әріптестерімізбен пікір таласып қалдық. Әңгіме «үйленіп, үй болу» жайында өрбіген еді. Қыздар жағы «26-ға келген жігіт өз күшімен ешқандай жетістікке жете алмаса одан қандай әке шығады?! Біз ондай жігіттерге бірден «жоқ» дейміз» дейді. Ал, мен «бақ біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Рас, жалқау жігіттер де бар, бірақ, мен бұл жерде оларды тізімге қосып отырғаным жоқ. Замандастарымыздың арасында қаншама бойдақ жігіттер жұмыссыз жүргені жасырын емес. Қаншама есікті тоздырып, басы тауға да тасқа да соғылып, он ойдың жетегінде жүргендер де бар. Бір-екі талпыныстан барлығы бола салмайды ғой. Бәлкім оның дұрыс жұмыс таңдауына, бір малының екеу болуына болашақ  жары себепші болар? Жарайды, олай болмаған күннің өзінде, оған сол жақсы жұмыс үйленгеннен соң нәсіп болар. Адам алдында не күтіп тұрғанын білмейді ғой. Сол себепті, бүгінгі күнге қарап болашақтан түңілудің орнына, меніңше, дұрыс ниетпен бірге алға қадам басқан жөн деп ойлаймын. Сіздер ше, қалай ойлайсыздар???


]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жалынды салем!!! Алға Қазақстан!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-100/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-100/  «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Елбасының бұл тұжырымы бүгінде халқымыздың қанатты сөзіне айналды десек болғандай. 



]]>
Тапқыр достар Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Сайлау... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-101/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-101/ Барлық ақпарат құралдары мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың референдумнан бас тартып, мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы шешіміне байланысты ақпарат таратып жатыр. Жеке өзім Елбасының бұл демократиялық шешімін толық құптаймын. Ендігі кезекте, мен үшін «кім жеңеді емес, Президент неше пайыз дауыс алады?» деген сұрақ қызықты болып отыр.  

]]>
Жельдибай Руслан Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Менің "ағаларым"... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-102/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-102/          Өткенде бір жиында кейбір елімізге танымал «ағаларымыз» және «апаларымыз» жастарды әбден жамандады. Жігіттерімізде үлкенге деген құрмет, намыс, адамгершілік сынды қасиет жоқ десе, қыздарымыз имансыз, ашық киінетін, ана болуға дайын еместігін бірінен-бірі асыра айтып жатты. Осы пікірлерді тыңдай отырып, менде сұрақ туындады. «Сонда сол жастар аспаннан түсті ме? Оларды кім тәрбиеледі, кім жағымпаздыққа, ұлтын сатуға, ана тілінде сөйлемеуге үйретті? Сол ағаларымыз...»

         Ендеше сол жастарды бүгінде айыптауға бола ма? Әр жас (басым көпшілігі) қазіргі таңда өзін-өзі тәрбиелеп жүр. Осы сұрақты қойсам, әлі «ағаларым» ашуланып шыға келгені. Қызық... Жеке өзім, біріншіден әр азамат өзінен бастау керек деп санаймын. Екіншіден, сөзі ісіне сай болуы керек.

         Қысқасы, Қазақ елінің жастары! Өзімізге сенейік, әркім өз болашағын өзі жасайтынын түсінуі керек. Ұлтымыздың дамуына өз үлесімізді жеке істерімізбен қосайық!

]]>
Жельдибай Руслан Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Бүгінгі күннің батыры кім? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-103/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-103/           Батыр... Ол кім? Әркім әртүрлі түсінеді. Біреу соғыста ерлік көрсеткен тұлғаларды айтса, екіншісі спортта жетістікке жеткен азаматтарды айтады. Әр адам өз пікірін айтуға құқылы және мен оны құрметтеймін. 

         Өзім Қазақ тарихында тәуелсіздік үшін күрескен кез-келген азаматты батыр дер едім. Мен үшін спортта жетістікке жету батырлық емес, ептілік һәм ержүректік болар. Ал азаматтарды апаттардан құтқарып, адам жанын сақтап қалған азаматтардың ісіне ерлік деп баға берер едім. Бүгінгі күннің батыр кім десе, ең алдымен ұлтының дамуы үшін өзінің жеке мүдделерін ысырып қойып, бар күшін тәуелсіздікке арнаса, сол азаматты айтар едім. Мен үшін Бауыржан Момышұлы II-Дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі үшін батыр емес, Кеңес Одағын Сталин басқарып тұрған заманда, ана тіліміздің сақталуына қатысты хат жазуын батырлық деп санаймын. Өзінің бүкіл ғұмырын ұлтының сақтаулы үшін қиын заманда күресуі - біз үшін үлкен өнеге. Міне, менің ойымша, осы батырлық. 

         Бүгінгі күнде, менің ойымдағы "батыр"  азаматтарымыз тым сирек. Қадірлі оқырман, мүмкін сіз осындай тұлғаны білетін шығарсыз? Ой бөлісіңіз, біле жүрейік!

          

]]>
Жельдибай Руслан Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ән айтып жүрмін ас үйде... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-104/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-104/

«Қыста адамның терісі құрғап кетеді...» - дейтін косметологтар үнемі. Тек терісі ғана емес, жан дүниесі де құлазып кетеді дегенді неғып ешкім айтпаған осы уақытқа дейін?.. Менің ғана басымдағы жағдай ма десем, қателесіппін, жаңа ғана бір құрбым хат жазып жатыр «жан күйзелісі» туралы әңгіме қозғап... түсіндім бірден. Терінің құрғап кететіні май жағумен-ақ қалпына келетін дүние ғой; қазір неше түрлі компаниялар бар: қабақтың астыңғы жағына, үстіңгі жағына дейсің бе, мұрныңа, мойныңа... тек жағу тәсілін білсең солардың – ал да пайдалан! Оған қоса, көшеде екі аттап бассаң сұлулық салондарына кеп тірелесің, кір де – жайғас, барлық процедураларды өздері істейді жүгіріп жүріп. Ал, жаныңды емдеп жазар маман бар ма десеңші... өкпесін айтып шағымданған құрбыларымды жұбатуға мен шебермін, тек өзімді жұбата алмай келем, мендегі күш-жігердің барлығы бейне бір сарқылып қалғандай... айнала тас-түнек... терезеден сыртқа қарап тұрсаң өмір сүруге деген құштарлығың тіпті 0,5 пайызға да өспейтін сияқты. Алматыда бүгін ауа-райы мәз етерлік болмады, күн шықты ма, жоқ па – байқамадым; перделерді ашқандай болғам, бірақ, күннің сәулесі түспеді бөлмеме. Соған қарағанда, басқа пәтерге көшуім керек шығар, әйтпесе, мынау байғұс гүлдерім тіпті қурап барады. Бұл пәтерде тұрғаныма үш-төрт айдан асты, бұған дейін күннің шуағынан тапшылық көрмеуші едік: мен де, гүлдерім де; шамасы, иесінің құлазыған көңілі өсімдіктерге де қатты әсер ететін болу керек. Иә, әсер етеді, ғалымдар оны қашан дәлелдеп қойып еді ғой. Мән бермейтін өзіміз. «Су құйып тұрсаң болды - өсе береді» - дейді біреулері білгішсініп. Өсімдіктерге де бір сәт көңіл аударып тұрмасаң – олар да жалғызсырайды, олар да өзінше қайғырады... қарамай кеткенім рас гүлдеріме. Мен өзі ештеңеге мән бермей кеттім соңғы кездері. Тұрақты эфирге шығып тұрғаным болмаса радиода, басқасының бәрі  - тұрақсыз... бірінен соң бірі тізіліп тұратын осы нүктелерді жақсы көрем; айта алмаған, айта алмайтын ойларыңның барынан хабар береді, сөйтеді де олардың мүлдем айтылмауы да мүмкін екендігін ұғындырады. Менің өмірімде ондай «көп нүктелер» аз емес.

Екі күн болды, көршілерімнің мазасын әбден алған болармын «айхай» - лап. Өзгеріс енгізейін деп кішкене: кеше домбыра сатып алғам, соны дыңғырлатып әлекпін. Ес білгелі біздің үйдің төрінде бір емес, бірнеше үкілі домбыра ілініп тұратын. Анамның өзі шертпесе де, домбыраның қоңыр үнін сүйіп тыңдайтын. Ал, әкем қазірге дейін «Балқадиша»-сын үзбейді, әпкем екеуміз де қосылып қоятынбыз арасында. Менің қазіргі тұрып жатқан пәтеріме күннің шуағынан басқа да бір нәрсе жетіспейтін сияқты боп көрінді, сол - домбыра деп шештім. Қызық болды өзі: кеше ұйқыдан тұрдым да, ас үйде кофе ішіп отырып бір түрлі ән айтқым келіп кетті. Айттым да. Тек, қара домбыраның даусын сағынып қалғанымды сол сәт қана түсіндім. Дереу киініп алып сауда орталығына қарай тарттым, таптым іздеген домбырамды, сөйтіп үйге олжалы қайттым. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» - деген Қадыр ағамыз да өтті өмірден... тірі жүрген біздің де күндеріміз мәнді-мәнсіз өтіп жатыр, әйтеуір... бала кезімнен құмартып үйренген едім үйірмелерге жазылып; о баста-ақ менен мықты домбырашының шықпайтыны белгілі болған, алайда, қанымыз қазақ қой, ең құрығанда, домбыраның бұрауын келтіре алатындай болуымыз керек деп есептеймін. Қазір енді мынау ұзын тырнақтың кесірінен пернелерді дұрыс баса алмаймын, содан дыбыс та таза шықпайды, әйткенмен, көңілім – тоқ. Ас үйдің есігін тарс етіп жауып алам да, бар даусыммен әнге басам. «Мынау қайдан шыққан бұлбұл?..» - деп көршілерім қабағын тырыстырып жатса да, құдай білсін, оған алаңдап жатқан мен жоқ. Әдемі дауыстың иесі емеспін, бірақ, бала жұбатарлық бар деп мақтана алам. Әңгіменің қысқасы, біздің ас үйде Шәмшінің әндері «хит» боп жатыр!.. 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Еске түсіп бала кез... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-105/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-105/ -   Мама, маған бір бала ғашық болып қалдым деді...
-   Ғашық  дегені  несі?..
-  Махаббат қой... – депті 5 жасар Жансәуле балабақшадан келіп. Жаңа жеңгеммен сөйлесіп отырсам солай деп соңғы хабарды жеткізіп жатыр. Өзім аң-таң болып қалдым. «Сенен айнымай қалған: күнде жаңа киім кием деп әлек салады балабақшаға... шашымды өріп бер, кекілімді шығар...» - деп жеңгем барлығын маған таңа салды. Тұсауын кескенім рас, бірақ, аузына түкірген жоқ едім. Есімде: «кішкентай туылды!» - деген хабар жетіп, енді, міне, перзентханадан шығады дегендегі менің бірінші уайымым: «Құдай-ау, мұрны маған ұқсап кетпесе болар еді...» - дедім. Орауын ашып көрсем: сап-сары... /мен қорыққандай/  мұрны - пұшық!.. неге екенін, ес білгелі осы мұрнымның формасы маған ұнамайтын. Марқұм нағашы ағам Сейтқали: "Эй, осы сенің мұрның қандай-қандай?.." - деп үйге келгенде бірінші маған тиісетін. Зығырданым қайнап әжеме шағым айта жөнелетінмін. Ол кісі: "Жай, сені сөйлеткісі келеді, ренжімесейші, ойнайды ғой ағаң..." - деп жылы сөзімен жұбататын. Сол кезде қыр мұрынды құрбыларыма қарап: «Сендер қандай бақытты едіңдер!..» - деп іштей күрсініп қоятынмын. Мен үшін бұл үлкен «комплекс» болатын. Қызық-ау, мұрным кішкентайлау болса бейне бір тағдырым өзгеше болардай... қатты уайымға берілетінмін. Қазір ойлап отырсам, күлкілі, әрине... «Даудың басы Дайрабайдың қара сиыры» демекші, әңгіме «ғашықтықтан» басталып кетті ғой. Иә, біз кішкентайлардың қылықтарын сырттай бақылап отырамыз да: «Ақырзаманның балалары тез жетіледі...біз бұлардың жасында түк білмейтінбіз...» - деп сезбей соға салатынымыз бар. Мен де жаңағы әңгімеден кейін сондай ой түйгем; бірақ, аз-маз артқа шегініп, естеліктерді ойша парақтап көрсем, менің де ер баланың алдында қысылып-тығылып жүретінім балабақшада басталған екен. Иә, дәл солай. Есімі Аманжол болатын ол кішкентай тентектің. Кейін екеуміз бір мектепке, бір класқа топ етіп түстік. Екеуміз де алдыңғы партада отыратын «отличник» болатынбыз. Бізді оқушылардың барлығы: «Аманжол+Маржан» - деп қосып жүретін. Менде сол кез қандай сезім болғандығын қазір айтып түсіндіру мүмкін емес. «Алғашқы махаббат» деуге келмейтін шығар, бәлкім?.. Әйткенмен, есімде қалғаны сол: мектеп қабырғасында жүргенімде мені басқа баламен ешқашан, ешкім қосқан емес... Аманжол екеуміз бастауыш сыныптарда ғана бірге оқыдық, одан кейін мамасы оны басқа мектепке алып кетті. Содан 11 сыныпта ол біздің қатарымызға қайта қосылды. Бірақ, бұрынғы біз білетін «отличник» бала емес, есейген жігіт – сотқар Аманжол келді. Төбелестің ортасында жүретін кластасымды мұғалімдердің алдында үнемі ақтап алуға тырысатынмын. «Староста» болған соң менің сөздерім елеусіз-ескерусіз қалмайтын... мектепті бітірдік бірге, әрі қарай ол үйленді... сонымен, әркім өз жолымен кете барды. Балабақшадан басталған оқиғаның қысқаша желісі осындай! Үзік-үзік естеліктер... күнбе-күн не болғанын, айтылған әңгімелерді нақ есіме түсіре алмадым. Өзімнің емес, өзгенің өмірі тәрізді өтіп кеткен; бәрі – бұлыңғыр... Сол мектепке барғанға дейінгіні түсіргім келді есіме. Гейшалар туралы бір кітапты оқып бастағам, сонда автор өзінің 5 жасқа дейінгі өмірін әдемі етіп суреттеп жазыпты бүге-шігесіне дейін қалдырмай. Ойланып қалдым. Менің есімде неге қалмаған?.. Мен неге ұмыттым барлығын?.. Балабақша... мамам сонда тәрбиеші болып жұмыс істейтін... ол кезде қазақ топтары болған жоқ қой, бірде құрбым Динара екеумізді: «қазақша сөйлесесіңдер екеуің... қане, орысша сөйлеңдер!» - деп тәрбиешіміздің бұрышқа тұрғызып қойғаны бар... шешем бізді тыңқитып қуыршақтай етіп киіндіріп қоятын: әпкеме – көйлек, маған – шалбар. Сонда көршілеріміз: «Бір қыз, бір баласы бар» - деп ойлайды екен. Әкем мені «ер бала болады» деп күткендіктен шығар -  қыз қылығым жоқ-тын. Мамам да менің жинақы боп шалбар-шортылармен жүргенімді қалайтын. Бала кезімде «көнбіс» болғанмын, шамасы, әкем әлі күнге дейін солай деп айтып отырады. Әпкем тура 1 жасында жүріпті, мен оған қарап еңбектеместен 10 айлығымда шауып кетіппін. Пысықтығым содан білінген-ау... менен кейін інім туылды, арамыз 3 жас, оның жүру-сөйлеу процесі баяулау болды. Адамның, тәйірі, мінезі бала кезден-ақ білінеді екен ғой. Інім сол күйі өзгерген жоқ: тау қозғалса да – мыңқ етпейді. Мен сияқты шыр-пыр болып шыға келмейді, барлығын ойша таразылап алады да, сосын іске көшеді... айтпақшы, менің мектепке дейінгі өмірімде «тотықұстар» болған. Қаланың тар үйіне әкемнің 20-30-дай тотықұсты қалай сыйғызғанын білмеймін: балконда шиқылдап тұратын. Оларды анда-санда қанат қағып еркіндікті сезінсін деп тордан шығарғанда, мамамның баптап қағып жүретін гүлдерін шұқылап қопарып кететін. Содан кішігірім айқай басталады дейсің: мамам гүлдерін айтады, папам құстарының мүддесін қорғайды. Менің жануарлар мен өсімдіктерге деген махаббатым әке-шешемнің хоббиінен басталған екен ғой ойланып отырсам... содан бір күні су берем деп әдемі тотықұстың бірін өлтіріп алғаным бар. Оны әкем білді ме, жоқ па, қазір тіпті есіме түсіре алар емеспін. Әйтеуір, қасымда көрші қыз болған, екеуміз бір құсты тордан шығарып алып су бермек болғанбыз. Ол байғұсты қатты қысып жіберген болуым керек; тұншығып кетті ме, бір кезде қимылсыз қатты да қалды. Кейін, неге екенін, сол құстар жоқ болып кетті біздің үйден. Сұрап келушілер көп болатын; иә, үйге келген қонақтар қызықпай кетпейтін. Бірі қызылды-жасылды, бірі ашық сары түсті, қауырсындары неше түрлі әдемі түстермен боялған... сондай әдемі еді өздері көздің жауын алатындай. Ол тотықұстар сол күйі оралмады біздің үйге, әкемнің кімге беріп жібергенін қайдам?.. ал, мамамның гүлдері терезенің алдын босатпайтын. Тіпті қазірге дейін әкем ол кісінің жоқтығын байқатқысы келмей ме, әйтеуір, гүлдерге уақытылы су құюды ұмытпайды. Олардың кейбірі мамашымның өз қолымен отырғызылған гүлдер... иесі кетсе де тіршілігін жалғастырып жатыр... орнын жоқтатпай... анда-санда егіле жылап алуымызға себепкер болып... көшеде кетіп бара жатып көп қабатты үйлердің терезелерін көзіммен шолып өтем, сонда құмырадағы гүлдерді көрсем бір түрлі жаным жылып қалады, еріксіз көзіме жас та алам...

      Басқа ештеңе түспей жатыр есіме... мүмкін үйдегі том-том альбомдарды парақтап шықсам жаңғырар ұмыт болған естеліктер?.. Дастанымыздың ең бірінші тарауы ғой – балабақшада былдырлап өткізген күндеріміз. Тәрбиеші апайлар талай бетімізден сүйіп, талайы бізді қызықтаған болар?.. ол да ұмыт болды. Тез өтіп кеткен сияқты уақыт: балабақшамен қоштасу сәтін жақсы сақтаппын есіме, портфелім болған сыртында әдемі мысықтың суреті бар, ішіне қалам-қарындаш т.б. оқуға керек-жарақтының барлығы салынған еді. Одан әкемнің мектепке ертіп апарғанын білем. Жасым жетпей тұрса да алдап-сулап алдыртқан мені. Директордың кабинетінде отырғанымыз әлі көз алдымда, бірақ, не туралы әңгімелескеніміз есімде жоқ. Өткен жылы ғана үйге барғанымда ол оқиғаны айтып берген әкем. Балабақша көрген деп қана келісіпті мені алуға, онда да 3 ай сынақ мерзімін белгілеп: «Егер осы уақыт ішінде бала оқуды алып кете алмаса – ренжімей келесі жылы әкелесіз мектепке!» - деген екен әкеме. Ал, мен болсам күнделігімді «5»-ке ғана толтырып келетінмін, содан мұғалімдерім мені жібермей қалыпты... одан кейінгісі бөлек әңгіме – ұзақтау әңгіме. Мектеп қабырғасындағы 10 жылды бір-екі параққа сыйғыза алмаспын және ол естеліктер ешкімге қызық та болмауы мүмкін. Бірақ, осылай есте қалғанды қағазға түсіріп отырсаң  – керемет жеңілдеп қалады екенсің. Арасында көңілің жібіп көзіңдегі тушь та ағып кетеді, кішкентай балаша көйлегіңнің жеңімен сүртіп-сүртіп жіберіп қайта жалғастырасың жазуды...

      Қазір қара домалақтарды балабақшаға орналастыру үлкен проблема болып жатыр ғой, балалардың кейбірі мектепке дейінгі дайындықты көрместен партаға отырады. Ертең, есейгенде, есіне алар қызықты жайттарды тізбелегенде /мен сияқты бір блогер шығатын шығар арасынан/: «балабақшаға барғаным жоқ...» - деп бастайды-ау әңгімесін. Кеңес дәуірінде анау болмады, мынау болмады: иә, барлығымыз бірдей қоңыр колготки киіп жүретінбіз /көбінесе қоңыр не қою қызыл түсті болатын/; иә, мамаларымыз «китайский көйлек» сатып алу үшін талай талонмен кезекте тұратын; «импортный» киімдерді тек қолы жеткендер ғана /дүкендегі сатушылар немесе олардың туыстары/ алатын... бірақ, Кеңес дәуірінің шетін көріп өскен мына біздің арамызда, меніңше, балабақшада төбелесіп мұрнын қанатпаған не басқа баланың ойыншығына таласып, басқа баланың «горшогына» жармаспаған жан кемде-кем шығар?..

Балабақшадан былдырлап келген менің кішкентай ғана Жансәулемнің әңгімесінен кейін блогымда тағы бір жазба пайда болды. Айтпақшы, ол тентегім былай деген бірде, телефонмен сөйлесіп жатқанымызда: «Маржан апа, сізді телевизордан көрген кезімде маған: «Привет!» - деп қол бұлғаңызшы...» Бала ғой, алдын-ала түсіріп алатынымызды, эфирден көрсетіліп жатқан кезде Маржан апасы да өзі сияқты көгілдір экран алдында отыратынын қайдан білсін?!. Сол сияқты бағдарлама барысында сіздерге де: «Привет!» - деп қол бұлғай алмай қалсам – ренжімеңіздер! Санаулы минуттардан соң «Шіркін-life»-тың кезекті саны көрсетіледі.
                                             
                                                                             Барлығымыз бірге тамашалайық!!!


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
«Бәрі есімде» бағдарламасы сіздермен бірге! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-106/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-106/ Өткен күндердің белгісі болған уақыттың салған әр бір өрнегін еске алып, ел арасында қызықты сырлары мен өнер туындыларының жұмбақ сырларын көпшілікке ұсынады. Белгілі өнер адамдары мен олар жасаған өшпес өнердің жылдар бойы ел есінде келе жатқан әр бір қызық сәттерін зерделеп қарайды. Әр дәуірдің ырғағын, бейнесін, кезеңнің есте қалған ескірмес естелігін назарларыңызға сол дәуірді басынан өткерген әр бір кейіпкердің көзімен қарап естелік ретінде еске алады.

]]>
Бағдарлама блогы Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ақиық ақын Мұқағали мен "Көксерек" фильмін еске аламыз! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-107/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-107/ Жуырда ақиық ақын Мұқағалидың 80 жылдығына орай ақын өмірі мен шығармашылығындағы ел білмейтін тұстарын еске алып,  ақын туралы сырлы әңгіме қозғадық. Сондай-ақ, екінші тақырып ретінде «Көксерек» фильмінің тарихы, фильмде Құрмаштың рөліндегі бала, оның қазіргі өмірі мен тағдыры туралы қызықты мәліметтерді таптық.  Осы тақырыптарға қатысты ой-пікірлеріңізді асыға күтеміз! Ал бағдарламаны 11 ақпанда, сағат 19.45-те көре аласыздар.  

]]>
Бағдарлама блогы Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
«Шіркін, life!» реалити-шоуының жалғасы болмауы мүмкін..... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-108/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-108/ Екі маусым бойы көрермендерді қызықты бағдарламамен қуантқан, аз уақыт ішінде өз аудиториясын жинап үлгерген, ел арасында танымал отандық алғашқы реалити-шоудың 3-ші маусымы болмауы мүмкін. Бұл туралы жоба авторы, белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай бізге берген сұқбатында айтты.

- Жоба авторы сіз екенін білеміз. Осындай шоу идеясы қалай пайда болды?
- Өткен жазда жаңа телевизиялық маусымға дайындық үстінде болғанбыз. Жаңа маусым, жаңа деңгей дегендей, көрермендері жаңа бағдарламамен қуантқым келді. Бұрыннан бері ойымда жүрген осы шоудың шет-жағасын әріптестеріме айтып едім, олар мені қолдады. Осылайша «Шіркін, life!» реалити-шоуы дүниеге келді.

- Өзіңізді жобаға дейін теледидардан көріп танып қалғанбыз. Ал қасыңыздағы Маржан атты әріптесіңізді көбісі біле бермейді. Ол туралы айтып кетсеңіз.
- Маржан Сұлтанбаева өте талантты, алғыр журналист. Екеуміз Шымкент қаласында жергілікті телевидениеде жұмыс жасап жүргенде танысқанбыз. Маржанды бір көргеннен-ақ мен, ол кезде әлі ойымда жүрген, жобама лайықты жүргізуші тапқанымды түсіндім. Біраз уақыт өткен соң, Алматыда кездесіп, бағдарламаға шақырдым.

- Кастинг бойынша іріктеліп алынған қатысушыларды қандай принцип бойынша сараладыңыздар?
- «Шіркін, life!» вокал немесе би байқауы емес. Сондықтан оларды жақсы қимылдайды, ән шырқайды деп қарастырған жоқпыз. Ең басты принцип- қатысушылардың белсенділігі мен жобаға қатысқысы келген ыстық ықыласы. Шоуды шоу қылатын қатысушылар емес пе, сондықтан олар халыққа қызық адам болуы керек. Сонымен қатар, қазақ тілінде еркін сөйлеу басты шарт болды.

- Түсірілім неше күнде аяқталды?
- Түсірілім 15 күнде аяқталды. Бірақ соңғы бағдарлама әлі түсірілген жоқ. Себебі көрермен қатысушы командаларға өз дауысын смс арқылы жібере алады. Осы дауыстарды санай келе, жеңімпаздар анықталады.

- Бағдарламаны көріп отырған кезде, еріксіз бір ой пайда болады. Экранда болып жатқанның барлығы шын ба?
- Жобаның атауы сұраққа жауап беріп тұрған секілді. Реалити-шоу болған соң, барлық ұрыс-керіс, түсінбеушілік, эмоциялар шынайы. Он екі адамның он екі мінезі мен он екі ой-пікірі бар емес пе. Бір бөлмеде тұрып, берілген тапсырмалардан бірге өтудің өзі, бірін-бірі танымайтын адамдар үшін қиынға соғатыны анық. Біздің шығармашылық топ оқиғаларды еш өзгертпестен, көрерменге ұсынады.

- Жоба кезінде көңіліңіз қатты қалған қатысушы болды ма?
- Әрине, ондайсыз да болмайды ғой. Мысалы, эстрадалық әнші Алмаз Кішкенбаев жоба кезінде өзін жақсы жағынан көрсеткен жоқ деп санаймын. Сырт көзге қазақи, ауылдың пысық жігіті болып көрінетін ол берілген тапсырмаларды даулап, шаршағанын айтқан сәттер де болды. Дегенмен, бәріміз пендеміз ғой. Сондықтан анау жаман, мынау жақсы деудің қажеті жоқ деп ойлаймын.

- «Шіркін, life!»-тың жалғасы бол ма?
- Қазіргі таңда жалғасы болар болмауын дәл айта алмаймын. Екі маусымның өзіне біз, жүргізушілер, қатты шаршаймыз. Моральді тұрғыдан алғанда, әрине. Дегенмен жалғастыруға болар еді, қаржы жағынан қалай болатыны әлі белгісіз.

- Өзіңізге жоба ұнай ма? Толықтай ойыңыздан шықты ма?
- Ұнайды. Бірақ өзіме бес деген баға қоя алмаймын. Өзіңнің идеяң болған соң шығар, өзгелер байқамайтын жетіспеушіліктерді байқап отырамын. Жобаны жазу бір бөлек және оны режисуралық тұрғыдан түсіру бір бөлек жұмыс...

- Асхат, уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет дей отырып, сізге журналистика саласының биік шыңынан көріне беруіңізге тілектеспіз! 

today.kz-сайты әзірлеген сұхбат, авторы: Дана Ескулова]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Әдемі сөздерге толы күнім... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-109/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-109/

Бүгін Алматыға тағы да қар жауды ұлпалап, сол әсер етті ме, білмеймін, әдемі сөздердің де «жауған» күні болды нөсерлетіп... эх, әр күнім осылай өтсе ғой!

Негізі, менің әрбір күнім такси жүргізушілерімен сұхбаттан басталады. Жо-жоқ... мен әуелі, дүкенге кіріп шығады екем ғой; жұмысқа барарда сөмкеме кофе мен шоколад сала кетпесем басым ауырады. Содан кейін такси жүргізушілерімен «сұхбат», ол - менің күні бойғы көңіл-күйімнің қандай болатындығын айқындайды. Кейбір жүргізушілер жылы шырай танытып амандасады, сөйлеседі. Егер қабағы тырысып отырмаған болса, мен де ол кісімен шүйіркелесіп сөйлесе кетем. Ал, кейбірі айтқан көшеңді таппай, онымен қоймай өзіңе бұрқылдап ығырыңды шығарады ғой. Сондайда бірден көңіліме алып қалам; әрмен қарай жұмысым да жүрмей қояды. Өзіме сондай «ырым» жасап алғам ойша. Жайдары жүз такси жүргізушісі кезіксе және алдымнан аяғы ауыр әйел шығып қалса – онда менің бүгінгі күнім сәтті өтеді деп жорамалдаймын. Бәлкім, дұрыс емес те шығар, бірақ, әр адамның қалтқысыз сенетін дүниелері болады ғой. Сол сияқты, менің де түсініксіз бір «ережелерім» бар өзіме ғана қатысты. Айтайын дегенім, бүгін кездескен такси жүргізушілеріне еш өкпем жоқ. Неше күннен бері барам деп жоспарлаған сауда орталығына жақсы жеттім, әрине, іздеген көйлек-белдіктерімді де таптым /жұма күні «Азамат» бағдарламасының түсірілімі болады ғой, соған киімдерімді дайындап жатқан түрім/.  Шопинг! Біздің, нәзік жандылардың көңілін сабасына түсіріп қоятын бір керемет сиқырлы күші бар ғой оның, сондықтан дүкен аралау процесін жиілету керек! Ол да өзінше бір «терапия» /еркектер түсіне бермейтін/,  бір сәт миыңның тынығып, моральдық тұрғыда жеңілдеп қалуыңа септігін тигізетін жақсы бір әдіс!..Не керек, сәтті өткен шопингтен кейін мені жеткізіп салуға дайын тұрған бір азамат күтіп алды сырттан. Көлігінің қандай маркалы екенін аңғармадым /қызықпайтын болған соң мән бермеймін/, бірақ, өте тәрбиелі және қыз баламен қалай сөйлесу керектігін жақсы білетін жігіт екенін бірден байқадым. Жол арасы алыс болатын, бірақ, ол жігіт менімен сөйлесуге аса қатты құлшыныс танытпады. Сөйтіп, межеленген орынға жеткенше бір-екі сөз алмасқанымыз болмаса, үнсіз келдік деуге де болады. Шыдамсызбын ғой, сұрадым: «Сіз мені неге жеткізіп салмақ боп ниет таныттыңыз?» - деген сұрағыма әлгі жігіт салмақты үнмен: «Просто, хотел сделать приятное...» - деп жауап берді /әңгімеміз орысша басталған-ды, содан жайлап қазақшаға көштік. Алматыда, әдетте, орысшадан бастайсың, бірер минут өткен соң кімнің-кім екені белгілі болады. Әсіресе, қазақша әндерді тыңдап отырған болса – тілді «ұмытпағанын» бірден түсінесің/. Алғысымды айтып жаңа алаңнан түсіп қалдым. Телефон нөмірімді сұраған жоқ! Сұраған жоқ, артық сұрақ қойған жоқ; жай мені жұмысыма жеткізіп салды. Қызық! Сауда орталығынан шығып бара жатқанымда қар жауып тұрған ұшқындап, мен көшенің арғы бетіне өткелі жатқам; биік өкшемен жүргендіктен жүгіріп өте алмайсың - әр қадамымды өлшеп басып келе жатқанымда жолықты ғой ол жігіт. Шамасы, такси ұстаймын дегенше тоңып қалар-ау деп мені аяған болу керек. Онысына да рахмет!.. Жоқ, жоқ, бір көргеннен ғашық болу туралы ойламай-ақ қояйық. Бұл мүлдем басқа жағдай! Көптен бері ауыр ойлардың шырмауынан шыға алмай жүрмін /бұдан бұрынғы жазбаларымды оқыған адамға жақсы таныс мендегі жағдай/, содан болар, мейірімді аңсап тұрам. Оның үстіне, кездесе қалған кей адам  «ісі түсіп тұрған» болса ғана күліп қарайды; басқа уақытта сенің оған керегің жоқ. Жай ғана жылы сөз айту, жай ғана сыйлық ұсыну, 8-наурыздың келуін күтпей-ақ гүл сыйлау дегендер атымен жоқ болып кетті. Ал, мен себепсізден-себепсіз сыйлық жасағанды жақсы көрем. Өзге адамның қуанғанын көргенде көңілім марқайып қалады, өйткені, мен ғой қуантқан ол адамды... ал, мені қуатқысы кеп жүгіре жөнелетін жандар жоқтың қасы. Бүгінгі мынау бейтаныс жігіттің әрекеті еріксіз Мұқағалидың «Бар екен ғой, бар екен, жақсы адамдар...» - деген өлеңін еске түсіріп жіберді... содан жүгіре басып өзіміз отыратын 6-қабаттық ғимаратқа кіріп кеттім. Бір ер азамат лифттің жанында тұр екен, оның қанша күткенін білмеймін, мені бұл лифт көп күттірген жоқ; есігі айқара ашылды да дереу Маржан ішіне ене кетті. Айтпақшы, әлгі жігіт те бар екен ғой. Әңгіме, негізі, сол жігіт туралы болып жатыр. Дәлірек айтсам, сол жігіттің сөздері турасында айтқан... әдемі сөздері турасында... «Мынау лифттің іші қандай әдемі!!! Сіз түскен соң әдемі болмай қалады-ау...» - деді /мен 3-қабаттан түсіп қалғам, ол 4-ке көтерілді/. Бәз біреулер: «Ой, ондай сөздерді жігіттер қыз көрінгеннің барлығына айтады... күнде естіп жүрміз ғой арзан сөздерді ондай... » - деуі мүмкін бұл жазғандарымды оқып отырып. Иә, келісем. Әдемі сөздердің қадірін кетіріп жүрген жүгермектер аз емес, онымен қоса, бұндай әдемі сөздердің қадірін «түсінбей жүрген» нәзік жандылар да көп қой арамызда... мейлі, кім не десе де, не ойласа да, лифтіде кездескен жігіттің сөздері маған қатты ұнады! Неге?.. Өйткені, дәл маған «керек кезде» айтылған сөз болды ол  /оказался в нужное время, в нужном месте/. Содан көңілім тоқ, өмірге дән ризамын, студияға атып кірдім де – жұмысыма кірістім. Эфир көңілді өтті: ол әдемі сөздердің сиқыры бірден тарқап кеткен жоқ, айтқым келгені. «Әдемі сөздерге сараңданбаңдар!..» - деп, микрофон алдында отырып бүкіл жігіттер қауымына ескерту жасадым /әрине, еркелеп отырып айттым, ұрысқаным жоқ/ . Түсіпбаева ханым,  Меруерт: «Кокеткасың сен!» - деп айтқан менің радиодағы эфирді жүргізу стилімді бағалап. Жақтырмай айтты ма, қайдан білейін, даусымды ұнатпайтындардың барын бұрын да білетінмін. Тек, ол мені ешқашан қызықтырған емес. Жоқ, көпшіліктің пікіріне құлақ аспаймын демеймін -  тыңдаймын. Бірақ, әрмен қарай бәрібір өзімдікін істеймін. Қырсық та шығармын, бәлкім?!.

Қазір әріптесім Малик Рузиев келеді, менің эфирде қоштасатын уақытым болды. Түнгі 2-3-сіз ұйықтай алмаймын, сондықтан үйге барып сценарийді жаттауым керек! Ақпанның 11-күні «Азамат» бағдарламасының түсірілімі болады деп жоғарыда жазып өткенмін. Келем деушілер болса /жай көрермен ретінде не тақырыпқа сәйкес пікір айтам десеңіздер/ – есігіміз ашық! Хабарласыңыздар!!! Ал, мен сол түсірілімнен кейін, міндетті түрде, блогыма жаңа жазбамды енгізіп қоятын болам /ым-м, не туралы жазатынымды білмеймін, бірақ, бір нәрсенің түрткі болатыны сөзсіз/.  


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Бәрі есімде" бағдарламасы Қадір Мырза-Әліні еске алмақ. http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-110/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-110/ Жақында ғана өмірден озған қазақ поэзиясының Қадірі аталған Қадір Мырза-Әлінің шығармашылығы мен ақынның өткен өмірін ой елегінен өткізбек жоспарымыз бар. Ақынның өлеңіне жазылған «Атамекен» әні қалай туды? Ән тарихы мен ақын шығармашылығының  тұтастығын композитор Ескендір Хасанғалиевтың қатысуымен еске аламыз. Бағдарламамызды 4 наурыз күні 19.45-те көре аласыздар!   

]]>
Бағдарлама блогы Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Мені өзгерткен АЗАМАТ жайында... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-111/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-111/

Біз өзі неткен аңғал, аңқау халықпыз,а?..  радиоға телефон шалушылардың толассыз сұрағына жауап беруден шаршап кеткен әріптесім Дима осының барлығын эфирден айтуымды өтінді. Айтпай жүрмін емес, үнемі ескертіп отырам; тек құлақ асып жатқан халық жоқ. Алаяқтарға сенбеңіздер!!! «Пәтер ұтып алдыңыз... көлік сыйлаймыз... Русское Радионың атынан... мына шотқа ақша салып жіберіңіз...» - деген смс-хаттарды жазатын көбіне-көп темір тордың арғы жағында отырған азаматтар. Иә, бізде де неше түрлі акциялар болып тұрады, мәселен, Жаңа Жыл қарсаңында викториналық ойын ұйымдастырылған: «Жеңімпаз атансаңыз – жылы елдерге демалып келуге жолдама береміз!», - деп жарнамалағанбыз біраз. Бірақ, шарт бойынша, тыңдарман тікелей эфирде ойынға қатысу керек болатын. Жүргізушімен тілдесіп, оның сұрағына жауап беріп дегендей... алаңғасарлықты қою керек қой осы! Қазіргідей жер дауы шешілмей тұрған кезде сізге айдаладағы біреу кеп пәтер сыйлайды дегенге сене ме адам?! Күні кеше «Азамат» бағдарламасының түсірілімінде де бір тақырып осы жер мәселесіне қатысты болған. Арнайы заң бар, бірақ ол заңның осал тұстарын пайдаланып жүрген алаяқтар тағы да бар! /толық білгілеріңіз келсе, әр сәрсенбі болатын «Азамат» жастар парламентін өткізіп алмай көріңіздер!!!/

Ал, енді түсірілімге келсек – жақсы өтті деуге болады. Қатты шаршадық, әрине. Мен пысықсынып таңғы 5-те ұйқыдан тұрған едім, кешке дейін 14-см-лік біз өкшемен жүру де оңай емес оның үстіне. «Таңғы 5-тен тұрып не істедің?» - деп әріптесім Руслан Желдібай қатты таң қалды. Ер бала болсаң – рахат қой! Көзімнің ісігі басылсыншы деп әтештен бұрын оянбайсың /қыз балалар үшін бұл өте маңызды. Әсіресе, күйеуге шықпағандарға қатысты жұртшылықтың неше түрлі сұрақтары дайын тұрады. «Қорқынышты түстерден шошып жылап шыққан-ау түнімен... ұйықтар кезде су ішіп жатқан-ау...» - деп ойласа жақсы ғой, кейбірі мүлдем басқа жайттарды меңзейді емес пе?../  жуынатын бөлмедегі күнделікті жүретін процестерге бола ұзақ бөгелмейсің /бетіңді қайнаған сумен жуып мәселен (ал, мен қазір солай істейтін болдым, өйткені, құбырдан ағып тұрған судың құрамында хлор көп болғандықтан бетімнің терісін қатты құрғатып жіберді), көзіңнің үстіңгі қабағына арнайы, бетің мен мойныңа одан бөлек май жағып әуре болмайсың, айнаның алдында саптағы сарбаздардай бір қатарда тізіліп тұрған лосьон, тоник, молочколардың бірін ашып, бірін жауып уақыт алмайсың/, ұйқыңды шайдай ашып жібермесе де сергітіп алар әсері бар кофені ішіп алған соң тағы да /енді кірпік-қастарыңды бояу үшін/ айнаның алдына барып жарты сағаттан астам уақыт тұрмайсың, киініп алған соң басыңнан аяғыңа дейін өзіңді толық көрсететін енді үлке-е-е-н айнаның алдында шыр көбелек айналып жүріп алмайсың үйден шығар кезде, бір сөзбен айтқанда, ер бала болсаң айнаға қарауың аз, жоспарлаған жұмысыңа бөлінер уақыт көптеп табылады дегенім ғой. Ер адамдар өз-өзіне қарамайды дегенім емес бұл. Тек оларға аса қатты күтімнің қажеті жоқ. Табиғат-анамыз барлығын есеппен жаратқан: жүрегі жұмсақ әйел адамның тәні де сондай нәзік, сондықтан біз айнаның алдында көп жүруге міндеттіміз де!.. сонымен, таңғы 5-те тұрған еңбегіме осы айнаның алдында өтетін процестерді тыңғылықты істеп, онымен қоса, апыл-ғұпыл тырнағыма маникюр жасап та /негізі түнде, қатты ұйқым келіп тұрғанда, тырнақпен жағаласпайтын болып шешкем. Тек косметолог құрбымның: «Руки – визитная карточка женщины», - деген ақылды сөздері есіме түсіп райымнан қайттым/ үлгердім... не керек, 10:30-да гримге отыруым керек болатын; кешікпей келдім. Бірақ, визажист қыз жоқ екен орнында; ол келгенше, уақытты тиімді пайдалану үшін, дереу асханаға барып тамақтанып келдім. Төрт бағдарламаны бірден түсіретін болғандықтан тамақтануға жүрдім-бардым қарауға болмайды, әсіресе, маған. Осы уақытқа дейін менімен бірге жұмыс істеп келе жатқан жандар жақсы біледі. Соның ішінде, «Шіркін-life»-тың продюсері Толқын Сейдуллақызының: «Ойбай, тамағын беріңдер тезірек қырып-жоймай тұрғанда...» - деп әзілдейтіні бар. «Аш адам – ұрысқақ» демекші, асқазаның шұрылдап тұрғанда тыңғылықты жұмыс істеу болатын ба еді?.. Ыстық тамақ болмаса да, маған 3-4 сағат сайын кофе мен шоколад арқылы жүрек жалғап тұру керек. Оным дұрыс тамақтануға жатпайды, әрине. Бірақ, сондай тәртіпке үйреніп қалғанмын. Ал, дұрысы: таңғы ас мәзірінде /дәрігерімнің айтуы бойынша/ қайнатылған 1 жұмыртқа мен сүзбе міндетті түрде болу керек. Және аптасына 2-3 рет жүгіріп тұрған дұрыс /үйді бір-екі айналып келсеңіздер де/, жай – ағзамыздың жұмысын жақсарту үшін, арықтау үшін емес /жүгіру кезінде бойдағы артық тұздар термен бірге шығады/. Бұл қаны аз жандарға жақсы кеңес болмақ. Соның ішінде, әлі тұрмысқа шықпаған, бірақ, ақ көйлек кию мен бала көтеруден үмітті қыз-келіншектерге өте пайдалы кеңес. Дәрігерімнің айтуы бойынша, баланың қанында гемоглобин төмен болып туылса, оны кейін өсе келе қалпына келтіру мүмкін емес көрінеді. Сондықтан, бала көтеруді алдын-ала жоспарлап /яғни қаралып-емделіп/ алған абзал.  

Енді түсірілімге қайта оралайықшы, өйткені, қызықты сәттер көп болған /соның барлығы ішіме сыймай бара жатыр/. «Азамат» - тың түсірілімі маған тура бір «құдалық» өткендей әсер қалдырады. Ығы-жығы, сапырылыс: гримеркаға бірі кіріп, бірі шығып жатады. Оның үстіне, продюсеріміз Нұрмұханбеттің: «Пәленше деген депутат кеп тұр, күтіп алыңдар!.. сарапшыларымыздың бірі кешігіп жатыр – телефон соғыңдар!..» - деп безілдеп жүргені бас құданы күтіп алу «процесінен» айнымайды. Кейде орынды-орынсыз «паника» көтеретіні бар /«Бұны неге жазасың?» - деп ренжуі мүмкін. Бірақ, ойдан шығарып жатқам жоқ қой, болған істі баяндап жатырмын/. Ал, негізі, жаман жігіт емес /жас жігіт, бойдақ оның үстіне. Тек кездесіп жүрген қызы бар ма, жоқ па, оны білмеймін/. Мойнына жүктелген жауапкершіліктің барын ұмытпайтын жігіт. Оның «паникаларына» әбден еті үйреніп кеткен әріптесім Лаура Сейітбек қандай да болмасын проблеманы объективті түрде шешуге тырысады және менің де аласұрған көңілімді сабасына түсіріп қояды. Сондай шыдамдылықты маған бермепті жаратқан, әттең... негізі әйел адамның сабырлы болғаны да жақсы ғой. Бірақ, «талғамға талас жоқ»  дегенді де ұмытпау керек. Мәселен, Асхат әріптесіме үндемейтін, жуас қыздар ұнамайды /өзі айтқан бір сөзінде/, ойына-ой қосып отыратын, керек жерде бағыт беріп қолдап отыратын пысық қыздардың біріне үйленеді ол түбінде. Себебі, өзінің мінезі салмақтылау ғой. Ал, физика тілімен айтар болсақ: «Аттас зарядтар бір-бірін тебеді». Адам өзінде «жоқты» өзгеден іздейді ғой; ерлі-зайыптылардың бірінің даусы қатты шықса, бірі бәсең сөйлейді /байқасаңыздар, көп отбасыларында сондай; бірі – қатты, бірінің мінезі жұмсақтау келеді/. Тек, кейде тағдырдың «исключение» жасауы мүмкін. Мәселен, менің әке-шешем! Екеуі де айтқанынан қайтпайтын қатты мінез, екеуі де қызғаншақ /бала болсам да байқайтынмын/.  Шешеммен алғаш танысқанда: «Аяқ-қолы балғадай, өзі аршыған жұмыртқадай аппақ қыз екен...» - деп тамсаныпты әкем /оны тек анам кеткеннен кейін айтып берді: өздерінің оқиғаларын. Әйтпесе, мамам жастық шақтары туралы жұмған аузын ашпайтын, біздің де сұрауға батылымыз бара бермейтін/. Сонда, алғаш танысқандарында, мамам екеуі біраз сөз таластырып қалған екен. Менен қорқатын қазіргі жігіттердей теріс қарап кетпепті әкем, бір қызығы, өзінің пікірін қорықпай айтып, өзінікін дәлелдеуге кірісіп кеткен қызға көңілі ауып... ақыры үйленіп тынды ғой, не керек! Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды; мүлдем сылдырламай қалса, ол да – ненормально!  Сол сияқты, біздің үйде де ондай ұрыс-керістің неше түрлісі болып тұратын. Басым көпшілігі сол  - қызғаныштан тұтанған от. Шешем ажарсыз емес-тін; тек ернін ғана бояп жүретіні болмаса, басқа ештеңені қолданған емес. Сонда да болса, өте тартымды жан болатын. Сыпырғының ортасын тартып байлап тастайды ғой, сол сияқты аяқ-қолы балғадай, белі жіп-жіңішке болатын. Білмеймін, әйтеуір, ескі альбомдарды қарап отырғанымызда әпкем екеуміз: «Біздің мамамыз ғана әдемі болған екен ғой құрбыларының арасында...» - деп тамсанып қоятынбыз. Бәлкім, әр бала өз анасын ерекше әдемі санайтын шығар?.. Бірақ, әкеме қатысты ешкімнің дауласа алмайтыны хақ. Бойы кішкентайлау болса да /мамамның биік өкшеге көп құмарлық танытпағаны да сол шығар деп ойлаймын, әкемнен ұзын болып кетпеу үшін.../, бір көргеннен талай қызды құлатқан жігіт қой кезінде, оған күмәнім жоқ. Ауылдың ең сотқар тентегі болса да, өз күшімен оқуға түсіп /Кеңес дәуірінде жоғарғы оқу орнына түсудің қандай қиын болғандығын білеміз ғой/ сауатын ашқан, өзіндік «мен»-і бар, ең бастысы, ерге тән мінезі бар жігіт менің әкем. Марқұм-атамның: «ауылда қал, түйе бағасың...» - дегеніне құлақ аспастан Алматыға тайып тұрған екен кезінде. /менің де оқиғам солай басталды ғой: бәрін тастап осы қалаға келгем бір кездері, міне, көктемде 4 жыл болады/. Сөйтіп, батыстың қызу қанды тентек ұлы мен оңтүстіктің пысық қызы осы Алатаудың бөктерінде танысып, осында тағдырларын біріктіреді... бағанағы айтылған «исключение»-ден Маржан тағы да өткен күндерді еске алып, ойға шомып кетті.

...жә-жарайды, түсірілімге қайта келейік! «Азамат»-тың талқылайтын тақырыптары жеңіл емес, сондықтан «морально» шаршатады. Оған дайын боп келу керек және ендігәрі: «Морально шаршатады!» - дегенді айтпау керек /продюсердің маған жасаған ескертуі бұл/. «Келем» - деп уәде берген кейбір депутат, заңгер, т.б. мемлекеттік қызметтегілер аяқ астынан телефондарын сөндіріп тастаса, оған менің шырылдап жататын уақытым жоқ; әр бағдарламаның түсірілімдері арасында тезірек киім ауыстырып үлгеруім керек. Тіпті «сыйлы» қонақтарымыздың кейбірінің келмей қалғандарын да байқамай қалам кейде, біздің өз ісіне жауапты мамандарымыз бос орындыққа әйтеуір бір адамды отырғызып қояды /әрине, сол тақырыпқа қатысты бірдеңе айта алатын адамды/. Тек студияға кіргенде, сценарийді парақтап жатып, кімнің бар, кімнің «замена» екенін өзіме жайлап түртіп алам. Бұл жолы менің іс-әрекетімнен елеулі өзгерістердің барын байқаған  режиссерымыз Мұрат аға, түсірілім аяқталған соң, қолымды алып мақтап-мақтап қойды мені; мені ғана емес, Русланды да, әрине. Бірақ, ол жігітті анасы: «түсіп қапты шанадан... далада бала жата ма...» - деп, бесік жырымен емес, «бүгін мысырлықтар тағы да ұран сөздерімен көшеге шықты, балам...» - деп саясаттағы өзгерістерді баяндаумен ұйықтатқан-ау, шамасы... мен махаббат романдарын қалай құмарта оқысам, ол саясаттағы болмашы өзгерісті солай, әрбір абзацын жіберіп алмауға тырысып, қадағалап отырады. Сондықтан, бағдарлама жүргізуде оған еш қиындық жоқ сияқты. Айтпақшы, бүгін мысырлықтар көшеге тағы шықты, бірақ, тойлау үшін! /естіп үлгермегендер үшін – жаңалық!/ Елбасы тақтан кетті, жұрт шулап қуанып жатыр. Халықтың үш апта бойғы арпалысы текке кетпеді, нәтижесі осы! Ал, Амантай қажының бүгін емтиханға неге бармай қалғанын мен де түсінбедім. Әншейінде көшедегі талға өрмелеп, үйлердің қабырғаларына: «Аттан!» - деп шимайлап, өзіне назар аудартпаса жүрмейтін еді, телефонын өшіріп, неге үнсіз қалғанын бұндай уақытта?.. «Азамат»-қа келгелі мендегі болып жатқан күрделі өзгерістер айналадағыларды қатты таң қалдырып, кейбірін қуантып та жатыр. Иә, ең әуелі, киім-киісім! Есімде, ең алғаш түсірілімге кірісер кезде: «Маржан, көйлектің кеуде жағы тым ашық болмасын, етегі - тізеден төмен, жеңі де ұзындау болсын...» - деп продюсеріміздің қатты уайымға берілгені бар. Содан бері киім таңдау кезінде: «Продюсеріме бұл ұнамай қалуы мүмкін... жоқ!» - деп дүкендегі сатушылардың ұсынған кейбір көйлектерін орнына қайта іліп қоятын болдым. Ол жігіт тіпті түсірілімнен тыс та, жиналысқа, осындай киіммен келгенімді қалайтын, алдын-ала телефон соғып ескертіп те қоятын. Алғашында біраз бұртаңдадым, бірақ, қазір менің де бұрынғы стиліме қайта оралғым жоқ. Оған мынау «шаштың мәселесі» кеп қосылды, қазір тіпті киім таңдауға ерекше мән беруім керек. Өйткені, мұндай қысқа шашқа кез-келген көйлек жараса бермейді ғой. «Енді чеснок жағасың ба, әйтеуір, бірдеңе етіп тезірек шашыңды өсір!» - деп қояды ол жігіт кеше түсірілімнен кейін. Тағы да «шок» қылдым продюсерімді: «Өсірмеймін, осы шашым өзіме ұнайды!» - деп /қысқа шашты бойжеткендер, анық оның «вкусында» емес, байқағаным/. Расында, өсіргім жоқ! Қандай ыңғайлы десеңші! Таңертең тез жуа саласың, феннің де қажеті жоқ: сүлгімен сүртіп-сүртіп, гель-воск-тың кішкене тамшысын  алақаныңа жағып алып, шашыңа үйкей саласың. Болды! Қызық-ау!.. Бұрын мамам: «Саған осы шаш не керек?.. қалың да емес, сұп-сұйық...» - деп қиып тастай беретін. Сонда айнаның алдында ебіл-дебілім шығып жылап отыратынмын. Ол кісі шаш қиюда да жақсы маман болатын. Е, қолынан не келмейтін еді?.. жоқтан бар жасап, барлығын үйлестіріп отыратын сол адам еді үйде. Қазір бәрі өзгерген... үйдегі дүниелер де, біздің басымыздағы ойлар да орын-орында емес, ретсіз боп кетті. Бұрынғы біртұтас саналатын, бала кезімде ешқашан іргесі сөгілмейді деп есептеп келген біздің шаңырақтың бүгінде түтіні өшпеді деп қана жұбата аламыз өзімізді. Әйтпесе, жаны кетіп қалғалы қашан... тағы ойым бөлініп кетті. «Азамат»-қа келгелі мендегі ой деген де біршама өзгерді, оны да айта кету керек. Орта – басқа, ол ортада айтылатын әңгіме де; Шәкәрімше айтқанда: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» болып тұр ғой. Бір сарында жалғасатын дүниелер мені тез жалықтырады. Сондықтан, бұл өзгерістердің күрделілігі алғашында қорқынышты болып көрінгенмен, қазір олардың менің өміріме «баса көктеп» кіргендігі қатты қуантады. Алты ай бойы берілмеген Отырардай мен де қасқайып қарсы тұрдым, білем, ол өзгерістерге. Содан талай рет «аналгин»-нің көмегіне жүгінуге тура келді, ал ол зиян ағзамызға. Әлемнің 40 шақты елінде тиым салынған дәрі ғой /сапасыз дәрілер туралы болған бір тақырыбымыз. Оны да өткізіп алмай көріңіздер «Азамат»-тан. Онымен қоса, 32 алтынды қоржынымызға салып берген сәтті Азиада мен құқық қорғау органдарының қысымы туралы сөз қозғадық/. Радиодағылар: «Сен «Еларнаны» көп жарнамалайсың!» - деп бұртаңдаса, енді «Шіркін-life»-тағылар арнайы бір жазбамды «Азамат»-қа арнағандығыма  аздап ренжуі де мүмкін. Бұл да бір - саясат ; телевидениеде әр бағдарламаның арасында «бәсеке» деген болады. Продюсер мен продюсердің арасында, мәселен, жүргізуші мен жүргізушінің... әркім өзінікін мақтайды, өзінікін алға тартады. Сырт көзге байқалмауы да мүмкін кейбірінің әрекеттері, бірақ, іштей талас-тартыс деген толастаған емес ешқашан.

Менің бір күнгі түсірілімді баяндауым бітпей кетті ғой тегі... Сөзден-сөз шығып өткен-кеткенді қозғап кетем, одан аттың басын кері бұрып, әңгімемді әрмен қарай жалғастырам, әйтеуір... клавиатураны сабалап отырмын ұзын тырнақтарыммен, ар-арасында жазғанымды күбірлеп оқып шығам. Әріптесім Дима қасыма кеп, маңдайыма қолын тигізіп, менің қызуым көтеріліп кетпеді ме, соны тексеріп жүр. «Саған не болған?.. Бәрі жақсы ма?..» - деп сұрап қояды. Менен кейін эфирге шығу керек болған Алена Лобастова бір шаруаларымен жұмысқа кешігіп келетін болды да, тағы үш сағат микрофон алдында өзім отырдым ғой. Соған алаңдап жүргені ғой ауырып қалмады ма деп. Мен отырмын өзіммен-өзім – жазумен есім кетіп... кейде менің әрекеттерім айналадағыларға түсініксіздеу боп көрінеді-ау деймін. Анау «Жұлдыздар отбасына» сұхбатқа шақырған журналист те сұрады ғой: «Сіздің психикаңыз дұрыс па өзі?..» - деп. Сол есіме түссе рахатттанып бір күліп алам жалғыз отырғанымда.

«Блогыңды қарап шықтым, бірақ, аяғына дейін оқи алмадым... тым ұзақ жазасың...» - деп өкпесін айтқан досым бұл жазбамды көрсе тіпті жылап жіберетін болар?!. Көп сөйлеп миын ашытып жатсам бір сәрі, көп жазсам – онымды оқыса да, оқымаса да, әр адамның өз ықтиярында ғой; сол себепті ол досым да, өзгелері де ренжи қоймас деп ойлаймын. Компьтердің алдында отырғаныма он сағаттан асып кетті. Масқара ғой бұл!!! Арасында далаға шығып серуендеп келу керек деп кеңес береді дәрігерлер бойды жазып; бір отырғаннан тұра алмай қаласың кейде. Компьтер алдында ұзақ отыру денсаулығымызға өте зиян екенін білсек те, осы ғой, міне, шаруамыз біткенше қозғалмаймыз орнымыздан. Менің радиодағы жұмысым әзір аяқтала қойған жоқ, сондықтан сенбі күні демалып жатқан сіздер сияқты тарс еткізіп компты өшіріп кетіп қала алмаймын. Бірақ, осы арадан бүгінгі әңгімемді доғарайын. Жазира есімді оқырманымның, пайғамбарымыздың сүйікті жануары – мысықтар туралы жазуымды өтіне сұрағаны бар-тын. Келесі тақырып жануарлар туралы болатын шығар онда... 


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
О-ой! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-112/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-112/ Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Келіңіздер, көріңіздер... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-113/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-113/ Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4

22-23 ақпан күндері «Тапқыр достар» бағдарламасының кезекті түсірілімдері өтеді. Экран сыртынан емес, студияда отырып ойыншыларға жанкүйер болғыңыз келсе, келіп қатысуға бек мүмкіндігіңіз бар. Ал, наурыз айының 23-24 күндері түсірілетін «Тапқыр достар» бағдарламасына ойыншыларды іріктеу наурыз айының 15-не дейін жүргізіледі. Егер сіз, тапқыр да талантты, тілге бай, сөзге шешен болсаңыз және тіпті, ән айта  білсеңіз, онда  бізге мына номерге 8702-555-38-01 хабарласыңыз!  

]]>
Тапқыр достар Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Көптен күткен көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын ағайын! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-115/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-115/
Ал, енді сіздердің құттықтауларыңызды күтеміз :))!!



]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
3-сәуір, жексенбі, кешкі сағат 20.25те http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-116/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-116/ ]]> Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 "Туған өлке" тележобасының алғашқы түсірілімі http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-117/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-117/
]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Қайта кірістім жазуға!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-118/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-118/
Көп болыпты осы сайтқа кірмегелі... біраз уақыт өтіпті, иә, біраз... жазатын дүние көп-ақ еді, тек біздің қазақтың: «Ұят қой, ыңғайсыз ғой, ойбуууу, сондайды да жаза ма екен?..» - деп бет шымшитыны бар емес пе жоқ жерден ұятты бола қалып; соңғы жазбамды өшірдім де содан бері сайтқа кіргем жоқ. Өкпелі жүргендігім емес бұл, жай, түсінбестің шимай-шатпағына көңіл жүдеткім келмеді. Онсыз да өмірдің шаттыққа бөлеп жүргені шамалы мені... жарайды, арамызда «көгілдір» достың барын жария етіп айтқан мен-ақ кінәлі бола қояйын өзгелердің тыныш ұйқысын бұзбай. Біз, өзімізге қатысы жоқ дүниелерге бас ауыртқысы келмейтін, өзгенің жан күйзелісін көріп тұрып қолын ұшын беруге тырыспайтын «эгоист» боп барамыз ба, әйтеуір, бұрынғы бір жазбалардағы: «қазақ – қонағына соңғы атын сойып берген аңғал, жомарт халық» - деген теңеу сөз ескіріп бара жатқандай көрінеді маған.

«Сәуір болмай – тәуір болмас» - деуші еді, мамырлатып келесі айға табан тірегенше де ауа-райы біраз құбылатын сияқты ғой. Синоптиктердің болжамына сенер болсақ, еліміздің барлық дерлік аймақтарында жел тұрып, күн күркіреп, найзағай ойнап, біршама қолайсыздықтар тууы мүмкін. Алматыда кешегі жауынның іздері әлі жатыр, ауаның салқын ызғары да бардай. Етіктеріміздің барлығын сүртіп, майлап салып тастап ек, қайтадан шығаруға тура келе ме, құдай білсін, 26-сына таман қар жауады деп қорқытып жатыр ғой. Тұрақтылық жоқ ауа-райында, бізде де... көктемнің әуеніне үн қосып біз де құбылып жүрміз-ау нақты бір шешім қабылдауға жүрегіміз дауаламай, бәлкім...

Соңғы комменттерді оқығандар бар шығар: «кейбір жайттарды жазбау да керек-ау... мүмкін, кейбір нәрселерді жасырып қалу керек шығар... » - деп ақыл айтқан жазғыштарға қатты ашуланғанымды жасырмаймын. Бұл – менің блогым, бұл – менің ой, көзқарас, тұжырымым! Кімнің қандай шаруасы бар, түсінбеймін. Жазғым келгенді – жазам, оқығысы келгендер – оқиды. Мәжбүрлеп жатқаным жоқ ешкімді!!! Бұрыннан қалыптасқан ескі стереотипті бұза алмай кіп-кішкентай шеңбердің ішінде тотығып жүрген оқырмандар әлі де болса сондай «кеңес» берулерін доғармайды, білем. Көңілім бұзылар көп болса, одан морт сынып шегіне қоймаспын. «Бәйтеректің бұтағы сынса да – діңгегі сынбасын» - дейді ғой қазақ. Аяғымыз шалынар қара жолда - жүрегіміздегі от өшпес; бірер сәт  әлсіздікке  бой алдырармыз – жігеріміз сөнбес; жақын достан көңіл суынар – адал жанның барынан үміт үзбеспіз; махаббатта алданармыз – тағы ғашық болудан бас тарта қоймаспыз, бірақ. Өзгелерді дәл осылай жұбата білген адам – өзіне де бір жұбаныш табар, анық. Бір оқырман жазыпты ғой коммент-де: «саған психологқа бару керек!» - деп. Иә, бару керек! Негізі барғам да талай. Онда тұрған не бар? Өркениетті елдерде жаны күйзелген жандар көмек сұрап психологтардың есігінде кезекте тұрады тізіліп. Біз неге ұят көреміз?.. «Балам-ау, саған не болды? Көңілің бұзылып жүр ғой» - деп ата-ана ашық әңгімеге шақырмайды ұл-қызын, бізді солай тәрбиелеген;  жеңгеге сыр айтуға қысыламыз, құрбы қызға айтсақ – үлкен өсек боп ауыл-аймаққа тарап кете ме деп одан да ығамыз. Ал, психологқа барам дегеннің бетіне мазақ қып күлеміз. Кейде қандастарымыздың осындай «надандығы» үшін ұялатын кездерім болады. Онсыз да еуропалықтарға еліктеп, дәстүр атаулыны бұрмалап өзімізге ыңғайлы етіп өзгертіп жатыр екенбіз, неге өмір сүру қалпымызға да өзгеріс енгізбеске?.. Жалғыздықтан жалығып, жабығып, түндер бойы ащы жасқа булығып, күндіз көкейдегіні ашып айта алмай «күліп жүруге» тырысып бағатын жан еңсесін зіл басқан сәтте шыдай алмай өмірмен қош айтысуы керек пе сонда?.. Тығырықтан шығар жол іздеп психологтың алдына барса  - оның несі айып? Суицидтен әлем бойынша алдыңғы шепте келе жатқанымызды естен шығармайық!!! Барлығымыз бір елде тұрып жатқанымызбен әр адамның өз «әлемі» бар – онда өзіндік арман-қиял, өзіндік қиындықтар жетіп артылады. Оған сыртқы факторлардың да әсер ететіндігін қосыңыздар... сынауға дайын тұрамыз, әйтеуір, бірімізді-біріміз сүйеуге, демеуге асықпаймыз неге?.. «көп жазасың, аяғына дейін оқуға шыдамым жетпейді» - деп талай досымның өкпе артатынын сезіп отырмын, сондықтан осы арадан тоқтай салайын. Егер сұрақтарыңыз болса - келесі жазбамда, мүмкіндігінше, толықтай жауап беруге тырысам.


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-119/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-119/ Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4

«Мышканы» алып қолыңа,

Үңілдің сайт жолына,

Неге ұзақ ойландың?

Қонақ бол менің блогыма!

]]>
Сәлем бердік... Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Кеше, жер сілкінгенде... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-120/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-120/

Қаннен-қаперсіз отырғам үйде. Өзімше бір бос уақытымды тиімді пайдаланайыншы деп үйдің шаруасына кіріскен болатынмын; жолға жинаған чемоданым да сол күйі тұрған – ондағының барлығын алып орын-орындарына қою керек қой енді /іссапармен солтүстік аймаққа барып келгенмін... әзірге құпия, өйткені ол «Шіркін-life-3»-ке қатысты.../ Кенет бір құрбым телефон соғып: «Менің көршілерім дүрлігіп жатыр, сен радиода жүрсің ғой – жер сілкінісі туралы ештеңе естімедің бе?..» - деп, өзінің балаларын уайымдап отырғанын айтты. Оны өзімше жұбатып қойдым бар әдемі сөзімді айтып, бірақ, көңілімде бір күдік оянды. Мерекеде біздің радиода журналисттердің барлығы демалады, сондықтан жаңалықтар тек қана ресейлік әріптестерімізден шығып отырады эфирге. Олар күдіктенетіндей ештеңе айтпаған-тын /біздің журналисттер жұмыста болса да, халықты дүрліктірмес үшін тіс жармас еді деп ойлаймын бәрібір/. Менде «Evronews» қосылып тұрған, олар Каддафи туралы қоймай баяндайтын болды ғой өзі – соны есім кетіп көріп отырғанымда тағы телефоным шырылдай қалды. Екінші бір құрбым. Ол: «Не істеймін?» - деген жоқ, өзінің жолдасы, екі баласымен көшеге шығып кеткендігін айтты. Даусында қорқыныш сезілмейді, үйден дүрліктіріп алып шыққан жолдасын мазақ қып күліп қояды қайта. Мен де бір күліп алдым не болып кеткенін түсіне алмай. «Құжаттарыңды ал да – шық!»  - осы сөздерден кейін мен апыр-топыр киіне бастадым: киім ілгіштегілердің бірін алып, бірін қайта ілем орнына – не сән керек десейші, ж-о-о-қ, Маржан қолына түскенді іле салса жақсы ғой – жүріп біраз таңдады көңіліне ұнаған киімді іздеп; шықты сосын сызылып әдеттегі 14-см-лік біз өкшемен. Не деген бейқамдық!!!

Көлікке отырған бойда қызу әңгімеміз басталды дейсің!.. Кім айтты, не деп айтты, қашан айтты?.. Әрлі-берлі көшемен жүріп өттік. Сағат сол кешкі 10-дардан кете болған жағдай. Жұрттар топырлап жүр, көліктер де күндегіден көптеу сияқты көшеде... кішкентайлар ештеңені сезіп отырған жоқ. Әкелерінен: «Сонда не болады?.. қалай болады?.. үйлер құлай ма?..» - деп сұрапты көлікке отырып жатқандарында. Бала деген сол ғой, жанында ата-анасы жүрсе бейне бір солар табиғаттың қандай да болмасын апатынан аман алып қалатындай нық сенеді. Мен де, анам тірі кезде, қиындық атаулыны дәл қазіргідей сезінбеп едім...

Отырып алып смс жаза бастадым. Әуелі тек жақын деген құрбыларыма жібердім хат. Сөйтсем, менен бұрын естіп қойыпты олар. Содан телефонымда нөмірлері сақталған жандардың барлығына бірдей жаза бастадым. Алда-жалда бір нәрсе болып кетсе, ең құрығанда, үйлерінен шығып үлгерсін дедім. Бәрін естіп-біліп отырып өзгелерге ескертпеу – барып тұрған қатігездік қой. Барлығын құтқарып қала алмасам да, құлаққағыс қып ескертейін; одан шотымдағы қаражатым азайып қалар көп болса – біздегі адамгершіліктің ешқандай «единицамен» өлшенбейтіні қандай жақсы деп ойладым. Бас-аяғы 179 смс жазыппын. Олардың көпшілігіне: «Рахмет, естідік. Далада жүрміз!» - деген жауап алдым.  Арасында Айқын сияқты «супер спокойный» жандар: «Алаң болма! Алматыда туып-өскен адам ретінде айтайын саған – бәрі жақсы болады!» - деп біздің көңілдегі алаңдаушылықты басуға тырысты. Бір-екі досым Талдықорғанда киноға түсіп жатыр екен, олар келіншектері мен балаларын уайымдап: жетейін десе – жете алмай, арадағы қашықтықты жеңе алмай... бірақ, оларды дүрліктірген мен емес, өздерінің айтуынша, менен бұрын он шақты адам соңғы хабарды жеткізіп үлгеріпті. Тағы бір жақсы досым: «Орталық мешітке кел! Барлығымыз осында жиналып жатырмыз! Маған бір көріпкел айтты, өте қатты жер сілкінісі болатынға ұқсайды... кел!!!» - деді зілді дауыспен. Астанада жүрген «Жігіттер» де бейхабар отырмаған екен. Бірінен соң бірі жауап-хаттар келе бастады. Енді-енді сезіне бастадық жағдайдың ушығып бара жатқанын. Соның арасынша Қалдыбек телефон соқты Жайсаңбай, менің қалжыңбас әріптесім: «Мультфильмнің озвучкасына бара жатырмын...» - деп қояды жұрт дүрлігіп қауіпсіз жер іздеп жүрсе. Ол ештеңе емес, біреуге жақсылық жасаймын деп басым бәлеге қалды. Нөмірімді ауыстырғалы мені көп таныстарым жоғалтып алды ғой, ал мен барлықтарына бірдей хат жолдап есімімді жазуды ұмытыппын астына. Сонымен: «Сен кімсің?.. Әсетке неге хат жазасың?..» - деп дікең-дікең етіп бір бойжеткен телефон соқты бүгін. Мен бейтаныс адамға «Сен»-деп жекіп сөйлегендерді түсінбеймін, түсінгім де келмейді! Жарайды, қызғанып қалған болар сүйіктісін. Бірақ, мен кездесуге шақырдым ба, әлде басқалай «жылы сөз» жаздым ба оның азаматына?.. Менің хатымдағы сөздер: «Құжаттарыңды алып далаға шықшы, қауіпсіз жерге баршы...» - деген мәтінде болатын. Ол қалайша қызғанышын оятты екен өзгенің?.. Ақымақ қыз! Қайта маған алғысын айтпай ма бір ауыз? Уайымдап, естімей қалған болар деп барлық таныс-досты түгендеп жүрген мен ақымақпын ба әлде?.. осы аңғалдығым қалмайды менің...

Таңертең ояндық: «тірі екенбіз» көзімді ашсам. НТК-дағы бір әріптесім смс жазды таңертең: «Тірісің бе?» - деп. Соған бір күліп алдым. Иә-иә, кешегі «хаосты» осылай күліп еске алып отырғанымыз қандай жақсы!.. Түндегіні сезбей қалдық та, «жер сілкінеді» деген қауесет сөз расталды ғой – түнгі 2-лерде болыпты. Біз жер үйде жатқан соң сезбедік, көп қабатты үйлерде кәдімгідей қатты байқалыпты. Әйтеуір, жәбір шеккендер жоқ, қуанарлығы сол!

Күні бойғы әңгімеміз осы! Эфирде де айтып қалып жатты тыңдармандар бүгін. Не де болса, Жапониядағы оқиғадан кейін халық қорқып қалған сияқты. Бұрын географиядан сабақ беретін апайымыз: «Алматы сейсмикалық жағынан өте қауіпті аймақта орналасқан, егер қатты жер сілкінісі болса – қаланы қар басып қалады...» - дегенде іштей: «Менің ол қалада тұрмайтындығым қандай жақсы!» - деп алматылықтарды кәдімгідей аяйтынмын. Баламын ғой... кім білген бірнеше жылдан соң осы қалаға қоныс аударатынымды өзімнің де...  қызық!.. әпкем ғана телефон соқты, әкем - үнсіз. «Сары қызыңызды уайымдамайсыз ба?..» - деп ренжігендей болдым өзімше. Сөйтсем, ол кісі біздегі жайттан мүлдем бейхабар болып шықты: бір туысымыз қайтыс болған, сол жерлеу рәсімінде жүріпті. Бәсе-бәсе, осыған дейін бір телефон соғатын уақыты болып еді әкемнің. Отырып алып баяндадым басынан бастап, сөз соңында ол кісі: «Е, сәл болмағанда сары қызымнан айрылып қала жаздаппын ғой...» -  деп еміреніп қойды. Мен мәзбін. Ересек адамдардың қатарында жүрсек те бір сәт қиындықтың барлығын ұмытып, сонау бала кездегідей еркелегің-ақ келеді ғой. Мені біреу мәжбүрлеп Алматыға жібергендей шағымданып алдым әкеме, қиналтқым келді...

Шүкір, аманбыз!.. тек көңілді алаңдататыны – дайын еместігіміз келеңсіз жайттарға. Алдағы уақытта не болатынын бір құдай біледі, алайда, сақтанғанды – сақтайды құдай. Бізге кім айтып ескертеді екен: бей-берекет салынып жатқан үйлеріміздің сиқы мынау – ешқандай сейсмикалық ережелер ескеріліп жатқан жоқ. Кеңес дәуірінде бой көтерген ғимараттар аман алып қалар біраз адамды, ал ипотекамен ай сайын балаларының аузынан жырып қыруар қаражат төлеп жатқан қандастарымыз өз өмірлерін сақтап қала алмайтындығын барлығымыз іштей біліп отырмыз. Құрылысқа бөлінген жабдықтарды талан-таражға салып, жемқорлар қалталарын томпайтып шетел аралап жүр. Ісіне немқұрайлылықпен қарайтын ондай компаниялардың тендерде жеңіп шығуына жәрдемдесіп отырған биліктегілердің «тентектіктерін» әлі тия алмай келеміз. Қылмыс құрамы нақ анықталып тұрса да, Кодекстің 311-312 баптарына ілінбей қалып жатады кейбір әрекеттері шенеуніктердің... әлде сот өкілдерінің қатты жаны ашып кете ме?.. дұрыс қой гуманизмнің ізгі жолымен келе жатқанымыз, бағытымыз дұрыс па, бірақ?.. ғимараттардың сапалы салынған-салынбағандығын жер сілкінгенде тексеруіміз керек пе, құлап қалған соң сол үйінділерге қарап тұрып: «Е, мына компания үйлерді дұрыс салмапты...» - деп баға береміз бе? Алдын-ала тексеріп алуға болмай ма?.. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды»-ның күйін кешіп жүргеніміз сол... 


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
«Евровидение - 2011» на телеканале «Ел арна» http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-122/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-122/ Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4 Смотрите конкурс «Евровидение - 2011» на телеканале «Ел арна»

 Трансляцию первого дня конкурсной программы в прямом эфире Вы увидете 10 мая  в 01:00, продолжение - 12 мая в 01:00 и финал - 14 мая  в 01:00.

Конкурс  станет 56-ым  по счету  и пройдёт  с 10 по 14 мая 2011 года  в немецком городе   Дюссельдорфе.  Германия - страна-победительница конкурса «Евровидение  - 2010». Тогда победительницей стала певица  из ФРГ Лена с песней «Satellite».

После долгих дискуссий EBC выбрал 4 немецких города-претендента на проведение конкурса Евровидение 2011. Окончательное решение было принято 12 октября 2010 года — по предложению телеканала NDR, комиссия заведующих вещанием телерадиокомпании ARD избрала местом проведения «Евровидения – 2011» стадион «Эсприт Арена» в Дюссельдорфе.  Арена вмещает до 50 000 зрителей, и это сыграло  решающую роль при выборе места проведения международного конкурса исполнителей.  В этот раз стадион вместит 24 тысячи человек.

 ФРГ уже принимала у себя Евровидение в 1957 и 1983 годах. Однако на этот раз Германия станет хозяйкой впервые в качестве объединенной страны. Также, Германия - первая страна из «большой четверки», которая выиграла конкурс с момента введения правила большой четверки в 2000 году. Также в песенное соревнование вернутся Австрия, Венгрия, Италия и Сан-Марино. Сейчас «Большая четвёрка» превратилась в «большую пятёрку» - вернулась Италия.

14 января 2011 года был утвержден дизайн  нынешнего конкурса. Темой этого года с танут разноцветные лучи, а эмблемой — сердце из лучей. Девиз конкурса: «Feel Your Heart Beat!» («Почувствуй биение своего сердца!»). В этом году в финале будут соревноваться 25 стран.


Для казахстанской аудитории конкурс «Евровидение - 2011» будут комментировать Калдыбек Жайсанбай и Роман Райфельд.

Роман Райфельд
– известный казахстанский профессиональный журналист. В его портфолио сотрудничество с Казахским радио и газетой "Караван", Первым каналом Евразия и журналом "Esquire Казахстан", телеканалами "Хабар" и "Ел Арна", радиостанциями "Русское радио Азия" и "31". В 2003 году Роман был членом жюри первого конкурса Superstar.kz. С 2008 года является постоянным казахстанским комментатором прямых трансляций конкурса песни "Евровидение".

   
Калдыбек Жайсанбай - танымал тележурналист, радио ди-джейі және телевизиялық бағдарламалардың жүргізушісі. «Қазахстан», «Хабар», «КТК» және «НТК» арналарында қызмет істеген. "Евровидение 2011" байқауының тікелей көрсетіліміне комментатор болуға алғаш рет шақырылды.

 
 




С
әлеметсіздер ме! Мен Қалдыбек Жайсанбай, Евровидение байқауының түсініктемешісі болып жұмыс жасайтын боламын! Байқау үш күн бойы тікелей эфирде сіздердің назарларыңызға ұсынылатын болады.  Өздеріңіздің қандай да бір сауалдарыңыз болса, мүмкіндігінше жауап беруге тырысамын.












 





Приветствую всех! Я, Роман Райфельд буду комментировать конкурс
«Евровидение - 2011» и с удовольствием отвечу на ваши вопросы на сайте Ел арна!



    





]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Азаматтар мен "азамат"-тықтар! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-123/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-123/

Азаматым менің!!! Кешегі  Отан қорғаушылар  мерекесінде талай қыз өз сүйіктісін  еркелеткен болар осылай... менде ондай мүмкіндік болмады, бірақ, әріптестер мен шоу-бизнесте жүрген аға буын өкілдерін құттықтап үлгердім... дәлірек айтсам, үлгермедім.  Жұма-сенбі күндері «Азамат»-тың түсірілімдері өтті: таңертеңнен кешке дейін студия мен гримерканың ортасында ғана шапқылап жүресің. Одан қолым босады-ау дегенде телефонды қолыма алып құттықтауға кірістім ғой: әуелі әкеме, ағаларыма... өнерде жүрген ағаларыма... радиодағы әріптестеріме сосын. Мамырдың 7-сі Радио күні екенін көпшілік білмейтін болып шықты... өкінішті, әрине! Бірінен соң бірінің нөмірлерін тергілеп отырғанда түнгі 12 боп қалды сағат. Өзім эфирде отырғам – микрофон өшірілген бойда тағы телефонға қолым жүгіріп кетеді... сонда да үлгермедім барлығын құттықтап. Беймезгіл уақытта телефон шалсам ыңғайсыз болар деп әрмен қарай ешкімді мазаламауды жөн көрдім. Егер менің құттықтауым жетпей қалған жандар оқып отырса осы жазбамды – ренжи көрмеңіздерші, уақыттың тығыздығынан болды. Әйтпесе, жылы тілегімді жеткізуге асық едім сіздерге! Аман жүріңіздер, азаматтар! Әйел адамның қолынан бәрі келеді дегенмен де, сіздердің орындарыңыз бөлек, әрі қоғамда әлдеқайда биік екенін біз ешқашан ұмытқан емеспіз, ұмытпаймыз да!!!

 

/кешегі түсірілім процесін бейнелейтін суреттерді ұсынып отырмын/

























 

              






                                 



      





]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
БАБУЛЯ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-124/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-124/ Рисалят было примерно 6 лет, когда на ее глазах убили отца и 3-детних братьев-близнецов. А случилось это в годы гражданской войны, когда к ним во двор заглянул солдат. В то время  красногвардейский отряд Мураева развернул беспощадный террор на территории Семиречья против казаков и белоофицеров. Красные бойцы также расстреливали ни в чем неповинных мужчин в казахских и уйгурских селениях, поддерживавших казаков. Рисалят чудом осталась жива. Она наблюдала в окно, как каратель оказался во дворе их дома и приказал детям бежать. Но маленькие близнецы лишь испугались и заплакали, прижавшись к отцу. Солдат застрелил мужчину и детей. Рисалят кинулась на улицу к родным, однако старший брат вовремя схватил ее за руку и не выпускал до тех пор, пока красногвардеец не покинул их двор.

Так они остались с братом одни. Мать они потеряли, когда она рожала близнецов. А во время Великой отечественной войны без вести пропал муж Рисалят – Хабибулла. Наверное, именно потому, что она теряла так много родных людей, ей пришлось доживать и их жизни. А прожила она чуть меньше ста лет - точной даты своего рождения Рисалят не знала сама.

Она была маленькая, ростом с 12-летнего ребенка. В свои почти сто лет она передвигалась с завидной скоростью. Ни артроз, ни варикоз, ни другие старческие недуги не сковывали ее движений. Лицо было похоже на высушенный урюк – все в глубоких морщинах. Такой я запомнила свою прабабушку, которую мы, ее внуки и правнуки, называли просто – «бабуля».  

- Когда бабуля умрет, ее золотые сережки с александритом достанутся мне, - мечтательно говорила моя двоюродная сестра. – Так положено, я же старшая правнучка. Жаль, что на серебряный браслет уже тетя Мухаббат глаз положила...

Впрочем, золотые серьги и серебряный браслет – все, что могла оставить в наследство бабуля своим многочисленным потомкам.

Сколько себя помню, наша бабушка – прабабушкина сноха,  готовилась к похоронам бабули задолго до ее ухода: откладывала советские рубли, которые в последствии пришлось перевести в тенге, а потом неоднократно менять на новые валюты; собирала какие-то куски белой материи. Сама же бабуля всем своим видом показывала, что покидать нас не торопится.

Я до сих пор жалею, что в детстве не отличалась особой любознательностью. Ведь за свой век моя прабабушка многое повидала. Но из-за того, что бабуля не говорила по-русски, я не особо тяготела к разглагольствованиям с ней.

 - Мома, чай!!! – этой фразой и ограничивалось наше общение. Так я обычно звала ее к столу.

По утрам я с особым интересом наблюдала, как бабуля надевала свои лакированные мәсә (они же «мәсі») – это такие мягкие домашние сапожки. То был целый ритуал! Сначала она заворачивала каждую ногу в какие-то тряпочки и платочки. И лишь потом натягивала мәсә. Все это проделывалось с особой тщательностью и аккуратностью. Весь процесс занимал до сорока минут. А еще мне нравилось наблюдать за тем, как она заплетала и расплетала свои жиденькие седые косички. Иногда я ей помогала их расплетать.

Бабуля любила меня и мою маму. Это я поняла, когда неоднократно, во время моих частых визитов в дом стариков, она дожидалась пока мы останемся одни, и дарила мне свои носочки и платочки, при этом убедительно просила не рассказывать бабушке. А маме она перед смертью отдала те самые золотые сережки с александритом.

Я не случайно вспомнила о своей прабабушке. 15 мая, в 21:00 выходит первый выпуск новой программы «Туған Өлке» - «Родной край». Это первый проект, где известные казахстанцы – деятели культуры, политики, едут в родные края и вместе с нами узнают о своей родословной. А вы, уважаемые посетители сайта «Ел Арна», знаете что-нибудь о своих корнях?  

]]>
Индира Зайнудинова Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Бас иіп күнге тұратын - гүлдер... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-125/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-125/



«Маржан, сенен өтініш, бөлме гүлдерін қалай күтіп-баптау керектігі туралы білгеніңді жазшы, асыға күтем. Оқырманың Атыраудан Жазира»

 
Менің түсінігімде, әйел бар үйде терезе алды бос тұрмау керек сияқты. Қазақтың төрінде қара домбыра ілініп тұрмаса бір жұтаңдық байқалады ғой, сол сияқты гүлдері жайқалып тұрмаса да ол үйден, өз басым, жылылықты сезіне алмаймын. Ал, егер қонаққа бара қалғанымда бұрыш-бұрыштағы  жасыл желектерді көзім шалып қалса көңілім жадырап сала береді; сол үйдегі жеңгейге деген көзқарасым да өзгереді. Өйткені, гүл өсіру деген – тамыры шыққан өсімдікті жай ғана топыраққа шанди салып, оған мезгіл-мезгіл сарылдатып су құю емес. Ол – біздің жан-дүниеміздің қаншалықты бай екенін көрсететін, біздегі мейірімділік пен ізгіліктің коэффицентін өлшейтін, біздің табиғатпен үзілмеген таза әрі терең байланысымыздың айғағы.

Өзімнің ес білгелі көргенім сол еді – терезе алдына гүл сыймай тұратын. Оның ішінен шыдамдылау дегендерін анам мектепке беріп жіберетін /жаңа оқу жылы басталғанда мұғалімдердің сұрататындары бар ғой/. Бала кезде көріп өскеннің барлығы санаңа мықтап сіңіп қалады екен; осы үлкен қалада неше жылдан бері пәтерден-пәтерге көшіп жүруіме тура келді ғой, сонда бірінші гүлдерімді жеткізіп алуды ойлап тұрам: анау «Леон киллер» деген фильмдегі гүлін құшақтап қылмыскерлерден қашып жүретін кішкентай қыз сияқты жүргенім сол, кей достарым айтпақшы, әуреге түсіп. Негізі сол көші-қон мәселесі тек маған ғана емес, гүлдеріме де үлкен «стресс» - олар да кәдімгідей есеңгіреп қалады. Мен, мәселен, осы соңғы барғанымда Ақтауға, бір тәуліктей өз-өзіме келе алмадым, ал Алматыға қайта ұшып келгенімде тіпті бес күнге созылды «адаптация» мендегі. Гүлдерде де «жаңа жерге бой үйрету» деген болады, айтқым келгені. Сондықтан мұқият болу керек, көшіп жүргенде жапырақтары зақымдануы мүмкін, тамырлары...

Тарихына тоқтала кетер болсақ, үйде өсірілетін гүлдер қолданысқа XIX ғасырда ене бастаған. Бірақ, ең алғаш далада емес, ғимараттың ішінде гүл өсіруді әдемілікке жаны құмар мысырлықтар одан да ерте игерген көрінеді. Греция, Рим империясы және Қытайда да халық гүл өсіруге қызығушылық танытқан. Тек екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ғана гүл өсіру деген кең етек ала бастайды. Ол кезде енді бүгінгідей неше түрлі әдемі тұқымдары болмаған шығар, әйтсе де, қыз-келіншектер өсімдіктердің тілін түсінуге алғашқы қадамдарын жасапты, қуанарлық жайт. Соның арқасында біз үшін бүгінде гүл өсіру - таңсық дүние емес. 

Сонымен, гүлдерге қатысты не білеміз, нені білмейміз?.. оларға не қажет?.. Уақытында су құйып тұрсаң да солып қалатын гүлдер бар емес пе – оның себебі не?.. Мәселен, қалтасы қалың жігітке тұрмысқа шықтыңыз делік, ол сізге күнде болмаса да, күнара қымбат тастармен көмкерілген алқа, жүзік, білезік сыйлаудан шаршамайды. Үлде мен бүлдеге оранып жүрсіз... бірақ, сүйіктіңіздің қолы босамайды сізді бір сәт еркелетіп құшағына алуға: «Жаным, менде бизнес-ужин, бизнес-ланч...» - деп ұшты-күйлі жоқ боп кетеді сізді тағы бір «бриллиантпен» алдап. Зәулім коттедж үйдің іші жылымайды ешқашан, өйткені, жүректе бар салқындық... сол сияқты, гүлдерді де аз уақыт су құйып «алдауға» болады, тек күндердің-күнінде олар бұндай мәнсіз тіршіліктен бас тартады. Мейірім қажет, айтқым келгені, оларды назардан тыс қалдырмау керек. Жапырақтары шаң басып кетсе өсімдіктерге ауа жетпей тұншығады, оны кейбіріміз сезбейміз де. Арнайы су бүркитін құрал бар /ол кез-келген дүкенде болу керек, шаштараздың жиі қолданатын құралы ол бір жағынан/, сонымен жапырақтарын тазалап, жұмсақ шүберекпен жайлап сүртіп қою керек аптасына бір рет. Бірақ, асықпай-аптықпай, жапырақтарын зақымдап алмауға тырысқан жөн. Топырағына көңіл бөлу керек онымен қоса, даладағы қара тал өсетін қара топырақ, әрине, жарамайды. Ым-м... жарап қалуы да мүмкін, алайда, гүлге жандарыңыз ашитын болса олай істемейсіздер деп ойлаймын. Не дегенмен, үй гүлдері – барлық өсімдіктердің ішіндегі «элитасы» ғой, олардың намысына тимеу керек!!! Онымен қоса, қай гүл болмасын, күн сәулесінің өзіне тікелей түскенін қаламайды. Егер терезенің алдында тұрған болса жұқалтаң перденің тұтылғаны жақсы – сонда күннің өткір сәулесі жапырақтарын күйдіріп жібереді-ау деп алаңдамайтын боламыз. Егер гүлдерге қолайлы жағдай жасалмаса – жапырақтары солғын тартып, өңі кете бастайды; сөйтіп бірте-бірте жансызданады. Ал, «ауырып тұрғанын» байқап бірден тиісті шаралар қолдансаңыздар келеңсіз жайттардың алдын алуға болады, әрине. Мәселен, топырағы құнарсызданып кеткен болар, құйып жүрген суымыздың сапасыздығынан шығар немесе гүлге өзінің жайғасқан жері ұнамайды, бәлкім. Суға қатысты ең бірінші ескерту: хлормен улап өлтіргілеріңіз келмесе – құбырдан ағып тұрған суды қолданбаңыздар! Қолымызды жууға, шомылуға, амал жоқ, тура келеді. Бірақ, құбырдан ағатын сумен бетімізді жууға және ол H2O–ны /судың формуласын ұмытпаған болармыз?../ гүлдерге құюға мен қатаң тиым салар едім. Бензол, фенол, диоксин... ауыз судың құрамында басқа қандай улы заттардың бар екенін «біздікілер» тіс жарып айтпайды. Мен оны ресейлік бауырларымыздың бір бағдарламасынан көріп қалдым. Содан бері, шынымды айтсам, гүлдерді суғаруға тек қайнаған суды қолданам /суытып құям, әрине, бұрқылдап қайнаған шәйнектегіні ақтарып салуға болмайды деп ескертудің қажеті жоқ шығар/. Тағы бір пайдалы ақпарат: қара шайдың тұнбасын да құюға болады /менің анам солай істейтін/. Шайдың қалдықтарын да қолданады кейбір үйлер, бірақ, одан кейін гүлдердің топырағында майда шыбындар толып кетеді. Кей гүлдерде шайдан емес, басқа себептермен де шыбындар құжынап кетуі мүмкін. Ондайда /бір орыс әжейдің айтқан кеңесі/ марганцовканы суға ерітіп /түсі алқызыл немес одан да ақшылдау болу керек/ гүлдің топырағына құю керек. Шыбын-шіркейден құтылудың бірден-бір тәсілі осы – дезинфекция! Ым-м... тағы бір айта кетерлік жайт, кейбір гүлдер /тіпті гүлдердің көпшілігі дерлік/ күнге қарап өседі. Сол үшін гүлдің құмыраларын кейде әрі, кейде бері қаратып, мейлінше күн сәулесінің жан-жағынан түсіп тұрғанын қамтамасыз еткен абзал. Әйтпесе, олар бір жаққа қарай ауыр салмақпен «құлап» өсе береді. Ол, бір жағынан, әдеміліктен жұрдай етеді, екінші жағынан, гүлді ауруға шалдықтырады. Мәселен, кішкентай бүлдіршін мектепке барғанда мұғалімі ең алғаш оған партада түзу отыруды үйретпей ме, сол сияқты гүлдердің де «бүкіреймей» түзу өсуіне жағдай жасауымыз керек.

Иә, әр гүлдің өзіндік мінезі бар. Алоэ – көп суғаруды талап етпейтін гүл, мысалы, қыста тіпті сирек су ішеді. Негізі осылай әр гүлге жеке-жеке тоқталып өтуім керек-тін. Бірақ, сіздердің үйлеріңізде қандай гүл барын мен білмеймін ғой, сондықтан жалпылама жазып жатырмын. Ал, шындап кірісем десеңіздер, ғаламтордан оп-оңай тауып алуларыңызға болады. Мен сіздерге өз білетінімді, жалпы барлық гүлдерге қатысты мәліметтерді ұсынып отырмын. Қазіргі дүкендердегі еуропадан әкелінген гүлдердің арнайы кітапшалары бар екенін байқаған боларсыздар, олардың күтімі сәл-пәл өзгешелеу болады; ішінде шыдамдылары бар, тым нәзік – жіті қадағалауды талап ететіндері бар. Әркім өзіне ыңғайлысын таңдайды ғой, не дегенмен. Ал, енді ең маңыздысын айтайын: жылы сөзді қажет етеді гүлдер. «Қайырлы таң!.. Мен кеш келем, сау болыңдар!.. Қайырлы түн!..» - деген өз алдына, бір жас жапырақ шықса қылтиып: «Ой, қандай керемет! Қандай әдемісің!..» - деп тамсанып отырам үнемі. Мені, бәлкім, қияли дер біреулер. Мейлі, десе – десін! Былдырлап сөйлескенді жақсы көрем, олар да кет әрі емес, білем...  міне, сол менің сүйкімділерім – барлық сырымды білетін, сөйте тұра ешкімге тіс жарып айтпайтын адал достарым! /арнайы фотоссесия жасадым сіздерге көрсету үшін/. Ал кейін, «Шіркін-Life»-тың кезекті маусымын түсіріп келген соң, достарымның қатарына тотықұстар мен балықтар қосылады... деп жоспарлап қойдым!!!  

  /тағы бір пайдалы ақпарат: гүлдің құмыраларын әсемдеу үшін неше түрлі керексіз не керекті нәрселерді пайдалануға болады. Мәселен, мен Ақтауға барған соңғы сапарымда теңіз жағасындағы "ракушкаларды" арқалап келгенмін. Оларды түрлі-түсті тырнаққа жағатын лактармен бояп, гүлдердің топырағын әсемдеп қойдым. Бірінші суреттен анық көруге болады. Сол сияқты ірі-ірі моншақтарды да пайдалануға болады. Онымен қоса, теңіздің жағасындағы тастарды да терезе алдына жайып тастадым, ол да өзінше бір көрік беріп тұр. Негізі, әр аймақтың өзіндік табиғатына қарай материалдар табылады. Мысалы, Алматыда жаңбырдан кейін ұлуларды теріп, үйдегі бұйымдарды солармен әшекейлеуге болады немесе шыршада өсетін "шишкаларды" пайдаланады кейбір фантазерлар. Ал, ұлуларға қатысты болса: теріп аламыз (мүмкіндігінше ірілерін терген дұрыс), қайнатамыз бір ыдысқа салып, жобамен уақыт белгілейміз, содан соң пышақтың ұшымен жайлап ішіндегі "етін" алып тастаймыз да - кептіру үшін терезе алдына жайып тастаймыз. Ал, одан кейін өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша, сыртын бояуға да болады лактармен, не сол күйі қоя салса да - әдемі. Кейін сол ұлулардың тасымен әшекейлеген бұйымдарымды көрсетермін/. 

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Романтикалық кездесу бір... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-126/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-126/

Балауыз шам жанып тұр...   уақыттың  жүрісі баяулаған тәрізді, көңілімде алаңдаушылық жоқ... көзіне тік қарауға ыңғайсызданам... қорқам. Бейне бір бар сырымды ұғып қалардай сол адам. Осал емес, шын тырысса мендегі жайды оп-оңай суреттеп берер еді, оған күмәнім жоқ. Кім біледі, шет жағасын сезсе де, үндемей ішінде сақтап қалған болар - мен де айтпадым ғой көп сөзімді...  балауыз шам әлі тұр маздап жанып.  Ең керекті, ең маңызды деген сөздер әлі де болса айтылар емес. Ол да үндемейді, мен де... әлеуметтік мәселелер, қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, тіпті кешегі құрбыларыммен отырыс ұйымдастырғанымыз да әңгіме болды бірталай. Сол кеште бір жігіттің қылымсып танысуға ниет білдіргенін де жасырмадым. Білем, ер азаматтың жанында өзге жігіттер туралы айтуға болмайды, мен оны жақсы білем; әйткенмен, көргім келді көздерінен, сезгім келді әрбір әрекетінен... ол мені кішкене де болса қызғанды ма екен?  мүмкін ғой қызғануы?  мүмкін. Білдірмеді, әйткенмен... ұстамдылығы жеңіп кетті, білем. Ұнайды маған сондай мінезі ерлердің! Бала кезден бері арманымда жүрген ханзаданың мінезі ғой бұл... иә, тек мінезді ерді ғана армандаппын, түр-тұлғасын ешқашан елестете  алмайтынмын. Құрбыларым сияқты Рикки Мартин, я Backstreet Boys-дың жігіттерін жақсы көріп, сондай болса деген емеспін сүйіктім. Рас, Ален Делонға есім кететін – бір фильмін өткізіп алмауға тырысатынмын. Онымен қоса, талай әнші жігіттерге сүйсіне қарағанмын: Губин болды олардың қатарында, «Иванушки»-дің жігіттері; «Нұр-Мұқасан» дуэті «Бауыржан-шоу»-дан бой көтере бастағанда Мұқасанға іштей ғашық болған қыздардың бірі едім мен. Оның барлығы жай ғана иллюзия: оңаша қалғанда, кешке ұйықтар кезде тыныштық орнағанда үйде – қиялдайсың. Анау үнді киноларының сценарийін жаз деп жіберер болса мені сол кезде... ойымда неше түрлі әдемі эпизодтар тізбектеліп жүретін... Мұқасан гүл ұстап келеді біздің үйдің алдына... кешке тыныш болушы ма еді қала, мына бұрыштан төбелес іздеп жүргендер табыла кетеді; содан иық тіресу, артынша қатты-қатты шыққан гүжілдер, одан – төбелес... соңында аман қаламыз, бақыттан жүзіміз бал-бұл жанып... ойййй, бұндай романтикалық оқиғаларды кез-келген бойжеткен 18-іне дейін ойластырып, ұйқастырып, небір сценарийлерді жазып тастаған болар...

балауыз шам жанып тұр әлі.
  Әдемі отырысымыздың аяқталуға таяп қалғанын сездім. Ол адам телефонына алаңдай бастады. Оны іздеп жатыр:  маңызды шаруа болса керек, бармаймын деп айтпады. Ал, мен тоймай қалдым, құмарым қанбай қалды – бұндай ләззатты сәттер көп бола бермейді ғой, мүмкіндігінше отырысымыздың әлі де болса бірнеше минуттарға созылғанын қалап тұрды жүрегім. Жүректің ісі осы: ескертпейді, айтпайды... тек соғысы үдей береді. Қоштасқым келмеді менің. Қимадым. Сол сәт оны асықтырған телефонға ызаланғаным-ай!.. сол құрғыр телефон үндемей қалтада жата берсе ғой, алаңдатпаса ғой... далаға шықтық. Сенбі күнгі серуендеуге қолайлы ауа-райы. Күн күлімдеп тұр тас төбеден. Біз отырған мейрамханада қалды барлық айтылмай қалған сырлар. Бейкүнә балауыз шамдардың тағы басқа «екеулердің құпиясына» ортақтасары анық. Ортақтасады, бірақ, жәрдемдесуге дәрменсіз... қош айтыстық. Келесі кездесуден көңілім үміткер, алайда, қоғамның ережесіне қайшы келеді бұл тілегім. Қарама-қайшылық деген көп, иә, жер бетінде. Мен іздеген адам, мен армандаған жан қош айтысып барады. Ал, мен бақытым үшін күресуге хақым жоқ, өйткені... ол - өзгенің ханзадасы.   

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
«Шіркін, life Бурабайда!» http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-127/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-127/ "Шіркін,life!"шоуына байланысты сауалдарыңыз болса,жоба продюсері ретінде жауап беруге әзірмін]]> Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Қайырымдылық акциясына қосыл, бауырым! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-128/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-128/

Қымбатты менің оқырмандарым,

тыңдармандарым мен көрермендерім!!!

 

Көптен бері ойымда жүрген дүниені жүзеге асыруға кірістім. Өздеріңізге жақсы белгілі, соңғы жарты жылдықта табиғи апаттардың саны күрт өсті. Оған себеп жетіп артылады... бірақ, бір-бірімізге жәрдемдесуіміз үшін сондай бір келеңсіз жайттың орын алуын күтіп жүруіміз керек пе? Себепсізден-себепсіз қуантуға болады емес пе адамды?.. Жазғы демалыстарды уайымдап жүрген жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы ата-ана жаңа оқу жылына қатты алаңдаулы. Ол дегеніміз: қара домалақтардың қыруар қаражатты талап ететін кітап-дәптер, қаламдары мен киімі. Қазір олардың бағасы одан әрі өспесе, кемитін емес. Ал, кішкентай бүлдіршіндер, әрине, дәптердің әдемісін, қалам мен қарындаштың түрлі-түстісін ұстағысы келеді; өзгенің баласынан кем болмасыншы деп бір жағынан әмиянына сан үңіліп, бір жағынан баласының бетін қайтармауды ойлаған ата-ананың уайымы артады... бұл жағдай барлығымызға жақсы таныс. Көрген кезде жанымыз ашып жылы сөз айтамыз, бірақ, өзіміздің де шалқып жүргеніміз шамалы - қол ұшын беріп жәрдемдесуге мүмкіндігіміз бола бермейді. Ал, егер барлығымыз бірігіп жұмыс істер болсақ нәтижелі іске қол жеткізе аламыз. «Көп түкірсе – көл болады» -дейді қазақ. Барлықтарыңызды, барлықтарыңызды осы «Мектепке барамыз!» деген атпен басталған қайырымдылық акциясына қосылуға шақырам! Қолымызда ұялы телефондарымыз бар бәріміздің, смс жазудың шеберіміз қай-қайсысымыз болсақ та, ендеше құны бар-жоғы 75 теңге тұратын бір хатты жолдасақ – одан кеміп қалмаймыз, керісінше, қоғамға бір пайдамыз тиді деп көңіліміз марқайып қалады. Ол үшін: 


5454 нөміріне  


K komek        /K пробел komek/ 


- деп жазылған смс хатты жіберу керек.



Қол ұшын беріп жәрдемдесуге келіскен жандар көптеп табылып жатыр. Қазір компьтер жабдықтарын сататын дүкендермен келіссөздер жүргізіп жатырмын. Ол мәселе біздің жағымызға шешілетін болса – онда көп балалы отбасыларының әрқайсысына компьютер алып беруге мүмкіндік туайын деп тұр /өздеріңізге жақсы белгілі: қазір бірде-бір жұмыс компьютерсіз бітпейді, ал кейбір отбасыларының оған қолы жетпей отыр/. Онымен қоса, оннан аса республикалық басылымдар ақпараттық жағынан қолдау көрсетуге келісімін берді. Бірер күндікте плакаттар мен брошюралар дайындаймын. Және сіздерден де көмек болсын: барлық таныс-туыс, достарыңызға айтып жеткізсеңіздер! 

                             
                                                                                                  Ниеттеріңізге рахмет! 

                                                                                                  Сіздерге деген құрметпен: Маржан Құлмұратқызы  





]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Кешігіп жеткен жауаптар http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-129/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-129/ Блогыма жазған пікірлердің бәрін оқып шықтым, біріне жауап қаттым, енді бірі ұзақ баяндауды талап ететін ойлар екен.
Маған ең жиі қойылатын сұрақ та, тағылатын мін де - айтыстан алыстап, шоу-бизнестің өзге саласына бас сұғуым. Қазақ қашан да еркек кіндіктіден 8 қырлы, бір сырлы болуды талап еткен. Айтыс - ол менің өмірлік таңдауым, қайда жүрсем де, мен бірінші кезекте айтыскер ақын боп қала берем. Айтыс өнерінің басына шүйірілген бұлт, ара-арасында шығып тұратын күн жайлы мен айтпай-ақ білесіздер. Сол кезде бос уақытты босқа өткізбей, өзіме қызық дүниемен шұғылдануды жөн көрдім. Оның үстіне бірінші мамандығым актер ғой. Аздап рэп айтсам, бағдарламалар мен мәдени іс-шаралар жүргізсем, арнайы жобалар мен мюзиклдерге түссем, оның бәрі өзімді сынап көрудің жолдары.
Сәуір айынан бастап көрерменге жол тартқан "Бағдаршам" бағдарламасы жайлы көп пікір естимін, блогқа да біраз жазыпсыздар. Қолдау болса да, сыналып жатсақ та, менің сіздерге алғысым шексіз. Қуанышым да жоқ емес. Демек, бағдарламаның көрермені бар деген сөз. Экраннан Әсет пен Жұлдызбекті, Нұрхан және мені көргендеріңізбен, бұл үлкен бір ұжымның жұмысы және ол ұжым бағдарламаны жақсарту, дамыту үшін үнемі ізденеді. Егер ұсыныстарыңыз болып жатса, айтыңыздар, біздер, жүргізушілер, оларды тыңдауға әрқашан әзірміз.]]>
Сәлем бердік... Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Өмір-өзен ағады... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-130/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-130/
Асып-тасып, төгілетін,
Алқынып ұшатын көңіл-ай,
Өзгерместей көрінетін,
Баянсыз бес күндік өмір-ай,
Тасқын болып, тасып тұрған
Жастық шақ алдады таңдамай
Әлденеге асықтырған
Желігі басылмас жалған-ай.

Қайырмасы
:
Өмір-өзен ағады, әттең,
Өкініштің алауы
Жанымды жеп барады.
Өмір-өзен ағады, әттең,
Менің жаным жаралы
Қай жағада қалады?

Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, жаратқан.

P.S. Продюсерлер "керек" деп қоймағасын, қажылықта түскен бір суретімді қосып отырмын. Бірақ оның кімге керегі барын өзім де түсінбедім.]]>
Сәлем бердік... Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
9-шы Шілдеде http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-132/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-132/ 9-шы шілдеден (әр сенбі сайын) басталады. Егер сен 10, 11 сыныпқа көшсең , зияткер әрі білімді болсаң бұл ойын нағыз саған арналған! Біз сені "Хабар" агенттігінде 12.00-15.00 аралығында асыға күтеміз! Іріктеу 2 турдан тұрады. ]]> Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Подружка-жігіттер және ОЛ... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-133/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-133/

Сағаттың шырылынан ерте ояндым бүгін. Тәтті сезімге бөлеген жайттың барлығы – түсім екен... түн ортасы ауғанша өлең оқып ем қорқынышымды басайын деп, сол әсер еткен болу керек. Ұйқымды шайдай ашатын ыстық кофеден соң да тарқамады ол әсер: домбырамды алдым қолыма. Сағынам қоңыр даусын қос ішектінің, мамамды сағынам – ол кісідей: «Домбыра тартшы...» - деп қолқа салмайды бүгінде бір адам... ән айттым отырып ас үйде қою кофеден ұрттап-ұрттап қойып, рахаттана тыңдады гүлдерім. Ойыма бірер шумақ өлең келді, ыңылдап отырып өзімше ән жазғандай болдым. Тәп-тәуір шыққан сияқты еді, артынша ұнамай қалды әуені – жалғастырып жатпадым.
      Әнімді менің тыңдашы,
     Оралшы, мама, оралшы... – осы жолдары ғана қалды есімде... жайлап-жайлап ұмытылып барады бастан өткеннің барлығы, тек сол қоштасқан күннің әрбір минутын санамнан сызып тастау мүмкін болмай тұр. Ол ойға сан мың рет оралып, шаршап жүрген кездері бір жылап алуға себеп болады... иә, жылауықтардың тізімін жасайтын болса – мен үздік бестіктің алғашқы сатысын иемденер ем, ол – сөзсіз. Менің әлемімде осылай: ой деген тоқтамайды, қиял-жүйрік жүйткиді... анда-санда бас көтеріп: «Осы шынайы өмірде не болып жатыр екен?..» - деп сұраққа берілем. Өзгеріссіз болушы ма еді?.. бәрін тізбектеп қайтем – көп, әйтеуір, өзгеріс деген. Менің соңғы жазбам да өзгерткен сияқты ойларын кейбір оқырманның... дәл солай! Қызу талқыға салыпты, өйткені! Не дейін енді?.. /қазақ, әдетте, тойдағы тілегін осы сөздерден бастайды ғой/ шындықты қабылдағысы келмей шыр-пыр болып жүргендер бәрібір түсінбейді, бірақ, қазақтың көп жігітімен қазір «подружка» боп жүргенімді жасыра алмаймын мен де /«Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын...» - деген Мұқағалидың Фаризамен сырлас болғаны мүлде бөлек жағдай, шатастырмайық!/ Маған кездескендер «туымыз түстес» болып жатса,  жылтыраққа құмартып, тырнақ бояйтындар көбейіп бара жатса осы күні – мен бе екен кінәлі?.. кешіріңіздер, көпке ұнау үшін жазбаймын; жазған екем – негізсіз болмайды әңгімем. Көзбен көргенімнен бұрын, өз басымнан өткенді түсірем қағаз бетіне. Мендегі жағдай осындай! Қалқанын көтерген Қабанбай да, бөгде жұртқа сырын бермеген Бөгенбай да, ең бергісі, ерлікті барынша дәріптеген Бауыржан Момышұлы атамыз да түсінбеген болар еді осы күнгі тырнақ бояғыш еркектердің жайын. «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» - деп отыра беруге болады, егер біздің қазақтың жігіттеріне қатысты болмаса бұл әңгіме. Өзге ұлттың өкіліне өкпе артып қайтеміз, өзімізді жөндеп алайық! Найзасын көтеріп жауға шапқан батыр халықтың ұрпақтарымыз біз, еркектеріміз отырмаған тығылып жау шапқанда елге. «Түйенің жүгі жеңілдеген сайын жатаған келеді» - деп ұрсушы еді мамам жалқаулыққа салынып жүргенімізде. Бейбіт заманда ерлердің мойнына артылып жатқан ауыртпалық жоқ, не істерін білмей сұлулық салондарына әйелдермен жарысып баратындары содан ба екен?.. содан ба екен, әйтеуір, соңғы кездері жиын-отырыстарда: «Еркектер үшін!» - деп тост көтеруім жиілеп кетті менің де. Бұрын қылмыңдаған жігіттерге қабақ шыта қарасам, қазір қуанам қыздарға көңілі ауатын ерлерге. Қарасын, сүйсінсін, есі кете ғашық болсын, ынтық болсын, ынтызар болсын, өліп-өшіп сүйсін жан-тәнімен беріле, тек еркектерді емес – нәзік жандыларды! Бар арамызда табиғат-анамыз жүктеген міндетін атқара алмай жүрген ерлер, қатты сынға алам оларды...

    «қазаққа шықпаймын!..» - дегенім сол еді – ғашықпын бір қазақтың жігітіне! Тағдырымыз бірікпейді, бірақ. Білеміз – ол да, мен де. Сезім бағынбайды ғой, әйткенмен, қоғамның заңдылықтарына. Баянсыз деуге келе ме, білмеймін, мендегі махаббатты. Нұрхан досым айтқан: «Қозы-Баян, Төлеген мен Жібектің махаббаттары баянды, керісінше. Өйткені, олар сақтай білді сезімдерінің тұнықтарын. Қолы жетіп бір-біріне, қосылып қарық қылғандар шамалы...» - деп. Жанымда болмаса да – жүрегімде ол адам. Дәл қазір қайда жүр? – білмеймін; кіммен? – білем...   


                                                                 
                                                                                 *            *             *


 

              Төмендегі пікірлерге жауап бермек болғанмын... қысқаша емес, бірақ! соңғы жағы күнделік жазбаларына ұқсап барады күн өткен сайын...


08.07.2011, жұма
Қазақтың бар жігітіне күйе жағып жатқам жоқ, біріншіден. Бар екенін айттым – оны жасырғанда жеңіл болар ма еді?.. Екіншіден, мәрт жігіттердің барын да жоққа шығармаймын. Бар!!! Сыйлаймын оларды, өзгелерін – сынаймын қатты... күні кеше, естігендер бар шығар, бәлкім – айттым өтінішімді бар қазақ жігіттеріне радиодан: «Жігерлі болыңыздаршы...»- деген... смс жазыпты біреуі: «Ғашықпын сізге... әттең, тек қолым жетпейді-ау... аман жүріңіз...» - деп тура бір маған сөз айтып кеп, мен оның бетін қайтарып жібергендей. Адам тырысып көрмей жатып қалай жеңілуге дайын тұрады – ақылға сыйымсыз!  Телефон соқ, айт ойыңдағыны! Бұрын мамам ұрсатын: «Тіліңді кесіп алмайды ғой – айт! – деп, - керек жерінде». Тіпті телефонда: «Жоқ!» - дегенді естісең де нең кетеді, әйтеуір, тырысып көрдім деп нәтижесін біліп отырасың ғой. Кім біледі, келісетін шығар ол қыз сенімен кездесуге?.. сырттай тон пішіп, бірнеше километр қашықтықта жүре берсең – әкеп бере ме саған біреу қызын?.. Шақыр кездесуге, гүліңмен кел, көңілін тап! Енді қызға қалай сөз айту керектігін отырайын үйретіп ел үміт артып отырған ерлерге?! Телефон соғып үндемей тұру деген – не «прикол»??? Ондай жеңілуге дайын тұратындардың «ту түстес» емес, ЕРКЕК болғандарынан да пайда жоқ па дейсің кейде... сонымен қоймай, қыз бірінші қадам жасаса мұрнын шүйіретіндерін қайтерсің: «Жөні түзу қыз жігітке айта ма сырын?..»- деп. Мен тек табиғи міндетін орындаудан «жалтарғандарды» сынға алады деп ойламаңыздар – жігерсіз десем оның қатарына жеңіске ұмтылмайтындар да жатады. Қызға сөз айтып, көңілін бұрса – ол да бүгінгінің батырына «үлкен ерлік» боп көрінеді-ау, шамасы?.. «ғашықпын!» - деп жазатындар көп, мақтанғаным емес - ол хаттардың көптігінен масайып жүргенім жоқ. Керісінше, ызаланам қатты. Адам сонша енжар болар ма?.. немқұрайлы неге қарайды өз өміріне?.. күреспей ме?.. қыз басыммен мен жеңілмеймін оңайлықпен, айттым ба – соны істеуге тырысам, қамшылаймын өзімді; елдің алдында емес, ең әуелі өзімнің МЕН-імнің алдында сыйлы болғым келеді. Іштей берік болмасаң өзіңе, сенімді болмасаң – сырттағы дүниелерді де бағындыра алмайсың! Күләш Ахметованың өлеңінде бар ғой: «Жүк ауырын көтерсе азаматтар – керегі не әйелге мықтылықтың?.. » Шамасы келмей жатқан соң ерлеріміздің кейбірінің - тізгінді өз қолымызға алуға мәжбүр боп жатырмыз. Қыздардың қаталдау, қаттылау боп кеткенін – заманның «азғандығы» деп түсіндіруге болмас. Ерлер бағындыра алса, көндіре алса – бұлай туламас ек деп ойлаймын. Нәзік жандылардың 80 пайызынан көбі соны аңсайды : мықты азамат кездессе - алдында  иілуге, бұйрықтарын орындауға, бағынуға, жеңілуге дайын тұрады; тіршіліктегі күрестен бір сәт бас көтеріп  өзін әлсіз сезінгісі келеді, ӘЙЕЛ екенін есіне түсіріп қоятын еркек қайда бірақ бас-басына?.. ер мінезді азаматтары тапшы заман болды, отырады сол күрсініп-күңіреніп смс жазып... құдай-ау, кітап оқысашы, барлығы жазылған ғой тәсілдердің қызға жақын барудың, сөз айтудың... Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар»-ындағы Меңтайдың қызыл көрпесін қалай суреттеген,.. «Ботагөз»-ді оқып біткенімде жылағанмын егіліп студент кезімде, әлі есімде... Бексұлтан Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр»-ы қалай шымырлатып жібереді жүректі... кітаптардағы кейіпкерлерге ғашық болып өскен қиындау, бір жағынан, шынайы өмірден сондай адамды таппай дел-сал күйде жүресің. Бірақ, жігіттерге жақсы методикалық нұсқау болар еді бұндай махаббат романдары... жарайды, кітап оқымаса да, апта-ай сайын киноға барады емес пе: онда неше түрлі романтикалық кездесулер көрсетіледі. Соны неге қолданбайды дейсің өз өмірінде?.. қолданатындардың барын еске түсіріп отырмын... қапсыра құшақтап аш белімнен бір жігіттің айтқаны бар: «Енді сен былай айтуың керек... жігіт қызды құшағына алғанда солай дейді ғой киноларда...»- деп... ол романтик  жігітпен арамызда мыңдаған емес, миллиондаған шақырым жер жатыр... географияның да тікелей қатысы бар екен махаббатқа, тек физика мен химияның ғана заңына бағынбайды екенбіз.  

Негізі, қысқаша ғана пікір жазбақ боп оқталғам. Ойдан-ой туып біраз шимайлап тастағанымды аңғармай қалыппын. «Қысқаша смс жазуға да шабыт керек!» - деп айтқан еді бір жақын /өте-өте жақын досым/, күлгенмін: «Кітап жазып шыққан адамға, тәйірі, смс жазу деген қиын ба?» - деп. Сөйтсем, үлкен шығармадан гөрі сол смс-тың жайы бөлек екен. Түсірілім кезінде ... /оны кейін бағдарламадан көресіздер/ ...құлап-жығылып жарақат алғаным бар еді – көзімнен бір жас шықпады сонда. Есесіне, кітап жазғыш досымнан бір хат келіп егіліп жылағаным бар... смс дегенің - кейде бір күткен хабарыңды жеткізіп қуантады, кейде – осылай Маржанның ызаланып хат жазғыш «ғашықтарға» біраз өкпесін жазуына себепкер болады...

                                                                                  * * * * * * * * * * * 

10.07.2011 ж, жексенбі
...әлгі «жеңілуге» дайын тұрған жігіт-сымақтың жыры жалғасып жатыр. Бүгін таңғы эфирге шығатын болғандықтан ерте жатайын дегем ұйқыға - кеше. Телефоным шырылдап, тұтқаны көтердім, естігенім: «поступил звонок за ваш счет...» - деп сайрайды әдемі дауыс. Ең құрығанда бірнеше бірлігін қиып телефон соға алмаған соң ол жігіттен не күтесің? Қайдағы романтика осыдан кейін?.. Шыдамым жетпей өзім телефон шалдым. «Не керек өзіңе?» - деп сұрайын дегем. Тұтқаны көтермейді азаматың. Масқара! Бүйтіп еркек болғаныңша  - өлсейші! Сонысымен қоймай: «Құдайға шүкір, еркекпін! – депті, - сіз мен сияқты қарапайым жігітке қарамайтын шығарсыз... логиныңызды жазып жіберіңізші».  Қарапайымдылық па осы? Бұндай әрекетін жігіттердің қалай бағалауға болады? Жігерсіздік, намысының жоқтығы - ерге тән мінезден жұрдай екенін басқаша қалай жазуға болатындығын білмеймін. Естіп жүресің: «ойбай-ау, жігіттерді менсінбейді екен...» - дегенді. Ол, негізі, кез-келген бойжеткенге қатысты айтылады. «Өңі - ажарлы, күйеуге неғып шықпайды?.. соның менсінбейді-ау анау-мынауыңды...» - деп жүреді үлкен кісілер. Мынадай былықтың болып жатқандығынан бейхабар ғой олар. Бұрын бір көргеннен, не сыртынан көз салып жүріп қызды алып қашып кетіп жатқан жігіттерге барлығы үрейлене қарайтын еді, есімде... нағашы әпкемді әкетті жездем бәрімізді «шок» қылып, талай құрбым қалды сөйтіп жыламсырап – қазір балалы-шағалы боп отыр... құдай-ау, телефон арқылы сөйлесуге батылы жетпегендерден не күтесің, не деп ренжисің оларға?.. қазақ айтады: «Әйелінен ұялған баласыз өтеді» - деп. Жүрсін онда қызға сөз айтуға бата алмай «ұялып» алтын уақытын өткізіп бекерге! Қателеспесем, Қадыр ағамыздың өлеңдерінде болу керек: «Саған, жігіт, алмас жүзді жастықты – бәрін, бәрін жеңіп алсын деп берген!..» нағыз қан ойнап, қызып тұрған шақта жастықтың отымен ерлікке бара алмаса – ертең не болмақ? «Отызында орда бұзбаған, қырқында қыр аса алмайды» - шашасына шаң жұқтырмаған тұлпарлардың дүбіріне елең етпесе -  жиырма бесінен не қайыр айхайлаған?.. «Абылайдың асында шаппағанда – атаңның басында шабасың ба?» - биыл мерейтойы аталып өтілмесе де, халық «іштей тойлап» жатқан атаулы күн иесі - Абылайдың өзі бір аунап түсетін шығар жігіттердің әлсіздігін біз өкпелі үнмен айтқан сайын... «жігітсіз жүрмін!» - деп мұң шаққаным емес бұл, әкем: «ұл болады» - деп сонша күткенінде еркек боп туылмағаныма налимын, әйтпегенде, көрсетер ем шалбар киіп жүргендердің біразына...  

                                                                      *              *             *

12.07.2011 ж, сейсенбі
Жұмысқа, әдеттегідей, кешігіп барам... үйден тез жиналып шығуды әдетке айналдыра алмай жүрмін әлі. Тек: «такси тоқтай қалса...» - деп тілеп келем жолға жеткенше. Байқасам, әр күнім осылай өтіп жатыр екен. Бірақ, бүгін сәл басқаша болды!.. алдымнан аяғы ауыр бір келіншек шықты – әдеміше келген жас келіншек. Эфирден көріп жүрген болу керек мені, танығанын көзқарасынан аңғардым – жылы шыраймен амандасты да өз жолымен кете барды. «Қандай мәдениетті жан!» - дедім ішімнен. Себеп жоқ емес. Осы екі-үш күндікте адамдардың көп жиналған бір отырысына барып қалдым. Өзіме көпшіліктің назарын аударғым келмеді, бір шетте отырдым құрбыммен. Танып қалды бір адам... екі... үш... ыңғайсызданғаным сол – анау бұрыштан бір, мынау бұрыштан бір пыш-пыштасқан әңгімені ести бастадым өзім туралы айтылып жатқан; көзқарастары қандай өткір еді ол адамдардың... тура бір қылмыскерге қадала қарағандай – көздерімен сүзіп өтеді дейсің. Түсінбеймін, әлі де болса түсінбей келем. Мен де өзгелер сияқты екі қолы, екі аяғы бар тіршілік иесімін ғой. Менімен келіп сөйлесуге болмай ма, жай ғана өтіп бара жатып амандаса кетуге болмай ма, әлде саусағын шошайтып жануарлар саябағындағы бір мақұлықты көргендей кейіп танытуларын дұрыс санай ма?.. ұшып түстім үйге келдім де. Қызуым көтеріліп таңға дейін кірпік қақпастан дөңбекшіп жаттым. Шамам болмады тұруға: тоңып-дірілдеп шілденің шіліңгір ыстығында, таңғы эфирге де шыға алғам жоқ. Ондайда маматайым істеуші еді бір нәрселерді ырымдармен байланысты... жанымда ешкім болмады. Тіл-көзден ұшып кететінімді білем, бірақ, сол моншақ-түйреуіш дегендерді тағу есімнен шығып кете береді; әйтпесе, ондайға пысық едім. Не керек, сол ұйқысыз түні екі келі салмақ тастаппын, көңіл қуантарлығы – сол ғана... бала кезде еркелеп жата беруші ек, әрине, алдыңа асыңды даярлап бәйек боп жүретін адамыңның барын біліп жатасың. Есейгенде – басқаша бәрі. Қамшылап тұрғызасың өзіңді орныңнан, өзің емделуге мәжбүрсің, өйткені, жұмысың тоқтап қалмау керек. Егер ол жұмысыңнан басқа маңызды дүние болмаса өміріңде – онда қамшының он екі өрімдісін аласың қолыңа... жарайды, ауру туралы көп жаза бермейінші еске қай-қайдағыны түсіріп... елсіз далаға кетіп қалғым келеді кейде – ешкім танымайтын, ешкім білмейтін; кейде көптің арасында жүргенім жақсы деймін жалғыздыққа қатты бой үйретпей... мең-зең күйден арыла алмай-ақ қойдым. Оның үстіне, күн – ыстық, шыжғырып барады тас-төбеден шақырайып. Синоптиктер 36 градус десе, біз оған ойша бір ондықты қосуымыз керек – айтылған мен болып жатқан дүниелер сәйкес келе бермейді. Ол біздің өркениетті еліміздегі үйреншікті жағдай ғой, бірақ. Ешкімнің жұмыс істеуге құлшынысы байқалмайды. Бәрі, әйтеуір, кешкі 5-ті болдыра алмай жүрген бір жан. Ал, мен оларды шығарып салам үйлеріне бағдарламада оқылатын әдемі хаттармен. Қазір де «Стол заказов» болып жатыр эфирде...   

                                                                            *                *                 *                                 

15.07.2011 ж, жұма.
Сәті түсті әлгі «гудок тастағыш» жігітпен тілдесудің... смс хаттарымен толассыз шаршатып жіберді; амалым құрып өзім телефон шалдым. Бірнеше рет тұтқаны көтермеді. Әйтеуір, жауап берді бір кезде:

-         Сонымен?..

-         Маржан, мен саған кешке тариф нөміріммен телефон соғайын өзім...

-         Жоқ, қазір айта беріңіз! Не керек өзіңізге? Шаршаған жоқсыз ба гудок тастаудан?..

-         Енді... духым жетпей қалды... сөйлесуге...

-         Менің мазамды алу керек пе сонда?

-         Егер гудок тастамай кәдімгідей соққанымда сен менімен сөйлесер ме едің?..

-         Гудок тастасам сөйлеседі деп ойладыңыз ба?

-         Енді телефон соғам кәдімгідей...гудок тастамаймын...

-         Енді тым кеш! Бүкіл шымкенттік жігіттердің атына күйе жақтыңыз! Ғаламторға жаздым бәрін...

-         Қойшы... енді олай істемеймін...болды...

-         Тағы мазалайтын болсаңыз телефон нөміріңізді жазып қоям... – деп қорқыттым сөз соңында. Қорыққан шығар?..  тағы біреуі: «Мен сені сүйем!» - деп телефонды тастай салды. Оның да «духы жетпей қалған» болу керек, шамасы. Әй, жігіттер-ай, телефоннан тістеп алмаймыз ғой біз...

 


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін, life - Бурабайда!" -жаңа маусымның түсірілімі аяқталды! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-134/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-134/ Сонымен, тақырыптағы әңгімеге оралсам. Жаңа маусымның түсірілімдері өте қызықты өтті. Бұл жолы біз реалити-шоуға жаңа ережелер мен жаңа өзгерістер енгіздік. Спорт, драйв, экстрим, үрей, қуаныш, өкініш, махаббат, айырылысу, жеңіске деген ұмтылыс және патриотизм-мұның барлығы "Шіркін, life" реалити шоуының жаңа маусымында! Алдағы уақытта түсірілімнің қалай өткендігі жайлы және қатысушылардың бастан өткерген әрбір қызықты күндерін сіздер осы сайттағы менің және Маржанның жеке блогынан біліп отыра аласыздар. Ал, біздің шығармашылық топ дәл қазір жаңа бейнеклиптің және бағдарламаның монтажына кірісті. Бұйыртса ҚЫРКҮЙЕК айынан бастап реалити шоудың жаңа маусымын Құдай бере салған сүйікті "ЕлАрналарыңыздан" тамашалай аласыздар!

Ыстық сәлеммен, қазақ телевизиясындағы қара домалақтарыңыз Асхат Садырбай!

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
«Шіркін-life»-3 қалай басталды Маржан үшін... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-135/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-135/

Түсірілім жиырма шақты күнге созылады дегенде менің бірінші уайымым: «Гүлдеріме кім қарайды?» - дедім. Көршілермен аралас-құраластығымыз жоқ, белгілі ғой, алматылықтардың есіктерін тарс жауып алып «ожау сұраспайтыны». Әр бағдарламаға киетін көйлектерім және оған сәйкес аяқ-киім әзірлеу керектігі тағы бар... әйтеуір, қарбалас шақ болды. Содан бірер апта бұрын ғана бастағам қайырымдылық акциясын, телефон соғып мазалаушылардың көбейіп кеткендігі де әсер етпей қоймады. Шыжбыңдап жүрген кезім еді... жолға әрең дегенде жиналдым. Мөлдір құрбым шығарып салды, гүлдеріме бас-көз боп қалатын да сенімді адам еді ол. Продюсеріміз Толқын кішкентай қарадомалақтарын тапсырып жатса жолдасына, мен сапарға шығар алдында гүлдерімді дұрыстап тұрып аманат еттім Мөлдірге. 

Вокзалға келдік. Сапырылыс. Операторлардың жұмысы басталып кетіпті: камераларын қосып алып жүгіріп жүр екен ол шеттен- бұл шетке. Амандастым біразымен, бірақ, қабағым ашылмады: тырысып жүрмін қорықсын деп менен. Өзімнің о бастағы принципім бар: қатысушы-жұлдыздармен ешқашан дос болмаймын. Сәл шүйіркелесіп сөйлесе кетсем «жібіп» кетерімді жақсы білетіндіктен ара-қашықтықты мықтап ұстануым керек-тін. Оған Еспанов мырза ренжіп: «Маржанға не болған?.. салқын тартып жүр...»  - деп. «Қалыпты достығымыз түсірілімнен кейін жалғасады» - деп ескерткем, соның өзінде... ренжіген Еспанов қана, қорыққандары жетерлік - менен. Әсіресе, сылқым бикештердің көзқарасынан бір үрейді байқап қалдым. Ал, Асхаттан... ешкім қорықпайды! Осы жобаның «жауызы да, жалмауызы да» - Маржан. Оған үйреніп те болыппын... жүрмін жоламай қатысушыларға. Жігіттердің бірі: «Ой, Маржан, өмірде сондай әдемі екенсіз...» - деп жылы сөзін арнап еді, жұлып алғандай жауап қатты Маржан: «Бұл сізге жобада ешқандай жеңілдік бермейді!» - деп. Осы уақытқа дейін бірде-бір қатысушыға жақтасып көрмеппін: сыбайлас жемқорлыққа жол берген емеспін – соныммен мақтана алам! Өткен маусымда жерлесім деген Ғаділбекке қалай қарсы шыққанымды көрді ғой жұрт – күмәні болмас ешкімнің. Бұл жолы да «жерлестер» табылды – менің де, Асхаттың да. Бірақ, беттеріне күліп қарағамыз жоқ олардың. Тапсырмалар қиын болды! Өте-өте қиын!!! Динара Қырықбаеваның табаға өзгенің ашытып қойған қамырын салып: «Нан пісірдім!» - дегені, Салтанат Бақаеваның маникюрын ойлап картоп аршудан бас тартып безілдегені далада қалды. Осы жолғы «экстрим» кейбір қатысушылардың көз алдында бүкіл өмірін жылт еткізді санаулы секундтар ішінде. «Маржан не деп тиісер екен бүгін?.. » - деп қорықса кешкі бас қосу алдында, тапсырмаларды орындау кезінде үрей деген екі-үш есеге үдей түсті. Біздің жобаға бұрын қатысқандар: «Бізден де қызық болды ма?» - деп сұрайтынды әдетке айналдырып алған. 2-ші жоба басталғанда қызыға-қызғана қарады «біріншіге» қатысқандар,  енді «екінші» құраманың бармақ тістейтін кезегі! Өйткені, осы үшінші маусым – біз күтпеген тосын сыйларға толы болды! Дауластық, ренжістік, өкпелестік, жыладық бірге... татуластық артынша... ғашық болдық... гүл сыйлап сезімімізді білдірдік, Еспанов айтпақшы «тегін гүл ғой алқапта өсіп жатқан».

...әзірге осы! Күнбе-күн бастан өткен қызықтарды жазып отыруға уәде берем! Бағдарлама эфирге шыққанға дейін оооооой қанша уақыт бар. Сондықтан «интрига» жасай берейін астарлап жазып өткеннің барлығын. Келесі жазбамды 3-ші маусымдағы ең, ең, ең жағымсыз кейіпкерге арнайтын болам. Бір ескерте кететін жайт: әрбір жазбадағы құрмалас сөйлемдер тізбегі – менің субъективті пікірімді ғана білдіреді. Бәлкім, мен ұнатпай қалған қатысушыны сіздер жақсы көріп кететін шығарсыздар, кім біледі?.. сондықтан ренжіп жүрмеңіздер маған – қалай болғанда да мен өз көзқарасыммен қалай өтті түсірілім, соны сипаттап жазам. Сұрақтарыңыз болса – әдеттегідей жауап беруден жалтармаймын! Ықыластарыңызға рахмет!!!

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін life - Бурабайда" Участники № 1 http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-136/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-136/

-Айдын ҮСІПБАЕВА -  1992 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қол күресінен АҚШтың Лас Вегас қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Екі дүркін Азия чемпионы (2009 ж. Ташкент, 2010 ж. Индия). Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.  Спорт мектебінде жаттықтырушылық қызмет атқарады. Жамбыл облысы «Болашақ» гуманитарлық кәсіптік колледжінің студенті

 -Нұрлан ЕСПАНОВ – ОҚО, Арыс қаласында туылған. Танымал әнші, бірнеше хит әндердің авторы, сазгер, тележүргізуші. ҚР мәдениет қайраткері. Хоббиі: марка жинау. Үйде бос уақытында балық асырағанды жаны сүйеді.

 -Айжан НҮСІПОВА – 1988ж. Алматы қаласынан. Жастардың сүйіктісіне айналған «Слэнг» тобының әншісі. Студент. ҚР Президентінің алғыс хаты иегері, «Небо содружества» халықаралық фестивалінің жүлдегері. Бос уақытында бимен шұғылданады.

-Еркін МӘУЛЕН - әнші, ОҚО, Кентау қаласының түлегі. Республикалық «Жас қанат» байқауында «Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері, 2007 ж. Халықаралық «Астана Жұлдыз» байқауының лауреаты, 2008 ж. «Ән жүрегім Астана» байқауында бас жүлдеге ие болған. Ән айтудан басқа уақытта жүзу, еркін күрес, үстел теннисі сынды спорт түрлерімен айналысады. 

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Оңбағансыз не деген...кешірерсіз! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-137/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-137/

Мен –ойлаймын, ол – ойламайды... мен - әрбір минутында тәуліктің сол адам туралы, ол – іздейді деп мені.

Мен –аңсаймын, ол – аңсамайды... мен – бірге атқызсақ деп арайлы таңдардың бірін, ол – қайталанса деп сол алғашқы тәтті кездесу.

Мен – күтем, ол – күтпейді... мен – кездесуді ләззат сыйлайтын, ол – хаттарымды өзінен басқаға арналмайтын.

Мен – сенем, ол – сенбейді... мен – хабарсыз кетпесіне, ол – мендегі сезімнің шынайылығына.

Мен –сағынам, ол – сағынбайды... мен – құшағын ыстық, ол – еріндерімді тек өзін аймалауға дайын тұрған.

Мен – іздеймін, ол – іздемейді... мен – жылулығын өзіме деген, ол – арманшыл қызды түндерде қиялға берілетін.

Мен –ызаланам, ол – ызаланбайды... мен – сезіміне ерік бере алмады деп, ол – арамыздағы кедергілердің көптігіне.

Мен ашуға берілем, ол – ашуланбайды... мен – сонша немқұрайлы қарайтынына маған, ол – телефонды тастай салғанымда да.

Мен – жақсы көрем, ол – жақсы көрмейді... мен – әрбір қылығын өзінің, ол – сабырсыздықты мендегі.

Мен –сүйем, ол – сүймейді... мен – салмақты үнін, ол – өзін тағатсыздана күтіп жүрген аруды.

Мен – күлем, ол – күлмейді... мен – есіме алсам баладай аңғалдығын, ол – табиғатынан салмақты мінез иесі болғандықтан.

Мен – тырысам, ол – тырыспайды... мен – бүгінгі барыммен өлшеуге бақытымның мөлшерін, ол – азғана қуаныш сыйлауға маған.

Мен – таң қалмаймын, ол – таңданады... мен – ғашық болғаныма ессіз мықты ерге, ол – таңдауымның өзіне түскеніне.

Мен – алаңдаймын, ол – алаңдамайды... мен – алыстап кетер деп онсыз да қолым жетпей жүргенде, ол – кездесер деп бір сері жігіт алдынан.

Мен – қиялдаймын, ол – қиялға берілмейді... мен – түндерде ұзақ өзін ойлаумен ғана, ол – жүрсек деп қол ұстаса әдемі кештерде.

Мен - күрсінем, ол - күрсінбейді... мен - тымырайып өзінен бір хабар әкелмеген үнсіз телефоныма қарап, ол - уақыттың бізге қарайласпағанын ойлап.

Мен – білем, ол – білмейді... мен – мойындамайтынын оянса да сезімі маған деген, ол – өзгеге мойын бұра алмай жүргенімді өзін кездестіргелі, сыйлаған гүліне сан рет қарап сыр айтып.

Мен - жазам, ол - жазбайды... мен - ойларымды әр кездегі том-том қылып, ол - мені қуантатын бір смс.

Мен – айтам, ол – айтпайды... мен – сағынатынымды өзін сол сәт жанымда отырса да, ол – аңсары ауса да бір кез көргісі келіп мені.

Мен – тыңдаймын, ол – тыңдамайды... мен – өз  жүрегімнің үнін, ол - өзіндегі жүректі,  ақылға жүгініп тек қана.

Мен – жылаймын, ол – жыламайды... мен – үмітсіз келер таңыма налып, ол – ...еркек болғасын!






 Шығарманың аудио нұсқасын мына жерден тыңдай аласыздар: 

http://my.mail.ru/mail/tykyldak/


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін life - Бурабайда" Участники № 2 http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-138/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-138/ "Шіркін life - Бурабайда" реалити шоудың келесі қатысушылары!

-Назгүл ҚАРАБАЛИНА
Орал қаласында туылған. Танымал кино және театр актрисасы. Тарлан және Дарын сыйлығының иегері. Хоббиі: атқа міну

-Гүлмира АХМЕТОВА –Алматы облысынан. Тележүргізуші, «Бармысың бауырым» сынды бірнеше бағдарламалардың продюсері


-Талғат ЖОРАБАЕВ –ОҚО, Төлеби ауданында дүниеге келген. Талантты әнші. «Дискавери» байқауының лауреаты (Болгария). Халықаралық жас орындаушылар байқауының бас жүлдегері (Румыния). «Әлем әндері» байқауының лауреаты, (Молдова)

-Диана СӘДУАҚАСОВА – Қызылорда облысының тумасы. Самбодан Халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Азияның екі дүркін чемпионы (2007-09жж. Ташкент), Әлем кубогының 3-орын иегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Олимпиадалық даярлау орталығында әдіскерлік қызметте.

 -Медет КӨЖЕКБАЕВ –Жезқазған қаласынан шыққан жас әнші. «Арай» (бұрынғы «Арна») тобының мүшесі. Бос уақытында да ән айтуды жақсы көретін Медет, аракідік футбол ойнап тұрғанды ұнатады.


]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін, life" Бурабайда. Участники № 3 http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-139/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-139/ Еркебұлан ШЫНАЛИЕВ – Боксшы. ОҚО, Сайрам ауданында дүниеге келген. 2008 ж. Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. 2007 ж. АҚШ-та өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2007 ж. Азия чемпионы.  2006 ж. Әлeм чемпионатының күміс жүлдегері (Марокко). Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Бала кезінде футболшы болуды армандаған, бірақ әкесі боксқа қызыққандықтан боксқа апарған.

Рысбек АТАШЕВ -Әнші. Ақтау қаласында дүниеге келген. «Арай» (экс «Арна») тобының мүшесі. Футбол, бокспен шұғылданады. Отбасылы.

Диана ҚЫРЫҚБАЙ –Шымкент қаласынан. Тележүргізуші, жас актриса. «ҚазЛото», «Сүйінші» бағдарламаларын жүргізеді. «Любовь в кредит» к/ф-інде басты рөлдердің бірін сомдаған.


Бақтыбай ҚИСЫҚОВ –Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақша күрестің хас шебері. Екі дүркін Әлем чемпионы. Екі дүркін Азия чемпионы. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Қазақша күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, жаттықтырушы. Бос уақытында аңға шыққанды, балық аулағанды жақсы көреді.


Ренат БАСИТ- Әнші, «Азия» тобының солисті, актер. Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің әншісі. Хоббиі:
Бильярд, кино, кітап оқу.











]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Түсінем сені, Минеко, құпия бар менде де бір... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-140/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-140/


Түнде оқып бітірдім. Шеті бір шықпай жүрген еді осы кітаптың... әдетім бар сондай: екі-үш шығарманы қатар бастаймын – бірінен жалыға бастасам, екіншісіне көшем, солай – үшіншісіне... бұл кітап қолыма тигенде жай ғана қызығушылықпен бастағанмын: өзге елдің салт-дәстүрі, наным-сенімдері, жалпылама тұрмыс-тіршілігі – бәрі өзгеше ғой, білсем дедім. Ол кезде өзімнің де өмірімде барлығы басқаша-тын... қазір – бөлекпін. Кітаптың соңғы жағында сипатталған жағдайдың сол қазіргі өзгерген өміріме қатты ұқсап кеткені... жүрегімнің ауырғаны... соңғы парақтарын оқып отырып көзіме жас алғаным... Мен сені түсінем, Минеко, жақсы түсінем... қандай күйде болдың, қандай сынақтарға төзуге мәжбүрледі сені... тағдыр... Сен ғана түсінер едің мендегі жайды, өзгелер ұқпайды бәрібір – сынға алады, сөз етеді сыртыңнан; бейне бір өздері барлығын реттеп, өмірлеріндегі келеңсіздіктер мен қолайсыздықтарды орын-орындарына қойып алаңсыз жүргендей ақыл айтады келіп... ел не дейді деп елеңдеп жүргенім шамалы сонда да менің. Осылай шимайлап отырып жазам әлденелерді, түсінбес жан артынша сын пікірін жазып қалдырады. Оған шамданам біраз, түсінбейді деп емес, неге түсінуге тырыспайды деп. Шаханов ағамыздың өлеңінде бар еді ғой: «Қылмыспен тең – түсінуге тырыспау...»  кінәлап қайтем үйірі басқаны, өз бауырларыма-ақ ренжиінші алыста жүр деп, жанымда емес... кеткен өзім, бірақ, алыстап.  Ах, Минеко, Минеко, мен де кейін сен сияқты кітап жазар ма екем қателіктерден тұратын өмірімді сипаттап?.. өз өміріне ұқсас тұстарын тауып сол кітаптан бір бойжеткен отырар ма екен менше ойға беріліп?.. заманымыз – басқа болса да, жүрегіміздегі дерттің бірдей болғанын қарасайшы; қызық-ау, сонысы... әдетте осы: «Заман өзгерді, басқаша еді бұрын...» - деп үлкендер қоймай әңгіме айтады ғой. Өзгерсе сол – саясаттағы, ғылымдағы дамулардың әсерінен болғанды айтатын шығар, жүректің жайы – әлі де болса небір мықты деген мамандарыңның игере алмай жатқан дүниесі емес пе?.. білмейді ешкім, нақты айта алмайды - неден, қалай, қайтіп... жазады мақалаларды үйіп-төгіп, оқып қарасаң – өзіңнің білетініңнен аспайды әрі. Психологпын дегендердің қаншасының қарап шықтым қолжазбаларын – теориялық тұрғыда сауатымды арттырып жатырмын күнбе-күн, тәжірибеде ақсайтыным белгілі, әйткенмен... иә, ұқсастық көп өмірімізде, тек біріміздікі – аяқталды, біріміздікі – енді басталып жатыр, Минеко, айырмашылығы – сол. Әйтпесе, оқиға желісі бірдей екен: сезімнің жетегіне еріп кеткендердің жайы... түсіме кірді ол адам, шамасы, мен туралы ойлап қойған болу керек, әлде ұйықтар алдында мен қатты ойландым ба ол туралы.. әйтеуір, түс көрдім бір. Сен жазған кітаптың әсерінен шыға алмадым, білем, өзгенің де өмірінде осындай жағдайдың болатындығына кішкене жұбанған түрім бе  - басқаша өтті бұл түн, ояндым – басқаша. Өзгерген ештеңе жоқ, алайда, бәрі сен суреттеген оқиға желісіндей... менікі басталмай жатып аяқталады-ау деп қорқам, Минеко, сен үлгердің ғой татып бал дәмін сол ләззатты шақтардың, менде ондай да алданыш жоқ... күбірлеп кеше отырдым ас үйде түн ортасы ауғанша кітаптың басты кейіпкерімен - сенімен, Минеко, күбірлеп сөйлесіп. Бүгін де отырмын алдымдағы микрофон өшірілген уақытта жазбамнан бас алмай. Әріптесім Сережа түсіне алар емес менің күбірлерімді өзіне айтылып жатқан сөз бе деп; оқырмандардың талайы отыр қандай кітап туралы әңгіме өрбіп жатқанын біле алмай, нендей ұқсастықтың барын ұқпай, ең құрығанда соңғы жағында айтылар деп бірер сөз... табиғаттағы ашылмай жатқан талайлы құпиялардың бірі боп қала берсінші, жазбаймын ашып. Уәдем бар берген: сағынбайтын, іздемейтін, күтпейтін мені бір адамның... телефон шалар деп елеңдемейтін, балконға шығып темекісін түтеткенде өтіп бара жатқан біз өкшелілерге қарап мені есіне алмайтын; келсе де тәтті ойларды төріне шығармай, көңілінен біржолата аластатуға асығатын; қорқатын менің сезімімнен , өз сезіміне ерік бермейтін - іштей қалап тұрса да арнамайтын бір жылы сөзін... сағынбайтын, іздемейтін, күтпейтін мені бір адамның - қалам мен құпиясы боп!

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
23 шілдеде http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-141/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-141/ 23-ші шілдеде өтеді. Егер сен 10, 11 сыныпқа көшсең , зияткер әрі білімді болсаң бұл ойын нағыз саған арналған! Біз сені "Хабар" агенттігінде 12.00-15.00 аралығында асыға күтеміз! Келесі іріктеу 13 тамызда!  Іріктеу 2 турдан тұрады. (40 сұрақ) Іріктеуге байланысты сұрақтарыңыз болса, мына номерлер арқылы білуге болады: 8701 185 85 82, 8707 817 8187, 8771 405 406 0 (Дәулет)]]> Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Адам жоқ сүт пісіретін... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-142/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-142/



Ностальгия...


Бала кезде ғой...

 сүт пісіретінмін күн сайын. Құрғақ ұнтақты суға дұрыстап араластырып отқа қоясың да, тасып кетпес үшін жанында қарап тұрасың. Қазір ғой ол дайын сүтті сатып алатынымыз, бұрын қап-қабымен алып қоятын үйдегілер ұнтақ сүтті – соны пісіретінбіз шайға. Ол – маған жүктелген іс болатын. Әпкем екеуміз барлық шаруаны бөлісіп алатынбыз: шайды жинайтын – ол, ыдыс жуатын – мен. Сыпыратын – ол, еден жуатын – мен... шала-пұла істеймін, сол үшін талай ескерту де алғаным есімде. Бала кезде сондай шалағай болдым үй жұмыстарына. Үнемі асығып жүрем бір жаққа, қайда  - білмеймін?.. сүт піскенше де шыдамым әрең жететін. Кейде басқа нәрсеге алаңдап ұмытып кететінмін сүттің отта тұрғанын. Ұрыс естисің артынша, оған қоса ыдыстың түбіндегі қара дақты кетіру де – оңай емес. Неге есіме түсті?.. отта тұрған сүтке ұқсаттым өмірімді қазіргі. Баптап-бақылап тұрған жан жоқ: от маздап жанып тұр, сүт болса тасып-қайнап төгіліп жатыр. Олай да бұлай өткен жан е отын өшірмейді, е қарап та қояйын деп ықылас танытпайды. Әркімнің өз шаруасы бар мойнына жүктелген. Бірі - сыпырып, бірі – еден жуып жатыр, ал сүт пісіретін адам жоқ... оралмасқа кеткен. Аяқсыз қалды бастаған ісі - ақша бұлттардың арғы жағында жүріп уайымға берілетін шығар, жер бетінде оған алаңдап жатқан пенде көрінбейді. Сүт бұрқылдап қайнап жатыр әлі, қайнап... табылса ғой бір адам, әдемі етіп шайға қатып ішер еді ол сүтті... «бұл – менің міндетім емес!..» - деп басын алып қашып жатыр, әйткенмен, барлығы. Бірі – сыпырып, бірі – еден жуып, әркім өзіне жүктелген жұмысты атқарып әлек. От тұр әлі маздап жанып -  сөнейін демейді, тасып-қайнап сүттің берекеті кетті әбден. Өзгеріс жоқ. Тек сағаттың тілі ғана өзгеріп жатқанын еске салып қояды дүниедегінің – тәулік, күн, ай, жылдар...     






]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Репитиция и сьемки клипа! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-143/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-143/



 ]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Басталған еді осылай Бурабайда! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-144/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-144/
 



Әдеттегідей жан-жақтан жиналған жұрт... бірі - Шымкенттен шырайлы /аз емес болғандықтан тізімде олар - бірінші боп тұрады/, бірі - қарт Каспий жағалауынан, енді бірі - Ақтөбе... ойййй, ұмытып қалдым кімнің қай жерден екенін. Негізі мән бермеймін аса. Туған жері әрқайсысының ресми түрде қағаз толтырғанда керек те болған шығар, бірақ, түсірілім кезінде ондай бөлініс болған жоқ арамызда. Бір-бірін жақтырмай қалған болса кей адам - ол да өзіндік бір мінезіндегі ерекшеліктері үшін... 






Маусым айы болатын. Үйіп-төгіп жеңіл киімдерімізді арқалап шыққанбыз күн ыстық болады деп, өзенге шомыламыз деп те жоспар құрып бардық жолда... солтүстік аймақтың, әсіресе, біз болған Щучинск қаласының қыс мезгілі 5,5 айға созылатынын білдік пе?..  бүгін - күн күлімдеп тұрса, ертесі күні - жаңбыр селдетіп жауа кетеді екен, Алматыдағыдай артынша кемпірқосақ шығып жыли да қалмайды; кәдімгідей сап-салқын қоңыр күздегідей тоңасың...






Еске түсіретін дүние көп-ақ... "Тойдың болғанынан - боладысы қызық" деген әңгіме ғой баяғы. "Бола ма жалғасы?.." - деп жүрдік қанша уақыт. Одан: "Қайда болады?.. қашан болады..." дәл сол кезде шықты дау-дамай. Біздегі жоспарларға қайшы келіп қалды бұл түсірілімнің уақыты. Бірі: "Тойға баратын едім... бірі - ....кейінге қалдыруға болмай ма түсірілімді?" - деп, әйтеуір, қиқаңдай бастады. Мен де бармын солардың қатарында... режиссер досым Жәнібек Жанқараевтың үйлену тойына баруым керек-тін... менсіз өтті тойы! Түсіндіріп айттым, қатты ренжи қоймаған болар деп үміттенем... сөйтіп, той атаулының барлығын ысырып тастап бір шетке - кеттік Бурабайға көзді тарс жұмып!  






Бұл - біздің продюсеріміз Толқын Сейдуллақызы. Еңбегі зор бұл кісінің ЖОҚ-тан БАР жасап жүрген. Заты - "әйел" болса да, болмысы "еркекпін" деп жүрген талайды тамсандыратын мінез иесі. Сөзге қанша келіп қалып жатсақ та, барлық мәселені "еркекше" шешеді. Содан болар ойымыздың бір жерден шығатыны... түсірілім кезінде болды біраз қызықтар, дәлірек айтсам,  кішкене "конфликтный" жағдайлар, тек бұл жолы барлығы эфирден тыс қалмайды - көрсетіледі. Расында да, РЕАЛИТИ болды ғой, не керек...


















 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Телефон бар, иесі кофе жақсы көретін... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-145/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-145/                                                    

     

Телефон тұр үнсіз... ұялып, бір хатымен қуанта алмағанына. Қоңыраудың шалынуынан мүлде күдер үзген екеуі де: телефон және оның әдемі иесі. Қазір екеу болды, бұрын бір емес еді. Бөлек еді, бұндағыны – ол, ондағыны – бұл түсінбейтін. Алақайлап жеткізіп отыратын әрбір келген хатты: «Ием керек ете ме, жоқ па?..» - деместен. Қазір біледі ол ақылды телефон не керек екенін: кімнің хатына қуанып, кімнің қоңырауын күтпейтінін иесінің... даусы бәсеңдеу шығады жұмыс бабымен хабарласқандардың хаты келгенде, қоңыраулары естілмей де қалады кей кез; әдемі иесі түгіл телефоны мән бермейтін болыпты шамалыға. Оған керегі бір ғана нәрсе: нөмірінің соңы 80 санымен аяқталатын абоненттің хаты... не қоңырауы... байланыс нашар ма деп тексеріп көргісі-ақ келіп оқталады, иесінің саусақтары сол 8701.......80-ге бара бергенде телефоны қарайды оған ашулы жүзбен берген уәдесін еске түсіріп... бейне бір ұмытып қалғандай иесі. Қайдан ұмытсын?.. Берген уәдесін де, ол абонентпен бірге өткізген тәтті сәттерін де ұмыта алмай дел-сал күйде жүр ғой сол әдемі қызыл телефонның иесі. Біледі, бәрін... сылтауратып кофе ішуге барғандарында куәгер болған ол, тыңдаған сөздерін бөлмей әңгімелерін ұзақ, көрген көзқарастарын шарасыздықты жеңе алмаған -  біледі телефоны оның бәрін. Сонда да болса намысқа тырысады, естіді ғой иесінің уәде бергенін соңғы кездесуде: «Енді хат та жазбаймын, қоңырау да шалмаймын...» - деген. Анау абоненттің қатты екенін де көрді: «Ұзақ қоштасып кеттің ғой...» - деп қағытқанында кіжініп қалған кәдімгідей. Иесінің осал емес екенін жақсы біледі, әйткенмен, дәл осы жағдайда әлсіздік танытқанына қайран қалды – телефоны тани алмай жүр иесін. Не болған? Талай қоңыраулар кетіп еді ғой үзіліп, талай хаттар қалып еді жауапсыз - ол абоненттерге бас қатырмаушы еді. Бұл жолы... бәрі басқаша! Не өзгерді, не үшін, қалай өзгерді... әйтеуір, бірер қоңыраудың шалынғаны есінде – оған аса көңіл аудармап еді міндеті болған соң байланыс орнату, одан соң кофе ішті иесі сол абонентпен кездесіп... саусақтары дірілдеп отырған, иә... есінде... неге ол жағдайды назардан тыс қалдырған – содан басталып еді ғой ұлы өзгерістер иесіндегі... хаттар жазылатын болды күнбе-күн, жауаптар келе бастады біртіндеп, қоңыраулар ара кідік шалынып тұратын. Иә, орнап қалды енді үнсіздік бір түсініксіз. Анау сөзге сараңдау абонент те қуантайын демейді қалыпты қысқа хатымен, иесі де жұбанайын демейді, әйтпесе, хаттар келмей жатыр емес  – келеді. Өзгелер аямай жазады жылы сөздерін, ұсыныстарын  түптің түбінде... қабылданбайтын.   

Телефон тұр үнсіз... ұялып, бір хатымен қуанта алмағанына. Әдемі иесі жүр күтіп бір абоненттің қоңырауын. 8701.......80  нөмірі ғой тыныштықты бұзған үнсіз қалып...







]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Туған күні Обаманың... мен көтердім бокал! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-146/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-146/


Жарайды, енді, Обаманың да туған күні құтты болсын... деп қояйықшы! Жаңалықтардан күні бойы айтқандары сол болды ғой өзі. "Ойбай, атап өткелі жатыр...ойбай, бастап кетті...ой, дайындап жатқан тағамдарының иісі мұрынды жарып барады..." - деп әрбір сағат сайын хабар таратып отырды тілшілер. Қуансын! Тойласын!.. ол да біреудің әкесі ғой... анамның елуге жетпей қалғаны... тура биыл екен елу жасы ол кісінің... марқұм Құдайберген Сұлтанбаев әзілдеуші еді ғой: "Әкең өлсе - өлсін, әкеңнің көзін көрген мен тірі жүрейін..." - деп. Сол сияқты, анам болмаса да, анамның құрдасы Обама аман болсын деп отырмын...

«Күйіктің де күлкісі бар» - деуші еді үлкендер... бұл сөзді де анам кеткенде естігем. Иә, талай дүниені көріп, танып білуіме тура келді ғой сол кезден бастап – өз бетімше. «Мам, мынау көйлек жақсы ма?.. мам, былай істегенім дұрыс па?..» - деп әрбір басқан қадамымды сол кісімен ақылдасып шешіп отыратын ем, басқаша болмайтын да. Қазір айтып көр бір адамға: «Қара, көр, өзіңе қалай сияқты?..» - деп сенің орныңа шешім қабылдауға кірісіп кетпейді ешқайсысы. Өзің ойлан, өзің істе, өзің көр!!! Шешем кеткелі осыны ғана естимін. Қалай қиын десеңші үнемі шешім қабылдау; бір сәтке бойыңды жазып бар жауапкершіліктен безіп кеткің-ақ келеді... бірақ... білесің жоқ екенін демер жанның, көресің ешкімге керек еместігін сендегі қиындықтардың, түсінесің бар ауыртпалықтың маңдайыңа жазылған дүние екендігін... бір жылап аласың ұйықтар алдында, ертесі күні көзің ісіп жұмысқа барғанда айтар сылтауың сол: «Үнділердің киносын көріп ем...» - дейсің. Сенеді айналадағылар. Қайдан білсін жадырап-жайнап жүрген соң күн сайын, сені алаңсыз-қамсыз жүр деп ойлайды... Обама елуге келді деп сыр ақтаруға кірісіп кетіппін ғой өзі. Сегіз жыл өткенін білем, бірақ, тура биыл анамның елуге келгендігін ойға алмаппын. Кеткен күннен ғана есептеп жүріппін мен, өйткені, сол күннен бастап есеюге тура келді еркеліктің барлығын қысқартып. Қысқарды талайы арманның да, мақсаттардың да... қазір бір нәрсеге қанша ұмтылып тұрсаң да – тартыншақтайсың. Тәуекелге бел буып кететінім де тез – содан шығар, бәлкім... өмірдің дәл бұрынғыдай құнды болмағандығынан шығар... Ал, Барак мырза, көтерем Сіз үшін бокалымды! Шампанды да тура осы күні ойлап тауыпты ғой, көтерейік олай болса! Рамазан айында дұрыс емес, білем, бірақ... көтерем мен бокалымды Сіз үшін! Алысқа кеткен жақынымды еске салып жүріңіз аман!  






]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Қайырымдылық акциясы туралы!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-147/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-147/
]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жылдық ойын! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-148/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-148/ Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Жаңа маусым, жаңа жеңістер! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-149/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-149/

Маусымның ашылуына орай арнайы тапсырыспен жасалған  торт (тәтті нан).


 Еліміздің әр аймақтарынан келген ойыншылар бір-бірлеріне сұрақтар қойып, білімдерін шыңдай түсуде...

  
 Жаңа танысу, жаңа достар, жаңа ойыншылар, жаңа суреттер...


Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Біз әрқашан біргеміз! 

  Камераның алдында үрейді басатын, көңілімізді көтеретін, ақыл мен тәжірибені тең ұстайтын психологтарсыз болмас. Әрқашан да жанымыздан табылатын Гүлнар апай мен Сәуле апай өз психологиялық кеңестерін ортаға салуда.

      Құрметті көрермендер, жаңа маусымның жаңа ойыншыларын 27 тамыздан бастап, әр сенбі сайын 16.10-да эфирден көре аласыздар. Бізбен бірге болыңыздар. Бұл ойын көруге тұрарлық. Ойынға қатысты пікірлеріңізді асыға күтеміз. Сондай-ақ,  апта сайын жаңарып отыратын блогтың тұрақты оқырмандары көбейетініне сенеміз. Көрер қызық әлі алда!]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Көрер қызық әлі алда... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-150/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-150/




Кәуап пісіру үстіндеміз....




Жапон, Қытай, Үнділіктер "не істеп жүр?" деп ойлап қалдыңыз ба? Жо-о-о-қ олар ешқандай шетелдіктер емес. Біздің психолгтар Сәуле апай мен Гүлнар апай,ойында болатын сұрақтардың сарапшысы Нариман ағай ғой)))) 


Лаула алау, жалында жас көшбасшы!


Бірлігіміз жарасқан!


 9-шы Маусымның ашылуына орай ішімізден тілек тілеп тортты кесудеміз. (Негізінде бәріміздің тілегіміз бір. Ол тортты жеуді тезірек бастау еді)))))


Палаткадағы өмір...


 Шыңнан шыңға көшбасшымен бірге...

Құрметті көрермендер, бізбен бірге болыңыздар!





]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Хабарландыру! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-151/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-151/ 27 тамыз сағ 16.10-да
ЖАҢА маусымдық, ЖАҢА ойыншылар, ЖАҢА жеңістер, ЖАҢА сұрақтар! Бізде бәрі ЖАҢАша! 15 қыркүйек Қостанайда, 17 қыркүйек Ақмола облысы Көкшетауда, 10 қыркүйек Павлодар облысы бойынша Павлодар қаласында, 7 қыркүйек Астана қаласында ойынға іріктеу өтеді! (өтетін жері келесі блогтарда жазатын боламыз) Білімді де, алғыр 10-11 класс оқушыларын асыға күтеміз! 

Жиналған жанкүйерлер!


 Cүлеймен Демирел университеті (СДУ) және Қазақ-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) гранттары және Хабар агенттігінің ақшалай сыйлығы ұтысқа тағайындалатын ойынның алғашқы апталық ойыншылары назарларыңызда. Осы жылдың ең алғашқы апталық ойыншылары Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарынан!


 Бір, екі, үш... Біз түсірілімге дайынбыз!


Біздің арнамен бірге болыңыздар! Көрер қызық алда!







]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Екінші апталық ойын! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-152/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-152/  Құрметті көрермен, оқырман қауым! 3 қыркүйек күні ЖАҢА маусымның 2-ші апталық ойыншылары назарларынызға шығады. Ал өткен блогтарда көрсетілген Медеу баурайындағы суреттерді келесі 3-ші апталықта эфирден видео нұсқасын көре аласыздар! Біздің арнамен бірге болыңыздар! Осы блогта сіздерді 2-ші апталық ойыншыларын жеке таныстырып өтсем: 

Жандос Тұрмаханов! Ақтөбе облысынан! Жандос сурет салуды ұнатады. Таңдаған болашақтағы мамандығы-инженер. Оның ойынша көшбасшы адам білімді, адал, өз-өзіне сенімді болу керек.


Айсана Айсина! Ақмола облысынан! Айсана би билеп, сурет салуды ұнатады, ағылшын тілін жетік біледі. Сондықтан оның арманы-бүкіл әлемді аралап, ең биік шың - Эверестке шығу. Айсана, өмірдің де биік шыңдарын бағындыра біл.


Нұржан Советов! Шығыс Қазақстан облысынан! Нұржан ақкөңіл, сабырлы, достарына әрдайым көмектесуге дайын. Ол өз мамандығын кеден ісімен байланыстырғысы келеді. Мақсаты: халқына адал қызмет ету.


Қарлығаш Уәлихан! Оңтүстік Қазақстан облысынан! Қарлығаш дәрігер болғысы келеді. Арманы: ақ халатты абзал жандардың қатарына қосылып, еліміздің медицина саласының дамуына үлес қосу. Өмірлік ұраны: "Көрегенділік пен ізденімпаздықтың жемісі- білім".


Айдос Дүйсен! Шығыс Қазақстан облысынан! Айдос үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын нағыз көшбасшы. Ол күреспен айналысады. Оның айтуы бойынша өмірдің өзі күрестен тұрады. 


Ербол Қабышев! Ақмола облысынан! Бүгінгі күні Ерболды толғандыратын мәселе-еліміздің экологиясы. Оның ойынша көшбасшыда сабырлық, білім, ұйымшылдық болу керек!  

Осы ойыншылардың тартысты да, қызықты сайысын біздің арнадан осы сенбіде, сағат 16.20-да көре аласыздар! Бізбен бірге болыңыздар! Көрер қызық әлі алда!


   

]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Мектепке барғам жоқ... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-153/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-153/




   ...есесіне, мектепке бүгін бас сұққандармен бірге атап өттік Білім күнін!!! АРБАТта өтті мерекелік шара. Әріптесім /мен тастап кеткен радионың қызметкері әлі де/ Малик Рузиевпен бірге міндетімізді жақсы атқарып шықтық деуге болады толықтай. Мынау суреттер сол бүгінгі салтанатты мерекеден хабардар етеді: "Маржан тағы не жазды екен?" - деп менің блогымды ашып қарап жатқан көпшілікке.  









Мен, негізі, ұп-ұзын көйлегімді салып алғанмын сөмкеме. Әдетте, сахнаға ұзын көйлек киюге тырысам... бірақ, ұйымдастырушы жолдас ол көйлектің қажеті шамалы дегенді айтты. Сондықтан, уақыт оздырып ауыстырып жатпадым... дегенмен, тым қысқалау... мені онсыз да жақтырмай жүргендерге айтатын әңгіме табылды-ау, шіркін... жарайды енді, айтқышбектер түзу жүрсең де табады ғой тырнақ астынан кір. Аййййй, оған бола бас қатырып жатпаймын. Мен - осындаймын! Бітті!!! 





...айтпақшы, Малик бізде ән айтады ғой! Құрамында 2 қыз, 2 жігіт бар бұл топ "Аметист" деп аталады. Әндері  - заманауи, жаман емес! Бүгін олар бірнеше ән айтты, халық жылы қабылдады. Мереке аяқталған соң олар фотосессияға кірісіп кетті бірден. 






Ал, мен үйге асықтым. Аяғымдағы біз өкшенің биіктігі 15 см-ден асады, анық. Ауырып кетті аяғым. Шыдай алмай кеттім тіпті. Одан кейінгі уәделескен кездесуге бару үшін аяқ киімді ауыстыру керек болды міндетті түрде... шаршайтындай не істедік??? Ойнадық! Ойнадық, шынымен!!! Мектепке енді барған бүлдіршіндерді ортаға шығарып алып ойнаттық оларды. Арқан тартысты, өлең-тақпақ айтты... әрине, арқан тартыс болды ең қызығы! /суреттер болған сол ойыннан, бірақ, ол Денистың фотоаппаратында кетті/. Барлығы - көңілді, мәз!.. қызық қазіргі балалар: "Команданың атын ойластырайық... " - десем, ұсыныстары сол - командаларының атын: "Убивальщики... черный дьявол... трансформеры... " - деп қоймақшы... "Қандай мультфильм көрдіңдер?" - деп сұрасақ: "Ниндзя... барби... тачки..." - дегендерді тізіп берді... олар атаған кейбір мультфильмдерді көрмек түгілі, мен естімеппін де. "Да, Маржан, ты уже древняя..." - деді Малик мазақ етіп...
 ым...м.... мынау менің тотықұсым - Кеша. Үйге асыға жеткенімде қуанғаным сол - қанаттарын қағып шиқылдап қарсы алды мені. Әдетте, тотықұстар сөзуар болады деуші еді ғой - бәрі емес екен. Менің Кешам сондай момын. "Мен келгенде қуанған шығар... " - деп өзімше мен де қуанып қалдым. Бір жаманы, мысық-күшіктердей құшағыңа алып еркелете алмайсың тотықұсты... бірақ, бар болғаны да жақсы!  









...бір адам сыйлаған: "серік болсын саған" - деп. Кәдімгідей білінеді екен оның бары да... Қыздарды жақсы көреді, айтпақшы, Кешам менің. Алдында әріптесім Дина келген үйге, екеуміз сөйлесіп тұрсақ шиқылдап қоймайды дейсің... бірінші рет көрдім солай дауыс шығарғанын. Әдетте, үндемейтін. Содан шыққан қорытынды: Кешам қыздарға жақын екен. Иә... еркек қой, не дегенмен! 








Әрмен қарай, кездесуге асықтым. "Хабар" арнасындағы "Таразы" бағдарламасына сұхбат бердім аздаған сол баяғы "Шіркін-life" турасында... жаман жағын көбірек айтатын қашанғы әдетіме бастым ғой, әрине... мені жек көретіндердің ашуы одан сайын үдей түссін, мейлі... осы аптада көрсетіледі, егер уақыттарыңыз болса - тамашаларсыздар! Ал, мен ертеңгі түсірілімге дайындалайын, рұқсат болса! Әлі сценарийді қолға алғаным жоқ... продюсерім білсе бұнымды  - біраз бұрқылдайды... сондықтан, кеттім мен дайындалуға! "Азамат"-тың төрт бағдарламасын түсіреміз ертең... оңай болмайды... ішім сезіп отыр...  сәтті аяқталар деген сенімім бар, әйтеуір. 




   

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Айтарым бар... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-155/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-155/ Құрметті көрермен, оқырман! Жаңа маусым жаңа уақытта! Жаңа ойыншылар, жаңа сұрақтар бізде бәрі жаңаша! Осы аптада 3-ші апталық  ойыншылар назарларыңызға шығады. Эфир уақыты көрермендер сұрауы бойынша ауыстырылды. Енді біздің ойынды әр СЕНБІ сайын 13.30-да тамашалай аласыздар. Сонымен қатар 7-ші қыркүйек Астана қаласында 62-ші мектепте (сағ 12.00-де), 10-шы қыркүйек Павлодарда 25-ші мектепте (10.00-де) 10-11 сынып ойыншыларына іріктеу өтеді. Осы аптаның ойыншылары Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы облыстарынан. 


Рысжан Қабылқайратқызы! Алматы облысынан! Рысжан бізге Алакөл ауданынан келіп отыр. Ойынға келудегі мақсаты: өз білімін көрсетіп, жаңа достар табу. Ол ұлағатты ұстаз болғысы келеді. Сүйікті ісі-кітап оқу.


Асхат Тоқташев! Шығыс Қазақстан облысынан! Асхат рухани,мәдени, тоғыз жолдың торабында орналасқан Семей қаласының тумасы. Спортпен айналысуды жақсы көреді. Алға қойған мақсаты: темір жол саласында қызмет ету.


Ұлан Ілияс! Ақмола облысынан! Ұланның таңдаған мамандығы: халықаралық қатынастар. Қызықты оқиғасы: Юрий Гагаринді алғаш теледидардан көріп, "мен де сол секілді ғарышкер боламын"-деп үйдің 2-ші қабатынан жерге секірген екен. Сөйтіп ол жаңа жылды ауруханада қарсы алыпты.


Арайлым Акимова! Ақтөбе облысынан! Арайлым химия пәнін ұнатады. Сондықтан ол болашақта жаңа элемент ашып,оны Д.И. Менделевтің кестесінен көргісі келеді. Сүйікті ісі: астраномиялық кітаптар оқу, футбол ойынын тамашалау.


Мерхат Қабдешев! Шығыс Қазақстан облысынан! Мерхат Өскемен қаласында дүниеге келген. Таңдаған мамандығы: дәрігер. Оның арманы хирург болу. Арманыңа жет, Мерхат!


Әйгерім Төлеген! Қызылорда облысынан! Әйгерімнің таңдаған мамандығы: мемлекеттік және жергілікті басқару. Бос уақытында ән тыңдайды, жаңалықтар көреді., олең шығарады. Оның ойынша көшбасшы адам жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болуы керек!

Біздің арнадан алыс кетпеңіздер! Көрер қызық әлі алда!


   

]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Санаулы күндерден соң...11.09.2011, 20.00де http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-156/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-156/ "Шіркін life-Бурабайда" реалити шоуы 11-қыркүйек, кешкі сағат 20.00де басталады!




]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Көрер қызық алда... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-157/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-157/ 13.30-ға ауыстырылды. Біздің ойынды әр cенбі сайын 13.30-да тамашалай аласыздар! Осы аптада Жаңа маусымдықтың алғашқы айлық ойыны эфирге шығады. Ойыншыларымыз Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан. Өткен блогтарда Астана, Павлодар қалаларында іріктеу болады деп жазған едім. Іріктеу сәтті өтті. Ұйымдастырушылықты жоғары деңгейде өткізгені үшін Астана қаласының "Дарын" орталығының директоры Майра Жаноразқызына, ұйымдастырушы- Кеңесхан Қожақызына;  Павлодар облысының білім беру басқармасына, №25 мектеп ұжымына, Ғалия Әнуарқызына  алғысымызды білдіреміз.
Осы жолғы блогка осы кезге дейін көрсетілмеген суреттерді салуды жөн санадым. Ойынға, суреттерге қатысты пікірлеріңізді асыға күтемін!  

Бағдарламамыздың продюсері-Жанар Адамбаева. Жанар апай, кімге ренжіп тұрсыз? Бәрі жақсы болады. 

Ойынға қатысқан Әйгерімдер... Бірінші Әйгерім Шығыс Қазақстаннан болса, екінші Әйгерім Қызылорда облысынан. Дастархан әзірлеуде. Не әзірлеп жатқандары белгісіз.

Анар 2010-2011 жылдың маусымына біздің ойынға қатысқан. Сірә, Анардың қарыны ашып кеткен болуы керек. Себебі тауда 13.00-де жиналып, дастарханға 17.00-де бірақ отырдық. Анар, бізге айтпай не жеп жатырсың?

Нұржан: Мына тастың ауыры-ай, -деп тұр. Бұл тас бізге алау жағу үшін керек болды.

Ербол, Әсет не көрсетіп жатырсыңдар? 

Асхат "Қара жорға" биінің жаңа түрін көрсетуде))))

Дархан, Ашамен түскен суретіңді салдым. "Қашан саласыз, қашан?"-деп қоймап едің. Енді риза шығарсың?)))

Ардагерлер! Жооо-о-қ олар ешқандай соғысқа қатыспаған. Біздің ойынға қатысып кеткен ойыншыларды "ардагер" дейміз. Мейрамбек, Нариман,Әлібек.

Арайлымның қолындағы тортты біз әлі күнге дейін ұмыта алмай жүрміз)))) 

Айлық ойын біткеннен кейінгі сәт...




 
]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Түн... 218 кабинет... Берілген уәде... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-158/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-158/ Түн... Алматы уақыты 2.34-ті көрсетіп тұр. Дәл осындай уақытта мен ешқашан да "Хабар" агенттігінің 218-ші кабинетінде дәл осылай пернетақта мен elarna.kz сайтымен "дос" боламын деп ойламаппын. "Блогты неге үйде жазбаған?" деген сұрақтарыңыз туындаған болса, біздің ойынға келген жаңа (судай жаңа :-)) ойыншылардың фотосуреттері осы кабинеттің компьютерінде қалып қойыпты. Сөйтіп, "Хабарға" түн ішінде келуге тура келді. Ал "осы блогты неге күндіз немесе басқа күні жазбасқа?"-деп ойласаңыздар, ойыншыларға "бүгін қайтсем де блогка жазу жазып,фотосуреттер саламын" деп уәде берген едім. Уәдемді орындаудамын. Бүгін көшбасшы достарыммен велосипед (қазақшасын білмейді екенмін) тебуге барған едік. Біз тек сабақ, кітап оқып қана қоймай, спортпен де айналысамыз. Велосипедті қалай тепкенімізді эфирден көрерсіздер. Шаршап тұрсам да, "Хабарға" келдім. "Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені" деген халық нақылы да санама сақ ете қалғаны. Енді міне, мен 218-ші кабинеттің "креслосына" жайғасып, жазу жазудамын...
        Ойынды 24-ші қыркүйектен бастап әр сенбі сайын 13.30-да тамашалай аласыздар. Дәл осы күннен бастап, жаңа маусымдықтың жаңа апталық ойыншылары эфирге шығады. Осы жолғы ойыншылар Астана, Ақтөбе, Екібастұз, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен, Семей, Талдықорған қалаларынан келіп отыр. Сонымен қатар ойын шарттары да өзгертілді. Аша Матайдың қасына жаңа жүргізуші қосылды. Аты-жөнін әзірге айтпауды жөн санадым, эфирде көресіздер. Жаңа маусымдық, жаңа ойыншылар, жаңа жеңістер, жаңа жүргізуші,  жаңа уақытта... Қысқаша айтқанда, бізде бәрі жаңаша! Сондықтан да көрер қызық алда! Құрметті оқырмандарым! Біздің ойынға қатысты сұрақтарыңыз,ұсыныстарыңыз болса "пікірлер" деген сілтемені басып пікір қалдырыңыздар. Қойылған сұрақтарыңызға "міндетті түрде жауап беремін"- деп осы жерде уәде беремін (мен уәдемде тұрамын)  Кезінде Маржанға таң қалатын едім, "қалайша көп жазады екен?" деп, пернетақтаны "дос" қылсаң, тоқтамай жаза береді екенсің. Қазір Маржан блог жазуды қойды. Оған біздің сайт ұнамады. Хабардың сайтына (www.khabar.kz) кіріп едім, Серік ағамыздың (Абас-Шах) блогын оқып, ойландым да қалдым. Себебі Серік аға хабардан өз еркімен кететін болыпты . Еларнаның блогына Маржан, Хабардың блогына Серік аға үнемі жаңа пікірлер жазып жүретін еді. Бұдан былай Серік Абас-Шах та, Маржан да жазбаса, сайттардың блогы тым-тырыс болатыны анық. Сондықтан да әріптестерімді жеке блогтарын үнемі жазып тұруға шақырамын. Жарайды, әр нәрсенің өз қайыры бар. Жоғарыда айтқан, фотосуреттерді көріңіздер:

Еліміздің әр аймақтарынан келген осы ойыншыларды 24-ші Қыркүйектен бастап, әр сенбі сайын 13.30-да тамашалай аласыздар.
 
Космостан түсірілген))) Негізінде ағаш үстінен түсірілген фотосурет:-))))

Бұл ешқандай митинг емес))

Велосипедтерді Төле Би-Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан (Фурманов 117) "SNOWSHOP.KZ" дүкенінен алдық және де велосипедтерді жалға алу барысында біздің ойыншыларға 50% жеңілдік жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Ақтөбелік Азамат нұсқаушының көмегімен велосипед таңдау үстінде.

 Біз дайынбыз! Артқы жақтағы ғимарат жылдық ойын жеңімпазына грант беретін  Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимараты. (ҚБТУ-ды әлі көрмегендер үшін)

Ойыншылар камера алдында сұхбат беріп те үлгерді...

Арасында "қызыл телпектер" де жүр)))
    "Атар таңның батар күні бар" демекші бүгінгі күн де аяқталып, таңнын атуына да санаулы сағаттар қалды. Біздің арна қосулы болсын, ағайын! Ұмытып барады екенмін: 26 қыркүйек Атырау қаласында, 29 қыркүйек Ақтау қаласында 10-11 сынып оқушыларына ойынға іріктеу өтеді. 





 
        ]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Жұлдыздар" қорқытып жатыр мені http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-161/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-161/

«Қайта шапқан жау - жаман, қайтып келген қыз - жаман» - деген мақалдың тілге оралатындығы белгілі бұндайда. Бірақ, мен жау да, ақ босағадан сәукеле киіп өзге елге аттанған қыз баласы емес едім ғой... блогыма қайта оралдым, қысқасы! Кетуіме де себеп көп еді, оралуыма да себеп жетіп артылады. Өкініш жоқ, ең бастысы! Менде – жоқ, әйтеуір. Бары – бірінен соң бірі араларына «үтір» қойып келіп жатқан өзгерістер.

Иә, иә... өзгеріс көп менде! «Атасының басына Заң жаза ма – орындата алмаса...» - деп сұхбат бергеннен кейін  http://www.abai.kz/content/marzhan-syltanbaeva-oryndata-almasa-atasynyn-basyna-zan-shygara-ma    артыма түсіп біраз қуғындана ма деп едім – тыныш әзірге: Бекболат мырза да – үнсіз. Мен тастап кеткен радио баяғыша «Тіл туралы Заңды» өрескел бұзып тұрып жұмыс істеп жатыр, оған қарап жатқан адам жоқ. Істейтін басқа шаруа жоқтай: «Ғарышкерлер күнін қай күні тойлаймыз?..» - деген тақырыпта дауласып бір бітімге келе алмай жатыр. Мен болсам, қазір РЕТРО-дамын!  4 жылғы табанды еңбегімнен кейін неге кетіп қалдым деп еш өкінген емеспін. Қайта, керісінше, негізгі жұмыс орнымды өзгертіп, сол арқылы басқаша ойлауды үйрендім. Үйдегілер, әрине, қатты уайымдады. Қазір де алаңдаулы. Тек, әкемнің ғана көңілі – тоқ. Соңғы берген сұхбатым әкеме қатты ұқсайтындығымды тағы бір дәлелдеді, не керек. Айтпақшы, бүгін «Феличита»-да келген хаттарды оқып отырсам бір жігіт жазыпты: «РЕТРО-да неғып жүрсің???» - деп. Үйреніспей жатыр ғой деймін әлі тыңдармандарым )))) иә, иә... жаңа өмірге етің бірден үйреніп кете қоймайды, рас. Бірақ, жақсы дүниелер тез баурап алады өзіне, оны да жоққа шығара алмаймыз.

Кеш қайырлы! Енді қайта пікір алмасатын боламыз. Бағдарламаға қатысты болса, «Шіркін-life»- қа, жаңа ғана көріп шықтым біріншісін. Менде, үйде, тек «Еларна» көрсетпейтін. Енді жаңа пәтерге көштім /жалдамалы, әрине/, онда көк жәшікті арнайы мамандарды шақыртып қостыру керек. Алдағы уақытта бағдарламаны көппен бірлесе отырып көрем деген үміттемін. Қазір толық жаза алмаймын ашып. Келесіде маған ренжіп жүрген «томпақ» жұлдыздар туралы баяндаймын. Әрине... егер тірі болсам ол күнге дейін... иә, иә, нағыз қауіпті өмір менікі екенін енді сезіп жатырмын. Артық айтып қойсаң, жазып қойсаң, көрсетіп қойсаң – қоқиланып шыға келеді екен «аяқ-қолыңды сындырам»-ға басып... ондайлары да бар түрлері эфирден жылтырап жүретін жұлдыздардың... сондықтан, менімен бір нәрсе бола қалса алда-жалда – күдіктілерді айнымай танитын боласыздар! Жау алыстан келмейді дегенім ғой...

 




]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жай ғана жазба...жай ғана! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-162/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-162/

Аптаның бірінші күні маужырап, бірден іске кірісе кете алмайтынымыз жасырын емес. Дүйсенбі солай, әдетте, нәтижесіз өте шығады. Сейсенбіде, бірақ, қарқынды жұмыспен басшылықты да, өзіңді де – қуантасың! Солай болды бүгін! Әрине, жұмыс күнім менің әлі аяқтала қойған жоқ. Бірақ, жалпылама қорытынды жасауға болады. Шапқылаумен жүрдім таң атқалы бері: әуелі тренажеркада /дәл осы сөзді аудармай-ақ қойыншы )))/ содан соң - түсірілім барысында. Айқын келіп кетті, Ескендір Сіргебаевты жұмыстан ұстап алдым, Бауыржан Исаев та соғып кетті – сұхбат беруге. Майра Ілиясова ханым жүрген еді редакцияда, ол кісіден сұхбат алудың сәті түспеді, бірақ. Апта соңында шығатын ақиқаттың астарын, дәлірек айтсам, «шоу-биз»-ге қатысты сюжетті дайындап жатырмын... қазір енді алдын-ала ескертіп қоятын болдым: «Қорқытушы болмаңдар! Мені де қорғаушылар табылады!!!» - деп. Иә, сол бір томпақтарды көрсетем деп мұнда біраз «Санта-Барбара» болдық қой))). Одан кейін: «Аяқ-қолыңды сындырып кетпеді ме әлі?» - деп телефон шалып жағдайымды сұраған достарым болған. Ол да болса өмірдің бір қызық белесі! Адреналин жетпей жүрсе тағы бірер шымшыма сюжеттер шығарып жіберу керек – болды, жүресің сосын шалқып басып Алматының көшелерімен...

 

 

Қасымдағы жүргізушілер бірінен соң бірі үйленіп кетіп жатыр. «Азамат»-тағы Русланның тойына бара алмай қалғаным – ол бар, енді «Шіркін-life»-тағы Асхаттың да тойына бара алмайын деп отырмын. «Ретро»-дағы әріптесім Ғабит Қаматайдың да тойы болады осы демалыста. Оған барудың сәті түссе жақсы болар еді... кешкілік эфир бар қазір – радиода, соған асығып барам. Бағдарламаны көріп жатқан боларсыздар, мен – жоқ. Әлі теледидарды қостырған жоқпыз тұрып жатқан үйіміздегі. Бірақ, коммент-тердің біразын көзбен шолып шықтым. Жаман емес! Ең бастысы, қарама-қайшы пікірлердің көптігіне риза болдым. Адамның барлығына бірдей ұнау мүмкін емес, ұнауға тырыспаған да жөн. Әйтпесе, несі қызық??? Бәрі мақтай берсе... мектепте мен ылғи да мақтау сөз еститінмін. Соның өзі жетер! Жалығып кеттім жақсы сөздерден. «Ой, Султанбаева қандай жақсы, Султанбаева керемет жазады шығарманы, Султанбаева тағы да олимпиададан жеңіп шықты...» Ол мақтаудың бірі – шын жүректен айтылса, бірі – ескі әдетпен айтылып кете береді. Белгілі ғой. Мұғалімдер бір баланы жақсы көріп қалса – айрылмайды! Әу баста «жақсы» боп көрініп қалсаң – мектепті бітіргенге дейін «үлгі» боп жүресің өзгелерге... менің сын пікірлерді рахаттанып оқитыным да содан шығар деп ойлаймын. Әр адамның өзіндік пікірі болады және әр адам өз пікірін ашық айтуға құқылы. Соны ұмытпасақ болғаны! Жә-жарайды, мен эфирге кеттім! 

О, әріптесім Дина Төлепбергенова сәлем айтып жатыр сіздерге))))))!!! 

Ал, мынау мендегі соңғы түсірілген суреттердің бірі - экс-әріптесім, қазір жай ғана досым Малик Рузиевпен бірге бір мерекелік кешті жүргізгенбіз, содан қалған естелік!

 

 

 




 

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Тойдан қалып қойдыммммм...... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-163/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-163/

 Дәл қазір той бастала қоймаған шығар, қазақтың кешігіп жүретін қашанғы әдеті бар емес пе?.. Асхаттың үйлену тойы туралы ойланып, ойымдағылардың барлығын қағаз бетіне түсіріп отырған түрім ғой. Мен жете алмадым. Шынымды айтсам, кеше кешкісін аяқ астынан ұшаққа билет алып, бүгін таңертең кетіп қалуым мүмкін еді Шымкент жаққа. Оқталдым біраз ойым кетіп. Алайда, қол байлау болған дүниелер ойымды жүзеге асыруға жол бермеді. Әйтпегенде, кеше радиода отырып-ақ телефон арқылы біраз нәрсені шешіп тастар едім: билетке қатысты дегенім ғой. Ал, таңертең жиналып кете салар едім. Тек... мұнда «Ақиқаттың» монтажы бар, «Азаматтың» түсірілімі бар, «Шіркін-life»-тың сценарийі бар жазылмаған... сонымен, сылтау жетіп артылады тойға бармауымның! Қазір отырмын енді «бір қыз күйеуге шықса – қырық қыздың басы ауырады» - деген күйде. Ринат, Рысбек, Медет, Диана кеткенін білем – біздің үшінші маусымның қатысушылары: «Жолға шығып барамыз...» - деп телефон шалған еді. Жаңа біраздарда Нұрмұхаммед те телефон соққан /экс «All-давай»/, біздің екінші маусымның қатысушысы: «Қайдасың? Осындасың ба?..» - деп. Тағы кімдердің барын білмеймін, бірақ, МЕН қалдым ол тойдан. Санаулы минуттарда басталады: әдемі ән...беташар...тойбастар...тәтті торт...шаршағанын сездірмейтін кемпір-шал...әйтеуір бір нәрсеге өкпелеп кететін көп қонақ...ең соңында қалыңдық қолындағы гүлін лақтырады, оны қағып алған бойжеткен ақ үмітін арқалап үйіне көңілді қайтады... той сонымен бітеді! Бұл, негізі, әдеттегі тойлардағы бұлжымайтын сценарий... күні кеше телефон шалған бір жігіттің бұртиғаны бар: «Сол баяғы дәстүр бойынша киноға, ресторанға шақырып, гүл сыйлауым керек пе?.. оны барлық қыздарға қатысты айтуға болады, ал сенімен ерекше болғанын қалаймын...» - деп. Сондағы ерекшесі: ол маған түнгі 12-лерде телефон шалады екен жұмыстан қолы бір босағанда, мен оның әрбір әрекетіне түсіністікпен қарауым керек екен ақылды әйелдің кейпіне еніп. Оу, көкесі, әуелі қызды өзіңе қаратып алсайшы бірдеңе етіп, содан соң заңды түрде сенің «меншігіңе» айналғанда қайда кетеді сені түсінбегенде?.. Мен де ерігіп жүргем жоқ, тура бір осы қоғамда өзі ғана мұрнынан шаншылып жұмыс істеп жүргендей әңгіме айтты ма дедім ғой. Жоооқ, ашуланғаным жоқ. Күлкім келді. Оған қоса: «Сен мен туралы интернетке жазып қойған жоқсың ба?» - деп сұрап қоятынын қайтерсің. Менің әңгімемді естіген құрбыларым аң-таң боп, не керек, шай үстінде біраз күлісіп алдық. Мейлі, ескі дәстүр болсын, бірақ, қызды киноға не мейрамханаға «шақыру» ғана бірдей, ал одан арғы болатын жағдайлар «біп-бірдей» бола бермейді ғой. Кездесу бар – көргің келмей қалады ол шақырушыны, кездесу бар – аңсап тұрасың келесі шақыруын... ой, оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. «Свиданиеге» мен ғана шығып жүргендей әңгіме айтпай-ақ қояйыншы...

 

 

 

Қазір тағы да радиоға жүгіріп бара жатырмын: 3-қабаттан 6-ға көтерілем. Бір жақсысы, лифт жөнделіпті. Әйтпесе, бағана тұрып қалған. Үйге «Золушка»-дан бір сағат ерте барам бүгін, ал ертең таңертеңнен жоспарланып қойған кездесулерім бар: Мутурганчик келеді – үлкені, сосын Рома есімді шоумен жігіт. Олардың автокөліктерін түсіріп алмақшымын. Осы аптада «Ақиқатта» сол темір тұлпарлар туралы сюжет шығады деп жоспарлап қойғам.

 

Ал, бәрін айт та, бірін айт: «Асхат пен Ерке бақытты болсын!» – деп қолдарыңыздағы кофе не шайларыңызды ұрттап-ұрттап қойыңыздар! Менде – шай және... тәтті кекс... мммм, тәп-тәтті!    

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Уақытты дұрыс пайдалана білейік... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-164/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-164/ Тоқтаусыз өтіп жатқан уақыт-ай... Осы жолғы блогка жазуыма түрткі болған жайт - уақыттың тоқтаусыз әрі өлшеусіз өтуі. Өткен жазған блогтарымда да көптеген пікірлер жиналған еді. Осы жолы да пікірлеріңізбен бөлісесіздер деген үміттемін...
Шынымен де, қарапайым сәттерде «уақыт» дегенге мән  бермейміз, бос уақытымыздың қадірін түсіне білмейміз. Таң атады, кеш батады. Ақпараттық-технология дамыған ғасырда өтпей қоятын уақытымыз қас-қағым сәтте өтіп жатыр. Көпшілігіміз уақыттың қадірін біле бермейміз. Жақсы айтылған мына бір сөздер есіме түсіп отырғаны:
«Бір жылдың қадірін білгіңіз келсе, келесі сыныпқа өте алмаған оқушыдан сұраңыз.
Бір айдың қадірін білгіңіз келсе, 8 айлық сәбиді дүниеге әкелген анадан сұраңыз.
Бір аптаның қадірін білгіңіз келсе, апталық газет шығаратын журналистен сұраңыз.
Бір сағаттың қадірін білгіңіз келсе, кездесуге уағдаласқан  екі ғашықтан сұраңыз.
Бір минуттың қадірін білгіңіз келсе, пойыздан қалып қойған адамнан сұраңыз.
Бір секундтың қадірін білгіңіз келсе, жол апатына тосқауыл бола алмаған жүргізушіден сұраңыз.
Бір секундтың ішіндегі бір бөлігінің қадірін білгіңіз келсе, олимпиадада күміс алқа таққан спортшыдан сұраңыз»
Осы секілді мысалдар жетерлік. "Кейде өмірде ұзаққа созылатын және барлығын қарапайым минуттар шешетін қас-қағым сәттер болады"(авторы есімде жоқ).  Біздің ойын қатысушыларына да жылдамдық керек екені анық.  Ойында 1 секундтың өзі үлкен рөл атқарады, себебі, осы 1 секунд жеңістің тәтті дәмі мен жеңілістің ащы дәмін сезінуге себепкер болып жатады. Уақыт бізді ешқашан күтпейді. Осы орайда, ҰБТ-ға қалай дайындалғаным да есіме түсіп кеткені... Әне-міне дегенше, 9 ай (қыркүйек-мамыр) қалай тез өтіп кеткенін байқамай да қалады екенсің. ҰБТ-дан кейін: "осынша қиналғаным бекер екен ғой" дегендей күйді тағы кешкенім бар.  "Бекер ғой" деп дайыналмасқа тағы болмайды, себебі алда не боларын білмейсің. (ҰБТ-ға қалай жүйелі дайындалу керек екенін алдағы блогымда жазатын боламын) Осыған қарап-ақ, уақыт бізді ешқашан күтпейтініне көз жеткізуге болады. Адам баласы 3 нәрсенің қадірін түсіне білмейді екен: 1. Жастық шақтың, 2. Денсаулықтың, 3.Уақыттың  Сондықтан да әрбір бос уақытымыздың қадірін түсініп, жүйелі пайдалана білейік. Себебі әр күн біз үшін қайталанбас парақ, жеке тарих болып қала бермек.
Құрметті оқырман! 1 қазан күні, сағат 13.30-да болатын ойында дәл осындай уақытты тиімді пайдаланудың куәсі боласыздар. Жекпе-жек сайысына шыққан екі ойыншымыздың бірі қарсыласынан (ойын барысында ғана қарсылас, шынайы өмірде дос) компьютер түймешесін бірінші басып, жеңіске бір табан тіреп, айлық ойынға жолдама алады. Өткен блогта велосипед тебуге барғанымызды айтқан едім. Сол кездегі велосипед тепкенімізді эфирден көре аласыздар және де Астаналық Ерсұлтаннан битбокс өнерін тамашалай аласыздар. Осы аптаның 2-ші апталық ойыншылары Астана қаласынан, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан келіп отыр. Ойынға Қазақстанның әр аймақтарынан дарынды да, жеңіске құмар ойыншыларды іріктеп жатырмыз. 29 қыркүйек- Ақтауда, 4 қазан- Жезқазғанда, 7 қазан- Қарағанды қалаларында іріктеу өтеді. Алдағы уақыттарда (қазан айының 20-нан кейін) Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 10-11 сынып оқушыларына іріктеу өтеді. Нақтырақ келесі жолы жазармын... Өз аймақтарында іріктеуден өте алмай қалған оқушыларды сенбі сайын 11.00-13.00 аралығында  «Хабар» агенттігіне келіп тест тапсыруға болады. (Алматыда,әрине.) Ойын жайлы сұрақтарыңыз болса, сайтта пікір қалдырыңыздар немесе 87272700138 жұмыс номеріне хабарласыңыздар. 


Менің де уақытым тығыз. Қате жазылған сөздер болса, айыпқа бұйырмаңыздар. Себебі мені осы суреттегі Нияз ағам мен Қанатбек ағам күтіп отыр. Ойынның монтажы жасалу керек.

Екінші шақырылым (2-ші поток) ойыншылары, мынау өткенде "пошталарына салып жіберемін"- деп уәде берген сендердің сертификаттарын. Есімдеріңді де жазып қойдым.  Құдай қаласа, жұма күні поштамен салып жіберемін. Уақытым болса, әрине :-)

 Жоғарыда айтқан, "жекпе-жек" сайысынан кейінгі сәт. Нұрсұлтан, өмір осымен аяқталмайды. "Талмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" екенін ұмытпа!

Міне, осылай өтірік болса да күліп қой!

Екінші апталық ойын біткеннен кейінгі сәт... 
 Бүгінге жазарым осы. Келесі блог жазылғанша аман болыңыздар. Біздің арна қосулы болсын, ағайын!




]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Кеңес беріңіздерші... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-165/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-165/

Таңертең сағаттың шырылы, одан соң жаңбырдың тырсылы – жақсы ояндым! Мынау пәтерде, бір жаманы, жаңбыр жауса – терезенің жақтауына ұра ма тамшылар, әйтеуір, қатты тарсылдап кетеді. Алдында түнде тіпті ұйықтай алмадық. Оянған соң, таңғы астағы ең бірінші сөз сол – жаңбырдың тарсылына өкпемізден басталған. Бүгін олай болмады. Өйткені, апыр-топыр барлығымыз жұмысқа жүгірдік. Мен шақырып қойған қонақтар – Роман Миронов және Карим Мутурганов, белгіленген уақыттан кешікпей келді. Түсірілім жақсы өтті!!! Қазір енді тезірек сценариін жазып, видеоларын жинап дегендей... қыруар шаруаны атқарып тастауым керек! Тақырып – автомобиль!..


Айтқандай, түскі астарыңыз дәмді болсын және бойға сіңімді болсын! Далаға шығар болсаңыздар – жылырақ киіну керектігін естеріңізге салып қояйын. Жағдайым мәз емес болғандықтан осындай әңгіме қозғауға мәжбүрмін. Мұрным пысылдап, ыстығым біресе – көтеріліп, біресе – түсіп... мазам кетті. Бірақ, жұмыстың барлығын бір шетке ысырып тастай алмай отырмын. Құрғыр, алдыңғы күні тренировкадан шыққанда салқын душ қабылдап ем, содан тылпиып түстім-ау деймін. Жарайды, неден болғандығы маңызды емес, қазірге керегі – пайдалы ақпарат: қалай емделем – тезірек онда да! Ертең «Азамат»-тың түсірілімі таңертеңнен кешке дейін, ал кешке «Cinema Music Club»-та РЕТРО-ның тыңдармандары жиналады – онда да барып үлгеруім керек. Одан кейін, егер шамам жетсе, әріптесім Ғабит Қаматайдың үйлену тойына барғаным абзал еді... сонымен, кім ҚАНДАЙ КЕҢЕС береді: тезірек емделудің жолдары??? «Бабушкины рецепты» деген кітапша жүретін еді, сонымды таппай жүрмін. Әйтеуір, бал қосып ыстық шай ішу керектігін білем. Басқа?????..........

 





]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Құрғыр, тұмау......... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-166/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-166/

Кімнің жазғаны есімде жоқ, бірақ, айтылған ой есімде қалыпты. Расында, қандай да болмасын жаңа таныстық – саған жаңа дүниелердің есігін ашу керек. Мәселен, менің неше күннен бері автомобильдер туралы сюжетті жасаймын деп көзім біраз ашылып қалды. Бұған дейін қызығушылық жоқ-тын: джип па - ол, крузак па, тіпті мерс пен ауди-ды да айыра алмас едім. Қазір енді мықты шебермін демеймін, әйткенмен, таным аясы кеңейді айтарлықтай. Оған қуаныштымын!.. тек, ол қуанышты толыққанды сезіне алмай жатырмын мынау тұмаудың кесірінен. Оған қоса, күн сайын бір-бір хаттан келіп тұрады, блогқа коммент-тер жазылады... көбісі, мені жек көретіндіктерін жазады, сөзбен сыбап-сыбап алады. Бұрын, негізі, қатты уайымшыл болатынмын. Қазір, байқасам, уайымдауға, сол уайымды тудыратын ойлармен арпалысуға мүмкіндік болмай кетті. «Работа – наилучшее лекарство от безутешного горя» - деп жазған кезінде Мэри Кей Эш. Әрине, өзіңнің қызығушылығың болмаса – жұмыс сені құтқара алмайды ауыр ойлардан... соңғы екі апта – мен тіпті ойлауды доғарыппын үй туралы, бауырларым туралы, өзімнің жеке өмірім туралы... жұмыспен есім кетіп жүр. Иә, телефон шырылдайды мезгіл-мезгіл. Кеше біреу соқты, 33 жастағы еңгезердей жігіт, өзінің кәсібін әлі таппаған. Таң қалдым. Жиырмадағы жігіт болса – жағдай басқа, әлі аяғынан тұрып кетер дейсің. Отыздан асып кетсе де, өзіне не керектігін анықтап алмаған ер адамнан қорқу керек, меніңше. Әйтеуір, санама мықтап сіңіп қалғаны: «Отызында орда бұзбаған, қырқында қыр аса алмайды». Рас! Бұрын мектеп қабырғасында жүргенде мен «екілікші» оқушыларға мән беріп қарамайтынмын...мммм, менсінбейтінмін. Кейін, оқу бітіргенде түсіндім - әңгіме күнделіктегі бағада емес - адамның ұмтылысында, білуге құштарлығында, қызығушылығында. Мәселен, достарым бар қазір, сұрасам, мектепте сотқарлардың қатарында болған екен. Қазір, өз бизнестерімен айналысып жүр. Ол, бәлкім, математика мен географияны алып кете алмаған шығар, алайда, алғырлық бар болып тұр ғой қанында. Қазіргі нарық заманында әрекет жасаған адам ғана табысқа жетеді... негізі, қай кезде болмасын, әрекетсіз іс бітпейді, солай ғой. Іші «5»-тікке толып тұрған дипломымды, айтпақшы, енді сұратып жатыр екен арнадан. Қызық, 5 жыл бойы ешкімге керек болмаған ол дипломым. Онда да заң факультетін бітіргенмін мен. Ол енді жарай ма бір нәрсеге, заңдық күші жойылып кетпеді ме – соны анықтау керек.

Жаңа Есен мырза телефон соқты - Елеукен. Қазанның 3-4 қатарынан КВН болады екен /САЦ ат. театрда/. Сонда қазылар алқасына шақырып жатыр. Егер тамашалаймын десеңіздер, келіңіздер! Бірақ, билеттер турасында мен ештеңе білмеймін. Әйтеуір, естімей қалдық деп жүрмеңіздер /менікі – жарнама емес!/ сол, қандай киім киетіндігімді қазір ойша жобаластырып жатырмын. Оған дейін өз-өзіме келетін шығармын деп ойлаймын. Мынау тұмаудың бетін қайтару үшін не істемей жатырмын – дәрілер, уколдар, бал қосылған ыстық шайлар, сорпа... тек анау фервекс, терафлю дегендеріңнің бір жаманы – ұйқыны қатты шақырады екен. Ондайды ішкен соң үйде жату керек жылы көрпеге оранып. Ал, жұмыста отырсаң – маужырап, мысық сияқты қисая кететін жұмсақ жер іздеп отырасың... ойша.


Сенбі. Демалыс... ал, бізде – монтаж.

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Пейілі "өте кең" қазақпыз!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-167/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-167/

Маған біреу – ренжулі, мен – біреуге... Асхаттың тойына бара алмағаным өз алдына, сол уақытта телефон соғып та құттықтамап едім. Мазасыз жүрген кездері ештеңеге зауқың соқпайды ғой. Сонымен, ол жігіт ренжіп жүр телефонын көтермей. Ғабит әріптесімнің де тойына бара алмадым, ол – түсінді, әйтеуір, жағдайымды. Мұрным пыс-пыс етіп әлі жүрмін, бірақ, кішкене жеңілдеді тыныс алуым. Рахмет, сіздер берген кеңестерді қолдануға тырыстым. Соның ішінде, горчичник жақсы көмектеседі екен! Бірер күнде айығып кетермін деп ойлаймын.

Жұмысқа жүрегім алып-ұшып келіп едім. Кеше кешкісін әріптесім Малик Рузиев телефон соққан: «Алып кетерсің!» - деп ескертіп. Белгісіз біреу гүл әкеліп тастапты мен «тастап кеткен» радиоға. Шамасы, менің жұмыс орнымның өзгеріп кеткендігін білмейтін болу керек. Әйтпесе, РЕТРО-ға әкелер еді ғой. Гүлмен қоса хатын тастапты: «Лично Маржан!» - деп жазып. Жаңа барсам, гүл – тұр, хат – жоқ. Әрі қарадым, бері қарадым – таппадым. «Таңертең ғана жатқан еді...» -деп ақталады жігіттер. Оларға сендім. Бірақ, күдік деген зат ағаттау; ызаланып отырмын іші тар экс-әріптестеріме. Жо-жоқ, еркектер ондай әрекетке бармайды. Сол баяғы қатын-қалаштың қыстырылып жүретін қытымырлығы ғой – басқа ештеңе емес! Сол хатты ала алмай қалдым деп уайымдап отырғаным жоқ. Тек кеше ойлап қойғанмын: «Әй, сол хат менің қолыма тимейді-ау...» - деп. Өйткені, білем ғой қандай адамдармен жұмыстас болғанымды. Таңертең ғана стол үстінде жатқан, бір диджейдің жұмыс уақыты аяқталғанда ұшты-күйлі жоқ болып кетсе – кімнің ісі екенін білу қиынға соғып тұрған жоқ маған. Бірақ, ондай пасықтыққа барған адамның өз әрекетін мойындамайтыны белгілі, сондықтан оның деңгейіне дейін түсудің қажеті жоқ деп ойлап отырмын. Қуанып отырмын, бір жағынан, сондай адамның қасында жұмыс істеу бақытсыздығынан құтылғаныма! Ол адамның осы блогқа бас сұғатынын да – жақсы білем; сондықтан, жазып отырмын!

 

 

 


 

Қазақтың кең жерінде жүрген біздің –

көңіліміз де кең болсыншы!!!


 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Біз неліктен бәріміз «нервныймыз»? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-168/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-168/ Айналамызға қарасақ, күнделікті түрде күйгелектеп, шыж-быж боп, бірдеңеге көңілі толмай, «Том и Джерри» боп жүрген жеті-сегіз жандарды жиі көреміз де жатамыз. Мектептегі мұғалім болсын, университеттегі группаласыңыз бола ма, жұмысыңыздағы әріптесіңіз, қала берді мекемедегі қызметкер көңілі сыр көтермей, негативті энергетикасымен сіздің де көңілізді түсіріп не болмаса «қап, мынау-ай» дегізері сөзсіз. Мұның сыры неде, қадірменді ағайын? Қатардағы азаматтар бойына «нервотрепканы» ендіріп жатқан қандай күш? Санамалай берсек, сіз бен біз көптеген факторларды бірігіп анықтармыз (мүмкін өз пікірлеріңізбен бөліскенде, халықты «шыж-быж» ететін өзге факторлар жайында жатарсыз). Кішігірім зерттеуіміздің нәтижесі көңіл толтыратындай болу үшін, өзімізше мәселенің белін түйіп, кейс қарастырайық.

Алматының күздігүнгі шуақты күні батарға ауған беймаза кештің уағы. Дүйсен күнделікті жұмысын бітіріп, метроны аңсап, ышы адамға лық толы автобусқа кірген шағы. Кірді дегені арман ғой, (Алматының автобусымен жүріп көрсеңіз, бейне бір миллиард халқы бар Үндістанның не Қытайдың көлігіне мінгендей боласыз), есікке таман бір жерде кептетілді де қалды. Оған қоймай, кондуктор бала айқайға салып: «Аға, орта жағында орын бар ғой, сонда өтіңізсеңізші» - деп қояды. Орта жағында бір адамға жетерлік орын бары бар ғой. Бірақ одан не пайда? Алдыңда сығылысып тұрған келіншекті одан бетер састырып, құшағыңа қысып тұрғандай боласың, сосын артыңа иін тіреп тағы бір бозбала жайғасып тұра қалады. 

 - Әйтеуір, осындай «позицияға» тұра қаларым анық, деп ойлады Дүйсен. Бірақ, біріншіден, ұят емес пе? Екіншіден мен тұмауратып тұрсам, яки сондағы келіншек не бозбаланың біреуі тұмауратса, бір-бірімізге қандай жақсылық жасағанымыз? Олай болмас. 

Осылайша кондуктор баланың қарғысына қалып, Дүйсен орнынан жылжымай тұра берді. Артынан бір әйел кісі мінген екен, ол да ары жылжысай деп «үлкенсіп» ақылын айтып қояды. Бірақ... 

 - Кондуктор баланың көздегені пайда, әрине. «Мында бір адам тықпаласам, тағы бір адамды автобусқа мінгізуге мүмкіндік бар» деп ойлайды ғой ол. Әйелдің сөзі ақыл шығар, бірақ мен төлеген 50 теңгені ол да төлейді, пройызнойы жоқ болса, осындағының барлығы төлейді. Бірақ біреудің-біреуден артықшылығы неде? Отырған адам өз орнына 100 теңге төлеп, тұрып тұрса да, қысылмай тұрғаны 70 теңге төлеп, мен үнемдегенім үшін осылай жағымды «удобствомсыз» қысылып тұрсам, өкпем жоқ болар еді ғой. Алайда, бәрімен тең төлеп, мен дискриминацияға ұшырап тұрғаным мазалайды мені. 

Осыны оқып отырған біреу айтуы мүмкін: «ойпырмай, мынаның жазғаны несі? Автобуста тұрып тұрғаны деген «пустяк» әңгіме ғой» деп. Өкініштісі, біздің өмірде сол автобуста осындай «кемсітушілікке» ұшырағанымыз біздің ұғымымызда «пустякка» айналып кетті. Ал ол болмау керек еді. Себебі, 50 теңге болса да, оның қайыры бар. Неліктен, біреу соның рақатын көреді де, ал біреу толыққанды деңгейде көре алмайды? Беш тиынға тұратын осындай оқиға - неліктен біз алмағайып пайданың немесе төлемдердің рақатын көре алмай жүргенімізді түсіндіреді. 

Дүйсеннің әңгімесі әлі аяқталған жоқ еді. Онсыз да лық боп бастапқы аялдамадан шыққан автобус жолай түрлі аялдамалардан «конечныйға» дейін баруға ниеттенген жолаушыларды алып кете барды. Көлік ішіндегі Дүйсен мен өзгелердің «комфорт зонасы» мен «жеке кеңістігі» тарыла берді, тарыла берді... 

 - Негізінен, қазақ деген кең халықпыз, - деп ойын бастады Дүйсен алыстан. Комфорт, яки жайлылық, жеке кеңістігім деген мәселелерге көп назар аудара бермейміз. Жайлауды құлашты кең жайып, жазира далада иықты ешкіммен тіреп сығылысқан халық емес едік қой. Жер бәріне жететін... 

Әсте сол уақытта қазақ «private space» (жеке кеңістік) дегенді қайдан ұғынсын. Дегенмен, тығырыққа тіреліп, мекендері мен қалаларына сыймай жүрген Батыс өркениеттілері айналасының кеңдігіне жіті мән беретін. Және оның бұзылмауын ары санап, қатты қорғаштанатын. Асылы, англо-саксондық, американдық жұрттар сөйлескенде қашықтық сақтау, эмоцияналдыққа, әсіресе жестикуляцияға, төс қағысу, қолмен амандасу жиіліктеріне көп мән бере бастады. 

 - Мұның сыры неде? Кеңістік аз. Өз демалатын ауаң мен жайлы көңіліңді өзің бағуың керексің. Қажет пе талап етуің керексің. Өйткені бұл менің комфорт зонам. Ал ана кондукторда менде шаруасы болмасын. Керек пе, сол ортадағы бос орынға өзі кеп тұрып алсын. Маған келіп-кетері қандай?! Ыңғайлы жерде тұрмын ба, тұрмын. Осыған тәубе. 

Былай қарағанда қарапайым Алматы тұрғынының қарапайым хикаятында көп мән, және үйренерлік нәрсе жатыр. Бір қарағанда, біреу айтуы мүмкін, біздің әңгімелеп отырған кейіпкер менмен адам, тәкаппар деп. Бірақ, шындығында, ол мүлдем керісінше мысал етіп үйренуге тұрарлық адам. Себебі ол өз заңды құқығын жүзеге асырып жатыр, өз қалағанын заңды түрде талап етіп жатыр. Мұны бостандық, тәуелсіз көзқарас деп атайды. Шындап қарасақ, автобуста ешкімнің «мен мұнда тұрам» деген сатып алған орыны жоқ. Автобус персоналының шарты - жолаушыларды аман-есен, маршрутпен көрсетілген жеріне жеткізу. Қайда орналасасың деп жөн сілтеу емес. Жолаушы амандығы үшін, автобус толып кетпес үшін көшеде күтіп тұрған адамды да алмай кетуге болады. Басқа ұқсас ситуацияны алып қарасақ, мінгізу керек деп ұшақты не кемені адамға лық толтырмайсыз ғой. Себебі апат боларын топшалайсыз ондай жағдайда. Сонда неліктен қарапайым автобусқа келгенде миымыздың осылай «тормозы» ұстап қалады? Бұл, қызық, әрине. 

Посттың басында айтылған сұраққа тікесінен жауап қайтарсақ, бүгінді «современный» заманда халықтың жүйкесін тоздырып жүрген жоғарыда әңгіме болған жеке кеңістік болатындай. Жүгіріп жүріп қалаға қалай тап болғанымызды байқамай қаламыз, оның шектейтін күштері бар адамға әсер ететін. Қалада біз қораптың ішіндеміз. Табиғат емес кең жайылған. Табиғатты елестетіңізші, көңіліңіздің өзі кеңейіп кетеді, солай емес пе? Ал қаланы елестетсек, ұнжырғамызды төмен түсіретін бірдеме бар. Сол бірдемеміз комфорт зонасының қысылуы. 

Былайша жобалап пайымдасақ, 60-70 % қарапайым халық күнін автобусқа мініп, қалаған жеріне қатынаудан бастайды. Онда әсер етуші факторлар: 
  1. Құжынаған адам, 
  2. Ароматерапия + сауна (жазда да, қыста да) 
  3. Картоп тасығандай қозғалатын автобус
Қарапайым санамаққа жүгінсек, осы үшеуі сізді шектейді. Оған қоса физикалық фактор ретінде бір гәп бар. Менің өзіме де қызық нәрсе ол... 

«Мысалы автобус орташа есеппен 50-60 км/сағатына жылдамдықпен жүреді. Оның ішінде біз тұрамыз. Қозғалыссыз. Жылдамдығымыз 0-0,1 км/сағатына әрі кетсе, инерция үшін. Бірақ та денеміз кеңістікте орын ауыстырып келеді ғой. Интересно сол сәтте ағзамыз қандай күйде болады екен? Шок? Таңқалыс? Сознательно біз білеміз, автобуспен баратын жерімізді. Көзбен көрген соң, мимен ұғынған соң. Бірақ өзге дене бөліктері ше? Мысалы, жүйке жүйесі. Әрине олар түк те білмейді. Сосын ақау болады»

Осылайша, фактілерді тізіп, оқып, өзіңіз айналамыз неге «нервный» екенін ұғынған шығарсыз. Енді не қалды? Бәріміз, осы жағдай сол орнында қала ма, әлде шипасы бар ма деген сауал сіздерді мазалайтын шығар. 

Менің ойымша, бар. Ол шипа - кейіпкеріміз Дүйсеннің ой түйінінде жатыр. Өз жеке кеңістігімізді қорғау білуіміз керек. Не жақсы, не жаман екенін өзімізге - шешетін өзіміз, сондықтан тіліміз бар, айналадағыларға айтуымыз керек: «Жоқ, мен олай істемеймін, өйткені мен де жеке адаммын, тұлғамын, өзімнің талап ете алатын мүдделерім бар». Құдай-ау, бізде демократия ғой! Енді неге соның жемістерін пайдаланбасқа?

Комфорт зонаңызды қорғай біліңіз, құрметті блог оқырманы.


Нариман Қойшыбаев - «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының редакторы, КИМЭП 4-курс студенті. Қызығушылықтары: мәдениетаралық туризм, психология, маркетинг, адам және қоғам, коммуникация теориялары]]>
Мен жазбаймын блогымды ермек үшін.,, Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
ҰБТ-Ұлттық Біріңғай "Трагедия" емес... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-169/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-169/ Өткен блогымда "ҰБТ-ға (Ұлттық біріңғай тест) қалай дайындалу керек екендігін жазамын"- деп оқырмандарыма сөз беріп едім. Содан бері бір аптаның жүзі болды. 10-11 сыныпта оқып жүрген көшбасшы достарым: "Ағай, қашан жазасыз? Тезірек күтеміз"- деп пікірлер, ұялы телефоныма қоңыраулар, СМСтер де келіп жатты...

Енді, міне,блог жазуымның да реті келіп тұр. 2004 жылдан бастап ҰБТ елімізге енгізілгеннен бері тест жайлы небір пікірлерді естіп келемін. Тіпті ҰБТ-ны Ұлттық Біріңғай "Трагедия" қылып алғандар да бар. Қарапайым ғана 3,5 сағаттық тесттен трагедия жасаудың еш қажеті жоқ. Себебі, өз дайындығына сенімді болсаң, жоғары ұпайға қол жеткізетінің сөзсіз анық. ҰБТ-ға дайындықты неден бастау керек деген сұрақтың жауабына мен айтар едім ең алдымен мамандығынды таңдау керек. Көбіміз маған "грант болса болды" деп жатамыз. Олай айтуға мүлде болмайды. "Грант бар екен" деп оқуға түсеміз де, кейін дипломды алып жұмыс табалмай жатамыз. Жұмыс таба алмасақ үкіметті, басшыларды кінәлап жатамыз. Ондай жайттарды бастан кешірмес үшін өзің қалаған, (қай салаға бейімсің сонымен байланысты) мамандықты таңдау қажет. Қазақта жақсы сөз бар: "Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: бірі- мамандық таңдаудан болса, екіншісі- жар таңдаудан." Сонымен қатар армандаудың да артығы болмас. Армандау арқылы мақсат пайда болады. Осы бір арман мен мақсат адамды аянбай еңбек етуге жетелейді. Болашақ түлектер, сендердің еңбек еткендерің тестке дайындалу болмақ.

11 сыныпта менің таңдаған пәнім-география еді. Дайындықты математикадан бастадым. Ана тілім – Қазақ тілі болғандықтан, Қазақ тілінен дайындалмадым. Қазақстан тарихын оқулықпен дайындалдым. (солай дұрыс) Географиядан да оқулықтарды оқып, тест құрайтын едім. Орыс тілін аса қатты оқымадым. Көбінесе орыс тіліндегі сұрақтарды қазақшаға аударатынмын. Менің жинаған ұпайым- 122 болды. 5 пәнді алып тастағанда 97 ("Алтын белгі" деп мақтанып қояйын :-)  Әр адамның өзіндік дайындалу әдісі болу керек. Менің айтар ең негізгі ақылым- қай пәнді оқысаң да соған деген сүйіспеншілігінді ояту керек. Өзің қаламаған \ұнатпаған\ пәнді оқысаң бәрібір ол өз нәтижесін бермейді...
ҰБТ-дан аз балл алып қалған жағдайда көңілінізді түсірмеңіз. \суицид дегеннен аулақ болыңыз\ Бәрі өткінші нәрсе. Ит үреді, керуен көшеді. Өмір онымен тоқтамайды. Әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде жүрген Билл Гейтстің өзі 2007 жылы диплом алғанын естен шығармаған жөн.  

Көптеген оқырмандарымыз мен жайлы сұраған еді. 2009 жылы мен де ойынға қатысқан едім.

Ал мынау менің сертификатым. 97 балл! Болашақ түлектер, сендерге де жұғысты болсын.

Өткен аптада ҰБТ-дан 125 алған Әсем, Аида, Жанболат деген көшбасшы достарымнан сұхбат алған едім. Соларды да оқып шығу артық етпес:
-Әсем, сіз 2009-2010жж  «XXI ғасыр көшбасшысы» ойнының жылдық ойын жеңімпазысыз! Бұл ойын сізге не берді?
-Жан-жақты ашылуыма көмектесті. Бұрын ойынға қатыспай тұрғанда ұяңдау болғанмын. Ойыннан кейін жылдам ойлауға, пысықтыққа үйрендім.
-Өткен блогымда ҰБТ-ға дайындалу жайында жазамын деген болатынмын. Сіз сонымен қатар ҰБТ-дан 125 балл жинадыңыз. Осындай балға қалай қол жеткіздіңіз?
-Дайындалдым (күлді). Сынақ  кітапшаларындағы тесттерді орындадым. Кітаппен де дайындалдым.
-ҰБТ-ға қалай жүйелі дайындалу керек?
-Барлық 5 пәнді қатар алып жүру керек. Яғни, 1-2 ай тарих оқып, одан кейін тарихты тастап, басқа пәнді оқуға болмайды. Барлығымен бірдей уақытта дайындалу керек.
-ҰБТ-да шпаргалка қолдандыңыз ба?
-Шпор алып кірдім, бірақ, қолданбадым.
-125 балл алғаныңызда қандай сәтте болдыңыз?
-Қатты қуандым да, айқайладым. Ата-анамның құшағына қарай жүгірдім.(күлді)
-Бүгінгі күні қайда оқып жатырсыз?
-Қазақстан-Британ техникалық университетінде
-«XXI ғасыр көшбасшысы»  ойынының жылдық ойын жеңімпазы ретінде сізге келесі сұрақты қойғым келіп отыр. Біздің ойынға ойыншыларды шақырғанда ата-аналары- балам ҰБТ-ға дайындалып жатыр, келе алмаймыз деп айтатын ата-аналарға не айтасыз?
-Олай етуге болмайды. Себебі дарынды оқушының жолын бөгейді. Ойынға кез келген оқушы қатыса бермейді ғой. Ойынға қатысуды армандайтындар көп. Мен өзім Орал қаласынан Алматыға 3 рет келдім. (Апта-айлыққа, маусымдық,жылдыққа) Еш нәрседен ұтылмадым, керісіңше, ұтқаным көп. «XXI ғасыр көшбасшысы» ойынының өзі - үлкен мектеп.

 -Сәлем, Аида! Әсеммен бір университетте оқисыз. ҰБТ-дан 125 балға қол жеткізгендердің бірісіз. Сіз де осы ойынның түлегісіз. Ойынға қалай келдіңіз?
-Ойынға қатысуды бала кезімнен армандайтынмын. 2010 жылы іріктеу Шымкент қаласында өткен. Сол кезде жоғары нәтиже көрсетіп, іріктеуден өттім.
-125 балға қалай қол жетіздіңіз?
-Дайындықты 10 сыныптан бастадым. Тестке дайындайтын курстарға жазылдым. Оқулықтарды да бір емес, 2-3 мәрте оқып шықтым.
-Таңдау пәнініз не?
-География
-ҰБТ-ға дайындалғанда бәріміз де стресс, шаршау болды. Сондай сәттерде не істеу керек?
-Қатты қобалжи бермеу керек. Сабыр сақтау  керек. Себебі бәрі уақытша нәрсе ғой. 3,5 сағат деген не, өтеді де кетеді. Өмір онымен аяқталмайды. Сонымен қатар үнемі ата-ананың қолдаулары керек.
-125 балл алды дегенде қандай күйде болдыңыз?
-Класс жетекшім қоңырау шалған еді. Мен сенбей қойдым. Содан кейін өз көзіммен көрейін деп, тест тапсырған жерге жанұямызбен бардық. Өз ұпайымды көріп, жылап жібергенім бар.
-«XXI ғасыр көшбасшысы»  ойыны сізді неге үйретті?
-Ойынға қатысқанымның университтете де пайдасы тиюде. Ойын мені ұйымшылдыққа, тез ойланып, жылдам шешім қабылдауға үйретті.

 -Келесі 125 баллдың иесі- Жанболат Жаулыбаев. Сіз де кезінде (2010-2011жж) ойынға қатысқансыз, ойын сізге не берді?
-Мен ойынға Орал қаласынан келдім. Қазақстанның әр аймағынан келген оқушылармен танысып, білімімді шыңдап, оқуға деген құштарлығымды ояттым. Болашағыма сеніммен қарайтын болдым.
-Ал 125 баллды қалай жинадыңыз?
-125 балл алғанымды бір бақ деп есептеу керек. Себебі кез келген 125 ала бермейді. Осы жинаған балымда бір жыл емес, 11 жыл оқуымның нәтижесі жатыр. Бақ пен бап қатар жүруі керек секілді.
-Көптеген оқушыларымыз 125 балды армандайды ғой, соларға қандай кеңес бересіз?
-Әркімнің өз дайындалу әдісі бар ғой. Мен оқулықпен дайындалдым. Оқығын мәліметтерімнен тест құрайтынмын. Солай дайындалған дұрыс. Тесттерге 100 пайыз сене беруге болмайды.
-Шаршаған сәттерде не істеу керек?
-Кітаптан бас алмай, күні-түні оқи берудің қажеті жоқ. Анда-санда миды демалту керек. Адам қаншалықты демалса, соншлықты күш жинайды. «Күш жинау керек екен» деп дайындалмай қойып жүрмеңдер. (күлді) Әр нәрсе өз уақытымен. Мен шаршағанымда серуендейтінмін, компьютерлік ойындар ойнайтынмын.
-ҰБТ нәтижесін естігенде қандай сезімде болдыңыз?
-Достарым маған 124 алдың деді. Оны естіп көңілім түсіп қалды. Себебі мен өз-өзіме 125 алатыныма сенімді болғанмын. Нәтижесін өз көзіммен көрсем, шыныммен де 124 алыппын. Қазақ тілден 1 балл жетпепті. Ертесіңде аппеляцияға барып, менің жауабым дұрыс екендігін оқулық бойынша дәлелдеп бердім. Сөйтіп, маған 1 балл қосты. Сол кездегі қуанғанымды әлі ұмытар емеспін...
-Бүгінгі күні қайда оқып жатырсыз?
-Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс студентімін. Саясаттану мамандығында.
-Сұхбатыңызға рахмет! 
                                 Бүгінге жазарым осы... Біздің арна қосулы болсын, ағайын! 



]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Этикалық дилемма http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-170/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-170/ “ХХІ ғасыр көшбасшысы” бағдарламасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған дарынды балаларға жол сілтеп, олар үшін жаңа “әлемдерді” аша білу үшін көп нәрседен хабардар болуды талап етеді. “Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыздың” әңгімесі осы арадан басталады. Дегенмен, орыстың “Все гениальное - просто” дегені де бар. Сондықтан, кейде тылсым әлем, жаңалықтар, “ми қайнататын” мәселелер қарапайым құбылыстар, оқиғалар мен сұрақтарды шыр айналдырып қарағаннан пайда бола бастайды. Оны бүгінгі постыммен дәлелдеп көрейін.

Жалпы, ғылым әлемінде этикалық дилемма деген ұғым - берілген мәселенің шешімдерінің әр түрлілігімен және өзінің “кері” әрі “жағымды” әсерлері бар қорытындыларының әрқилылығымен ерекшеленетін құбылысты сипаттайды. Милтон дилеммасы, Абақты дилеммасы деп (Millton experiment, Prisoner’s Dilemma, etc) бәрін білгіш (әсте білгішсымақ) Google-ға терсеңіз, дилеммалардың түр-түрі мен анықтамасын табасыз. Мен сізге бүгін табиғаты тылсым біреуін назарыңызға ұсынайын. Соңғы кезде жауап берушілердің пікірлерінің әрқилығы қызықтырып жүр осы сұрақ жөнінде.

КЕЙС (ойдан құрастырылған) - 1944 жыл, Нацистік Германия, 3000 халқы бар елді-мекен, Холокост өршеленіп тұрған кез

Тау бөктерінде жалғыз үй бар. Оның ішінде орман шаруашылығымен біте-қата айналысып келе жатқан Бірінші дүниежүзілік соғыс ардагері, қазір діни жолға берілген, саясат атаулыға бейтарап (нейтрально) қарайтын чех азамат Янеш отбасымен тыныш тұрмыс құрып жатқан еді.

Янештің бір қабатты үйі таудағы жардың бөктерінде, әсем табиғаттың ортасында еді. Әсемдікпен ұштасқан қауіп-қатер де болатын. Бұл үйге төмендегі ауылдан жалғыз аяқ жол апарса, үйдің ар жағы - құз, сондықтан бұл үйдің балалары “үйдің маңында серуендеу” дегеннен оқшауланған жандар болатын.

Күздің қара суығы төмендегі ауылға дүріл әкелді. Жақын жерден Холокост салдарынан Нацист жендеттерінен үдере қашып, пана іздегендер осы ауылдан бүркеніш іздеді деген сыбыс шықты. Бір күні қараңғы жамыла шағын топ адам ауылдағы ең тыныш әрі алыс жер Янештің үйінің есігін қақты. Бұл топ үйге келіп, оларды үйге жасырып, арттарынан қуып келе жатқан СС жендеттерін құтқаруынан сұрады. Олардың сөзіне қарағанда, солдаттар бес минут ішінде Янештің үйі маңына жетеді.

Кейстің этикалық дилеммасы дәл осы жерден басталады.
Сіздерге сұрақ: Янеш не істеуі керек?

А жауап: Есікті ашып үйіне кіргізу керек, діні, ділі мен мәдениеті бөлек болса да, пана іздегендер - адамзат баласының өкілдері. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Бірақ, Янеш оларды үйіне жасырса, нацисттерге ӨТІРІК айтуға тура келеді. Ал Янеш сияқты дінді берік ұстанатын адам үшін ӨТІРІК АЙТУ деген кешірілмес, үлкен күнә. Ислам, Христиан, Иудаизм секілді әлем діндері өтірік айтудың қасіретін өз діни тәлімдерінде ашық айтып шыққан. Янештің пікірінше, ол әрекет оның дінге беріктігін бұзып, дінсіз етеді. Себебі ол өтірік айтып, қасиетті кітаптардан оқығанына қарсы әрекет жасайды. Сонымен, бірінші вариант қашқындардың өмірін сақтау, бірақ діни күнәға бату.

Б жауап: Есікті ашып, үйіне кіргізу. Бірақ нацистер келгенде, қашқындарды ұстап беру үшін. Бұл Янештің отбасына ауыл билігі тарапынан сенім мен мәртебе алып берер еді. Сонымен қатар, Холокост құрбандарын жасыру заңсыз. Заңды бұзуға болмайды, сондықтан оларды паналатып, полицайларға ұстатып беру керек.

В жауап: Есікті мүлдем ашпау. Өйткені бұл іс Янештің отбасы үшін қауіпті. Оның үш баласы, әйелі бар. Олардың болашағы төрт бейтаныстың болашағынан артығырақ. Өмір сүргенін қалайды. Бірақ олай істесе, пана іздегендер өмірлерімен қоштасады. Ауылға қарай қашуға мүмкіндік жоқ болады. Нацистер сонда. Тек амал жардан секіру, бірақ біреуі де ол әрекеттен соң тірі қалмас.

Сонымен, құрметті пост оқырманы, сіз Янештің орнында болсаңыз, қай нұсқаны таңдар едіңіз? Және мүмкін болса, неге екенін түсіндіре кетсеңіз.]]>
Мен жазбаймын блогымды ермек үшін.,, Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Білімді болу - бәсекеге қабілетті болу... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-171/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-171/ Газеттен мына бір жайтты оқып, тағы да терең  ойда қалдым: "өткен жылғы көрсеткіш бойынша, ел тұрғындары шамамен 13 миллион теңгеге кітап сатып алса, темекі өніміне 49 млн теңге жұмсаған екен." Қарап отырсақ, денсаулықты құртатын темекі мен адам баласын біліммен сусындыратын іске жұмсалған қаржы айырмасы шамамен 4 есе. Осыған қарап-ақ, елімізде кітапқа деген сұраныстың төмендегенін көре аламыз. Шынымен де бүгінгі күнде кітап оқып жүрген адамды сирек кездестіреміз. Қолына кітап ұстап жүргендерді көшеде көре қалса, сол адамды "задр" /бүгінгі күннің оқымыстысы/, ал қолына темекі ұстап алғандарды "модный" адам көргендей сынай таңытатындар да аз емес. Осындай санаттардың қатарында жүрген менің танысым бір күні маған: "Сен неге кітап оқи бересің?"-деді. Шамасы, мен оған "задр" болып көріндім. Шындыққа келгенде мен де көп кітап оқи бермеймін. Тек арасында "задрлығым" ұстап қалмаса :-)  Сол кезде мен оған Толстойдың мына бір сөзін айттым: "Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей." Расында да кітаптың жаманы болмас. /сектанттар тарататын кітаптардан басқасы/ Ол оқырманның көзімен жаман болып көрінуі мүмкін. Кітап оқу арқылы біз үнемі білімімізді шыңдап отырамыз. Білімді болу-бүгінгі күннің басты талабы. Білім мен байлықтың қайсысы артық дейтін болсақ, білім артық. Осыған дәлел ретінде Мырзагелді Кемелдің "Абзалдық әліппесі" кітабында мынандай жақсы сөздер бар:
 
1. Білім артық, өйткені, ол-пайғамбарлардан қалған мирас, байлық-бақылдардан қалған мұра.
2. Білім артықбілімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.
3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.
4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні таусылады.
5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.
6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.
7. Білім артықбілімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.
8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.
9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.
10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық деген екен.
Ал біз білімді болсақ, байлықтың өзі-ақ келері анық. Сондықтан да білімді жастарымыз көбейе берсің.
 

Бүгінгі таңда білімділердің басын қосып, "Хабар" агенттігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "XXI ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойыны 9-шы маусымдығын бастап кетті. 9 жылдың ішінде шамамен 1200-ден аса көшбасшыны түлетті! Осы жылдың 3-ші шақырылым ойыншылары Алматыда тренингтерден өтіп жатыр! Осы жолғы шақырылым ойыншыларын 22 қазаннан бастап эфирден сенбі сайын 13.30-да /сәрсенбі 15.30 қайталайды/ көре аласыздар. Ал осы аптада 2-ші шақырылымның АЙЛЫҚ ойынын тамашалай аласыздар. Ал 22 қазан Таразда, 24 қазан Шымкентте, 27 қазан Қызылорда қалаларында 10-11 сынып оқушыларына арналған іріктеу өтеді.

     Ағаштың жемісі бұтақта болса, білімнің жемісі кітапта екенін ұмытпайық, ағайын!     



    

]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-172/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-172/ - Алло, Даулет пе екен, жақынырақ танысуға бола ма?
                            - Сізбен жеке жолықсам бола ма?
                                                   - Алло, Дәулет, сізбен бетпе-бет  кездессе қалай болады?
                - Сізді кешкі асқа  шақырайын деп едім.
                                                                             - Сіз менің жерлесім екенсіз ғой
      - Дәулет, "ХХІ ғасыр көшбасшысы" ойынына інім қатысқысы келіп еді........

Бұл менің әр аймақта іріктеу жүргізгенде жиі кездесетін "сұхбатым"!!! Мен секілді ойынға іріктеу өткізіп жүрген Сәуле апай, Гүлнар апай, Нариман, Мейрамбек сынды әріптестеріме де осындай мазмұндағы қоңыраулар соғылып жататыны жасырын емес. Сырт көзбен көрген адам біздің ойынды ақшаға сатып алады деп ойлайтыны тағы бар. Олай айтуыма дәлел ретінде 2009 жылы ойынның апталық, айлық кезеңінде жеңімпаз атанғанда "көзі ашық, көкірегі ояу" кей достарым: "жеңісті қаншаға сатып алдың?" деп менен сұрағандары аз емес еді. 
Шыны керек, кей "пысықтарға" "XXI ғасыр көшбасшысы" ойынының ұжымы ұнамайды, біздің ұнағымыз да келмейді!!! Себебі сол "пысықтарымыз" жалған қонақжайлық, туыстық немесе таныстық танытып, қайтсе де ойынға өз танысын өткізгісі /қорабы ашылмаған тауардай/ келеді. Ағайын, өздеріңіз әділдік көрсете алмай отырып, өзгеден әділдік күтетіндеріңіз қалай?! Осындай әрекеттерге берер жауабымыз: ЖОҚ! "Ұшқыннан жалын лаулайды." Білімді бойына сіңірген жас дарынның шоғын сөндірмей, қолдау көрсету - біздің басты мақсатымыз! Әріптесім Мейрамбек екеуіміз осы күндері тарихы терең Таразда, шырайлы Шымкентте, сыр елі, жыр елі Қызылорда өңірлерінде 2011-2012жж 9-шы маусымының іріктеу кезеңін аяқтауға таяумыз. /жалпы Қазақстан бойынша іріктеу сапары аяқталды/ Ойынның мерейлі 10-шы маусымының іріктеу кезеңінде амандықпен жүздескенше!
Айтпақшы, бізде қуанышты ХАБАР. Әр эфирдің сапалы шығып, көрерменнің жүрегіне жол табуына үлес қосып жүрген әріптесіміз, режиссердің ассистенті - МҰҚАНОВА БЕКЗАТТЫҢ  27 қазан күні, Жезқазған қаласында ұзатылу тойы өтеді! Бекзат, бақытты бол!
 
Тойға бара алмасам да, мына букет бір өзіңе! /"В" деген жазуымен Bekzat :-) /

Қысқасы, Елбасымыз айтқандай, жастардың басты капиталы - сапалы білім. Олай болса, кемелді келешекке сапалы біліммен, ӘДІЛ қадам басайық. "XXI ғасыр көшбасшысы" ойынын сенбі сайын 13.30-да тамашалаңыздар! Біздің арна қосулы болсын, ағайын!   ]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Не жаңалық? (№1) http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-173/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-173/






1-Әнші Бейбіт Қорған қазір еліміздің барлық аймақтарын гастрольдік турмен аралап жүр. Біздің жобаға қатысып жатқан кезінде оның "Шоқ қыздар" әні шыққан еді, естеріңізде болса. Бұл ән оған бір кездері жоғалтып алған аудиториясын қайта алып келді. Тіпті Жеңісхан мен Ерболаттың тыңдармандары осыдан кейін Бейбіттің өнеріне қызыға бастады.
2-Ал, Ақылбек Жеменей қазақ эстрадасында осыған дейін болмаған бейнеклип түсірді. Өз басым оның бұл қадамына бас иемін. "Қаракөз Гүлнарым" әні Ақылбектің репертуарын жандандыра түсті. Реалити шоудағы оның образы, жаңа бейнеклипі халыққа жақын болғаны соншалық, оған деген сұраныс бұрығыдан екі-үш есе арта түсті.
3-Алмас Кішкенбаев шоуда өзін әлсіз сезінгенімен ән әлемінде қатарластарынан көш ілгері жүрмесе, қалысатын түрі жоқ. Реалити шоудан соң ол үйленді, екі бейнеклип түсірді (біреуінде әйелімен бірге), "Классик" деп аталатын топ құрды. Көршілес елдегі "Хор Турецкого" тобына ұқсас жоба екен, қадамдары жаман емес.
4-5-Қапқарашка Нұржан бауырымыз болса қазір жеке орындауда жаңа әндер жазуда. Есесіне дуэттегі оның сыңары Салтанат екінші жартысын тауып, тұрмысқа шықты. Естеріңізде ме, реалити-шоуда ол "Ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпаймын" деген еді ғой, дәл солай болды. Салтанат Талғарға келін болып түсті. Бұйыртса келер жылы ана атанады.
6-Ана болу бақытын басқа-басқа, реалити шоуымыздың финалисті Асыл Беделхан жақсы біледі. Әйгілі "Орда" тобындағы Ерболаттың жары  биыл өмірге көптен күткен сәбиін әкелді. Қазір жұлдызды отбасы тағы бір жұлдызбен толықты. Асыл, шоудан кейін ол "Қыз Жібектің мұңы" деген әнге бейнеклип түсірген болатын.Ал, әзірге ол шығармашылықтан уақытша қол үзді, өйткені балаға қарау керек дегендей.
7-Айтпақшы тағы бір "Мама 2011" номинациясының иегері, әнші Әйкерім Қалаубаева. Ол да қазір екінші сәбиін дүниеге әкеліп, үйде бала күтімімен отыр. Бұйыртса, алдағы уақытта шығармашылығын қайта шыңдамақ. Оның орындауындағы "Сағатқа сыр" әні қазір біздің арнадағы "Саз әлемі" байқауына қатысып жатыр. Қазылар алқасы жоғары ұпай бермесе де, Ринат Зайытов оған жаман пікір айтқан жоқ.
8-Динара Қырықбаева! Реалити шоудың ең ерке әрі жас қатысушысы. Жас болса да ол шоуда барынша қызық болуға тырысты. Жеке шығармашылығында да өмірінде де қазір ешқандай жаңалық жоқ. Соңғы рет тілдескенімізде жаң топ құрғалы жатқанын айтқан. Ел-жұрттың арасында оны тұрмысқа шыққалы жатыр деген сыбыс жүр. Бірақ, әзірге тым-тырыс...



Әзірге осы, келесі жолы қақаған аязда әскерге барған кейіпкерлердің қазіргі өмірлері туралы баяндап беремін. Ал, өздеріңізде не жаңалық?

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Қауіпті жұмыс - біздікі... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-174/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-174/

«Егер Сейфуллиннің, Майлиннің дәуірінде тусаң «халық жауы» деп атылып кеткен болар едің...» - деді кеше телефон соққан әпкем. Ол кезде күліп едім, қазір... жылап отырмын. Қандай ұсақ боп кеткен адамдар!!! Қанша күннен бері түсірілімде жүрмін. Камераны көрсе безілдеп шығады, алдында тұрып бірдеңе айтпас бұрын тіпті. «Ұрлық жасағанның – арты қуыс» - деуші еді. Шамасы, бәрінің бүлдірген «бірдеңелері» бар болған ғой деп пайымдадым. Әйтпесе, ойын жалтақтамай ашық жеткізер еді ғой. Жаңа ғасыр, жаңа БАРЛЫҒЫ да, енді неғып ойларымыз жаңармайды?.. Сол баяғыша: «Ойбай, мені әдемі қып көрсет! Ойбай, мен дұрыс күлмей қалыппын... артық сөз айтып қойыппын, қиып таста, көрсетпе ондайды...» - айтатындары. Көрсетіп қойсаң, анау «Жігіттер»-дегі Мырзахан сияқты гүж-гүж етіп соғады телефон: «Еркек болсаң аяқ-қолыңды сындырып кетер едім...» - деп. Енді күтіп жүрмін сол Мырзахан-батыр маған қашан «подлянка» жасайды екен деп, өзі уәде еткен. «Каспий» тобындағы серілер де тістеніп жүр маған. Алдында батырып айтқанмын: «Неғып сахнаға билеп дайындалып шықпайсыңдар?...» - деп. Ұнамай қалды соным оларға. Жап-жас жігіттердің қимылы да шапшаң болу керек емес пе?.. «Дос-Мұқасан»-ға: «Неге билемейсіңдер?» - деп айта алмайсың, түсінікті. Ал, 25-30-дағы алғыр жігіттерге неге билеп шықпасқа? «Меломен», «Жігіттер», «Жебе», «Жалын»... қырғын топ бар жігіттерден құралған. Бәрінің үстінде – костюм артық майларын жасырып тұратын және артық қимыл жасамайды, сол майларын жоғалтып алардай, жалқаулықтан өсірген қарындары құдды бір қазынасындай қазақтың. Айтсаң оны – жеккөрінішті боласың. Сахнаға сапқа тұрған сарбаздардай сыптиып шықса ғой дейсің, жарайды, толық болса да қимыл-әрекетін жөндесе дейсің. Жоооооқ! Артық салмақ жинаған жұлдыздар емес – кінәлі, көптің ойынша, оны эфирден көрсеткен Маржан – кінәлі. Қандай логика!!! Анау «Арнау»-дағы Салтанат жартылай жалаңаш, майлы құйрықтарын бұлтаңдатқан жігіттермен клипке түседі екен, оныкі – дұрыс! Ал, Маржан соны эфирден көрсетсе: «Ұялмай ма Маржан? Менталитетке жат дүние ғой бұл!» - дейді. Бір білгіш отыр: «Маржанды досым деп жүрсе... ол барды да Ғаділбекті жаман қып көрсетті...» - деп әңгіме айтып көпшілікте. Жалғыз Ғаділбек емес, оның ішінде Мырзахан да болды, «Музарт»-тағы Кенжебек те, Бүркіт те, Қапқарашка да болды. Оған қоса: «қарындары салпиып... былшиып семіріп...» - деген ар-намысына тиетін сөздермен масқаралаған ештеңем жоқ. Нақты фактілермен: «Бойы ... см, ал жасы .... болса, демек, салмағы осынша кг болу керек» - деп келтіргенмін. Оның несі айып?.. Немене, олардың клиптерінен, сахнадағы кескін-келбеттерінен халық көрмей жүрді де, Маржан көрсеткенде біліп қалып па олардың толық екендерін?.. Рас қой енді «томпақ» екендері!!! Оған қайта менің Мөлдір құрбым жақсы айтты: «Анау да менің досым, мынау да менің досым. Сонда мен жұмыс істемеуім керек пе?» - деп. Отырайын енді әр сценарийді жазар кезде: «А, Саят Медеуовтің құдалары келіп жатыр – ұят болады, Мұқасанның інісі туған күнін жасап жатыр – мазаламайын, Сейфуллин мазасыз жүр – оған жұмсақтау сұрақ қояйын...» - деп әрқайсысын уайымдап. Журналисттің жұмысы «Барлығының көңілін табу» деп атала ма??????? «Неге олай істейсің? Мен енді ғана күйеуге шықтым ғой...» - деп ебіл-дебілі шығып Салтанатың жылайды. Мен немене оны күйеуінен айырып алу үшін істеппін бе? Осы ғой театрда актрисалар «елдің күйеулерімен» аймаласып-сүйісіп жатады. Ол көріністердің жай ғана рөл екенін -  халық та, өздері де жақсы біледі, түсінеді. Енді мен «Салтанаттың ойнаған бір рөлін» көрсетсем – жылайды. Менталитетке сүйенетін де тұстары болады әр жағдайдың, оны – мойындаймын. Бірақ, біздің жұлдыздарға тиіп кетсең айтатындары: «менталитетімізге қайшы келеді...». Қазір де тағы бір сюжет эфирге дайындалып жатыр «ең сексуалды жігіттер» туралы, оны да біраз адам сынға алады – ішім сезіп отыр. Тура ертең, уақыттарыңыз болса, көріп шығарсыздар. Костюммен жүретін жұлдыздар туралы да «кішкене» шымшыма сөз қосқанмын арасына. 4 минуттық сюжеттен кейін  « +4 » деген белгіні түртіп қоям қойын кітапшама: маған өштес жандардың тізімі тағы 4 тұлғаға толықты деген сөз ол... жақында ғана бір қаламы ұшқыр журналисттің жалған дүниемен қоштасып кеткендігі турасында естіген боларсыздар?.. иә, иә, бұрынғы Влад Листьевпен болған оқиға әлі жалғасып келе жатыр...


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Активистер, қайдасыздар?? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-175/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-175/
Әңгімемді неліктен активистер жайлы қозғағанымды түсіндіре кетейін. Бүгін түсте ғана Алматы қаласында орналасқан Жәутіков атындағы РМФММИ-дағы "ХХІ ғасыр көшбасшысы" бағдарламасына іріктеуден оралып келе жатқан едім. Көңілім шат, жұмысыма довольный боп, физматшылардың мекенінен төрт дарынды баланы көзге іліндіріп, "Хабарға" тартқан жолымда ойға шомдым. Осы неге біздің ойынға қатысуға келгенде оқу жылы басталмай жатып-ақ Физмат, ҚТЛ, #86, #12, #159 сынды мектептер шыж-быж боп, "спортзал, актовый зал, аудитория бәрін бөліп береміз, тек мектебімізге келіңізші, балаларымыз дарынды, білімді, өздеріңіз келген соң, көресіздер" деп бізді жалпы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз мектептеріне шақырып жатады. Бір емес, бірнеше реттен. Барған соң әр түрлі (8, 6, 5, 3, 1, 0) санға саятын ойыншыларды "резерв" не "ойынға өтті" санатына қойып, күнделікті өзге жұмысымызға оралып жатамыз. Менің сол кезде ойлайтыным, сонда жоғарыда аталған бес мектептен басқасының мектеп, оқушы абыройының Көшбасшы ойнында жарқырауын көргісі келмей ме, қызықпай ма, жаңа тренділерге жоламай ма? Жарайды, мектеп әкімшіліктеріне тиіспей-ақ қояйын. Ал оқушылар жағы ше? 

Қарапайым, қазақ мектептерінің оқушылары неге өз білімдерін шыңдауға ұмтылмайды, неге шын сайысқа түсуден тартынады? Біздің современный заманымыздың жаңалығы мектеп парламенттері мен үкіметтерінің жұмысы, қызығушылығы қайда? Сонда сол оқушылар белсенділері қағаз бетінде активист те, іс жүзінде атына заты сай емес пе? Құрметті мектеп президенттері, премьер-министрлері, қайдасыздар? Менің сұрағым: біздің мектептердегі оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі қашан қалпына келеді?

Сөз қайыруға айтарым, құрметті мектептің оқушы ұйымдары, егер де сіз Алматы төңірегінде өз мектебіңізде "ХХІ ғасыр көшбасшысы" ойынының іріктеуін ұйымдастырып, өткізгіңіз келсе, біз әрдайым ойларыңызды қолдап, мектептеріңізге келеміз. Сондықтан да, міне электронды адресім: info4nariman@mail.ru. Дереу хат жазыңыздар! Әйтпесе, активистерді шынымен күндіз шаммен іздейтін боламыз, ағайын. ]]>
Мен жазбаймын блогымды ермек үшін.,, Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Хаттар келіп тұрады http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-176/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-176/

Түсінікті. Ауызекі сөйлеу тілі – бөлек те, жазбаша түрде ойыңды жеткізу – бөлек. Бірақ, біздікілердің көбі шатастырады екен ара жігін ажырата алмай. МОЙ МИР деген – нағыз сауатсыздардың мекені, мәселен. Онда соңғы кездері ештеңе жазбайтын да болдым. Дені дұрыс хат та, тұщымды пікір де жоқ келіп жатқан. Әрине, барлығы демеймін. Алайда, көпшілігі кіреді мен айтып отырған топқа. Бүгін де жұмысқа келгенімде бір кішкентай қыздан хат алдым. Шамасы, мектептің оқушысы болу керек. Есімі... міне, Меруерт Аширова! «Жақында сен туралы өсек жіберем ғаламторға...» - деп қорқытып жазыпты. Хатын толық мәтінде көшірмей-ақ қояйын: мардымды ештеңе жоқ. Ондай сөйлесу мәнерін мен, шынымды айтсам, ең жақын деген достарымның арасында да қолданбаймын. Жиіркенішті... адамның жазған хатынан, ондағы әрбір сөйлемі мен сөйлем құрылымынан оның ой-өрісінің қаншалықты кең /бұл жағдайда қаншалықты «таяз» дегеніміз дұрыс болар/ екендігін байқауға болады, солай ғой. Жарайды, екілікші оқушының бірі шығар дейік ол қызды, ересек адамың да оңып тұрған жоқ. Facebook-та жазыпты бір жігіт Саясат Нұрболатович Рыскалиев: «Сенің есің дұрыс па? Не болып жүр саған?» - деп. Бірден ашуға міндім. Мынауың енді – сауатты адам, анкетасында жазыпты тізгілеп - оқыған жерлерін, білетін тілдерін... Бейтаныс адамға хат жазғанда не телефон соққанда «Сіз» деп сөйлеу керектігін бастауыш сыныптарда үйретеді ғой осы. «Сен» деп дікілдеп тұрса – кімге ұнайды??? Қарапайым этикет ережелері, қарап тұрсаң! Оны білу үшін асқан ақылды болудың да қажеті жоқ. Тек сөйлесіп тұрған адамыңа деген құрмет – ол. Соңғы кездері айтып тастайтын болдым қатты-қатты батырып. Бәріміздің шаруамыз бар бітпей жатқан, бәріміздің жүгірісіміз бітпейді, бәріміздің мойнымызға жүктелген міндеттемелер бар. Кейде – ашулымыз, кейде – жүзіміз – жайраң, кейде – ашылып сырласамыз, кейде – томаға тұйықпыз... көңіл-күйі адамның бір қалыпты тұрмайды. Енді елестетіп көрейікші: ашулы жүрсің үлгере алмай, сол кезде телефоның шырылдайды. Арғы жақтан бейтаныс біреу: «Сәлем! Қайдасың???» - деп сұрайды. Біреуіне жауап бердім: «Алматыдамын» - деп. Екінші біреу соқты тура сол сұрақпен. Оу, саған бәрібір емес пе?.. Басқа айтатын әңгіме жоқ па дедім. Сосын... бейтаныс адамға боқтап-бұралап хат жазса керемет ләззат алатындар бар арамызда. О-о-о-о, сөздік қорлары не деген бай десеңші!!! Шымкентше, батысша... неше түрлі боқтық сөздер кетеді. Ол жағынан бәрі «сауатты»! Осы туралы жаңа біраздарда, асханаға түскенімізде, НТК-дағы Айша әріптесіммен әңгімелескенбіз. Ол да алады екен сондай хаттарды күнбе-күн. «Бұрын осы саған гүл сыйлап жатушы еді ғой...» - деп өткен күндерді еске түсірді шай үстінде. Эх... деп күрсініп қойдым. Соңғы кездері өзімнің гүл сыйлағандарым болмаса әріптес-қыздарыма, өзіме гүл сыйлаған адамды есіме түсіре алмай отырмын. Қайдағы гүл?.. кеше үйге дейін жеткізіп салған такси жүргізушісі таң қалдырды мені. Мен оған ақша төлейді екем, онымен қоса телефон нөмірімді қалдырып кетуім керек екен. Егер менімен танысып-сөйлесуге ниетің болса – ақшадан бас тартсайшы, көкем. Адам бір нәрсені таңдау керек емес пе?.. Ақша жүрген жерде – қайдағы романтика??? Қыздардың қашанғы өкпесі осы: бұған дейін де бір рет жазғанмын осы турасында. Қыз баланың табиғаты сондай: ақшасын алған екенсің, демек, ол бойжеткен саған жай ғана «такси жүргізушісі» ретінде қарайды. Жігіттің әдемі көзқарасы, салмақты үні... шындап келгенде, Джонни Дептен айнымайтын жігіттің де ондай кезде «шансы» жоқ. Сондықтан, осы жазбаны оқып отырған жігіттер болса – қаперлеріңізде жүрсін!!! Я такси жүргізушісі боласыздар, я телефон нөмірін аласыздар қыздардың. Бірақ, ол да ұтымды позиция дей алмаймын – жолақы сұрамау деген. Кейде қыздар нөмірін бермей қояды. Оған да әсер етуші неше түрлі факторлар бар... ол енді – ұзақ әңгіме. Қазірге маңыздысы – ертеңгі болатын той. Әріптесіміз Ысқақ үйленгелі жатыр. Оған шала бүлініп Маржан көйлек тігеді, қазір үйге барып. Және... көп-көп-көп өзгерістер болады алда – жұмысымда.  Ол туралы, бірақ, айтпаймын. Көзқарасы түзу емес азаматтардың аз еместігін ескерер болсақ, мен өзіме: «Маржан, үндеме! Ол туралы тіс жарушы болма!» - деп қатаң ескерту жасадым.    



]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Шымкенттің келіні "шымкентше" боқтық сөз жазады http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-177/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-177/

 



 «Бұл мінезің де басылады сенің… кейін күйеуге шыққанда, бала көтерсең… бәрі басылады. Әдетте, қыз баласы үй болғаннан кейін тыншып қалады біраз…» - деген жанашыр бір ағалардың бірі өнерде жүрген. Ал, мына жағдай мені қатты таң қалдырды. Суреттегі кім??? Көкейлеріңіздегі пайда болған осы бір сұраққа жауап беруге асықпын. Бұл бойжеткен бір үйдің ибалы, инабатты келіні, сәбиі де бар. О, келін болғанда да- Шымкенттің келіні. Ал, ол жақтың дәстүрін мен жақсы білем десем, артық болмас. Жеңгелерім бар – иіліп тұрады қонақ келгенде, дауыстары да үлкен кісілердің алдында бәсеңдеу шығады. Қорыққаннан емес, сыйлағаннан солай істейді. Ал, мына бойжеткеннің жаңа ғана парақшасына үңіліп, оның «келін» екендігін білгенде – жағамды ұстадым. Ондай да болады екен! Адамға ақыл-ес деген бір кірмесе бала кезде, шаруасы бітті деп есептеуге болады екен, анық! Себеп жоқ емес олай деп тұжырым жасауыма. Ол қыздың бұған дейін жазған хаттарына мән берген жоқ едім. Шамадан тыс кетті. Меніңше, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Міне, оқып көріңіздер ибалы келіннің не деп жазатынын маған күнбе-күн: /хаттың мәтінін өзгертпегенді жөн көрдім. Лас сөздерді эфирде «пииии» деген дыбыспен жауып тастайтын едік. Қазір ол мүмкін емес. Сондықтан, айып етпессіздер. Өйткені, маған да оңай тимейді күнде хат алу боқтық сөздермен/.  

 



Газиза Омарова (23.10.2011 12:51) :

Ей сучка,сумелек бопкапсынго.котек боп.бок жеп калдын ия,баягыдан берi осындай болу керек едi котектенбей.

 

Газиза Омарова (16:13) :

Ей сучка

 

Газиза Омарова (16:14) :

Озндi куштi торешiмн деп ойлайснба?

 

Газиза Омарова (16:18) :

Озндi кушти критиковать етватрм деп ойлайснба?сен какпас кемпр бадкснго

 

Газиза Омарова (16:19) :

Дура

 

Газиза Омарова (16:19) :

ЕШКIБАС

 

 

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Әлі де кеш емес... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-178/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-178/
Павлодар қаласы. Тест тапсыруға дайындалуда.

Тест басталып кетті... (Тестті 165-ке жуық оқушы тапсырды)

Астана қаласы. Кезінде ойынға қатысқан, бүгінгі Астананың студенттерімен жиналып, кешкі ас ішудемін.

Есіл жағасында, Еуразия университетінің алдындағы естелік сурет.

Бірлігіміз жарасқан!

Тараз қаласы. (170-ке жуық оқушы)

Шымкент қаласы. (190-ға жуық оқушы) Бұл тек 1 аудитория, осындай 4 аудитория болды.

Қызылорда қаласы. (180-ге жуық оқушы)

Басқа қалаларда да іріктеу дәл осындай форматта өтті. Осы секілді іріктеу еліміздің барлық аймағын қамтыды. Сонымен қатар оқушыларды бір орталыққа жинап, облыстың әр ауылындағы, ауданындағы мектепке дейін хат жолдап, белсенді ұйымдастырушылық көрсеткен Астана қаласының "Дарын" орталығына, Қызылорда, Жамбыл облыстарының (Қызылорданың ұйымдастырушылығы өте жоғары деңгейде) білім беру басқармаларына үлкен алғысымызды білдіреміз. Басқа облыс, қалалар да жаман емес, алайда ерекшесі осылар болды. Жоғарыда аты аталған қала, облыстарды (Астана, Қызылорда, Тараз) "XXI ғасыр көшбасшысы" ойынының жылдық ойын түсіріліміне арнайы қонақ ретінде шақырамыз!
Құрметті, жас дос! Өз аймағында өткен іріктеуден өте алмасаң немесе қатыса алмай қалсаң, ойынға қатысуды бала кезіңнен арман етсең, ӘЛІ ДЕ КЕШ ЕМЕС! Себебі Алматы қаласында сенбі сайын "Хабар" агенттігінде 11.00-13.00 аралығында іріктеу өтеді. Сендерді осы аралықта асыға күтемін! Кеңес ретінде айтарым: ойынды эфирден апта сайын көріп жүрген оқушы міндетті түрде өтері анық. Тест сұрақтарының 70-80%-ы эфирде болған сұрақтар. Сондықтан да ойынды сенбі сайын13.30-да (қайталауы Сәрсенбі 15.30-да) көріп, сұрақтарыңа мұқият болғаныңыз абзал. Жеке блокнот арнап, сұрақтарды жауабымен жазып жүрсеңіз тіптен жақсы. Осы жылдың көшбасшысы сен болып қалуың әбден мүмкін.  Сәттілік!

Келе жатқан Құрбан айт қабыл болсын! Шалған құрбандықтарыңыздың сауабын екі дүниеде де көруге АЛЛА тағалам нәсіп етсің! Біздің арнадан алыс кетпеңіз, ағайын!











]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Бізге еліктер біреу бар ма? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-179/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-179/ "Еліктеу" ұғымын шұқылай бастайды ! Бірақ еліктеушіліктің астарын түсініп жатқан ешкім жоқ!  

    Түсінер едім егер осы сөздерді Қытый немесе Корея, я болмаса басқа да дамыған елдер айтып жатса. Батыстың (дөрекілікпен айтқанда) ХОТЯ БЫ еліктейтін адамы бар ғой! АЛ БІЗДЕ ШЕ?  БАР МА? 

      Осы орайда батысқа деген сәл-пәл шолу жасағым келіп отыр. Тарих төңірегінде сөз қозғасақ, шыны керек, Батыс басқа халыққа қарағанда әлде қайда дамыған. Бұған ешкімнің де күмәні жоқ! Ең ащы тұсы мынада: біз енді ғана жай көшпелі тайпа болып жүрген кезде, Римде, Грекияда Империя тұрмақ Парламентке дейін, депутатымен қоса қалыптасып үлгерген. "КАПИТАЛИЗМ" де Еуропада қалыптасқан. "Қайта өрлеу" кезеңі де Еуропада бастау көтерген. Осындай жетістікке жету екінің бірінің қолынан келмес. Осы жетістікке ақылдылығының арқасында жетіп отырғаны да?! 
    
     Ал енді "МӘДЕНИЕТ" мәселесіне көшсек....
Ойбуй, біздікілердің тісін қақсатып жүрген нағыз осының өзі! бәрінің айтатыны - Батыстың мәдениетсіздігі, қыздарының ашық киінуі .
   Кемшіліксіз адам болмайды, пенде ғой қанша дегенмен.
   Батыстықтардың көздері бояу болса да көкірегі ояу. Олар әдептен жұрдай болса да мәдениетті деп ойлайм. Және оларда жаман пиғыл болмайды. Ашық мінезді, көпті көрген, қарапайым. 
]]>
Мен жазбаймын блогымды ермек үшін.,, Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жек көрем сол адамды... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-180/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-180/

...сол адамды жек көрем!  Ол әріптесіміз болуы мүмкін күнде жұмысқа таранбай-қырынбай келетін, көршіміз болуы мүмкін анда-санда подъезде айқай-шу шығарып тұратын, ауладағы әжей болуы мүмкін үйсіз жүрген мысықтарды тамақтандыратын, такси жүргізушісі болуы мүмкін көлігінде радиоқабылдағышы істемейтін, дүкендегі сатушы болуы мүмкін тауар сатқанын міндетсінетін... бір сөзбен айтқанда, әрбір қылығымен ызаландыратын адамдар бар бізді! Ол туралы емес, бірақ, әңгімеміз. Экранда жылтырап жүретін «жұлдыздар» туралы! Сіздердің пікірлеріңізді білу маңызды болып тұр. Осы сауалнаманың нәтижесінде «Ең сүйкімсіз» жұлдыздардың хит-шеруін жасаймыз: СІЗ бен БІЗ болып. Сонымен, сұрақ:

 

 

            
               
сізге КІМ ұнамайды және неге ұнамайды???  
]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-181/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-181/ http://www.youtube.com/watch?v=TaBN0f1P2f8

Ия. 5 ойын бір күн ішінде түсірілді. Сьемка да естен кетпес сәттермен, шам ләмпішкелерінің екі рет жанып кетуімен, өзге де қызықтармен, балалардың тартысты ойынымен, және ең бастысы - жоғары көңіл күймен естерімізде қалды. Бір ғана күн өтсе де, ойыншыларды сағындық. Сондықтан фотоаппаратыма қайта үңіліп, оларды қайта-қайта тамашалап отырмын. Жарқын тұлғалар, еліміздің болашағы... Айтпақшы, сіздер де көріңіздер!

                             
Әріптесім Дәулет бір нәрсе жазып жатыр,                     Бізге келген балалар ойынқұмар:                                        - Ду қол шапалақ!
мазаламай-ақ қояйын... Бұрын мазалап                          барлық ойындарды еркін меңгереді                                     - Шапалақ, балалар, шапалақ!
көрмеппін. Тексеріп көру керек.                                                                                                                                     - Не в тему қол соқпашы
 ]]>
Мен жазбаймын блогымды ермек үшін.,, Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жұлдызды көшбасшы http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-182/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-182/ Маржан Сұлтанбаева блог оқырмандарынан ең сүйкімсіз, ұнамсыз "жұлдыздарды" іздеп жүрсе, мен керісінше сіздерге қатты ұнайтын "жұлдыздарды" іздеймін. "Неге" дейсіздер ғой??? Себебі 31 желтоқсан күні болатын "XXI ғасыр көшбасшысы" ойыны "жұлдыздармен" бірге өтпек. Біздің ойында кімді көргіңіз келеді? Кімнің зияткерлік деңгейін білгіңіз келеді? Пікір қалдырыңыз! Сіздің пікірлеріңіз мен үшін маңызды.
 Ал жұлдыздардың жанында ойынға қатысып кеткен "ардагерлерге" (соғыс майданына қатысқандар емес, білім майданынa қатысқандар :-))өз білімдерін қайта сынауға мүмкіндігі туып отыр. Егер сіз бұрын ойынға қатысқан болсаңыз, сіз де пікір қалдырыңыз (аты-жөн, ұялы телефон, өз облысыңыз). Мүмкін, дәл сізге жұлдыздармен білім сынауға мүмкіндік туып тұрған шығар?! Маған керегі 6 "жұлдыз", 4 "ардагер" (2 "ардагер" белгілі) Олай болса, асығыңыздар. Уақыт тығыз! Ойынға керегі 6 ойыншы, 6 "жұлдыз". 
Құрметті көрермен алдағы аптаның сенбісінде (19 қараша) ойынды тамашалаңыздар! Себебі алғашқы маусымдық ойыншылары назарларыңызға шығады. "Хабар" агенттігінің 100.000 теңге ақшалай сыйлығы кімге бұйырады екен? Жылдық ойынға кімдер жолдама алады екен? Осы сұраққа сенбі күні 13.30-да жауап табасыздар! Маусымдық ойыншылар Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарынан. Өз облысына жанкүйер бол. Көрер қызық әлі алда!!!
]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ал, МЕН КЕЛІСПЕЙМІН! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-183/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-183/ Бұл жерде мен ешкімге жағымпаздық жасап отырғаным жоқ, тек өзімнің жеке пікірімді білдіргім келді. Мен ауылда өстім, дәл мынадай нәрсе маған жат екен. Шын, кейде мен де қызбалыққа салынып, ойланбай пікірлер айтып қалатын да шығарын, бірақ дәл мынау қадам маған ұнамады. Қазақ халқы қашан да үлкенді, өнерпаздарды,ақындарды құрметтеген халық. Ал, біз сол дана халықтың ұрпағымыз. Мойындағысы келмейтіндерге ренжімеймін, ерік өздеріңізде...

P.S    Сіздер сияқты олардың да бауырлары, ата-аналары бар. Оларға мұндай әңгімелер жақсы әсер бермесі анық. Қаншама ананың жүрегі ауырып отырған да болуы керек. Ал, біле білсеңіздер сол әртістердің біразы өз әндерімен хал үстінде жатқан адамдардың өмірге деген көзқарастарын жақсы бағытқа өзгерткен. Жетімдер үйіне барып, қолдарынан келгенше сыйлық жасап, балалардың басынан сыйпаған...Өзгені сынаудан бұрын, өзімізді түзеп алсақ қой...]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Көшбасшыға" сұрақ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-184/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-184/
1) Осы блогқа төмендегідей формада сұрағыңызды қалдырыңыз:

Аты-жөніңіз: Пәленшеев(а) Түгенше
Тұрғылықты жеріңіз: Облыс, қала (немесе ауыл)
Жасыңыз:
Сұрақ:  

2) Сұрағыңыз мәдениетті, ешкімнің абыройын қорламайтындай болуы керек

3) Аты-жөні, тұрғылықты жері, жасыңыз атты бөлімдер міндетті түрде толтырылуы тиіс. 

Сүйікті бағдарламаңызға сіздің де үлесіңіз тисін. Бұл мүмкіндікті қалт қалдырмаңыз!]]>
Мен жазбаймын блогымды ермек үшін.,, Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Подготовка к праздникам http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-185/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-185/ ]]> Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Жұлдызды көшбасшыдан кімді көргіңіз келеді? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-186/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-186/ "XXI ғасыр көшбасшысы" ойыны "жұлдызды" көшбасшы ойынын өткізбек. Өткен блогыма "ойынға тек 6 "жұлдыз" қатысады, сол ойыннан кімді көргіңіз келеді?"- деп едім, оқырмандарымыз 130-ға жуық  пікірін білдірді. Соның ішінде Аша Матайды ойыннан көргісі келетіндері де кездесті, бірден айта кетейін, Аша ойынның жүргізушісі. Оқырмандарымыз жұлдызды көшбасшы ойынынан кімдерді көргісі келді екен? Оқырмандар пікірі жан-жақты болды. Бір оқырман: "Үмітіміз қаншалықты ақталар екен, болашақта кімді таңдайтындары"-деп пікір қалдырыпты. Әрине, сіздердің таңдауларыңыз маңызды. Сонымен, кімге қанша дауыс берілді: Ринат Зайытов (9 дауыс) Маржан Сұлтанбаева (8), Нұрлан Қоянбаев (1), Ерболат Құдайберген (2), Тамара Асар (4), Сәкен майғазиев (7), Қайрат Түнтеков (2), Қайрат Нұртас (7), Мейрамбек Беспаев (8), Мадина Сәдуақасова (7), Еркін Нұржан (7), Баян Есентаева (1), Мақпал Исабекова (1), Медет Көжекбаев (4), Алтынай Жорабаева (2), Жұбаныш Жексенұлы (1), Қанат Әлжаппаров (1), Тұрсынбек Қабатов (2), Асхат Садырбай (2), Айнұр Тұрсынбаева (1), Әйгерім Қалаубаева (1), Бейбіт Қорған (3), Сырым Исабаев (6), Мөлдір Әуелбекова (1), Дина Төлепберген (3), Нұрлан Әлімжан (2), Дастан Оразбеков (2), Қалқаман Сарин (4), Айқын (2), Жандарбек Бұлғақов (2), Маржан Арапбаева (1), Нұржан Керменбаев (1), Нұржан Төлендиев (1), Нұрлан Еспанов (2), Жанар Айжанова (1), Самат Смақов (1), Есен Елеукен (1), Дана Нұржігіт (1), Лұқпан Жолдасов (1), Ақылбек Жеменей (1), Еркін Мәулен (1) Дауыс беру әлі жалғасуда. Дауыс беру үшін смс немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ. Тек қана "пікірлер" деген сілтемені басып, ойыннан көргіңіз келген "жұлдыздың" есімін жазсаңыз жеткілікті! Уақыт болса тығыз, керегі 6 "жұлдыз".
Құрметті көрермен! Осы аптаның сенбісінде эфирге 1 апталық ойын назарларыңызға шығады. Сенбі 13:30-да, қайталауы сәрсенбі 15:30-да. Бізбен бірге болыңыздар. Көрер қызық алда! Алдағы уақытта әріптесім- Нариман Қойшыбаевтың блогынан қызықты жаңалық күтіңіздер...
]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Привет всем зрителям телеканала "Ел Арна"! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-187/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-187/ Нашей программе - уже год! Сколько мы обсудили за это время, с какими интересными людьми встречиались в эфире...Но профессия журналиста в этом плане уникальна: чем больше встреч, бесед - тем большую потребность в них испытываешь... 
Самая большая роскошь на земле - это роскошь человеческого общения, сказал класик. Добавлю от себя: эта ценность с годами все больше возрастает в цене.
Давайте общаться, жду посланий!




]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Фестиваль фортепианной музыки http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-188/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-188/ ]]> Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Учиться нужно грамотно:) http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-189/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-189/ ]]> Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Жаңалыққа толы күн http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-190/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-190/         Қыс келсе де, Алматы жып-жылы. Кеше қардың орнына, жаңбыр жауды. Ал дәл қазір далада жапалақтап қар жауып тұр. Менің көңіл-күйім тамаша. Жұмысқа ойынның кодировка деген бәлесін жасаймын ба деп келіп едім, очередь екен. Есесіне блогыма жазба жазуды жөн көрдім. Олай болса, оқыңыздар:
  Қыстың алғашқы күні де жаңалыққа толы болды. Республика сарайының күрделі жөндеуі аяқталды. 23 жыл бойы салынып жатқан шаһардың метрополитені өз мәресіне жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп, метроның алғашқы жолаушысы болды. Мен алғашқылардың бірі болмасам да,  "метро ашылды" деген хабарды естіп, университетімде өткен С. Торайғырывтың кешінен соң мәре-сәре болып, Абай-Жароков көшелерінің қиылысына құстай ұштым. Себебі метроның алғашқы станциясы осы жерден бастау алады. Сағат кешкі 21.00-ді көрсетуде, метроға мініп көрмеген Дәулет жетон алуға кезекке тұрды. Адам деген көп, кезекте де ұзақ тұрды. Ақыры, 80 теңгеден 2 жетон алды да, вагонға мінді. Вагон іші де лық толы. Бас-аяғы жеті станциядан тұратын метроның жетеуінің әрқайсысын аралап шықты. Әр станция атына сай салынған. Іші де маған ұнады. Зaманауи қондырғылар, бейне бақылау камералары орнатылған. Жұрттың дүрліге қорқып жүргендері бекер екен деп ойлады... Cол күні метро түнгі 1.00-ге дейін жұмыс істеді. Алматы сейсмикалық аймақ, мен метроға мінбеймін деп жүргендер де баршылық. Ия, сейсмикалық аймақ. Алайда, Жапония елін алатын болсақ, ол ел де сейсмиканың ошағында орналасқан емес пе?! Тіпті оларда арал мен аралды қосатын /Хонсю мен Хоккайдо/ су асты метросы да бар. Сондай аймақта тұрса да, жапондықтарда еш қорқыныш жоқ. Ал біздің қазақ болса, көрмей жатып әбігер болады. Келісемін, 7 станция аз дейтіндер де бар. Бірақ, мақтанарға тұрарлық қой! Метроның екінші жолының ашылуы 2017 жылға қарай ашылады екен. Ол кездегі жол Қалқаман, Алматы вокзалдарын қамтиды деп көрсетілген. Еліміз аман болса, ол күнге де әлі жетерміз. Айтпақшы, 28-ші қысқы Универсиада 2017 жылы Алматы қаласында өтпек. Универсиаданың ашылуына орай метроның екінші бағыты да ашылса, нұр үстіне нұр болары анық. Ол өз кезегінде туризмнің де дамуының кепілі болмақ. Алда ел Тәуелсіздігінің мерейлі 20 жылдығы келе жатыр. Желтоқсанның 16,17,18,19 (4 күн) күндері ресми демалыс күндері деп жарияланды. Құрметті блог оқырмандары, алдағы демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!      ]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Как красиво и с пользой отдохнуть http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-191/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-191/ ]]> Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 У "Женсовета" родился ребёнок! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-192/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-192/ ]]> Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Мен - басқамын, қала - басқа!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-193/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-193/

  
  Бұндағының бәрі басқаша: ауасы да, адамдары да, аяздары да... иә, бұл түріммен Қоразбаев көкемнің әнін әлі талай айтатын сияқтымын ғой ыңылдап: «Еске алсаң Көктөбені, жаныңа от береді...» -деп. От іздеп жүрген жайымыз бар енді: көздерден, сөздерден... жылуы аздау қала екен, не де болса, оны мен ғана емес мойындауға мәжбүр болған. Ауадағы ызғар көңілдерге қалай өтіп кеткен десеңші?! О, тоба!.. Қала – әдемі, сөз жоқ, бірақ... сондай бір салқын сұлулық. Тура анау «Мисс Казахстан»-ға қатысқан бикештер сияқты: бәрі – бар, былай қарасаң, жүрек – жоқ. Алматы болса – «қылықты қызға» ұқсайтын ол жағынан. Алатаудың құшағында еркелеп жатқан сылқым қалам, сағынып кеттім сені...
 
  бір ай бұрын елдің бәрі дүрлігіп үйленіп, кейбірі сол күні әдейі ажырасып та жатқан кезде МЕН келгенмін осы қалаға оңды-солды барлап қайтпақшы боп... 11 жылдың, 11 айы, 11 күні болатын. Бүгін де – 11-і, тек 12-айдың. Бір айда біраз дүние өзгерді... адам, асылы, аяздан қашса – аңдамай аязға ұрынады екен ғой мен сияқты. Тағдыр айдап тағы тарттым таныс емес түкпіріне тұғырлы елдің  - тыныштық іздеп жаныма... сорым ба, әлде бағым ба?.. түс көрдім бүгін тағы да... үлкен бір адам қолымды алып арнапты сөзін жылы, бәлкім, аязы қарыған ақ қалам да айқара ашар құшағын, ақтарар дархан көңілін...
                                
                             сенем мен!     









]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
6 кун калды! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-194/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-194/ 6 күннен соң... Реалити шоудағы екі командаға дауыс беру тоқтатылады. Естеріңізде болса Бурабайда өткен сайыста "Оқжетпес" командасы "Жұмбақтас"ты басып озған еді. Командалардың ендігі тағдыры құрметті көрермен, сіздердің қолдарыңызда!


Алда келе жатқан (сайыстардағы ұпайлар мен СМС дауыстар бойынша)
"ОҚЖЕТПЕС" КОМАНДАСЫ




Артта келе жатқан (ұпайлар мен СМС дауыстар бойынша)
"ЖҰМБАҚТАС" КОМАНДАСЫ





]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-195/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-195/ Соңғы күндері: Неге блогқа жазбай кеттіңіз? Блогыңыз сүрленіп жатыр ма? Жұлдызды көшбасшыға кімдер қатысады? деген сұрақтарды жиі еститін болдым. Агентке кіре қалсам да, осындай сұрақтар қойылып жатады. Алдыңғы блогымды тұңғыш метроға арнап жазып едім, бір оқырманымнан "Сен 21 ғасыр көшбасшысында істейсін ғой, метроның лидерге қандай қатысы бар" деген хат келді. Сонда мен блогты басқа тақырыпта жазбауым керек пе?! Сол оқырманды түсінбедім, мен. Қазір міне, қолыма пернетақтаны алып, жаңа блог жазуға кірістім. Қыстың алғашқы айы да жылдам өтуде. Университетте емтихандар басталып, қысқы сессияны тамамдауға жақын қалдық. "Жұлдызды" көшбасшы ойынының "жұлдыздары" да белгілі болды. /"жұлдыздар" туралы келесі блогымда жазатын боламын/ Осы аптаның сәрсенбісінде ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған айлық ойын эфирге шығады. Маусымдық ойынға кім өтеді екен? Ойыншыларымыз елдің болашағын қалай елестетер екен? Сонымен қатар Дәрия атты ойыншымыз тәуелсіздік күніне орай ән шырқайды. Осының бәрін сәрсенбі күні, сағ 15.30-да  ЕЛарнадан тамашалай аласыздар.

Өткен аптада елдің әр аймағынан жиналған дарындылар Алматы қаласында бас қосты. "XXI ғасыр көшбасшысы" ойынының 5-ші лек ойыншылары Ақмола, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы қаласы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан қатысқалы отыр. Ертең бірден 4 түсірілім өтеді. Ал кеше біз көшбасшылармен метрополитенде болып қайттық... 


Бұл "Абай" станциясы.

Поезды /пойыз/ ұзақ күтпедік.

Орысшалап айтқанда "Кто успел, тот и сел" =))

Ұлдар орын бермеді ме? Әлде қыздарда "бойым өседі" деген ой ма екен?

Енді дұрыс болған секілді...

no comments

Ойыншылардың да ата-аналары суретке түсіруде

"Жібек жолы" станциясы

Ұзындығы 94 метр болатын эскалатормен жоғары көтеріліп барамыз

Метродан шығып, тамақтануға бара жатырмыз...

                                                                  Тәуелсіздік күні құтты болсын, ҚАЗАҚ ЕЛІ!




]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Поздравляю всех с великим праздником! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-196/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-196/ ]]> Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Шыңжаң сапарының күнделіктері http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-197/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-197/ Баршаңызға «Ни хау!»

Осымен менің Қытайдағы үшінші сапарым басталды. Бұл жолғы сапар бұрынғыдан өзгеше демекші, келуімнің сыры да, мәні де, мақсаты да басқаша. Нақтыласам – көршілес жатқан Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспорасының жағдайын білу, олардың тарихы, мәдениеті, өмірі мен болмысымен танысу.

Алматы-Үрімші тікелей бір жарым сағаттың рейсіне отырып, лезде Қытайдың әсем де, дара, чем-то қазақтың қаласына ұқсайтын Үрімшіге тап болдым. Әзірше бірінші сезімдерім: ұшақтағы қою кофе, ылғалды аязды ауа, және бос қала.

Шынымен де қызық. Қытайға қанша келсем де таң қалатыным – мұнда түңгі бірден кейін бәрін ұйықтатып тастайтын секілді. Далада тірі жан көрмейсің. Не Шанхайда, не Бейжіңде, не мында Үрімшіде. Мен сияқты алыстан ат шаптырып келіп, орналасып не адасып жүргендер болмаса.

Қытайдың шығыс қалаларын аралағанда бүкіл жолдың ауыртпашылығын өзім көтерсем (аудармашы да, гид те өзім боп), Үрімшіге үш рет келдім, әйтеуір рақат, әрдайым жолсерігім бола қалады. Бірінші жолы Билимжан бастаған ұйғыр достардың тобы, екінші барғанда інімдей бауыр басқан досым Қайсар, ал енді Tuersinbieke-тің көмегі керемет боп жатыр. Соңғысының қазақша аты қандай екенін өзіңіз топшалай беріңіз.

Осы сапарға дайындық үстінде көп ақпаратқа қызығып кеттім. Жалпы Шыңжаң дегеніңіз көпұлтты, тарихы тылсым және көпқырлы жер екен. Әкімшілік бөлінісіне бір көз тастағаннан-ақ Қазақ, Ұйғыр, Қырғыз, Моңғол, Дұңған халықтарының арнайы, дара префектуралары бар екенін байқадым. Бұл жайт бейне бір бағзы замандағы көшпенділіктің ізі іспетті. Біздің Қазақстанымызда бәрі оңайырақ қой. Қазіргі көпұлтты халықтың басым көпшілігі XIX ғасырдан ғана бастап қоныстанған, қалғаны өзіміздің қазағымыз, сондықтан алып бара жатқан жік жоқ қой. Ал мұнда Шыңжаңда әр ұлттың өзіндік бағзы заманның қоныстанып келе жатқан, қалыптасқан жерлері бар. Тұрпанның басымы –ұйғыр, Қызылсу қырғызға, Бортала мен Байыңғолын моңғолға, Санжы болса дұңғанға, ал Қазағыма бірдей үш аймақ бұйырған екен – Құлжа (Инин), Шәуешек (Таченг), және Алтай (Алетай). Хами (Құмылда) жерінде де бір ауданы бар екен ондағы диаспораның. Ойлап отсаң, ғасырлар бойы жоғарыдағы этностардың ұрпақтары алмасып, осы кең Шыңжаң даласы билеп, жайлап, соғысын да жариялап, тату тәтті де өмір сүрген екен.  Неткен бай және алуан тарих десеңізші!

Сол этностардың қоныстануына, аймақтың тарихына көз жіберсең, жарықтық Дулат, Уйсін, Қимақ, Қарахан, Теле, Ғұн хандықтары мен тайпаларының есімі шыға келеді ғой. Оқып отырып, марқаясың. Бейне бір өткен тарих көз алдыңа қайта келгендей.

Дипломат халықпыз ғой. Кезінде ойрат-жоңғармен соғыссақ та, оларға деген кек пен ыза бойымызда қалмаған екен. Бірақ сол ойраттарың бүгін қалды ма екен деп ойланасың әйтеуір. Дегенмен Боратала мен Байыңғолын моңғол аймақтары кезінде сол жоңғардың атамекені мен ордасы болған ғой дейсің. Атасу-Алашонькоу құбырын тарттық, бір қызығы сол Алашонькоуы бұрынғы жоңғар баса қаптап кірген Жоңғар қақпасы маңайынан алыс та емес екен.

Әзірше біліп, көрген, тоқығаным осы. Асылы, алда да талай ашылулар болары анық. Тарих деген шіркін түбі жоқ терең қазан ғой. Ішіне түссең, төмен сырғи бересің, сырғи бересің. Түбіне жетпесем, қаспағынан дәмін татқым келеді енді. Сондықтан компьютерімнің мониторынан алыстап, жаңа фактілер әлеміне сапарымды жалғастырайын.

Сіздің Ингниян-Нариман.

]]>
Мен жазбаймын блогымды ермек үшін.,, Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Туған жерім еді - Жаңаөзен... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-198/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-198/

«Сенің жерлестерің қайтеді-ей?..» - дейді мені көрген әріптестер, менің сол кішкентай қалашықта туғанымды білетін әріптестер. Монтаж бөлмелеріне кіріп қалсаң да журналисттердің шұқыланып-шұқшиып жасап отырғандары сол – Жаңаөзен туралы сюжеттер... ғаламтордың да беттері сол ақпарлардан босар емес. Мен де... шошыдым. Үйдегілерді уайымдап, шыр-пыр болып... бәрі өтті дей беруге негіз бар сияқты енді. Кішкене де болса тынышталды ғой, әйтеуір!

........................................................................................................................................................................
Ештеңе айтқым жоқ!

Барлық арналардан қоймастан көрсетті, әлі де болса көрсетіп жатыр, біраз уақыт БАҚ соны көрсетумен-ақ рейтинг жинайды арналарына. Белгілі ғой ол: эфирді толтыра алмай жүрген журналисттерге жақсы азық болды, не де болса. Енді жан-жақтан «эксклюзив» видео жинауға кірісіп те кеткен шығар?.. Иә, әр адамның сенгісі келетін «шындығы» бар. Сен оған былай деп айт, дәлелде, көзіне шұқып тұрып көрсет – қабылдағысы келмейтін ақиқатты ол көрмейді де, естімейді. Сондықтан даурыққан жұрттың жетегінде желігіп сөз тергілегенше... әліптің артын бағайық! Құзыретті органдар өздеріне тиесілі міндеттерді атқарып жатыр, ал біз болсақ онсыз да әрең отырған бақылаушыларды бір-біріне қарсы қоюдан аулақ болайық... мен де білем көп шындықты – үндемей отырмын, бірақ. Үйдегілердің де араласпағанын қалап отырмын бұл іске. Нәтижесі болмайтынын біле тұра ұрыс алаңына шығудың нендей мәні бар?.. Кімнің жеңетінін онсыз да іштей біліп отырғамыз жоқ па?..

Туған жерім еді - Жаңаөзен,

...балалығым өткен жер еді – Жаңаөзен,

...анамнан айырып аңыратқан жер еді – Жаңаөзен,

...армандарымды күл талқан етіп алысқа аттандырған еді – Жаңаөзен,

енді...
               алыстан ана қабірінің бір уыс топырағын аңсатып қойған жер – Жаңаөзен...






]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Қоян жылы несімен есіңізде қалды? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-199/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-199/ Бүгін мен сағат 11.00-де, университетімнің 1-ші аудиторясында осы семестрдің соңғы емтиханын тапсырдым. Келген билет номері де 1 болды. Студенттер абыр-сабыр болып, үйлеріне қайтуға асығып жүр. Алда бізді 1 ай демалыс күтіп тұр. Соңғы емтиханымның бағасы да шығып үлгерді (5 алыппын). Ал мені қазір "XXI ғасыр көшбасшысы" ойынының монтажы күтіп тұр. Ал ертең менің туған жерім - Семейге қарай сапар күтуде. Монтажға дейін 1 сағат уақытымда жаңа жазбамды жазуды жөн көрдім... Жаңа жылға да санаулы күндер қалды. Ел Тәуелсіздгінінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген 2011 жыл жаңалыққа өте толы болды.  Еліміз Кедендік Одақтың жұмысын ресми түрде бастады. Қысқы Азиада ойындарын өткіздік, Ислам конференциясы ұйымына төрағалық еттік, 2014 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болдық.  2017 жылы қысқы Универсиада бізде өтпек. Шахматшы қызымыз Жансая Әбдумәлік әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды. 23 жыл бойы күткен Алматы метрополитені іске қосылды. Саяси жаңалықтарға келсек, кезектен тыс Президент сайлауы өтті, мәжіліс таратылып, 2012 жылы кезектен тыс депутат сайлауы өтпекші. Халықтың орташа айлық жалақысы 90980 теңгеге жетті (stat.kz), Қазақстан, Ресей, Белоруссия елдері арасында, Біріңғай Кедендік Кеңістік құрылды. Қоян жылы ел үшін табысты жыл болды. Сонымен қоса елді елең еткізген Жаңаөзен оқиғасы, Тараз, Атырау, Боралдайдағы атыс-жарылыстар болып өтті. Есте қалған Әлем жаңалықтарына  келетін болсам, Италияда Сильвио Берлускони, Мысыр басшысы Хусни Мүбарак, Қырғызстанда Роза Отынбаева орындарын босатты. Ресейде, Қырғызстанда да Президент сайлауы болып өтті.
Ливия басшысы Муаммар Каддафи өлтірілді, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ир дүниеден озды. Ресейдегі Локомотив командасының хоккейшілері қаза тапты. Мен үшін 2011 жыл табиғи апаттармен де есте қаларлықтай болды: 14 мыңнан аса адамның өмірін қиған Жапониядағы жерсілкініс, 1 мамыр күні Алматылықтардың үрейін тудырған жер сілкінісі, Америка елдеріндегі "катрина" дауылы, 1500 адам қаза тапқан Филлиппин аралдарында болып жатқан дауыл, Үндістандағы үскірік-аяз...

Құрметті блог оқырмандары, мен тек мен үшін есте қалған оқиғаларды жаздым. 2011 жыл сіз үшін несімен есте қалды?!  Мүмкін, сіздің жеке өміріңізде есте қаларлық оқиға болған шығар??? Келе жатқан
2012 жылдан қандай жаңалықтар күтесіз? Құрметті оқырман, ОЙ бөліссеңіз...

]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Шіркін-life"-пен қоштастым біржолата... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-200/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-200/

Иә, иә... уақыт деген жүйткиді! Жобамызды бірі - мақтап, бірі - даттап, әйтеуір, қызу талқыға салып еді көпшілік. Енді, міне, ол алып-қашпа әңгімелердің де қысқаратын тұсы таяу қалды. Жобамыздың санаулы күндерде соңғы саны шығады эфирге. Сонымен... бітеді барлығы!!! 





Біз - жобаны, жоба - бізді өзгертті кей тұстарында. Барлығы бірдей сценарий бойынша өтті деуге болмайды. Кейде біз түсіреміз деген "реалити" өзімізді тығырыққа тіреді: сан ойландық, сарсаң ойлардан сан соққылаған кездеріміз де болды, сенделдік сенімсіздік туындағанда, сыбап алдық бір-бірімізді /ым....ондай да болған )))) / Өтті бәрі!!!!




Нұрлан Еспановқа осы жобадан кейін жақсы бір лақап ат қойылды: Жеңіс Ысқақова қойып беріпті... толығырақ финалдық бағдарламадан көретін боласыздар!!!








Продюсеріміз Толқын Сейдуллақызы - өте қатал адам жұмыста, ал шынайы өмірде барлық нәзік жандылар сияқты жүрегі жұмсақ жан.










Назгүл Қарабалина осы жобадағы түсірілімнен кейін "ерекше" сүйкімді болып кеткен сыңайлы. Өзінің шынайы келбетін, табиғи болмысын, мінезін көрсетуден қысылмайтын жандардың шоу-бизнесте аз екенін ескерер болсақ, өз басым Назгүлді қарапайымдылығы үшін құрметтейтін болдым осы жобадан кейін.






Қызықты сәттер аз болмады, қиындығы да көп болып еді бұл жобаның... әсіресе, осы үшінші маусым моральдық тұрғыдан қатты сынады бізді. Иә, еске аларлық дүние көөөөп!








Айжан қызды да ерекше атап өтуге болады. Мінезі - ашық, жарқын да жайдары жүзі адамды еріксіз баурап алады өзіне. Қимылы - ширақ, биге - икемді, даусы да  - керемет! Ол - біздің жобадағы артық сөзі жоқ абыройлы қатысушылардың бірі болды деп ауыз толтырып мақтауға торлық негіз бар... деп есептеймін. 



Айтпақшы, мендегі соңғы өзгерістер туралы..... 

http://www.khabar.kz/rus/blogs/show-blog/212.html


 



]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
С Новым годом, друзья! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-201/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-201/ Новый год - один из самых волшебных и романтичных праздников. Он всегда возвращает нас в сказку, в детство, в те времена, когда мы ждали Деда- Мороза и верили, что он исполнит все наши желания. А потом выяснилось, что желания и мечты обязательно исполняются! Но лишь при помощи наших искренних стремлений и постоянной работы над собой. И все же хочется иногда надеяться на такое "обыкновенное чудо", которое случается в жизни каждого. И как важно вовремя принять этот дар...

Пора вступать в новый год с  оптимистичными прогнозами и радостными надеждами. Быть красивыми и модными, умными и понимающими. Ведь каждый ушедший год добавляет нам мудрости и знания жизни -  так почему бы  не начать применять эти знания на практике?..  
Смотрите  в новом сезоне программу "Женсовет", пишите и звоните нам. Будет интересно!
С Новым годом, друзья! Здоровья, счастья и любви всем!!!!!

]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жаңаөзенге жете алмадым... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-202/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-202/
Барғым-ақ келген... жақындарыңмен бірге өткізгенге не жетсін Жаңа Жылды. Не дегенмен, бұл - отбасылық мереке ғой. Басқасы - басқалармен тойлана жатар, ал бүгінгідей мерекені тек бауырларыңмен өткізу керек деп есептеймін өз басым. Жаңаөзендегі жағдайдың мәз емес екені белгілі, әйткенмен, көңіл қуантарлық дүниелер де аз емес /адам, тәйірі, өзін-өзі алдауға шебер ғой/... Тоғыз жылға кетіп барады, анам кеткелі қаңырап қалып еді жанымыз да, үйіміз де. Енді, міне, барлығының реттелетін сыңайы бар. Жалғыз жүрген жандар отбасымыздағы өз теңдерін тауып жатыр біртіндеп. Жаңа әкеммен сөйлескем. "Менде жаңалық көп, сары қызым, саған..." - деп бастағанда жүрегім шымырлап кетті бірден. Тағы да қақтығыстардың ошағы тұтанайын деп жатыр ма деп үрейім ұшты. Қазір еститініміз де, ойлайтынымыз да сол болып кетті ғой: "не болып қалды, тағы да ереуіл ме?.." - дейсің іштей. Тфәй-тфәй, тыныш екен Өзен басы! /біз солай дейміз, ресми түрде ғана "Жаңаөзен" деп айтылады. Толық атауын көп ешкім айта бермейді өзендіктердің/ Әкемнің жаңалығы өзінің жеке өміріне қатысты екен. Қуанышты жаңалық, әрине! Даусы көңілді шықты ауырып жүргендігіне қарамастан, соған менің де көңілім жайланып қалды. Дұрыс қой! Жалғыз жүруін адамның мен құптамаймын. Әріптес-дос дегендер келеді-кетеді, ал үйге қайтқанда сырласатын, шай ішіп отырып өткен-кеткенді әңгіме етіп ой қосатын адамның болғаны жақсы емес пе?!. Әкеме осылай деп айтып жатсам телефонда: "Сары қызым, сен өзің ақылды болып кетіпсің..." - деп күлді ол кісі... қатты есейіп кеткенім бе, әкеме ақыл айтам, кей кез ұрсып та алам артық кетіп бара жатқанын сезсем. Өзінікі дұрыс болса ол кісі де дегенінен қайтпайды, бірақ. Егер менің сөзімнің дұрыстығына көзі жетіп тұрса, бірдеңе бүлдірген кішкентай балаша, үндемей қоя салады. Мінезі - шатақтау әкемнің, әйткенмен, табуға болады тілін. "Жылы-жылы сөйлесең..." кім-кімнің де бабын табарсың-ау! Тіл-көзден аман болайық тек! Іштей осылай деп күбірлеп қоям. Айдаһар келе жатқан аяушылық танытсын мейірімге зәру жандарға, тілегендері, армандаған-ойлағандары орындалсын көңілі таза пенделердің!!! Жаңа Жылды асыр салып, шырша айналып тойлайтындай күйде емеспіз, сондықтан тыныш қана өз шаңырағымызда жайылған дастархан басында ақ тілегімізді айтып, елдегі хал-ахуалдың орнығуын тілейік, бауырлар! Ал, өзендік жерлестеріме айтарым: кешкілік алаңға шықпай-ақ, қара домалақтарыңыздың қасында өткізгейсіздер мерекені. Мейрам қарсаңында қара жамылған отбасыларының жай-күйі қандай екенін көзбен көру шарт емес, біліп отырмыз... бекем болыңыздар! Жаңбырдан кейін кемпірқосақтың жылтырап шығатыны сияқты, сіздердің де үйлеріңізде шаттық орнайтын күн алыс емес. Әрине, жүректегі жараны ешқандай дәрігер емдеп жаза алмайды, тіпті уақыт та - дәрменсіз. Бірақ, мықты болуға тырысайық... 
 
                             Жаңа Жылдарыңызбен, қымбаттыларым!
             Мендегі ең үлкен тілек - жалғыздық дегенді сездірмесін жаратқан!

    
            Аналарыңыз - аман, бауырларыңыз - бүтін болсын!!!



]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жаңа жыл құтты болсын! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-203/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-203/ Құрметті оқырмандар, жаңа жылға да санаулы сағаттар қалды. Осы кезде біріміз дастархан әзірлеп, біріміз жаңа жылдық кешке не киеміз деп абыр-сабыр болудамыз. Енді біріміз 00.00-де желі бос болмай қалады деп,  жақындарымызды құттықтап жатырмыз. Ал мен болсам, жаңа жылды үйде қарсы алмақпын. Менің ойымша, жаңа жыл отбасылық мереке болуы тиіс.
2011 жыл жаңалыққа толы болды. Мен үшін қоян жылы жақсы өтті. Жеке өмірімде өзгерістер болды. Көптеген адамдармен танысып, өмірім жақсара түсті, ал кей адамдармен қатынасымды біржола үзіп едім, олар өмірімді одан сайын жақсарта түсті. Оқуда да, жұмыста да біршама жетістіктерге де жеттім. Бірақ,  мен үшін бұл меже емес. Жаңа 2012 жыл қуанышқа толы болсын. Ең бастысы - Еліміз аман, жеріміз тыныш болса екен...

]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Как вы встретили НОВЫЙ ГОД? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-204/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-204/ Поздравляю всех с НОВЫМ ГОДОМ! Пусть сбудутся ваши мечты и исполнятся желания! Увидимся на канале ЕЛ АРНА, в нашей программе.  
]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Өткен жылдың соңында НЕ КӨРДІК? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-205/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-205/       Баршаңызды келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл алдындағы қарбалас бізді айналып өткен бе?! Әрине басқа да мамандық иелері секілді біздің жұмыста да мұндай кезде «жүгіріс» үдей түседі. Эфирге шығатын бағдарламаларды алдын-ала дайындап беру, құжаттарды толтыру, әріптестерді мерекемен құттықтау, туған-туыс дос-жарандарға қоңырау шалу, смс жолдау тағысын тағылар...деп жүргенде блогқа мерекелік Құттықтау жазуды ұмыт қалдырыппын,бір жағынан үлгермедім де. Ештен кеш жақсы дейді ғой, сол себепті кеш те болса жазып отырған тілегімді қабыл алыңыздар,ең бастысы шын ниетпен: Жаңа жыл ырысты, несібелі, берекелі, тойға толы жыл болсын!
      Ал енді тақырыпқа оралайын, киносүйер қауым осы демалыс күндері кинотеатрдың алдында кезекке тұруға мәжбүр болды. Алматы жұртшылығының жартысы Шымбұлақта таза ауамен тыныстаса, тең жартысы бала-шағаларымен ойын-сауық орталықтарына ағылып жаттты. Мерекелеп жүріп біз де кинотеатрға бас сұқтық. Бірақ қаладағы мерекелік кино-репертуар мені аса қуантпады. Неге? деген сұраққа қысқаша жауап бере кетейін: Жалпы өткен жылдың соңғы айларында көңілім қалған кинолардан бастайыншы. Өз басым кинопремьераларды екіге бөлемін. Біріншісі-кинотеатрдан көретін, екіншісі-үйде отырып-ақ дисктен немесе интернеттен тамашалауға болатын фильм. Сонымен, екінші сипатқа ие болған фильмдердің көшін Брэдд Питт ойнаған «Человек который изменил все» фильмі бастайды. Кинотеатрда көпшіліктің ұйқысы келе бастады, фильм әлі ортасына да жеткен жоқ. Аяғына дейін шыдамай біз де шығып кеттік залдан. «Сумерки»-дің соңғы сериясы да созылыңқы сюжетпен көңіл көншітпеді. Оның қасында «Гарри Поттердің» финалдық премьерасы әлдеқайда қызығырақ шыққан дер едім. Күні кеше ғана Девид Финчердің «Девушка с татуировкой дракона» фильмін тамашаладық. Көрерменнің залдан жүрегі айнып шықты. Жалпы фильмнің сюжеті қызықсыз деп айта алмаймын, бірақ ішінде ашық түсірілген анайы сәттер балалар мен әйелдерге жақсы әсер бермегеніне көзім жетті. Енді кинотеатрға барып тамашалауға тұратын кинолар туралы қысқаша: бұлардың қатарына Том Круздың қатысуымен түсірілген шытырман оқиғалы «Миссия невыполнима. Протокол Фантом» фильмін,

 сосын Гай Ричидің «Шерлок Холмс.Игра теней» фильмін,

«Елки 2» және ерекше атап өтуге тұратын Баян Есентаеваның «Ғашық Жүрек 2»

фильмдерін жатқызуға болады. Әрине отандық кино туындыны Голливудтың өнімдерімен салыстыра алмаймыз, дегенмен теңгені құрлықтың ар жағына жібергеннен гөрі өзімізде алып қалған пайдалырақ деген саясатты ұстанатын патриот болыңыз! Оның үстіне одан басқа қызық үшін тамашалап қайтатын қазақша фильм де жоқ қазіргі репертуарда. Енді Ахан Сатаевтың

«Мың бала» туындысынан үміт күтеміз. Егер аталған фильмдердің ішінен көріп қойғандарыңыз болса пікір қалдырыңыздар, ал егер әлі ойланып жүрген болсаңыз берер кеңесім осындай. Көрер қызық көп болсын! ]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Бүлдіріппін ғой мен... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-206/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-206/  

Жылды барлығы қорытындылап қойыпты ғой... бүгін, міне, төртінші күні «айдаһар»-дың – Жаңа Жылдың... бәлкім, «соңғы» да шығар бұл жыл адамзат үшін?.. бағана ғана, әңгіме арасында, әріптесім  Ғалымжан /естеріңізде болса, МЕНТ фильмінде басты рөлде ойнаған жігіт... жарнама жасап кете берейін сөз арасында, артық болмас/ солай деп барлығымызды ойландырып тастады. «Ойбу... өмір сүріп қалайық онда...» - деп әжуалап күлгендер де болды. Сол ақырзаман болады дегенді естуіміз шарт па еді деп ойлаймын, әйтпесе, тыпыр етпейтін түріміз бар. Әйтеуір, өтіп жатқан бір уақыт: сұрауы жоқ сұр күндер мен есебі жоқ естеліктер санада сарғайып өшіп бара жатқан... анау КВН-де әзілдегендей: «Қазақтар ақырзаманнан қорықпайды, олар ақырзаманды – күтеді!» - жаман айтпай, жақсы жоқ! Әр күнімізді бағалауға шақырады мұндай алып-қашпа әңгімелер. Сіздердің де үрейлеріңізді ұшырайын деп жатқам жоқ, алайда, БАР-ды бағалайық дегім келеді қолдағы. Жаңа Жыл қарсаңында небір әдемі тілектер айтылды, көзге жас та алған шығармыз ойша жеткен жетістіктерімізді тізбелей жөнелгенде, ызаланған да болармыз қолымыз жетпей қалған дүниелерге қарманып... өз басым, қатты ойға берілдім осы бірер күн ішінде. Не болды, не болып жатыр, не болады??? Осы үш сұрақ жауапсыз қалып мазалады мені. Болғаны – болды ғой, өтті дерсің... өкінішін айтсайшы артында қалдырған. Болып жатқаны тағы көңіліңнен шықпай жатса – дегбірсізденесің. «Боладысы» тағы бар бұлдыр-бұлдыр еткен... өз жұртым бар, нағашы жұртым бар – барлығы тура бір «осылай айтайық» деп келісіп алғандай Жаңа Жылда айнытпай бір тілек айтты маған. Онда да «тілек» деп айтуға келсе... ескерту жасағандары деп түсіндім мерекеде «тілек» қып айтқан маған. «Жұрттың қыздары тыныш жүреді осы. «Білмеймін» деп үндемей қоя салсаңшы... сен айқай-шудың ортасында жүресің ылғи да... тыныш жүрші, тыныш... тыныш жүрші... тыныш жүрші...» соған қарағанда, көп нәрсе бүлдіргенмін-ау ескі жылда... ыммммм.... солай-ау, шамасы! Ойланып қалдым. Күлдім де... тағы ойландым. «Ештеңе етпес, Маржан, өзгерістер болады алда!» - деп жұбаттым өзімді. Жыл соңында бас қалаға қоныс аудардым... осымен-ақ өзгерттім қалыпты маршрутты. Жүретін көшелерім өзгерді, тыныстап жүрген ауам да бұрынғыдан өзгерек. Міне, қызық! Жаңаөзеннен кеткелі қоныс  тепкен қалаларымның барлығы «А» әрпінен басталады екен: Ақтау, Алматы, Астана. Және 11.11.11 күні келген едім «қоныс аудару» туралы оймен осы қалаға. Бәрі де бұндай сәйкестіктің жайдан-жай емес. Мен, әйтеуір, сенем осындайларға. Бәлкім, белгісі емес шығар ұлы өзгерістердің, кім біліпті... сенгеніңе байланысты ғой, не дегенмен.

Жаңа Жыл мерекесі өтті де кетті сонымен! Бүгін барлық әріптестерім жұмысқа шықты, мен – қуандым. Соңғы екі күн жарылып кете жаздап ем жалғыздықтан. Бөтенсіреп жүргенім бар әлі де бұл қаланы... уақыт керек әлде де үйренісу үшін. Күндердің-күнінде тұрармын мен де: «Сүйем Астанамды!!!» - деп үзіліп сұхбат беріп. Менен бұрын келіп қойған әріптес-достарым солай дейді, әйтеуір, ояныпты олардың махаббаттары. Менікі де көп ұйықтап жатпас деп ойлаймын, сезімтал деген жандардың алғы шебінде едім негізі... айтып-айтпай не керек, бас-аяғы 50 құттықтау хатын алыппын мерекеде. Рекордтық көрсеткіш қанша екен, қызық?!. Сіздердің араларыңызда да бар шығар небір хат жазғыштар?.. иә, иә, хат жазылды, телефонмен айтылды біраз әңгіме, жүзбе-жүз кездескендер бар қаншама – жақсы сөзге сараңданбадық! Ең «көп сөйлемейтін» адамың да мерекеде үнсіз қалмаған шығар. Сол тілектер айтылған жерде қалып кетпесін тек! Жаратқанға қол созып отыра бермейік дегенім ғой, өз қолымызбен де реттелетін дүниелер бар емес пе?.. мәселен, бірімізге-біріміз жақын болайық, жалғыз қалдырмайық қиын сәттерде! Бақытымыз үшін күресейік! Ым-м, тым қатты айтылды ғой деймін... иә, тырысып көрейік, ең болмағанда!  «Бірер ауыз сөз жаза салам...» - деп отырам да, клавиатураны тарсылдатып тоқтай алмай қалатыным бар. Игорь Сахар досым сапарынан оралса тағы бұрқылдайтын болды: «Көп жазыпсың шұбыртып...» - деп. Шыдамы жетпейді оның аяғына дейін оқып шығуға менің шимай-шатпағымды. Болады ғой сондай бір сәттер... ой бөлісетін жан жоқ жаныңда, я айта алмайтын құпияларың болады жадыңда... сондайда астарлап отырып жазасың осылай: шеріңді тарқатқандай боласың.

...бүгінге осы!


                     
                                                                                                  http://www.khabar.kz/kaz/blogs/show-blog/218.html

 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Желтоқсандағы жеті әріп http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-207/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-207/ Желтоқсан көшесінің бойымен жұмысқа келе жатырмын. Сәтпаевпен қиылсқан жердегі бағдаршам қызыл түсті көрсетті. Жасылды күтіп тұр едім жаныма "НҰР ОТАН" партиясының сайлау науқанына арнайы шығарылған киімдерін киіп жеті бірдей жігіт келіп жетті. Қолдарына бір-бір әріп ұстап алған.Жасыл түс жанып еді бірге жүріп кеттік.Сол мезетте көлікте отырған халық көшеден өтіп бара жатқан жаңағы жеті жігітке күле берді. Арасында келемеждеп жатқандарыда бар. Шыныменде күлкілі жағдай. Кейін  бақылап қарасам жігіттердің  мақсаты қолындағы әріптермен жасыл түсті күтіп тұрған жүргізушілерге "НҰР ОТАН" жазуын көрсету екен. Жетеуі бірдей тізіліп өтсе көз алдыңызға көшбасшы партияның атауы шыға келеді. Әрине саяси маркетингке көз жүгіртсек керемет пиар. Креативтің иісі бұрқырап тұр. Арзан әрі тиімді жарнама. Сайлауға түскен өзге партиялардың саяси жарнамаларының әлсіздігін ескерсек оларға бұл екі есе соққы болып табылады. Бірақ өзге партиялардың
жанында Гулливер болып көрінетін парламенттік партияға әлгі маркетингтік тәсіл артық болған сияқты. Маркетингке үңілсек  дәл осындай тәсілге  тауарларын сата алмай жүрген кәсіпкер барады. Маркетинг саласында "Живая реклама" -деген атау алған.  Ал, 90 пайыз электораты бар партияға саралап қарасақ бұл жарнма артық әрине. Менің ойымша, бұл оқиға Алматы қаласында орын алғандықтан қалалық штабтың әрекеті. Анығырақ айтсақ, "ЖАС ОТАН" жастар қанатының кезекті асығыс оланбай жасаған технологиясы. "Артық қыламын деп тыртық қылды"- деген сөз осы жерде әдемі кетеді. Жалпы мен сыйлайтын әрі .......... беретін Нұр отан партиясындағы ағаларыма айтарым інілеріңіздің әрекеттерін анда-санда болсада бақылап отырсаңыздар.Әйтпесе, сіздерге көрінеміз деп  жүргізушілердің күлкісіне айналуда. Салеммен саясаттанушы-журналист НҰРСҰЛТАН.

]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Айырмашылық жоқ сияқты! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-208/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-208/ Ия, сайлауға бір апта қалды. Сайлау науқаны қызу өтуде.Науқанның барысын сараптап жатқан қызық емес шығар. Күнделікті жаңалықтардан және газет беттерінен оқып біліп жүрсіздер. Естеріңізде болса "Руханият" партиясы сайлау науқанының басты қаһармандарына айналған болатын. Бұл жерде  ЖАҒАНОВА мен мәмбеталиннің айқасы сайлауды қызықты ете түсіп, елімізде әлі де болса саяси ойындардың 1 пайызға болсада бар екенін көрсетті. Аталмыш партия  Орталық сайлау комиссиясының шешімімен сайлаудан шеттетілді.Сол кезден бастап көшедегі ілінулі тұрған билборд және жарнамалардағы партия тізімінен "Руханият" алынып тасталды. Бірақ, Сәтпаев көшесінің бойындағы үлкен ілінулі тұрған жарнамаға қарасақ , Жағанованың партиясы парламенттік сайлауға қатысып жатқан сияқты.Керісінше,Қасымовтың артынан ерген ел патриоттары сайлауға қатыспайтын болып шешілгендей. Кеше әдеттегідей жұмысқа бара жатқан жолда осы қызықты көріп бір күлдім. Сайлауды ұйымдастырушылар және қаламыздағы жарнамаға жауаптылар өздерінше "Руханият" сайлауға қатыссын деген "намектеры" болса керек. Немесе шатастырып алуыда мүмкін. Қанша дегенмен еліміздегі азаматтардың саяси сауаттылығы жоғары деп айта алмаймыз.Сол жарнаманы ілетін қызметкерлерді айтпағанда. Бірақ, бұл шатастыратындай кезіндегі екі фронтта сайлауға түскен коммунистер емес қой. Эх, ештене етпейді. Екі партияның орнын ауыстырсада нәтиже өзгермейді. Сәтпаевпен жүре қалсаңыз жарнаманы көруді умытып кетпеңіз!
]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Кешігудің де пайдасы бар... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-209/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-209/  Қысқы демалысымда әке-шешем туып өскен өлке - Аягөздегі Тарбағатай ауылында болып қайттым. Аягөз десе, көбінесе Дулат Бабатайұлының өлең жолдарын еске түсіреді: "Тауды екіге жарасың, Тастың қашап арасын. Кесіп өтіп кезеңді, Аягөз, қайда барасың?!" Ал Тарбағатай десе көбі Малтүгелді еске алып, ауыз-судың жоқтығын айтып жатады. Қазір жағдай өзгерген, ауылда cу мәселесі өз шешімін тапқан. Үш күн демалып, Аягөзге қарай қайтуға ауылда таксиге заказ бердім. Тарбағатай мен Аягөздің арасы 80 шақырым. Осыдан 3-4 жыл бұрын таксиге заказ беру үшін ауыл үйлерін аралап, таксистерді іздейтін едік. Қазір ауылда желі пайда болғалы бұл проблема один звонокпен шешілетін болды. Сөйтіп, таңғы 7.30-ға заказ бердім. Аягөзден ары Семейге қарай пойызға отыру керек болды. Бүгін ерте оянып алып, уақытым таксисті күтумен өтті. Қазақпыз ғой... Қайда жүрсек те кешігіп жүру бізге тән нәрсе. Тойға барсақ та, туылған күнге барсақ та, кездесулерге барсақ та кешігіп жүреміз. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" дегендей, менің таксиім де кешігіп келді. Сол себептен вокзалға да кешігіп келдім. Пойызға кешіктім  ғой деп едім, қуанышыма орай, пойыз да кешігіп келе жатыр екен. Ақыры мініп үлгердім. Үйіме аман-есен жеттім.]]> Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Қазақ қоғамындағы лақтырушылықпен қалай күресеміз? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-210/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-210/
Шынымды айтайын, бұл мәселемен бұрыннан бері кезігетінмін, бірақ бүгін ғана басымнан өткен оқиға өзімді қатты ойландырып, қиналтып жіберді.

Жеке өзімнің шығармашылық және кәсіби өмірімде лақтырушылықпен жиі кездесетінмін. Журналист болғаннан кейін, түсірілімге шақырған адамың кенеттен алдын-ала хабарлаусыз келмей қалса, оның нәтижесі жұмысыңызға қаншалықты зиян екенін өзіңіз түсінетін де шығарсыз. Асылы, "кидаловалық" менталитеттің қаншалықты зиян екенін түсіну үшін журналист болудың да қажеті жоқ. Келем деп келмеген әріптес, тойыңызды "кидать еткен" құрбы, қала берді келетін уақытында орнынан табылмаған бір мекеме басшысы міндетті түрде көңілде "тұнба" мен түңілу қалдырары анық. Құрметті оқырмандарым, ең сорақысы - менің жеке бас статистикамда лақтырушыларымның 80%-ы өзімнің қандастарым. Осы мені қорқытады.

Бәрін неге жазып отырмын? Не түртпек болды екен деп ойланып отырған шығарсыздар? Жоғарыдағы сексен пайызға мен қатты өкпелемеймін. Қазіргі күйбең өмірді түсінемін. Бір себебін тауып, лақтырғандарды ақтап шығуға тырысамын. Ал бүгін таңертең басымнан өткен оқиға мені шошытты. Қазақтың белді газетінің белді БАС РЕДАКТОРЫ интервьюге келісімін апта бұрын беріп, күнде хабарласып, нақтылап, түсіру тобымен бүгін студияма келсем, ҚОНАҒЫМ жоқ. Жарайды, "важные люди не опаздывают, они задерживаются" деп 15 минут күттім. Қонақ болып келуге келіскен ЗИЯЛЫ қауымның өкілі жоқ. Телефонын өшіріп тастапты.

Не гудок бармайды... Онсыз да мардымсыз көңіліме телефон операторының "жансыз" дауысы "абонентің жоқ" деп жығылғанға жұдырық етті.

Осылайша бүгінгі күн 3,5 жылдық жұмыс тәжірибемде екінші рет түсірілім жасай алмаған күн боп енді. Біріншісін айтайын ба? Күлетін шығарсыз, бірақ бәрібір айтып берейін.

Осыдан бір жыл бұрын Германияда оқу мүмкіндіктері жайында Шмалкальден университетінен келген кісіден интервью алуым керек болған. 2 апта бұрын жанағы кісімен келістім. Электронды поштамен, кейін өзінен біліп ұялы телефон нөмірін сұрап алдым. Алдында жиі лақтырып көрген өзімді, кейін өзімнің қаруыма алған принцип звандай беру болатын, әйтеуір түйсігіне жетсін деп. Солай немісіме де бас-аяғы он рет телефон шалып, есіне салған шығармын. Түсірілім күні келді. Сағат 14-00ге жоспарланған. Өзімнің сорыма немісіме сағат 12-де звандай қалыппын. "Герр мырза" - деп, "бүгін сағат пәленшеде түгенше деген жерде" - деп. Немісім қысқа қайырды: "Нариман, сіз маған сенесіз бе, әлде сенбейсіз бе? Аз болғандай он күн бойы телефон шалдыңыз, түсіндірдіңіз, енді сенбегеніңіз қалай? Олай болса, сіз маған сенбесеңіз, мен де сіздің түсіріліміңіз болатынына сенбеймін. Қош болыңыз" - деді. Бұл сөз маңдайыма сарт етіп тиді. Дүниетанымымды өзгертті десем болады. "Артық қылам деп, тыртық қылды деген осы шығар" - дедім өзіме.

Дегенмен,  бүгінгі кейіпкеріме тура неміске бағыттаған "стратегияны" қолдансам, ол мені лақтырмас па еді? Сіздер қалай ойлайсыздар?

Уәде беру деген нәрсе, сөзге тұру деген нәрсе қайда қалды? Қажылар лақтыра бастаса, мен білмеймін енді кімге сенуге болатынын. ]]>
Мен жазбаймын блогымды ермек үшін.,, Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
«Шіркін,Life!» аяқталды... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-214/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-214/     Жылдан астам қазақ көрерменін шулатқан «Шіркін,Life !»  реалити-шоуы аяқталды. «Аяқталды»- дегенім,басшылардың айтулары бойынша енді жалғаспайды. Жобаның ғұмыры ұзарсыншы деп, директордың есігін қағып,өтініш етпедік. Менің ойымша, төртінші  маусымды Марсқа апарып жасасақ та жаңалық ашпайтын секілді. Себебі, қазіргі көреремендерді ештеңемен таңғалдыра алмайсың. Телевизияның заңдылығы бойынша жалықтыра бастаған жобаның қадір-қасиетін кетірмей, дер кезінде тоқтата қойған да аброй. Өткір сынның астында қалған «Шіркін,Life!» өз миссиясын миллиондаған аудиторияның алдында орындап шықты  деп ойлаймын. Себебі «Шіркін,Life» - қазақ телевизиясына жаңалық алып келген ең алғашқы реалити-шоу. Оны мойындауымыз керек. Елді дүрліктіріп, талай басылымдардың шимай-шатпағына арқау болған бұл жобаны әзірлеу де оңай болған жоқ.

   Бірде телеканалымыздың директоры Айгүл ханымға кіріп шыққан әріптесім Асхат: «Тың идеямен бастыққа жоба ұсындым. Құптады. Продюсер ретінде сізді айтып едім, қарсы болған жоқ», - деді. Шығармашылық адамы ретінде жаңалыққа қашанда жанымыз құмар ғой  қолдай кеттім. Қазір ойланып отырсам, сол сәттен бастап 1 қаңтар күні эфирден көрсетілген қорытынды хабарымыз түсіріліп, монтаждалып біткенше бір сәтте босаңсымаптық. Үмбетәлі  ауылында, Гвардейск әскери қалашығында, Бурабай курорттық аймағында түсірілген үш маусымның да өз қиындығы, өз қызығы болды. Оның бәрін еске түсіріп, ұзын-сонар әңгімеге ұластырсақ , блог оқырмандарының шыдамдары да жетпес. Күрек ұстап, жер қопарып шаршағанның жөні бөлек қой. Миллиондаған аудиторияның көңілінен шықсын, саналары мен жүректерінен орын алсын деп шығармашылық ізденіс жасап шаршағанның орны мүлдем басқа екен. «Біткен іске сыншы көп» деген сөздің маңыздылығын осы жобаның продюсері ретінде қатты ұғындым. Әу, дегенде құлақтары үйренісе қоймаған көрермендер: «Қазақтың әп-әдемі «Шіркін»-деген сөзіне ағылшынның «Life» сөзін қосақтастырмай бағдарламаларыңа  «Шіркін,өмір!» деген ат қойып,айдар тақсаңдар нелерің кетер еді?»  деп үн қосты. Одан қалды,   Маржанның күшік ұстап шыққаны не сұмдық ? Маржан, шашын сыпыртқызып жатқан кезде бір нәрсе тындырғандай неге қарап отырдың? Қатысушылардың айқай-шуы мен ұрыс-керісі кімге керек болып еді? Монтаж кезінде жасырын камераларды неге алып тастамадың? Жалпы, продюсер ретінде жобаның мазмұнына неге  дұрыстап мән бермейсің? - деген  секілді көрермен тарапынан оқша жауған  сын-ескертпелердің астында қалдым. Бірақ, ешқайсысына ренжіген емеспін. Несіне ренжисің? Халық сыншы, халық төреші. «Бетің бар, жүзің бар»  деп қарап тұрмайды. Көкірегіне сыймаған  дүниені іркілмей айта салады. Көп сын естіген журналистің жаттанды сөзі ғой, « Сын түзелмей,мін түзелмейді» деп өзімізді жуатқандай боламыз. Қайсыбіреулеріңіз: «Мынау  несін міндет етіп жыламсырап отыр?» дейтін де боларсыздар. Міндетсінбейміз, сүйікті мамандығымыздың қызығы мен шыжығын көріп жүргенімізге өзімізді бақытты санаймыз. Жаңалық ашып, рухани төңкеріс жасадық деуден аулақпыз. Бірақ, көрермен асыға күтіп, қызықтап көретін реалити-шоу жасағанымыз рас. Жоба аяқталып, талай құпиялардың қыр-сыры ашылар тұста менің де ет пен сүйектен жаралған пенде екенімді айтқым келгені ғой. Ойым шашыраңқырап, жүйесізденіп барады. Блогер қысқа да, нұсқа жазады деуші еді. Айтайын дегенім,  үш  маусымға созылған «Шіркін, Life!» бітті. Әсіресе күнделікті телефон соғып, хат жазып сауал тастаған көпшілікке берер жауабым осы. Халықтың сүйікті арнасына айналған, бергенінен берері әлі де алда деген үмітпен «Ел арна» телеарнасында тек өздеріңіз үшін қызмет атқаруаға дайынбыз. Басшылар құптаса, қызықты бағдарламалар әзірлеуден әсте жалықпайтынымызды тағы да айтқым келеді. 
]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Маржанды кім жақсы көреді??? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-215/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-215/ деп ойланам... комменттердің бірінде былай делініпті:

Мына журт акылынан адасайын деген екен?! Когда же ВЫ уберете эту
.Маржан? "булдiргенiндi" ендi тусiндiн бе, Маржан? Ендi Астанага келiпсiн, тыныш журсен жаксы болар едi. Мен сенiмен бiрге жумыс жасаймын, уже журттын конiлiнен шыкпай жатырсын. Уже астаналыктар ренжiп жатыр. Кыскасы, койлегiндi узартып, акылынада акыл косшы. Ж.Д.

 

...деп жазыпты, сөздерінен ұққанымдай менің бір әріптесім. Ешкімге тиісіп үлгергем жоқ, шынымды айтсам, жұмысқа тыныш барып, тыныш қайтып жүрмін. Ешқандай қақтығыс орын алмай жатып әңгіме мынадай... менің ойымша, ешкімге ұқсамаймын - сол ызаландырады кейбіреулерін осылай деп хат жазатын. Әйтпесе, ешбір әріптесіммен тістесіп-шаштасатындай не оларға ұнамай қалатындай әрекет жасамадым деп нық сеніммен айта алам. Бар-жоғы екі айдан енді асты барғаныма, қоныс аударғаныма Елордамызға. Алғашқы күннен-ақ байқағанмын «өткір» көзқарастарын юбка киген кейбір әріптестерімнің. Сондықтан ер балалардың жанында көбірек жүрем, әбүйір болғанда, қазіргі командамда – өңкей жігіттер. Артық сөзі жоқ, әрекеттері – нақты, жұмыстары – тыңғылықты. «Сенің шаш алғаныңнан қорқып ем, өзің ер бала боп туылмай қалғансың ғой... әйтпесе, еркексің сен!!!» - деді мені танып қалған жолсерік ағай /мен іссапарда жүрмін қазір/. Сол ЕРКЕК болмай қалғаныма өзім де қынжылам, әкемде де өкініш бар, білем. Эх, мен егер ЕРКЕК боп туылсам - талайды бір ұрып құлатар ем бетіме келген. Жасырмаймын, көп мәселені жұдырықпен шешкен болар едім, әрине, егер дипломатиялық жолмен келмей жатса реті. Шаханов ағамыз жазғандай, «әйелге ұқсас еркектерді» жолдас қылмас ем. Содан шығар, етегі желбіреген көйлек киіп жүрсе де, атылып кететіні Маржанның кей кез айбат шегіп. Содан шығар, көңілі ауып тұрса да Маржанға жақын келуге «духы» жетпей қалатын кейбір жігітсымақтардың. Содан шығар...







]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Бүгінгі күнім осылай басталды... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-217/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-217/ Кеше мәжіліс сайлауы аяқталып, бүгінгі күні дауыс нәтижелері саналып жатыр. Сайлауға құқығы бар халықтың 75,01% өз таңдауын жасаған екен. Ең төменгі белсенділік көрсеткен Қазақстан бойынша Алматы қаласы (41,38%) екен. Дауыс бермегендердің арасында мен де бармын. Кеше таныстарымды дауыс беруге үгіттеп едім, көпшілігі "Мен бармаймын, менсіз де сайланады"-деді... Сірә, көбі солай істесе керек. "Exit poll" ғылыми-зерттеу қауымдастығының ақпараттарына сүйенсек, "Нұротан", "Ақжол", "Коммунистік партия" жеңіске жетеді деп күтілуде... Сайлау жайлы бүгін барлық БАҚ өкілдері айтатын да, жазатын да болады. Негізі жазайын дегенім, сайлау емес еді. Бүгінгі күнім жайлы. Кеше ғана Қарағандыдан досым қоңырау шалып, қал-жағдай, ауа-райын білген еді. Мен оған: "Алматыда көктем, қар жоқ"- деп мақтанып едім, бүгін таңертең тұрсам, қар деген қалың болып жауып тастаған. Әлі де жапалақтап жауып тұр.

Шай ішіп отырғанымда терезеден түсірілген сурет.


Жұмысқа бара жатып, қолыма фотоаппарат алуымды жөн көрдім. Машиналар да қар астында қалып қойыпты.

Көшеде жүрген иттер ғой...

Бала-бақшаға асығып бара жатқан бала мен ана

"Intercontinental" қонақ үйі

Жұмыс орныма жақындап калдым ғой, әйтеуір дегенде. (Алматыда қар не жаңбыр жауса, көшеде кептеліс орын алады )

Бір түнде жауылған қардың қалыңдығы (Қар болса әлі жауып тұр)

Мен де жұмыс орныма жеттім. Осы суреттегі жерден бұрылып, 5 метрден соң есік ашып, 10-15 метр жүріп, лифтке (жеделсаты) мінсем, 218 кабинетке жетемін =))

Құрметті оқырман, мен үшін аптаның алғашқы жұмыс күні осылай басталды. Сіз үшін қалай басталды? Ой бөліссеңіз...

P.S. Таныстарым, достарыма айтарым: мен кеше Activ номерімді жоғалтып алдым. Жақын күндері басқа номер алып, байланысқа қайта шығатын боламын! Әзірге менің қалым жақсы, мені іздесеңіздер, айтар ХАБАРларыңыз болса, осы жерге коммент қалдырыңыздар... Сонымен қатар mail.ru-da менің суреттерімді қойып, аккаунт (былайша айтқанда логин ғой) ашқандар да бар екен. Осы кезге дейін 4 аккаунт кездестірдім. Нағыз логинде көбінесе суреттің оң жағында "exif" деген болады, соны басқанда, фото жайлы толық ақпарат шығады. Ол фотоның түпнұсқа (оригинал) екенін растайды. Ал біреудің мирынан көшіріліп алынған суреттерде "exif" болмайды. Соған да мән берсеңіздер екен.  Менде тек қана бір логин және де барлық суреттерімде"exif" бар.







 

]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
ЖАРАЙСЫН http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-218/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-218/

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жүктімін... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-219/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-219/

...
........түсіне ме айналадағылар, не деп ойлайды? Тағы сөзге ілінем бе, қорғаушылар табыла ма, теріс қарап кетпей ме доспын дегендер?.. сұрақ көп көкейде. Бірақ, жауабы табылар емес. «Бұл да бір бүлдіреді де жүреді...»
- дер ме екен тағы?.. жан-жағымнан қыспаққа алып жатыр мазасыз ойлар. Қиын, өте қиын... «Сенікі жөн! Өз өміріңді өзіңше реттеуің керек, ешкімді тыңдама, сары қыз!» - дейді ішкі дауыс. Екі ойлы етті мына жағдай мені: кімді тыңдаймын, кімнің сөзіне қүлақ асқаным дұрыс???  Шегінерге жол жоқ, енді тек осы мәселені шешудің бір жолын табуым керек. Қандай қиын, қандай қиын жаңа ортаға бейімделу... өзіңді жақтырмайтын, тіпті жек көретін әріптестермен бір ұжымда жұмыс істеу,қарсы тұру барлық  энергетикалық шабуылдарға, ескі стереотиптерді бұзам деп өзіңдікін дәлелдеу, тырысу жаңашылдық енгізуге... қиын бәрі де! Жүк болды ауыр осындай АУЫР ойлар... осы жүктіліктен қалай арылсам болады???

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
КАСТИНГ!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-220/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-220/ -Батыл
-Импровизатор
-Жасы 18-25 аралығы
-Ұялмай-қысылмай өз ойын ашық білдіре алатын
-Телевизиялық бағдарламаларға бейімі бар
-АРУЛАРҒА КАСТИНГ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
-Өздеріңіз туралы толық ақпаратты, резюмелеріңізді, суреттеріңізді, байланыс телефондарыңызды: elarna_web@khabar.kz    электронды поштасына жіберіңіздер. Үміткерлер тізімі анықталған соң біз сіздерге өзіміз хабарласамыз!

Құрметпен Асхат Садырбай]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
БЫТ-ШЫТ... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-221/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-221/

«Менің қызым әлгі шаш алатын...» - деген ғой әкем. Қасында келе жатқан кісі таң қалыпты: «Құдайберген Сұлтанбаевтың қызы деп жүрсем мен оны...» - деп, әңгіме арасында. Қап, ол кісі де кетіп қалды. Әйтпесе, екеуміз бір ШОУ ашар ма едік – СҰЛТАНБАЕВтар!!! Әттеген-ай дейсің...  ТВ-нің жайы мүшкіл қазір. Несін жасырайын?.. Бейшара бәрі «көшірме» жасауға ғана дайын тұрған. «Жасаймын» дегендердің қолы қысқа. Басшылықты айтпай-ақ қояйын, олардың да «бастығы» бар... қарапайым қатардағы журналисттерді айтқым келеді іштерінде май айналмайтын /Сол еді: «ауыр ойларға жүктімін...» - деп жазғаным. Ақымақтар онымды «тіке мағынасында» түсініпті/. Кірген-шыққаныңды аңдып, киген киіміңді талқылаудан аспайды кейбірінің күнделікті жұмысы. Өте қиын. КРИЗИС басталды менде моральдық. Шаршатты мына қатулы қабақтары қызметтестердің. Егер жасап жатқан бағдарламалары РЕЙТИНГ жинап, шулатып жатса –үндемес ем.  0.1 мен 0.8-ң ортасында рейтинг көрсеткіштері . Сонда да мұрындарын көкке көтеріп, шекірейеді де жүреді. «Шіркін-life» тың рейтингі ешқашан ондайға түскен емес. Олар біледі оны жақсы. Мойындағысы жоқ, бірақ. Көздерін жұмып, құлақтарын тығындап алып жүр бәрі. Продюсер ретінде Толқынның еңбегі қандай: пиар жасауда, ұйымдастыруда, реттеуде бәрін. Редактор, администратор, техникалық топтың еңбегі... реалити-шоудың ҮШ маусымын түсірген КОМАНДА мүшелері қазір өз бетінше жұмыс істеп жатыр. Кім қайда жүр – бақылаймын сырттай, бақылап жүрем үнемі. Элементтерін байқаймын сол баяғы біздің «Шіркін-life»-тың. Бәрімізге жақсы МЕКТЕП болды ол. ШОУ дегенді түсіндірдік, түсіндік өзіміз де. Кезінде «Дарабоз» болды бастамасы, олар,  бірақ /ренжімесін олар маған/, көрсете алмады, өздері түсінбеді реалити-шоудың форматын. Әйтпесе, талпыныс болды жасауға жаңа дүние оларда...

«Шіркін-life»-тан шықшы!.. Шықшы!.. – дейді маған «су жаңа» әріптестерім. Менің шыққым жоқ! Жақсы сабақ алдым, өйткені. Неге енді сол тәжірибені пайдаланбасқа?.. Неге мен барлығын жоққа шығаруым керек?.. Жүгірдік, жасаймыз деп шапқыладық тың дүние, қанша рет таяқ та жедік, сөз естідік...

15:21    18.01.2012    Толқын Сейдоллақызы

Маржан,сені сынап-мінеп,"Көреалмаушылықтың қызыл итіне жем болып жатқандардың" әр сөзіне мән берсең,өмір сүргің келмейді.Түңіліп,тентіреп кетуге болады.Үш маусым барысында, сенің тарапыңа қаратылып айтылған оғаш сөздер мен кейде санаға сыйымсыз пікірлердің көптігі жүйке жұқартты.Осы уақыттар аралығында продюсер ретінде кірісіп,араша түсіп,ақтап алуға да атсалысбаған едім.Себебі,сені білмейтін көпшілік :"Адвокат жалдап алыпты ғой"-деген ойда қалмасыншы дедім.Саған,сенің мінез-құлқың мен жүргізушілігіңе байланысты пікірлерімді кей басылым беттерінде жарияланған мақалаларда білдіргенім рас. Оны көпшіліктің бірі оқыса,бірі оқымаған ды да болар.Шыны керек ,дәл қазір сені -менен жақсы білетін адам жоқтай көрінеді.Үш маусымда да бір шаңырақтың астында мекен еттік.Бір үйдің балаларындай, бір дастарханнан ас іштік.Шығармашылық ой-санамызды ұштастырып,үйлестіруге тырыстық.Құрбы ретінде сырластық-мұңдастық.Әрине,қырсық мінездерің де жетерлік.Оны бетіңе де айтқанмын.Байқағаным,көп жағдайда Шіркін,лайфқа айтылуға тиісті сын-ескертпелердің көбі сенің ауылыңа айтылып кеткен секілді.Сынның салмағын бір кісідей көтеріп келе жатырсың."Қазіргі қоғамда,сен туралы көп айтылса ,көп жазылса,яғни танымалдылығың басым" деп өзің айтып едің ғой.Сенің есімің аталып,өзің туралы тілге тие етілген ортада ,бір әріптесім:"Маржанға күшік ұстатып,шашын алғызып,ұрыс-керіс ұйымдастырып,рейтинг жасадыңдар.Маржан болмаса "Шіркін,лайфтың көрермені аз болар еді.Маржан сомдаған Стерваның образы ашыла түскендей...дегені бар еді.Шыны керек, ол әріптесімнің пікірімен де келісуге тура келетін секілді.Бір нәрсе жазсам,шұбалаңқы жазатын әдет тауып алыптым.Ұзын сөздің қысқасы-танымалдылық дегеннің жүгі де,салмағы да ауыр.Жауапкершілігі де көп.Рухани мықтылығыңнан ажырама-сары қыз!Айбындағы қадамың құтты болсын!Жаңа белестер,жаңа жеңістер тілеймін!

 - осы жазбаны оқығанымда көзіме ыстық жас келді... ыршып шықты жас... іссапарда жүрген кезім еді, ешкімге көрсетпей сүртіп алдым көзімді. Қазір ойласам, қалай шыдадым деп таң қалам. «Ең қиын кезеңім осы шығар, бұдан қиын болмас енді...» - дегенмін. Сөйтсем, одан да ауыр күндер күтіп тұр екен мені. Қазір жолымды кесуге тырысады бәрі. Ешкімге тиімді емес Маржан істеген бағдарламаның рейтингі көтерілген. «Өзім істей алмаймын, өзгеге де істетпеймін!» - ұрандары олардың. Егер Маржан көптің бірі боп, дараланбай жүретін болса – қарама-қайшылық туындамас еді. Мен жүрген жерде қазір барлығы «инкубатордың балапандары» сияқты. Айырмашылығын көрмеймін: тіпті дауыстарын да айнытпай салып алған бір-бірінің. Азын-аулақ ақша бөлінеді, бағдарлама шықса болды, әйтеуір. Жанталасып жүрген адам жоқ рейтинг жасауға, бағдарламаны елге танытуға,.. салпаң жүріс бәрінде... келеді... кетеді кешкі сағат 6-ларда... толмай жүр көңілім. Тапқан жоқ сияқтымын орнымды өз... жоқ, қаланы ауыстырғаныма өкінбеймін, жақсы болды: салқын ауа бассын дегенмін қызбалықты мендегі. Жанып, өртеніп барады ішім. Көп энергия, жұмсалмай жатыр тек. «Темірді қызған кезде соқ» дегенге салам... осы, міне, күйіміз біздің! Соңғы кезде көп алам хат: «Сіз сияқты жүргізуші болғым келеді...» - деген жеткіншектерден. Қиналам оятқаным үшін сондай құштарлықтарын, білмейді ғой олар мұндағы жай-күйді. Оқырмандарымның бірі жазып еді: «Қош келдіңіз, бұл - ҚасқырЛЭНД» - деп. Соны айтқым келеді, журналистика саласына барам дегендер болса -таңдайсың: я ДАРА боласың ешкімге ұқсамайтын, бірақ, ол үлкен арпалыс... дайын болу керек! Я жүресің тапталған даңғыл жолмен салпылдап, ол ең – жеңілі!!! Кім болғың келеді?.. Кезінде Айгүл Мүкей, Ләззат Танысбай, Жайна Сламбектер шыққанда жұрт елітіп қалып еді. Естеріңізде болар?.. Қазір, түсінікті, бәсекелестік басталды! Арна да көп, жүргізуші де... алайда, бәрін тани бермейді ел. Мәселен, Платоновты сияқты. Даусы қандай, ұстауы өзін-өзі... ерекше бір! Өкінішке орай, «штамповка» кетті бізде. Платоновтар жоқтың қасы ел айтып жүретін. Қазір жаңалық көреді, жүргізушінің КІМ екені маңызды емес. Ал, мен бала кезімде,.. есімде, Мүкей, Танысбайлардың өзін көруге асығатынмын үйдегілер жаңалық көруге отырғанда. Олардың әрбір қимылы, басын бұрғаны, камераға оқтай қадалған көзқарастары, батылдық... сүйсіндіретін еді /сол кезде ойламақ түгіл, армандамаппын тіпті телевидениеге барам деп, бір қызығы.../ жалғыздың үні шықпайды, ол – рас! Біздің шенеуніктер, негізі, ақылды-ей!!! Команда жинайды ғой бәрі жұмсақ орынға жайғасса бірден. Дұрыс саясат!!! Бір өзің түк бітіре алмайсың, ал егер қолдаушылар, қостаушылар болса сені – жеңілдеу, нәтиже шығаруға болады. Саясаткерлерден үйрену керек бізге де, әрине, жемқорлықты емес! Команда жинау керек: өзгеріс енгізе алатын, потенциалы мол, қорықпайтын сөз-өсектен, жаңаша ойлайтын, себепсіз «менталитет»-ке сүйене бермейтін, ЖАҢА қазақтарды жинау керек! Ең бірінші жаныма Толқынды алар ем мен, ондай продюсер таптырмайды бүгінде: жұмысы тыңғылықты, ТӘУЕКЕЛге қорықпай бара алатын. Мен кезінде бұлқынып-жұлқындым, бірақ, продюсер «добро» бермесе НЕ келер еді қолымнан деп ойлаймын. «Бүйтейік!» - дегеніңде: «Давай!» - деп тұрмаса, тағы БӘЛЕ! Барлық ОТЫҢ басылып қалады ішіңдегі: қандай қуатты КӨМІР болса да уақыты бар, басылады, сөнеді. Ал, біздің жұмыс сол: көңіл-күйің болмаса БЫТ-ШЫТ боласың зауқың соқпай ештеңеге... сол енді БЫТ-ШЫТ күй қазір! Қолдың қысқалығы... эх...

 
http://www.youtube.com/watch?v=e3_T-UCyOX4 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Мөлдір Махаббат Дастаны http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-222/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-222/          Дастанның алғашқы махаббаты осыдан 10 жыл бұрын мектеп партасында басталған еді. Оның түрі келбетті, мінезі сабырлы, қашан қарасаң да жинақы жүретін жаны таза бала болатын. Спортқа да жаны құмар. Сол 10 жылдың ішінде талай қыздардың жүрегін жаулап үлгергенімен, оның жүрегін жаулап алар жан әзірге табылмаған еді. Тұрып жатқан ауылының халқы да көп емес. Дастан он бірінші сыныпқа көшкенде, ауыл мектебіне Мөлдір есімді қыз сыныбына көшіп келді. Ол оқу бітіргенде грантқа түсуіме жеңілдік (квота) болады ғой деген оймен осы ауылға келген болатын. Оның тұп-тұнық ботадай көздері- қашан қарасаң да, мөлдіреп тұратын. Мінезі жұмсақ,  қара шашы белден келетін,  тал шыбықтай бұралған қылықты қыз болатын. Тау суындай сыңғырлаған күлкісі тек соған ғана тән еді. Ауылға біреу көшіп келсе, ауыл тұрғындарының әдеті ғой «қайдан келді, неге келді?» сынды ақпарат жинап үлгереді. Сол секілді Мөлдір мектепке келмей жатып, оның сыныптастары барлығын біліп үлгерген.
           Алғашқы қоңырау үні де соғылды. Кластың іші тып-тыныш. Анандай жерде биік өкшелі туфлидің  «тық-тық» еткен дауысы ғана секунд өткен сайын есігі ашық тұрған кабинетке қарай қаттырақ естілуде.  Ақыры, туфлидің иесі де кабинетке жетті. Ол- осы 11 сыныптың сынып жетекшісі- Құралай Алдашқызы болатын. Оның түрі үнемі суық, еріні жіңішке, қасың қара қарындашпен бір сызық етіп сызған, көзінде көзілдірігі болатын. Жасы 35-тен асса да, тұрмысқа шықпаған. Кабинетке кіре салып: «Амансыңдар ма, болашақ студенттер? ҰБТ-ға дайындықтарын қал.... », -дей беріп еді, сөзі аяқталмай жатып, кабинеттің есігін біреу тықылдатты.
-
Ашық тұр!
 -Сәлеметсіз бе, мен жаңадан келген оқушы едім, кірсем болады ма?-деді Мөлдір. 
Құралай Мөлдірдің басынан аяқ қарады да: «Бірінші күннен кешіккені несі?» Бірінші рет келген Мөлдір ,сірә, адасып таба алмай кешігіп қалса керек, енді себебін айтқалы жатыр еді, Құралайдың «Отыр» деген дауысы шығып үлгерді. Мөлдір сасқанынан есікке жақын үшінші қатардың екінші партасына жайғасып еді, жанындағы көршісі бүйірін түртіп:  «Сенің атың кім? Менің атым- Дәурен. Біздің сынып жетекшіміз сондай стервочка. Оған мән бермей-ақ қой» деді. «Мен - Мөлдірмін» деді де, көршісінің айтқанын ұққандай болып, басын изеді. Дәуреннің сөзін естіп қойса керек,  «Сендерге биылғы оқу жылында сәттілік тілеймін, бос сөзді қойып, ҰБТ-ға жақсылап дайындалындар!» деп, көзілдірігінің астынан Дәуренге тесіле қарады да, кабинет есігін тарс ұрып шығып кетті. Кабинет одан сайын тынышталды да қалды. Сәл үнсіздіктен кейін, Дәурен орынынан атып тұрды да, бұрыннан бері танитын адамдай: «Жаңадан келген кластасымызбен танысып қойыңдар, есімі – Мөлдір»- деп таныстырды. Ал сыныптастары болса, атын бірінші рет естігендей күй танытып, өз аттарын айтып танысып жатты.

Мөлдірдің сыныбында 24 оқушы болатын. Оның 14-і ұл, 10-ы қыз еді. Осылайша, ауыл мектебіндегі  алғашқы білім күні танысумен аяқталды.

Жалғасын АЛДАҒЫ КҮНДЕРДЕ оқыңыз.....         

]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
London Beat және Біз! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-223/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-223/
 

Қарапайымдылықтарымен көзге түскен қара жігіттер бізбен суретке түсуден бас тартпады.



Ұялы телефонмен түсіргендіктен сапасы кішкене нашарлау




















]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"АРАЙ" тобы СҮЙІНШІ сұрайды! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-224/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-224/  






]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
тек ПОЗИТИВ!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-225/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-225/

Солай болуы керек!!! - деп шештім. Мына суреттеріме қарасам, бір түрлі көңілім жайланып қалады. Сол үшін де кезекті жазбамды ұзын-сонар әңгімемен емес, осындай ПОЗИТИВті ой шақыратын суреттермен толтырғым келді. Өткен - өтті!!! Енді барлығын да ақ парақтан ЖАҢАША бастауым керек! Сіздерге де сондай ұсыныс жасағым келіп отыр! Бастайықшы бәрін жаңадан, ұмытайықшы бізді ренжіткен ессіздерді, зығырданын келтіріп олардың ӘДЕМІ өмір сүрейікші!!!








Түсірілім кезіндегі кадрлар - бұл! Қарбалас шақ... бірақ, қазір емін-еркін отырғанда қарап отырсаң бұл суреттерді - жеңіл боп көрінеді барлығы. Сонысымен де қызықты, сонысымен де қымбат осындай өтіп кеткен, өтпей тұрып біз қадірін білмеген шақтар!







Есіктен сығалап тұрмын... арғы жақта сабақ өтіп жатқан сарбаздар. Үстімдегі киімнің түрі анау, күн болса - суық, казарманың іші де жылы емес. Неше түрлісі өтеді бастан: ақиқаты сол - жұмыссыз жүрген күніңнен жақсы дейсің, әйтеуір. Өйткені, жұмыс екен құтқаратын бізді барлық ауыр ойлардан... жұмыссыз жүрмейік, жалғыз жүрмейік сосын! Жұмыстан кейін құшағына алып еркелетіп, шаршағанымызды бір жылы "алтыным" - ымен басатын адам болсыншы!!! Соны тілеймін Сіздерге, қымбаттыларым!!!



]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Майлыбаев мырзаны қуған ҚАЗАҚТАР http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-226/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-226/ Дүйсенбі күні ұйқы келмей таңғы сағат алтыға дейн теледидар көріп жаттым.Арналарды ауыстырып жатып ресейлік НТВге тоқтадым.Баршамыз білетіндей Ресейде сайлау науқаны кызу өтуде.Ресейліктердің бар назары қазір күнделікті тікелей эфирде шығып жатқан саяси ток шоуларда болып отыр.Сол жобалардың бірі "Честный понедельник" бағдарламасы.Сол түнгі тақырып "Национальный вопрос" болды.Сайлау алды бағдарламасының бірі Ресейге келген гастарбайтерлердің санын азайту болып табылатын Майлыбаев мырза студия қонағы болды.Студияда шовинизмнің иісі бұрқырап тұрды.Майлыбаев мырза Ресейге келетін гастарбайтерлерді тоқтату керектігін басып айтты.Өзіміздің жергілікті халықты жұмыспен қаматамасыз етудің негізгі жолы осы дегенді келтірді.Артынша, Кавказ елдеріне қазірдің өзінде тәуелсіздік бере салу маселесін көтерді."Тау халықтарының жағдайын жасағанша өз халқымызды тойдырып алайық.(Шешенстанның экономикалық даму көрсеткішін Youtube- тен көрсеңіздер болады).Олар "неблогадарные",национализм басым болып тұр оларда.Бізге қарап күлгенімен ауылдар мен кишлактарында не дайындалып жатқанын білмейсіздер.Болатын оқиғаны созып қайтеміз.Қазірдің өзінде Шешенстанда орыстардың саны азайып кеткен.Мен оларды білемін ғой.Кезінде меніде қазақтар қуып жіберген сыйдырмай.Біз оларды бақтық,асырадық.Бетімізге күлгенімен қазақтардың аңсағаны коммунизм емес болатын"-деген эмоциямен айтылған сөздер естідім.Ия,Ресей үкіметі қандай реформа жасасада нәтиже бермей келеді.Тіпті,сол өңірлерге көшіп барған орыс азаматтарына тұрғын үй беріп,айлығын көтеріп жатыр. Негізі, Майлыбаев сияқты шовинисттер билікке келсе қазақ дипломатиясына қиын түсері анық.Бірақ,4 наурыз болатын сайлауда Майлыбаев мырзаның жеңіске жетуі екі талай.Ия, саяси популизм не істетпейді дейсіздер.Эмоцияға берілем деп Кавказдағы электоратын жоғалтты.Бірақ,өз елінде ұлтан атанды.

 ]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Жалғасы... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-227/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-227/              Күндер өтіп жатты... Сол алғашқы күннен бастап арада бір жарым ай өтті. Мөлдір де оқып жатқан мектебіне үйренді. Сыныптастарымен де жақсы қарым-қатынас орнатып үлгерді. Мөлдірді тек бір қыз ғана ұнатпайтын еді. Оның есімі- Айнұр. Айнұр оны бақталас ретінде көретін еді. Себебі Айнұр да Мөлдір секілді «Алтын белгіге» үміткер. Ол қыздың үміткер болатын жөні де бар. Себебі оның әкесі аудандық білім бөлімінің бастығы еді. Мөлдір сабақ айта бастаса болды, Айнұрдың түрі бұзылып шыға келетін. Сонымен қатар Дастан да «алтынға» үміткерлердің бірі болатын. Биылғы оқу жылының түлектерінің білімдерін тексермек болып, қараша айының ортасында ауылға аудан орталығынан бақылаушы келді. Мақсаттары - осы тесттің нәтижесіне қарап, кімді тестке жіберіп, кімді жібермеу керек екендігі, «алтындарды» үміткер екендіктерін нақтылау еді. 24 оқушыны жинап алған комиссия 125 сұрақтық тестті оқушыларға таратып берді. Ортада отыратын Азамат, Жандос дегендер осы жолы қалталарыңа шпаргалка дегендерді басып алып, артқы жаққа қарай орын алды. Тест басталды. Кабинетте бір бақылаушы және Құралай Алдашқызы жүр. Жақсы оқитындар өз жауап нұсқаларын белгілеуде. Нашар оқушылар болса, жан-жақтарына қарап, жалтақтаумен әлек. Жандос қалтасынан шпорын алып, енді қарап жатыр еді,  Құралай Алдашқызы келді де айқайлап жіберді: «Өзің жаз»-деді де, қолындағысын тартып алды. Ал оқымай жүрген Дәуренге жақсы болды. Ол Мөлдірдің жанында отыр. Білгенін белгілеп, білмегенін көршісінен үндемей ғана тест кітапшасындағы сұрақтарды қолмен меңзеп, сұрап отыр. Мөлдір болса, ақырын ғана Дәурен көрсеткен нұсқалардың біріне басын изеп отыр. Айнұр ешкімге көмектеспей, тестті жазып бітті де,  кабинеттен шығып кетті. Кабинетте қалған екі «алтынның» бірі-  Дастан. Ол сыныптастарына көмектескісі-ақ келіп тұр. Бірақ, бақылаушылар қаталдық танытуда. Бір кезде Дастанның партасына хат «ұшып» келді. Бұл хатты жіберген сыныптың еркесі, әрі, атаманы - Жандос болатын. Дастан хатты ашып оқыса, ішінде: «Маған 50 балдан асу керек» деген жазу жазылған екен. Хатты оқыды да, мыжып қалтасына сала салды. Оны көріп отырған Жандос қатты ашуланды да, Дастанға қарап жөтелді де, жауап күткендей болды.  Дастан көмектеспек оймен артына қарап еді, тағы да Құралайдың «тық-тық» еткен дауысы оған мүмкіндік бермеді.
            Сөйтіп, 3.5 сағат көзді ашып жұмғанша өте шықты. Тест біткеннен кейін Жандос Дастанға бірдене айтпақ болып еді, Мөлдір тұрып:
       -Тестті қалай жаздың, Дастан?
Дастан болса:
      -Рахмет, жақсы жаздым. Сен ше?
     -Мен де жақсы жазған секілдімін,-деп күлімсіреді Мөлдір.
     -Қатемен жұмыс жасау керек еді, бұдан былай ҰБТ-ға жүйелі дайындалу керек. Қайткенмен де «алтын» алу оңай емес қой.
   -Дұрыс айтасың, бірақ, мына тесттің нәтижесі шықсыншы алдымен. Жарайды, мен кеттім, сау! Үйде шаруалар бар еді-деп сөзін аяқтады да, Мөлдір бұрылып кете барды... Жандос Дастанға жақтырмаған көзбен қарады да, «менде де бітпеген шаруалар бар. Мен кеттім»- деді.
Осылайша, қызыққа толы мектептегі күн де аяқталды... Жалғасы бар....

Құрметті оқырмандар, көрермендер! Алматы қаласында Бендиден өтіп жатқан халықаралық жарысқа байланысты 4 ақпан күні болатын "XXI ғасыр көшбасшысы" ойыныны эфирге 15.00-де шығады. Ал 11 ақпан күні 17.00-де Еларнадан тамашалай аласыздар!

]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
ЖАТЫРМЫН ауруханада... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-228/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-228/

Бүгін көңіл
-күйім жақсы! Нетбук тиді қолыма, ғаламторға шығуға мүмкіндік бар: отырмын енді шимайлап, тез ашыла қоймайтын сайтан-сайттарды ақтарып... аудиокітаптарды жүктеу, бірақ, қиынға соғып отыр, хм...м...м... енді, блогыма жазайын дедім әлденелерді. Аяқ асты ауруханаға түсіп қалып, бүгін жолға шыққан әкемді де шығарып сала алмадым. Тек телефонмен қоштастық, смс арқылы: «Жол болсын!» - тіледім. Кете-кеткенше асықты ол кісі де, мынау Астананың аязы тоңдырды әбден. Жаңаөзенде бұндай суық болмайды ғой, қайтсін, шошыды. Поезбен келіп еді асықпай... қайтарында тіке ұшаққа алыпты билет. Сөйтіп, ұшты да кетті. Мен қалдым. Жатырмын ауруханада... палатаның іші салқындау. Мейірбикелер елпеңдеп жүр жағдайымды жасап. Кешегімен салыстырғанда бүгінгі уколдардың саны аздау. Осы ғана жайғасып жатқаным. Кешеден бері мазам болмады. Кешке дейін бас көтере алмадым, соның арасынша продюсерім телефон соғып... не керек, түннің бір уақытында қалам мен қағаздарымды әкеп тастады /менің сүйікті шоколадыммен қоса/, түнімен отырып сценарийін жаздым кезекті бағдарламаның. Таң атар-атпастан оянып алады екен бұндағылар. Бір кезде дәрігер де келді. Жағдайымды айтсам – көнетін емес. Менікі сол: «»Жұмысқа жүгіріп барып келейін...» - деп сұранғам. Жібермеді. Ал, мына жақта жұмыстағылар безілдеп жатыр... не керек, «Операция Ы» - қашпақ болдым!!! Ұзын коридордың ана басынан мына басына барлап барып қайтам. Мүмкіндік жоқ екен қашуға, түсіндім. Болмаған соң меңгеруші келіншекке жалынып-жалбарынып, ол мені «под честное слово» жіберді, әйтеуір, жарты сағатқа. Ұрланып шықтым, ұшты-ы-ы-м  ХАБАР жаққа. Тез барып оқып тастадым да, кері қайттым нетбугымды құшақтап. Режиссерым болса монтаж жасап жатыр қазір... жұмыс, жұмыс, жұмыс!!! Осындайда түсінесің сол құрғырдың серік болмайтынын жалғызсырағанда, жылытпайтынын тоңған шағыңда... іздеп те келмеді бір адам – олар да ЖҰМЫСта. Қызық мынау өмір деген! Кез болады өзіңді сондай бақытты сезінетін, ал дұрыстап қарасаң жан-жағыңа: ештеңе жоқ... терезе жақтан салқын үрлеп барады. Иә, күн суық бұнда. Қатты сезіледі ол салқындық. Алматымен салыстыруға да келмейді, жылылық аз. Әлі бөтен бұл қала маған, жаным жылыр емес. Ойламауға тырысам, ойлардан қашам, өкінгім келмейді кеткеніме: «Астана ғой! Түптің түбінде бәрі келеді осында. Ерте ме, кеш пе, Маржан, сен де келер едің бәрібір...» - деп жұбатам өзімді оңаша қалғанда. Бірақ, ой деген тоқтамайды. Алматымды еске салады: ауасын көк түтінге оранған, көше толы көліктерін, адамдарын... Астана болашақтың қаласы, түсінгенім, МЕНІҢ қалам емес...

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Жарайсың!" келесі апта эфирге шығады! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-229/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-229/

-Нұржан Керменбаевтың -"Есіңде ме" деп аталатын алғашқы жеке орындаудағы бейнеклипінің Тұсаукесері! Еш жерде көрсетілмеген видео ЭКСКЛЮЗИВ! Бірінші болып тек біздің көрермендер ғана "Жарайсың" бадарламасынан көре алады!

-Қайрат Нұртастың құрған жаңа дуэті! Жаңа бейнеклиптің ТҰСАУКЕСЕРІ! ЭКСКЛЮЗИВ!

-Жас та болса Мәдениет Қайраткері атанып үлгерген "жұлдыздар"!

-Ердос Қанаев  "Жігіттерден" кетеді деген қауесет рас па? Қонақта Топтың продюсері Ерғали Әбдірайымов және Ердос пен Айдар! Топқа қатысты тарап кеткен әңгімелерге ашық жауап береді.

-"Тарту" тобының тағы бір ЖАҢА бейнеклипінің тұсаукесері! ЭКСКЛЮЗИВ!

-Және Дүйсенбі күні Ел құлағын Елең еткізетін Ресми ақпарат! Қапы қалмаңыз!
]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
МАША ела кашу... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-230/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-230/

МАША  ела  кашу... дегендей,

Сол, кашамен оянамыз, кашамен ұйқыға жатамыз!!! Бірақ, маған ұнады! Жүгіріп жұмыспен, уақыт бола қалғанда хот-дог, донермен тамақтанғаннан әлдеқайда пайдалы ғой асқазанға. Ақыры жатыр екем осында, пайдаланайын дедім: дұрыстап тамақтанайын, асқазанымды еркелетейін!!!)))))  Мен анау суықтан тығылып ұйқыға кететін аюлар сияқты болдым-ау, соңғы екі күн азынап тұр еді, қазір байқасам, терезелерге  ТОННА боп жабысқан қырау еріп кетіпті. Сонда да болса кішкене салқын еніп кетті менің бойыма: аздап жөтеле бастадым... жә-жарайды, жақсы оймен жұбанайық! Дүйсенбі күні осы жерден шығатындай әрекет жасауым керек!!! Қыруар шаруа бар бітпеген... міне, осылай шұқшиям да отырам күні бойы клавиатураны сабалап; олай да былай шықпаймын да, тек асханаға барып келетінім болмаса. Менің есігімді қағушылар көбейді, бірақ, кешеден бері. Көрші палатада жігіттер жатыр екен топырлап: бірі конфет әкеп береді, бірі алмасын сылтауратып. Алғысымды айтып қала берем, олар болса айналшықтап жүреді. Қатты айтуға батпадым, жай ғана: «Мен оңаша бола тұрайыншы, жазатын нәрселерім бар...» - деймін сыпайылап. Олар менімен сөйлескісі келеді, карта ойнағысы келеді... іші пысқандар, әйтеуір. Менің де төзімім сарқылып бара жатыр, дегенмен, бұл жігіттермен шүйіркелесіп жатуға тіпті ниет жоқ: карта ойнау ондай қиын емес, тез үйреніп алған болар едім бір көрсетіп жіберсе... алайда, артық уақытым болса ғаламтордан бас алмауға тырысып жатырмын неше күннен бері. Соның арқасында бірінші рет Кекілбаевтың шығармасын оқып шықтым. Мектеп қабырғасында жүргенде оқыған да шығармын, бәлкім, есімде қалмапты. Осы қолымның бостығын пайдаланып оқыдым. Былайғы уақытта көз жүгіртпес  ем, білмеймін... сол Әбіш мырзаның «қол сүйіп» ШОУ жасағанынан кейін көп адам жақтырмай қалды ғой өзі, әсіресе маңғыстаулықтар. Жаңаөзендегі жағдайға байланысты да тек көк жәшіктен сөйледі, барып амандық-саулық сұраудың орнына. Жалпы, жазу стилі маған ұнай қоймады. Бексұлтан Нұржекеев, Күләш Ахметова, Тұманбай, Қадыр, Ұлықбек Есдәулет, қазіргілерден айтар болсақ, Қалқаман Сариннің шығармалары жақындау екен маған әлдеқайда. «Оқырман қыз... кейде алыс, кейде тым жақын жанбыз...» - Сариннің осы өлеңі бір ерекше әсер етті маған. Астарында біраз құпия жатыр. Оны Қалқаманның өзі  және мен сияқты бір қиялшыл оқырман қыз ғана біледі...

Жылап жатыр. Көрші палатада бірнеше қарадомалақ бар, бірі бастайды дейсің «әләуләйді», екіншісі «за компанию» жылайды. ХОР болады қоспасы! Арасында бір сүйкімді қыз бар үш жастағы, құдай-ау, сондай сүйкімді өзі! Шашы - бұйра, онысы жүгіргенде желпілдеп тұрады жұқалықтан. Қарны бар кішкентай, суды көп ішеді екен, тырсиып тұр... сүйе бергің келеді шөпілдетіп, сүйе бергің... хоп! Тағы да жүгіріп барып бетінен иіскеп, сүйіп келдім. Томпиып отыр екен!!! Қасында бір қыз бар, бірақ, күндіз бастаған жылауды, әлі құрғамапты көздері. Мінез деген баршылық екен... менің де бала кезде шашым бұйра болған, суреттерімді көрсем танымаймын өзімді. Ал, мінезім көнбіс еді! Не нәрсеге болмасын келісе салатын ем, қиғылық салу деген «почти» болған емес, әкемнің айтуына қарағанда. Ойлап қарасам, бала болып тентектік жасауға да мүмкіндік бермепті маған. Балабақшада сотқар болғаным жоқ, мектепте де үздік оқушылардың бірі болдым фамилиясы «линейкаларда» жиі айтылатын. «Үлгілі» боп жүруге тура келді... бірақ, сабақтан қаштым бірнеше рет, оны мойындаймын. Болған ондай жағдай! Қайтесің енді, бәрі кетіп бара жатса, сөмкеңді асынып сен де... үнемі шекарадан шықпауға тырысып жүргеннен мезі болғанмын ба, жарылдым ғой бір күні «бах» етіп сонсоң! Қазір де үндемей қалмаймын жұмыстағы шикіліктерді көрсем, шыдай алмай айтып тастаймын ортаға шығып алып... бір қызығы, жағдайды өзгерткеннен гөрі оларға МЕНІ өзгерту оңай боп көрінетін сияқты: әр сөзіме қарсы пікір айтуға дайын тұрады. Оу, еліміздегі парламенттің де құрамы толық өзгерді: жаңа адамдар келіп жаңаша ой айтады деп жатырмыз. Не дегенмен,  ЖАҢАның аты – ЖАҢА. Ұжымға келген жаңа қызметкердің тың идеяларын неге жүзеге асырып көрмеске? Неге басу керек ол адамды? Неге көптің бірі болып сүмірейіп жүру керек потенциалы мол адам?.. түсінбедім мен, түсінгім де келмейді. Қатарластарыма да қарным ашады қолында мүмкіндігі бар, тек қыбырламайтын артық, салпылдап жүретін жалақысын күтіп, жұмысын беріле сүймейтін, ләззат ала білмейтін өзінің ісінен... ЗОМБИ деймін оларды, сондай ат қойдым. Мейлі жек көрсін мені көп адам, мейлі жақтырмасын /ондайлардың талайы жазып та жатыр ғой пікірлерін/, өзіндік принциптерім БҰЗЫЛМАЙДЫ менің. Ұқсауға міндетті емес адамға АДАМ: тіпті біздің бірдей боп көрінген көз бен құлақ, аяқ-қолдарымызда да айырмашылық бар. Сондықтан, шабаданымды жинақтап қойдым ойша, мені ЗОМБИлердің қатарына қосқысы келетіндерден аулақ кетудің амалын жасаймын енді. Елорда еңсемді түсірді менің, аязы адамдарын мүжіп тастаған екен әбден... ал, мен – ыстықпын! Температурам тағы көтеріліп бара жатыр – 36.8 ...ой, бір ыстық шай ішу арман болды бұнда жатқалы. Компот пен кисельдерін қойшы, шайлары да сондай қан жылым болады екен, оған қоса – қанты аз, тамақтарының да тұзы кем... бірер келі  тастаған болармын деп үміттенем. Ең құрығанда, осындай бір пайдалы тұстары болса ғой, әйтпесе, уақытым бекерге өтіп жатқан сияқты.

Бізде тыныштық орнады!!! Әдетте, осылай тына қалады бір мезетте. Ал, таңғы алты болмай жүгіріс басталғанда - ұйқың шайдай ашылады. Бүгін таңертең: «Султанбаева!» - деген зілді дауыстан ояндым. Атып тұрдым. Осы ғой, әншейінде, сағаттың шырылына да маужырап әрең оянасың... мұндайда қалай ұшып түрегелгенімді сезбей қалдым. Ұйқылы-ояу күймен бардым сосын, жұдырығымды ашып-жұмуға да дәрмен жоқ: ағза оянбаған ғой. Бірақ, үлкен шприцпен тапты күре тамырды, сорды сосын онсыз да аздау қанымды... иә, жүр бір инфекция ойда да, бойда да!


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Баукеңе ғашықпын-ей!.. http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-231/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-231/



Ауруханада жатып ғашық болдым. Бар-жоғы бірер сағат ішінде астаң-кестең болды мына жүрек деген алқынып. «Жас адамға жүрек - би» -деген, сол мен ғашық болған ер мінездінің айтқаны. Ах, қандай керемет сезім!!! Көз алдымда барлық еркек атаулының мәртебесін көтеріп жіберді ғой бірер ауыз әңгімесімен.
Өмірінің кейбір эпизодтары дәл қазіргі менікіне ұқсап та кетті. Содан болар, әлі есім кетіп отырмын... жанында емес, әрине, әңгімесін тыңдап өз аузынан жазып алған жазушының шығармасын оқып отырмын әлі нетбугымды құшақтап. Бұған дейін талай естідік, талай оқыдық мектеп бағдарламасынан, әйткенмен, ол кезгі оқығанның барлығы оны өжет те батыр қаһарман ретінде таныстырды бізге /өз басым солай деп ұғып келдім/. Ал, бүгін ол адамды мен мүлдем басқа қырынан таныдым. Ол менің көз алдымда нағыз еркектіктің ЭТАЛОНЫ боп тұра қалды. Ол – Момышұлы Бауыржан! Не деген мінез десеңші, не деген!..

 

Әзілхан Нұршайықовтың осы уақытқа дейін тек бір ғана шығармасын оқыппын – «Махаббат, қызық мол жылдар»-ын ғана. Кешқұрым сайттарды ақтарып отырып көзім түсті де, ашып алып оқуға кіріскем – «Ақиқат пен аңыз»-ын бұл жолы. Кіріп емес, сүңгіп кеттім сол шығарманың ішіне. Бас алмастан әлі оқып отырмын. Арасында үзіліс жасап, сіздермен бөлісейін дедім. Кітап оқимын деп гаупвахтаға түсіп қала жаздаған жауынгерді «ой бөліскені» үшін, өзі оқыған кітабы арқылы бүкіл жауынгерлерді рухтандырғаны үшін жазадан босатады ғой / сондай бір эпизод сипатталған, романды оқысаңыздар түсінесіздер..../. Сол сияқты мен де сіздерді қанаттандырайын дедім: кітап оқуға қызығушылық туындар кей адамда, кейбірі ойланар басқа жайттар турасында да... өйткені, мынау өз бойымыздағы кемшіліктерді де, қазір «жігітпіз» деп жүргендердің бойкүйез босаңдығын да байқайсың бұрын мән бермей келген, шығарманы оқу барысында. Негізі, соңғы түсірілімдерде жиі естідім Баукең туралы. Себеп: басымдағы «малақайды» өзім қолдан тіккен едім, оным полковниктердің стандарт үлгідегі бас киімдеріне ұқсамайтын болып шықты. Мені көрген әскерилер: «О, Момышұлының қалпағындай болыпты ғой...» - деп таңданысып жатты. Сонсоң барған жерімізде де Баукеңнің үлкен портреттері ілініп тұрады. Мына сайттан ақтарып отырып тура Баукең туралы шығармаға тап болғаныма өзім де таң қалдым. «Әйтеуір, бір нәрсе оқиыншы...» - деп іздеген едім. Оқып бастап ем... көз ала алмадым. Ұқсастық көп таптым, ең бастысы! Жануарларды жақсы көрген екен ол кісі. Мен сияқты, бірақ, күшік пен мысық құшақтамаған: қозы мен құлынды жақсы көріпті. Тіпті сол сүйікті қозысы сойылып кетіп, дастарханға «тәтті ет» болып келген күннен бастап «вегетарианец» боп кеткенін сипаттап жазғанда көзіме ыстық жас келді. Қырсықтығы сосын, өз принциптеріне адалдығы, жаман бастықтан қашып құтылған оқиғалары... мен де қашып жүрмін ғой әлі бастықтардан. Анау ата-әжеден қашатын бауырсаққа да ұқсатқан бір әріптесім әзілдеп. Рас. Қаштым ғой, мәселен, Русское Радиодан. Жайлы орын еді, микрофон алдында отыратынмын ләззат алып әрбір минутынан жұмысымның...  тек: «Сендер қазақша сөйлегенде біздің рейтингіміз түсіп кетеді...» - деп жиналыста масқаралағандары батып кетті. Орыстарға өкпем жоқ жалпы, тек қай ұлтта болмасын кездеседі «сондай» адамдар. Енді өңкей қазақтың ортасында отырып та... тағы бір бастықтан қашып кеткім келіп отыр. Себебін өздері біледі, айтып жатайын ба?.. тек осы шығарманы оқу барысында көзім жетті көп нәрсеге, айттым өзіме: «Маржан, қиналма! Қандай шешім қабылдасаң да, принциптеріңе адал бол!» Он екі мүшесі сау адамға, тырысқан адамға қашанда жұмыс табылады, солай ғой?! Баукең де қырсықтығының арқасында бір жұмыстан шығып, екіншісіне... одан үшіншісіне барғанын айтады шығармада. Сонда әкесі ұлын шығарып сап тұрып былай деген екен: «Шақырғанға бар. Шалғанмен тірес.Кұлшынғанмен күрес. Жығылсаң жер көтереді. Бірақ, опынғаныңды айтпа, одан кейінгі ойланғаныңды айт. Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз. Жақсының басынан дау кетпейді. Жаманның басынан жау кетпейді. Тірі тұрғанда талай дауың да, жауың да болады, шырағым. Бар, бетіңнен жарылқасын. Алжығанда келген атақ - абырой әпермейді. Атақ, абыройыңды жас кезіңде қу, қарағым!!!»  Ақсақалдың айтқан сөздері менің де көңіліме медеу болды. Күні ертең ауруханадан шықсам, болып жатқанның барлығын өмірімдегі түбегейлі өзгертуім керек болып тұр. Ұрысқа дайындалған жауынгердей отырмын енді стратегиялық жоспар құрып, тактикалық әрекеттерімді бағамдап. Бұл жазбамды оқыған кейбір әпенді: «Бұл қыздың мінезі бір қырсық, жер-көкке сыймады ғой...» - дейді, білем. Баукеңе де солай депті бір бастығы, күлдім мен оқып отырып шығарманы. Мен ғана ма десем осындай шайпау мінез, бар екен ғой, сенем – әлі болады да мінезділер қоғамда! «Әр адамның мінезі – дейді Баукең, - астындағы тұлпары» Өз ойын ашып жеткізе алмаса, өзінікін істете алмаса, ондай принципсіз еркектен «жалбақай орынбасар» ғана шығады... және әйелінің көйлегіне оратылып жүретін күйеу. Болды! Шаханов жазғандай, «әйелге ұқсас еркектерге» МІНДЕТТІ түрде осы шығарманы оқып шығу керек екен, түсінгенім!..

 

Әлгі журналист сұрақ қойып жатыр: «Сіз өзі қашан аласыз қолға қаламды?.. жылдың қай мезгілінде жазған өнімдірек?..» - деп. Сонда жауап береді Баукең: «Мен – профессионал жазушы емеспін!..» - деп. Тек демалысқа шыққанда құр қол отырмастың амалын істеген... мен де осылай блогымды шимайлап жүріп «жазушы» боп кетпейін күндердің бір күні.

 

Иә, иә, сөйтіп қысқаша «анонс» жасап жібердім сіздерге /біздің тілмен айтар болсақ/. Егер оқымаған болсаңыздар, кеңесім, тауып алыңыздаршы: керемет рухтандыратын шығарма!!! А-а, міне... көп соза бергенше, жазбамды Баукеңнің мына сөзімен аяқтайын: «Мен Отанға деген сүйіспеншілікті жауынгерлердің жүрегіне ектім, білегіне емес!!!»  

 


 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ақыры, қолым тиді... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-232/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-232/ "Еріншектің ертеңі бітпейді" дегендей, мына суреттерді ойыншыларға пошталары арқылы күнде "ертең жіберемін" деп келемін. Пошта арқылы жібергенше, блогқа салуды жөн көрдім. /Ескерту: Менің фотоаппаратымда қандай суреттер бар, соның бәрі осы жерде, ешқандай суретке өзгертулер жасамадым. Ойыншылар, суреттер оңша болмай қалса, айыпқа бұйырмаңыздар! "Удали, удали" деген жоқ))) / 
 

























































Әзірге осы... Салынбаған әлі 7-8 сурет бар. Кейін саламын. Интернеттің жылдамдығы менің шыдамымды тауысты. Осы аптада 3-ші апталық эфирге сағат 17.00-де шығады! 







]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Біз көрмеген қыс! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-233/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-233/ Биылғы қыстың суығын біразға дейін еске алып жүретін шығармыз. Еліміздің батыс, солтүстік , орталық аймақтарындағы қалаларда ауа температурасы -50-ге дейін барған. Алматыда да ауаның ызғары әлі күнге басылған жоқ. Не болса да әр мезгіл өзінің осындай тартуымен ерекше, оған қатты реніш білдірудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ, Түркиядағы ағайындардың пікірі басқаша. Биыл олар да үсті-басы ақ қырау, түсі суық мезгілдің ауылдарына Құдайы қонақ боп келіп қалғанын түсінбей аң-таң. Жергілікті тұрғындар соңғы 15 жылда мұндай суық қысты көрмегендерін айтады.




Сәтін салып бұл елге де барып қайттық. Талай қызыққа куә болдық. Түріктердің бүткіл бұқаралық ақпарат құралдары күннің күрт суып, қардың қалыңдай түсуін жарыса жалаулатып жатқанда,  біз күзгі желдің ызғарын сезінгендей әсерде қыдырып жүре бердік. 

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Керек емеспін http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-234/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-234/  

  Керек емеспін мен...  Астанадағы ауруханада жатқанымда солай ойладым: «Бұл қалаға керек емеспін!» - деп. Сөйтсем, қалада емес екен әңгіме. Досым көп Алматыға келіп тағы да ұшып түстім: тағы да іздеп келер жан болмады.

 

Кімге керекпін?.. ойландым. Бастығыма, әрине. Жасап жатқан бағдарламам уақытылы эфирге шығып тұруы керек, өйткені. Ал, егер менімен бірдеңе бола қалса... басқа бір МАРЖАНды ала салады жұмысқа бас ауыртпастан. БАНКке керекпін: олардан несие алғанмын, себебі... ал, бойдағы қызу 39-дан түспей тұрғанда олардан күтпейсің ғой жәрдем. Достарға ренжи алмайсың... олар жұмыста!!!

 

Бала кезде сезетінмін КЕРЕК екенімді маматайыма. Есейе келе КЕРЕКСІЗ болатынымды білсем -«үлкен» болуға асықпас едім ғой...  


 
 

  ]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Осы аптада: http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-235/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-235/ Студия қонағы Баян Есентаева осы және өзге де қызықты сұрақтарға жауап береді. Дүйсенбі кешкі 20.30

-Отандық шоу бизнестегі "шала" продюсерлер

-Әнші Роза Рымбаева мен домбырашы Айбекті не байланыстырады?

-Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалинаның ажырасқаны рас па?

-"Саз Әлемі" байқауына әншілердің көңілі неге толмайды?

-Ерболат Құдайбергеновтің Еркін Құдайбергеновпен мүлдем араласпайтыны шын ба?

-Осы және өзге де қызықтар апта ішінде "Жарайсың" бағдарламасында 20.30да "ЕлАрна" телеарнасында!]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ринат Зайытов өтірікші ме? http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-236/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-236/ Сонымен не керек, Әния екеуміз Ринатпен 50 минутқа жуық сұхбаттастық. Одан да көбірек әңгімелесуге болар еді, бірақ студиядағы уақыт шектеулі. Әңгіме барысында Ринаттың айтыстан анық кеткенін, енді мүлдем айтыспайтындығын, жүлдеге қызықпайтынын, өзін кәсіби жүргізушімін деп санайтындығын, және осы оқиғаның басы-қасында болған өзге ақындардың түрлі қылықтары туралы аз-кем білдік. Ал, Ринат Зайытов "өтірікші ме?" деген сұрағыма Ринат қалай жауап берді деп ойлайсыздар? Оны әзірге айтпаймыз, жақында көрсетеміз "Жарайсың" бағдарламасынан!

Алдағы күндері студияға Мақпал Исабекова мен Меруерт Түсіпбева келеді. Егер оларға қояр сауалдарыңыз болса жолдаңыздар! Ескерту: Сұрақ қоюшының аты-жөні жазылмаған сауалдар оқылмайды!

                                     ]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Жарайсыңда" жаңа айдарлар! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-237/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-237/ "Жарайсың" бағдарламасының mail.ru-да zharaisyn@mail.ru аккаунты ашылды. Енді пікірлеріңіз, "жұлдыздар" жайлы айтарларыңыз болса хат жазып, пікір алмассаңыздар болады! Алдағы аптадан бастап, "Сіз білесіз бе?", "Үздік бестік" (ТОР-5) атты жаңа айдарлары көрермендер жүрегіне жол тартпақ! Құрметті оқырман, "Жарайсың" бағдарламасынан кімді көргіңіз келеді?

Пікір-ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз жауапсыз қалмайды...]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Заттыбек Көпбосынұлы қызды болды! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-238/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-238/ Бұл жаңалықты әнші "Жарайсың" бағдарламасына қонақ боп келгенде жариялап, сүйінші сұрады! Ағамыз тұңғышын ұзақ күтті, жаңылыспасам отбасылы болғанына он жылдай уақыт болып қалды-ау. Міне, енді сабыр түбі сары алтын демекші, жеңгеміз Заттыбек ағамызға алтындай қыз сыйлады. Ең бастысы сәбидің дені сау, бауы берік болсын!

Кішкентай періштенің күлкісі "Нұрлан мен Мұрат" дуэтінің әншісі Нұрлан ағамыздың үйінде де естілді. Әнші Нұрлан өмірінде алғаш рет ата атанып, немересінің маңдайынан иіскеді! Құтты болсын!
Бұл әншілер осы аптада "Жарайсың" бағдарламасында қонақта болады! Қалт жіберіп алмаңыздар!

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Шіркін-LIFE... жалғасы!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-239/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-239/
 
Бауыржанды көрсем сол баяғы "Шіркін-life"есіме түседі еріксіз. Иә, Бауыржан Нұрымбетов! Жақында оның туған күні өткен. Сол тәтті кездесуден қалған естелік - бұл!





Ал, мына суретте екі МАРЖАНның ортасында отырған актер жігіт Әділ Ахметов, таныған боларсыздар?..






 

Иә, ол күндер де зымырап өте шықты...

Кешеден бері құлау мен тост көтеруден қолым босамай жатыр. Кеше гримеркадан шығып бара жатып тайып жығылғам өкшесі ең биік туфлиіммен, бүгін тренажер залында жүріп тағы құладым сырғанап. Кінәлі кафель ме едендегі, білмедім... ал, тост көтеруге қатысты болса, кеше Қайраттың туған күні болған, Нұртастың. Бүгін болса, біздегі оператор жігіттің туған күні. Сонымен, оқиғалардың бір-біріне ұқсап кетіп жатқандығы таң қалдырды мені, ойландырды... мен өзі осындай бір сәйкестіктерге қатты мән берем. Құдды солар бір өзгерістің белгісіндей көрінеді маған. Ымм... көптен бері жазуды доғардым: мұрша болмай кетті отырып бір ойды жинақтауға, шынымды айтсам. Ол ойлардың жинақталмай жатқанынан опық жеп жүргенім жоқ, бірақ, қуанып жүрмін қайта. Жақсы болды! Күрсінетінім бар еді оймен оңаша қалғанда, қазір ОЙ деген ескі досыммен "интимный разговор" жүргізуге физикалық тұрғыда шамам болмай жатыр. Зыр жүгіріс! Жұмыс, одан кейін өзімді-өзім қинап жүрмін, дәлірек айтсам, бұлшықеттерімді. Шаршап келіп төсегіңе құлағанға не жетсін, шіркін! Дөңбекшіп жатпайсың: "Ұйқым қайда, құдай-ау, ұйқым қайда?.." - деп. Басың жастыққа тиген бойда көзің ілінеді де кетеді. Осылай "шаршап жүргенім" өзіме ұнай бастады. Алғашында мына қалаға үйренісе алмай шыжбыңдадым, одан кейін жұмыс кестесіне көңілім толмады. Ал, қазір... басқаша бәрі!!! Аязын сағына жеттім бұл жолы іссапардан, асыға жеттім Астанаға! Ұнай бастады маған, сезімім ояна бастады Елордаға деген! Осы мүмкін емес боп көрінген маған. Ескі жазбаларымда да бар емес пе сол туралы шимай-шатпағым?.. Ешқашан бауыр басып кете алмайтындай болғам осы сақырлаған аязды қалаға. Қазір болса рахаттанып тұрып жұтам ауасын далаға шыққанда. Алғашында терезеден қарап тұрып: "Осы астаналықтар қалай жүреді екен көшеде?.. серуендеуге шыға ма екен аулаға?.. "- деп сұраққа берілетінмін күннің суықтығынан денем бір жылымай қойғанда. Сөйтсем, адам бәріне де үйренеді екен. Мен, міне, үш ай дегенде есімді жиып, енді-енді көше аралап жүретінді шығардым. Экскурсияны "Маталар дүкенін" іздеуден бастадым. Әуелі ғаламтордан мекен-жайларын шығарып алам, телефон соғып сұрап алам жұмыс уақыттарын, содан кейін "қонаққа барам" оларға. Оңы қайда, солы қайда қаланың, шыны керек, ажырата алмаймын. Бірақ, такси жүргізушілері адаспайды, соларға сенем. Аласапыран кез артта қалды, құйын-мінез тыншыды біраз. Сонымен, не керек, мендегі "адаптация" бір бағытқа түсті. Қуаныштымын өз басым! Ал, өткен шақтағы шытырман оқиғаларды есіме алғым келмейді. Бірер күндікте телефон нөмірімді  өзгертем деп шештім. Имиджімді де өзгертуге кірістім жайлап... солай-солай ОЙ да өзгереді! тек... өткен күннің бәрін бірдей сызып тастағым жоқ. Тәтті сәттерді алып қаламын, оларды ешқайда да жібермеймін. Ұмытуға да мүмкіндік бермейді жұрт. Іссапарда жүргенімде мені көргендер: "А, Шіркін-life!!!" - деп күлімсіреп тұрады бетіме қарап. Мен де күлем... иә, иә, сол ШІРКІН еді бәрін бастаған - өмірімдегі жаңа белесті, жаңа кезеңді...
   
   

   

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ж@РАЙСЫҢ-ға бардым енді!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-240/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-240/
Алатаудың баурайына бұлай жиі барғыштаймын деп ойламаппын. 



Бірақ, біздің ойлаған-жоспарлағанымыз емес, тарғыл тағдырдың таңдауы болады да қояды екен. 



Алматы құшағын жая қарсы алды, әріптестерім де. 



Түсірілім жақсы өтті! 



Құдайберген Бекішев мырзамен де сонда жолығып қалдық. Соңғы кездері сол кісіні көп көретін болыппын. Алдында ғана мен жүргізетін бағдарламаға қонақ болып еді. 




ҚОНАҚ боп келген екеуміз едік. 
..........әдейі артық сөз қоспай жаздым "интрига" болсын деп. Монтаж кезінде біраз сөз қиылып кеткен болар. Бірақ, мен әріптестерімді "жақсы білем", олар нағыз "сочный" жерлерін қимайды)))))) не де болса, өзіме де қызық эфирден қалай шығатыны... 8-наурыз күні көрсетіледі... күтіп жүрмін... 



]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Дина-Маржан-Динара http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-241/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-241/
Ал, "Колобок ханым" (Маржанға әзілдеп солай ат қойдық) өз "бақытының" үнемі жанында болуы үшін Астанаға қоныс аударды. Бұл жолы бағдарламаға қонақ боп келген әріптесіміз "қазір сүйікті адамым бар, қайта табыстық" деп мәлімдеді. Бәрекелді! Ұзағынан сүйіндірсін дейміз!

Бұл Динара Сатжан! "Хабар" арнасының кешкі жаңалықтарының жүргізушісін енді сіз әдеттегі орнынан көрмейсіз! Біздің бағдарламаға қонақ болып келген Динара жаңалықтар бөлімінен біржола кеткенін және жақында ғана жаңа ән жазып бейнеклип түсіргенін мәлімдеді. Клиптің тұсаукесері мен эксклюзивті сұхбат 13-наурыз кешкі сағат 20.30да!

Міне, бір сөзбен айтқанда "Жарайсың"-ға қонақ боп келген әріптестерімізде осындай жаңалықтар... ]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
16 наурызда... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-242/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-242/ -Қазақ тілінде емін-еркін сөйлейтін;
-Батыл;
-Импровизатор;
-Жасы 18-25 аралығы;
-Ұялмай-қысылмай өз ойын ашық білдіре алатын;
-"Ң" әріпін айта алатын;
-Телевизиялық бағдарламаларға бейімі бар;
Аруларға КАСТИНГ жариялаймыз!  

Егер сіз жоғарыда аталған талаптарға сай келсеңіз, біз сізді 16 наурыз күні сағат 15.00-де "ХАБАР" агенттігінде асыға күтеміз! Сұрақтарыңыз болса, пікір қалдырыңыздар!!!

"Хабар" агенттігі осы жерде орналасқан:


]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Мысық алсам...ба?.. http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-243/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-243/



Мынадай сүп-сүйкімді мысық алсам ба деп қалың ойда жүрмін... білмеймін, "тірі жан" керек боп жүр мені жұмыстан қайтқанда күтіп алатын, маған еркелейтін... бұрын болған менде Мауне, Маркуша, Маркиз... одан кейін Жорж деген күшігім болды - пекинес, анау "Шіркін-life" -қа түсетін "звезда". Одан кейін тотықұсым Кеша... бірақ, айналамдағылар үнемі жақтырмай қарайтын, ал мен жақсы көретінмін. Мектепте оқып жүргенімде де, есімде, болған біздің үйде кішкентай мысық және Жорж деген аппақ күшік. Жақсы жағы сол - моральдық тұрғыда демалып қаласың олармен. Кейде адамдардың көңіліндегі ызғар жүрегіңді әбден мұздатып жібергенде сол бейкүнә көздер көмектеседі жылытуға сендегі жүректі. Неше күннен бері ойланып жүрмін енді.

...әзірге тек қана ОЙ. Әріптестер мен дос атаулыдан жайлап сұрай бастадым: бірі - құптайды, бірі - бастарын шайқайды... ақылдасайық енді! Көппен бірге шешілейін деп тұр бұл мәселе. Екіойлы боп жүрмін: керек пе, жоқ па?.. негізі КЕРЕК маған. Жақсы көрем, өйткені. Тіпті британдық мысықты "кім сыйлайтыны" да анықталды. Тек... мен іссапарға кеткенде ол байғұсты кімге қалдырам деп уайымдап жүрмін. Не істеймін?.. КОММЕНТ жазыңыздар, кім қалай ойлайды:


                                       МАРЖАН МЫСЫҚ АЛСЫН БА, ЖОҚ ПА???



 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
ХОДЯТ СЛУХИ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-244/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-244/
 ...неше түрлі "ходят слухи". Кімнің аузына қақпақ бола аласың, бірақ. Әркім өзінше пайымдайды, әркімнің өзіндік өлшемі бар әр түрлі ситуацияға. Амал нешік... ойларын тежей алмайсың өзге біреудің, өзіңдікін реттегенің әлдеқайда тиімдірек қой деймін. Ым...сонда да СЛУХИ ХОДЯТ!!! Осылай деп аталады кеше түнделетіп мен көрген фильм. Басты рольде Дженнифер Энистон мен Кевин Костнер.




Маған салса, осы екеуін бірге қалдырар ем. Режиссер менің тілегімді ескермеді... иә, бұдан 7 жыл

бұрын түсірілген фильмді талқылауға кірістім.


Білмеймін, бірақ, өзімнің өміріме ұқсас тұстары көп екен. Содан болар беріле қарағаным бұл фильмді. Көрген болсаңыздар, бәлкім, сезген боларсыздар қандай ұқсастықтар туралы айтып отырғанымды. Жүрегімді ауыртты біраз... бүгінгі фильм де! Жаңа Жыл басталғалы бірінші рет кинотеатрға бардым бүгін құрбымды ертіп. Дүйсенбі! Оның үстіне азынап тұр таңнан бері жел деген, ал біз романтика қуып киноға шықтық. Сөйтсем, жалғыз біз емес екен, адам көп біз барған орталықта. Мәселен, Марат Омаров ағамызды кездестірдік / мынау бір түсірілімнен қалған естелік сурет болатын/ 

  


  Cонымен, не керек, кірдік кең залға. Кино басталды. "Мы купили зоопарк" деп аталады. Атауын естігенде менсінбеген едім. Комедия... бірақ, жылатты мені. Жоқ, алғашқы сағатында тыныш отырдым. Айттым өзіме: "Маржан, жылама! Жылама..." орта тұсында шыдай алмай кеттім: үзіліп түсті бір-екі жас... үшінші, төртінші... қараңғыда сөмкемнен орамал іздей бастадым. Ұялдым бір жағынан пысылдап отырғаныма. Құрбым жыламады, өйткені... ол білмейді, білмей-ақ та қойсын... бұл фильмдегі оқиға желісі де менікіне қатты ұқсап кетті. Соңғы кездері бірінен соң бірі есіме сала беретін болыпты өткенді. Неге?.. онсыз да ұмытқаным жоқ қой.

Жақсы фильм екен!!! Әсіресе, әйелін жоғалтқан еркектерге балаларымен қалай ортақ тіл табу керектігін үйретеді аз да болса... ал, ол оңай дүние емес. Кинода "happy end", ал шынайы өмірде оның барлығы шешілмес бір түйін боп жатыр. Көбінесе іште сақтаймыз, ашылып әңгімеге шақырмаймыз бірімізді-біріміз. Іштей жылап жүреміз... тіпті көзге үйірілген жасты да шығармай тастаймыз кейде, көрсетпес үшін, қиналтпас үшін... өзімізді қинаймыз, бірақ. Уақыт ешқандай да емші емес! Мені олай деп енді ешкім де алдай алмайды. Алданып келдім ғой қанша жыл... сөйтсем, басылмайды екен, тек үйреніп кетеміз осы қайғымен, осы шермен өмір сүруге. Сосын шығады барлығы осылай кинолардың бір кейіпкері сендегі жағдайды өз аузымен айта бастаса. Қарайсың да, өзіңді көргендей боласың. Кейде сол кейіпкердің жасағаны дұрыс десең, сол бағытта өміріңді өзгертуге тырысасың. Біз көрген бүгінгі фильм "тәтті" аяқталды, көңілім жайланды. Алайда, мен шығып кеттім ол залдан, өз өміріме оралдым! Менде не боп жатыр?.. мысық туралы ойларым әлі "сұрақ белгісінің" астында тұр. Facebook-та экс-әріптесім Диана Снегина жазыпты сиам мысығы туралы. Құрбысы көшіп бара жатыр екен, 6 жасар мысығын табыстамақшы қарай алатын адам болса. Тағы да ойланып қалдым... ауылға кетіп қалам ба деп те ойланып ем - Созаққа. Билет жоқ. Енді алдағы мереке күндері тігін машинкасын серік етем бе, әлде... жолға шығудың сәті түсер ме?.. білмеймін, білмеймін... жаза бергім келмейді шимайлап дәл қазір. Ойланып отырсам, бәріміздің өмірімізде бар "проблема" деген. Менің эфирге шыққанымнан жеңілдемейді жүгім, эфирге шықпаған сіздердің ауыртпалықтарыңыз артпайды - бәріне Жаратқан ием шамасына қарай бөледі-ау қиындықты. Жылап алайық, жеңілдеп қаламыз. Ақтауда тұрғанымда теңізге бет алатынмын көзіме жас үйірілгенде, Алматыда тау жаққа бұрылатын көңілім, қиналған сәттері... Астанада ашық алаңқайға барып айқайлап-айқайлап алам-ау, жатыр ғой қанша алаңқай... деп жүрмін.
                               
Маматайымды сондай қатты сағындым...

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Айғаным Өтепбергенова, Мейрамбек Беспаев! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-245/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-245/ Оның артынша біз студияға жоғарыда айтып өткен фильмнің басты рөлдерінде ойнаған актер әрі әнші Мейрамбек Беспаев пен Ж анар Дұғалованы  шақырамыз! "Жарайсың" бағдарламасына келген қонақтар бізбен сыр бөліседі. Уақыты 22.40.]]> Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Наурыз мерекесі құтты болсын! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-246/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-246/ 22 наурыз күні "Жарайсың" бағдарламасы сағат 22.40-та эфирге шығады. Кеш қонақтары: Мейрамбек Беспаев пен Жанар Дұғалова. Ия, Жанар "Ғашық жүрек-2" фильмінде ойнаған қыздың дәл өзі. Кино өмірден алынады деуші еді, Мөлдір Әуелбекова мен Баян Есентаеваның қазіргі жағдайларына қарап, өмірлері кинодан алынды деуге болар. Естеріңізде болса, "Ғашық жүрек-2" фильмінде Мөлдірдің дауысы шықпай, ән айта алмай қалған кезде  орнына Жанар Дұғалова келген болатын. Ал бүгінгі күні "KESH YOU" тобының қыздары тарағаннан кейін, топтың жаңа құрамы жасақталып, топ мүшелерінің біріне Жанар Дұғалова келді. Кездейсоқтық па? Әлде... Жарайды не де болса, тағдырдың жазғаны солай шығар. Айтпақшы ертең "Қазақ аруы-2012" байқауынан "Kesh you" тобының жаңа құрамын көре аласыздар. Сондай-ақ "Ғашық жүрек-2" фильмі назарларыңызға ұсынылады. Ал қазір  "Жарайсың" бағдарламасына келген қонақтардың эксклюзивті суреттерін тамашалаңыздар:

Түсірілім басы...

"Тарту" тобы домбыра тартуда        

Түсірілім ортасы...

Түсірілім соңында...

Мейрамбекпен

Жадыра мен Мейрамбек

"Жарайсың" бағдарламасының шеф редакторы-Анель! Бұл суретті де эксклюзив деуге болады. Себебі Анельді күнделікті көрсем де, суретке күнде түсе бермейді екенбіз...

Мейрамбек Беспаев шынымен ауырып жүр ме? Жанар Дұғалова мен Мейрамбектің арасында қандай байланыс бар? Жанар мен Мөлдір Әуелбекова өмірде де бақталас болып шықты ма? "Тарту" тобының көрермендерге қандай тартулары бар екен? "Kesh you" тобына Жанар Дұғалова қалай келді? Алдағы уақытта Мейрамбек кинога түседі ме? Осы және көптеген сұрақтардың жауабын тек біздің арнаның "Жарайсың" бағдарламасынан таба аласыздар! Қапы қалмаңыз, 22 НАУРЫЗ, сағат 22.40-та!




]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Наурыз в Алматы http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-247/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-247/ Извините, что долго не писала и ничего не рассказывала. Меня покинуло вдохновение, потому что я настроилась на тусовки, отдых и развлечения. И всё, на что я была нацелена, осуществилось! Надо почаще думать о возвышенном, чтобы преуспеть и в духовной сфере! :)
За два месяца я побывала дважды в ОАЭ, посетила около 30 культурных мероприятий: концерты, выставки, презентации, киносеансы и спектакли. Десять раз отмечала дни рождения, свой в том числе. Несчётное колличество раз отжалась в спа, два раза была в бане на "днях красоты" - это когда необходимо отскрабиться и сделать обёртывания для стройности. Несколько раз посещала косметолога. Купила 35 подарков на 8-е марта. Дала два интервью местным телеканалам. Пять раз была на СТО, не по своей воле: у меня украли боковое зеркало, въехали в зад:), через неделю сломали чехол на запасное колесо... Завтра хотела поменять масло и фильтры, но не смогла записаться, забыла в суматохе, что праздники.
А ведь кроме "Женсовета", у меня есть и другая работа. Я не знаю, как другие девушки и женщины живут в таком ритме! Мне хочется залечь на диване и не выходить дней пять. Надеюсь, что завтра мне это удастся сделать. Хотя, завтра уже полчаса как наступило :) И я собралась идти в обед на выставку известного скульптора Казаряна. И покататься на коньках на Медео.
Хватит жаловаться на судьбу! ) Напишу, как я встретила 21 марта. С утра ( а для меня оно начинается в 11.00), меня обрадовало солнышко. В четыре пошла на представление во Дворец Республики, посвещённое Году культуры. Программа была разнообразна и хорошо продуманна - всё понравилось.  К 19.00 еле успела в Казахконцерт, на выступление Камерного оркестра под управлением М.Серкебаева. Исполнялась музыка Моцарта и Вивальди. Большое спасибо этим композиторам и нашим музыкантам за их работу! Мы с мужем получили огромное удовольствие от концерта. Вот так начался мой Наурыз. Надо где-то раздобыть наурыз коже и поесть его, пойду на старую площадь, там точно есть.
Оказывается, день прожит не зря ) Пойду кормить кота, а то он громко мяучет, кушать просит.
Пишите, где взять силы и желания на всё, что задумала. Присылайте свои вопросы и интересные темы для программы "Женсовет". 
]]>
Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Қайырлы күн... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-248/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-248/ Бағдарлама продюсері болғандықтан көрерменнің әрбір пікірімен санасу керектігін жақсы түсінемін. "Жарайсың"ға қатысты түрлі комменттеріңізді оқимын, оқымаймын емес. Дұрыс әркім өз ойын білдруге қақылы, бірақ эмоцияға беріліп, біреудің сыртынан ауыр сөз айтудан мейлінше аулақ болсақ. Бәріміз батылдықты жақсы көреміз ғой, сыртынан сын айтқанша, көрген жерде бетіне басқанымыз абзалырақ деп ойлаймын.
Форумда жастар "бағдарламаға ана әншіні, мына әншіні шақырыңыздаршы" деп жиі жазады. Бұл тізімнің ішінде көзіме жиі ілініп жүргендер Сырым Исабаев, "Қыран" және "Джам" (немесе "Джэм" нақытысын білмедім) топтары. Сырымның жайы белгілі, біресе ана қалада, біресе мына қалада...Егер Алматыға келе қалса, міндетті түрде студияға шақырамыз. Ал, жастардан құралған жаңағы топтарды студияға шақырмас бұрын, маған олардың (шығармашылығымен сосын таныса жатармыз) жанкүйерлерінің пікірі қызық болып отыр. Егер бұл екі топ жастар арасында сұмдық танымал болса, ғаламторда рейтингі жоғары болса жазыңыздаршы, көрейін.

"Қыран" мен "JAM" тобының жанкүйерлері қайда және қанша екен?

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Мен Қазақпын! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-249/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-249/

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Ұмытылмас күндердің бірі... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-250/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-250/
Шымбұлаққа апарар жол





Батыстықтар жиналып қалыпты))















Демалуды жөн көрдік

Тағы да 5 минуттық демалыс

Менің қарыным аша бастады

Жалғыз менің қарыным емес екен!)))

"Мына оладушкиден дәм татыңдар"

Ыстық шай күтіп отырмыз)))))))

Ойынға қатысушы Семейлік, Думан менің мектебімнен. Әрі оның туған ағасы менің кластасым болып келеді. 

Эх, Ботагөз, түсірілім біткеннен кейін кешкі асқа бекер бармадың(((

Талғат та Шығыс Қазақстаннан. (Осы жолы ойынға Шығыстан 2 бала қатысқан) 

Сезіммен бөлісу))))) Неге смайлик қойғанымды ойыншылар жақсы түсінеді.

Менің басып қысылып қалған секілді((((

Елдар, Талғат, Темірлан! Алтынай ма, әлде Жарқынай ма?
Әлі күнге дейін осы егіздерді ажырата алмай келемін.
]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Заттыбекпен КОНФЛИКТ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-251/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-251/
Ақмаржанға ренжіді Заттыбек!!!

Өзінің «Ақмаржан»-ына ренжімейді, әрине. Ақмаржанға тіл тигізген Маржанға, маған, өкпелі!!! Не үшін?.. Себеп жоқ емес: менің айтқан бір сөзім оның жүрегіне қанжардай қадалыпты. Бағдарламалардың бірінде, біз жиналып алып, «ұрланған» әндер туралы сөз қозғағанбыз. Сонда бірі – былай тартты, екіншісі – былай... Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар»-ын, «Мұнарлан», «До мажор» тобының да кезіндегі ұрлаған әндерін әңгіме еттік. Әлбетте, олардың арасында «сұрап» алғандары да бар. Жалпы, шетелдің әндерін «көшіру» турасында сөз өрбіді әрмен қарай. Сонда: «Заттыбекті ән ұрлады деп неге айтпайсыңдар?.. «Ақмаржан»-ның әуені өзбектің мотивымен жазылған...» - деп айтқанмын сөз арасында. Заттыбек мырзаның өзі көрмепті, ол кісіге «жеткізіп барғандар» болса дұрыс түсінбей, әңгімемізді «бұрмалап» айтыпты оған. «Заттыбек тура бір өзбектің әнін көшіріп алды!» - десем екен, онда менің қателігім болар еді. Бұнда «құпия» жатқан дүние де жоқ. Заттыбек мырзаның әндері қазақтың тойларына лайықталып жазылған, ал тойда қандай әндер өтеді??? Әрине, иықты қиқаңдатып, әдеттегідей, шыр көбелек айналып билейтін өзбектің мотивында жазылған әндер! Қызық, соны мен айтпасам білмей келгендей бәрі?!. Мәселен, Алишер Каримовтың репертуарындағы барлық дерлік әндер шығыстың мақамымен жазылған, солай ғой?.. Білеміз. Заттыбек мырза да, Алишер де – екеуі қазақша айтады, дау жоқ, әйткенмен, әуені «біздікі» емес қой. Соны «ауызша» айтқаным үшін жазғыратын болса – ерік өздерінде! Заттыбек мырзаға да бағана тура осылай деп айтқанмын. Ол кісі таңертеңмен телефон соққан. Түсіндіріп айттым.  Мен, демократиялық, зайырлы мемлекеттің тұрғыны ретінде, қашан және қай жерде болмасын өзімнің субъективті пікірімді айтуға хақылымын. Мен ойлаймын солай: Заттыбек мырзаның әндері өзбектің мақамымен жазылған. Демек, Заттыбектің өзі не тойда «Ақмаржан»-ға бір билемесе бастары ауыратын тойшы қауым ренжіп қалады деп мен өз пікірімді ауыстырмаймын. Сотқа арызданып, «ұры!» - деп, көптің алдында масқаралаған ештеңем жоқ. Қайта мен қолдаймын шетелден ән «көшіріп» жүретін әншілерді. Өзіміздің сазгерлер қимылдамаса, орындаушылар – ізденсін! Ғаділбектің «Есте сақта»-сы, мәселен. Хит қой, хит! Әуенінен бұрын, сөзі өтті оның!.. Әйтпесе, небір «аудармалар» бар. Индира Расылханның «Айтшы, қалқатай!» - деп әуелеткені, мысалы, ХИТ болды деп ешкім айта қоймас. Араш көтерді әлемдік деңгейде, ал Расылхан «іліп алып» кете алмады. Бұл да менің - субъективті пікірім! /ертең Расылханның қоңырауын жыр етіп отырмайын...))))))/ Жарайды, өкпе-реніш деген болады, онсыз еш жерде жеңіс те жоқ. Заттыбек мырзаға, не де болса, жақсы ПИАР жасадым-ау! Әйтпесе, бағдарламаның әу баста жазылатын сценарийінде Заттыбек мырза туралы бір ауыз сөз болмап еді. Табан астында шыққан әңгіме, бірақ, бүкіл бағдарламадан көрсетілген видео мен қызу талқыға алынған көп сөзден Маржан айтқан «бір сөйлем»-нің үлкен ДАУ боп кеткені қызық болды. Ризамын! Ризамын «Ақмаржан»-ның авторына! Дікең-дікең етіп: «Мен сені қырам, жоям... аяқ-қолыңды сындырам...» - деп телефон соғатын әлдекімдерден әлдеқайда «жоғары» екенін көрсетті. Онысына Заттыбек мырзаның кәдімгідей сүйсіндім. Сабырлы, салмақты үнмен телефон шалып өкпе-назын айтты, мен де оған тиісінше жауабымды қайтардым. Міне, нағыз мәдениетті жандардың әңгімесі осындай болуы керек!.. – деп ойлаймын өз басым. Келіспейтіндер болса пікірлерін жазар, бірақ, Маржан қашанда өз пікірінде қалады! 

P.S.  Ал, "Ақмаржан" әніңіз, Заттыбек мырза, маған ұнайды! Талай тыңдағанмын, әрмен қарай да тыңдаймын. Бұл - әңгіме, бұл - дау, бұл - түсініспеушілік менің Сізге не Сіздің шығармашылығыңызға деген көзқарасымды өзгертпейді.

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Сақтықта қорлық жоқ! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-252/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-252/          "Менің ақшамды қайтарыңдаршы, қандай оңбаған адамсыңдар. Қолдарың сынсын" деген  қыздың айқайлаған дауысы 105-автобустың ішінде естілді. Бұл дауыс  адамдарды елең еткізе қоймады. Жұрт шулай кетті:"қайтарып беріңдер!". Әлгі қыз болса: "бұл менің соңғы  ақшам еді, тым болмаса документімді қайтарып беріңдерші",- деп одан сайын жылауда. Ол қыздың әмияны осыдан 1 минут бұрын ұрланған еді. Себебі мен автобусқа кіріп, орныммен  ауысып жатқанда, әлгі қыз, керісінше, есік жаққа беттеген. Аралықта ешқандай аялдама болмаған, ал қыз алдағы аялдамадан түспек болды. Сол сәтте мен тұрып: "Әлі ешкім түспеді, ұры арамызда болғаны ғой",- деп едім, ішіндегі жолаушылар мені қостап кетті. Автобусты тоқтатып, автобус ішіндегілердің ешқайсысын түсірмей, полиция шақырып тексеріс жасамақ болып едік, менің аяғымның қасына тарс етіп жерге бірдеңе құлады. Қарасам, әлгі қыздың әмияны... Қызға беріп едім, ішін қарады да, 5000 теңге жоқ екенін айтып, аялдамадан түсіп кетті. "Сонда ұры кім болды екен?" деген оймен жан-жағыма қарап едім, жас шамасы 22-25 аралығындағы бір қазақ, бір түрік азаматын көрдім. Ол екеуін ұры деп нақты айта алмаймын. Себебі  ұрлық процесін көрмедім. Осы орайда орыстың мақалы еске түседі: "Не пойман, не вор" деген. Бірақ менің  күдігім бар. Ұрының жалғыз жүрмейтінін де білемін. Біреуі маңайын қарап тұрса, біреуі ұрлайды. Осыдан 5 ай бұрын 45-ші автобуста сабаққа бара жатқанымда, тағы бір ұрлықтың куәсі болған едім. Ол кездегі ұрлық мүлде өзгеше. Менің көзімше бір қыздың қып-қызыл әмиянын ұрлап, шалбарының ішіне салып жіберді. Басында ұқпай қалдым да, содан кейін түсіндім ұрлықтың болғанын... Сол кезде автобус ҚАЗҰУ аялдамасына да жетіп, есігін ашып үлгерді. Мені итеріп бірінші түскен ұры, түсе сала, аялдамада тұрған қыздың сумкасына қолын салып қалып еді, ондайда тыныш жүрмейтін, мен, ұрының қолынан жұдырықпен ұрып жібердім. Сасқанынан сол жердегі "Қағанат" асханасының артына қаша жөнелді. Мен әлгі қызға: "Байқап жүр келесі жолы, онсыз да жаңа ғана автобуста бір қыздың кoшелегін ұрлады" деп ақылымды айтып, енді артыма бұрылғаным сол екен, жасы шамамен 30-дағы жігіт: "Братишка, тыныш жүрсей, ол біздің жеп отырған нанымыз"-деп, тапа тал түсте бүйіріме пышақты тақағаны әлі есімде... Содан бері білемін ұрылардың кемінде екі адам болып жүретінін; қалталарында пышақ, тілгіш заттардың болатынын; ұрлық болып жатса да, халықтың "менікін ұрламаса болды" деп, ұрлыққа көз жұма қарайтынын; ұрылардың да "крышалары" барын; полицияның қолына түссе, көп ұзамай қайта босатылатынын; бұл жайттарды мен емес, мектепке бара жатқан баладан, еңкейген қарияға дейін бәріміз білеміз.  Бірақ... Бірақтың артында қашанға дейін көп нүкте бола бермек? Автобустарда қашан бейнебақылау қойылады екен? Біздің қоғам қашан түзеледі? Қара көздеріміз қашанға дейін ұрылардың құрбаны болып қала береді? Бұл сұрақтарға жауап табылғанша, автобуста САҚ БОЛЫҢЫЗДАР демекпін. Автобуста ғана емес, өмірде де! Жау алыстан шаппайтынын да ұмытпаңыздар...    
Ұрлықпен қалай күресуге болады? Ұрылар азаю үшін не істеу керек? Пікір білдіріңіздер!                ]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Шешінуге қатысты ғой http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-253/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-253/

Сәуір келді, ТӘУІР боп қалдық кішкене «шешініп»!!! Түндегі емес /ойларыңыз кетіп қалмасын басқа жаққа)))/, күндізгі «шешіну» туралы айтып жатырмын. Күн жылып жақсы болды көліктің жүргізушілеріне: «Пай! Пай!» - деп сүйсініп отырады терезелерінен, капрон шұлықты жаяу жүргіншілер өтіп бара жатқанда. 15 DEN колготкилерді көптеп сатып дүкендегілер мәз боп жатыр. Әйтпегенде?.. Бүгін киген колготки ертеңге дейін шыдамайды: «стрелка» кетті, бітті! Ертесі күні жаңасын киюге тура келеді. Бірақ, жағымды процесс бұл, тек экономикалық жағынан кішкене қиындықтар туғызбаса... әдетте, көктемнің ерте-кеш келгендігіне қарамастан, әйел адамның гардеробында осындай капрон шұлықтардың маңыздылығы орасан зор. Оны еркектер біле бермейді! Сондықтан, дүкенде тұрып: «Маған колготки беріңізші!» - деп, 3-4 қорабын алып жатсаң /әрқайсысында 10-12 данасы болады шұлықтың/: «2-3 жыл бұрын дайындап қойып жатырмысың?» - деп таңдана қарайды. Қайдағы?.. Қайдағы 2-3 жыл?.. Бір күнге жетсе бір шұлық – оның өзі бір ғанибет! Біріншіден, тырнақтарымыз біздің, қатты ұзын болмаса да анда-санда «іліп» кетеді. Екіншіден, жұмыс орнымыздағы үстелдердің «шымшып» алатыны бар. Аяқтарымызды айқастырып отырғанды жақсы көреміз ғой біз)))) Не керек, «шешіну» деген ең әуелі осы шұлықтардың жұқаруымен байланысты екені даусыз!!! Жігіттердің құдайы берді, не де болса, көздері жайнап жол қарап жүр көбісі. Тағы бір факт көктемнің келуіне байланысты: осы уақытта фитнес клубтарда ине шаншар орын болмайды. «Сырамен созған» қозы қарындарын жинау мақсатында жаппай жаттығуға кіріседі еркек атаулының ішіндегі ақылдысы. Сондықтан, мен баруды қысқарттым ондай залдарға: қазір оңаша дайындалам, ешкімге көрсетпей. Хмм.... тура осы тақырыпта бірдеңе жазам деп жоспарлаған жоқ едім. Аяқ астынан шығып кетті. Отырысым мынау: жолға дайындалуым керек, ал мен болсам клавиатураны сабалап әлі отырмын. Айтпақшы, өткен-кеткен мерекелер құтты болсын! Күлкі күні, мәселен! Думанды кеш ұйымдастырмасақ та, «іштей» атап өттік қой. Өз басым жан баласын алдаған емеспін ешқашан, биыл да солай болды. Сәуірдің 7-і Бүкіләлемдік Денсаулық күні еді, білмей қалған болар көп адам. Мен болсам Астананың алақандай бір алаңында мерекелік шараның өткізілуіне атсалыстым. Сол кезде бір ашынғаным бар: Елордамызда дүрілдетіп «масштабно» өткізейін десең де қандай да бір мерекені – келмейді қолдан. Өйткені, алаң жоқ! Жастар сарайының жанындағы «өлшеніп кесілген» кішкентай алаңқайда бірдеңе ұйымдастырылды, әйтеуір. Эх...дедім іштей, Алматының кең-кең алаңдарын айтсаңшы - Фурманов пен Сәтбаев қиылысындағы, Абылайхан мен Төле бидің қиылысындағы... сол жерлерді барып тағы бір көріп қайтпақпын енді. «Жолға шығам» - деп отырғаным сол. Алматыға! Бірер сағаттардан соң арқаланып кетпекшімін - бірер күнге! Әрмен қарай, қарсы ал Маржанды шырайлы Шымкент!!! «Нағашыларым - Шымкенттен...» - деп жаңа ғана Ирак Елекеев мырзаға айтып жатқанмын. Ол кісі оңтүстіктен келін алғысы келеді екен. Бірақ, менің бойым кішкентай болғандықтан ойланып қалды-ау: «Тұқымымды құртады!» - деп, әңгімені әрі өрбітіп жатпады. Ұлының бойы 190-ға барып қалады, айтуына қарағанда... жарайды, бұйырғаны болар! Бірақ, бойы да, ойы да ұзындау болса деп ем жанымның, жарымның; не дегенмен, ер азаматтың өзіңе жоғарыдан қарап тұрғаны жақсы ғой! Әзірге ұзын жігіт туралы әңгімені бір шетке ысыра тұрайық, Маржанды «ұзын жол» күтіп тұр!!! Сәт сапар тілеңіздер сары қызға:
                                                                 Астана сағынсын,
                                                                            Алматы қарсы алсын,
                                                                                             Шымкент күтсін!!!  

 


]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Қара тізім пайда болды... http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-254/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-254/
Эксклюзивті сұхбат, 16.04.2012, кешкі сағат 20.10да!
]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Алматыға сапарым - кезекті! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-255/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-255/
 Жол түсті тағы да Алатау баурайына, жеттім асыға. Берген уәдем бойынша түсірілімнің келісілген уақытынан кешікпеуім керек болатын. Әйтпесе, Асхат әріптесім сияқты "қара тізім"ге ілініп кетуім ғажап емес-тін біраз продюсерлердің.  

 

 
МҮМКІН ЕМЕС бағдарламасының түсіріліміне қатысқан едім. Содан қалған фотосуреттер мынау.

 

 
Тақырып көп адамның қытығына тиетіндей еді, әйткенмен, жасырып қалуға тағы болмайды: айттық!!!





Нұрлан Еспанов осы отырыстан кейін бізді шайға алып кетті. Алтынай екеуміз барып тағы да осы тақырыпта әңгімемізді жалғастырдық: эфирден тыс енді. Бағдарлама продюсері Толқын Сейдуллақызының да эфирден тыс естімегені жоқ шығар)))) Бәрі ақылды ғой біздің журналисттердің, сырттан отырып: "Неге бүйтпегенсіңдер, мынаны былай айту керек еді..." - деп, әдеттегідей "нездоровый" сын айтып қалады. Олары күлкілі сондай мен үшін. Өздерінде, әйтпесе, болды сол мүмкіндік: істемеді! Ал, шапқылап жүріп жасаған адамға бірдеңе "деп қояды". Өз пікірім, артық сөз болған жоқ: орынды айтылды!

 
 
 Содан, уақыт тауып арасында, Дианамен шай іштік. Бізде солай: шайды сылтауратамыз. Диана Қырықбаева /тележүргізуші, біздің "Шіркін-life"тың үшінші маусымына қатысқан бойжеткен/ дипломдық жұмысын дайындап жатыр екен. Көкейіндегі көп сұрағына жауап бердім де, Шымкентке қарай жолға шықтым.
 

 
 Ал, Дианамен шай ішпес бұрын тағы бір бағдарламаның түсіріліміне қатысып үлгердім.
 

 
Осылай, сахнада...




    
Бетімнен сүйіп алғысын білдірді Ринат досым. Сол тойғаныммен қаттым, дәлірек айтсам, Шымкентке қарай жол тарттым. Әзір Астанаға, үйіме, оралмайтын сияқтымын. Менің оңтүстікте жүргенімді естіген достар: "Абайла, алып қашып кетпесін!!!" - деген ескертулерін жасап жатыр)))))  енді осы жасқа келгенде ұят қой алып қашқан мені))))))  солай дедім күліп. Қазір түсірілім қызу жүріп жатыр. Күн деген ыстық!!! Нағыз шілде!!! Бірақ, оған да ет үйреніп кетеді екен. Көптен көрмеген нағашыларымды аралап жүрмін, мүмкіндікті пайдаланып. Бәрі жақсы!!! 
  

       
       

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Күннің тақырыбы (Фэйсбук әлеуметтік желісінде талқыланды) http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-256/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-256/
Радиоларымыз қашан қазақшаланады екен? Елка мен Носа мезі қылды! Өз елімізде өз әншілеріміздің әндерін радиодан тек түнгі 12ден кейін тыңдап жүре береміз бе?
Сауле Омарова Русское радио анда-санда казакша андер берип калады, кызык болганда, Каншайым сондай ески андер. Соган караганда, ондагылар ол аннин осыдан баленбай жыл бурын хит болганын билмейди-ау дейм..

Асхат Садырбай
Иә,бірақ ол жеткіліксіз деп ойлаймын. Төл өнерге жаны ашитын жастар болса осы тақырыпты ғаламторда кеңінен талқыласа ғой шіркін, бәрі шеттерінен саясатты сынағыш!

Сауле Омарова
Талкылаганнан не пайда?! Бир кездери телеарналарда сондай маселелерди талкылайтын каптап кеткени есимде. 4-5 адам жиналып, ангиме сокканнан пайда болса кане...

Хайрулла Қожабай
талкылап талкылап Қазақстан телеарнасы қазақша боп кетті де

Асхат Садырбай Сәуле, мен 4-5 адам жиналып алып талқылайық деп отырғаным жоқ. Титаниктің 3Д форматта жарық көргенін бәрі жамырап жарнмалайды кеп, одан бізге не пайда, депутаттар, атақты сазгерлер,жоғар жақта жүрген азаматтер мен азаматшаларға мүмкін Фейсбук арқылы жеткізерміз? Олардың радио тыңдауға уақыты жоқ шығар, "ел қамымен жүгіріп жүріп"

Назымка Сейлбек rasimen kashan radiodan kez kelgen uakitta kazaksha tindai alar ekenbiz??askhat suraginiz orindi eken!!sizge kosilam!

Асхат Садырбай Иә,Хайрулла Қожабай, дұрыс айтасыз. Бірақ қазақшалағанда да ел көретін, ел тыңдайтын қазақша дүние жасасақ. Қазақ радиосы көп көліктің "настройкасында" да жоқ-ау осы

Хайрулла Қожабай
Қазақ радиосы онша емес, Шалқар мықты

Асхат Садырбай
Келісемін,менікі "басқа да радиоларымыз Шалқар секілді қазақша сайрайтын болса ғой шіркін" деген арман
 
Сауле Омарова Ол ушин ресми хат жазып, кол жинау керек!!! Бизде тек ресми кагаздарга гана жауап береди. Ол жауаптын кандай боларын алдын-ала болжай алмаспыз, дегенмен ол да бир ис-кимыл!!! Шынын айтканда, менин де радиодан казакша ан тындагым келеди... Казак радиосы машинамда устамайды, Шалкарды тындайм. Онда кейде ишинде пыстыратын былжыр(кеширим сурайм), немесе болмайтын андер... Жастарды кызыктыратындай дуниелер аз...Дала даусы деген фестивальдери унап жур.

Назымка Сейлбек
saule sizge kosilam duris aitasiz

Маржан Султанбаева Менің РусРадиодан не үшін кеткенімді есіме түсіре бермеші, Асхат!!!!!!!!!!!!!!!! Министрліктен лицензия алып отыр, демек ЖОҒАРЫ жақта КРЫШАлары бар, әйтпесе, әлдеқашан жабылар еді, я тәртіпке түсер еді.

Асылзат Исатай Мен радио ашсам ба деймин! Кыргын катысым бар бирак тенгесиз, ештене де бермениз деген заманда оттте ауыр... Ойланып армандааааап, елестетиииип....(((

Serzhan Sagindikov
Асхат, жалпы Хабар агенттігінің құрылымында қазақша мейнстримді музыка тарататын радиостансасын ашу мүмкіндігі бар ма? Менің ойымша, біріншіден, "орыстілділердің" құқықтарын қорғайтын қазіргі мемлекеттік саясат аясында барлық радиостансаларды іс жүзінде (заң жүзінде бәрі жақсы) қазақша сөйлету мүмкін емес. Екіншіден, радиостансалар белгілі бір форматты ұстанатынын ескеру керек (мысалы, психоделикалық рок бағытындағы музыка тарататын Тенгри ҒМ-де прайм-тайм уақытында Бақтияр Тайлақбаевті есту оғаштық болар еді). Сондықтан да, қазіргі заманғы қазақ музыкасына арналған жаңа радиостанса ашу керек. Бұны тек Хабар агенттігі ғана іске асыра алады. Өйткені Қазақстан ұлттық телеарнасының өз радиосы бар және де Қазақ радиосы қазіргі форматта, яғни дәстірлі және консервативті қазақ музыкасын тарату бағытында жұмыс істей бергені дұрыс деп ойлаймын...

Асылзат Исатай
Жалпы казак андеринин кай кайсысына да жол ашу жане казакстандак орыс тилди не орысша-казакша аралас текттеги андер де тыс калмау деген керемет жиелик болса халыкты бирден баурап алар еди!!!

Назым Ракишовна
Енди КАЗАКСТАНДА турамыз гой , казакшанын бари тунде койылады ! Арине бул дурыс емес , биз кайдан оз тилимизди динимизди курметтеймиз , кашанга дейин осы жалгаспак ?! Окиништи арине осылай болганы , баска ултка кулки болып журмиз
 
Айдана Алиарыстанова Назым айтуын айтасыз-ау, пикриниз орынды-ак, бирак сол пикирге лайык болу есебинде тым курыанда фэйсбук паракшасындагы мукабанызды баскага кулки кылмай койсаныз артык болмас еди. Ренжимениз...
 
 Мыңжасарқызы Асхат, соны сендер қолға алмайсыңдар ма? Әнебір Айқын деген сендерге берген сұхбатында біздегі халықтың 50 пайызы ғана қазақтар дейді. Ол қайдан шыққан дерек? Бізде 70 пайыздан асты қазақтар. Білмейтін фактіні айтып, неге күлкі болады? Неге сондайларға тоқтау қоймайсыңдар...

Назым Ракишовна
Айдана , мен емес кулки болган букил казак халкы ! Ойткени осы жагдайды озгертуге болар еди ! Енди отырысымыз тек осыны талкылау . Бизде жумыста орыстар айтады гой казак деген аты гана бар , бари орыс болып кеткен деп , расымен де осылай. Жасыратын ештенеси жок
 
Динара Мыңжасарқызы Айдана, жастардың өкілі ренітде сен солай деп отырсаң, қазақ тілі мәселесі осы күйінде кете беретінін сезінбейсің бе? Әрбір адам өз ұлтының, өз тілінің патриоты болуы керек!

Айдана Алиарыстанова
арине жасыратыны ештене жок мен булай казакты буге-шегесине дейін мактап отырганым жок кемшиликтерди мактап отырганым жок бул аркылы. Жумысыныздагы орыстар солай айтса бәлкім...рас.. Бирак патриоттык бойында болган адамда казакка сай аты-жони жазылып турса, мукабасына караганда уятты сурет турса ол озинизге ягни осындай суреттерди кору аркылы казактарды казак деуден калдык деуи, бунымен толыкканды айтып отырганым жок, бул бир мысалы гана. тым курыганда интернет паракшаларандагы мукабаны озгерту аркылы болса сиз оз ултынызга деген махаббатынызды корсете аласыз. Сосын менің айтпағым мен өз ұлтымды жақсы көремін, дінімді, тілімді құрметтеймін!!!
]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
"Мүмкін емес ..." хабарын рейтинг қуалау үшін жасамаймыз http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-257/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-257/ ]]> Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 Бопешка туылды!!!!!!!! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-258/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-258/


CҮЙІНШІ..............................

АСХАТ САДЫРБАЙ  ПАПА   АТАНДЫ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Ұл ма, қыз ба... біле алмадым; байланыс нашарлап кетті. Эй... бірақ, ол емес маңыздысы! Ең бастысы: сәби келді дүниеге айналадағыларды қуантып!!! Барлық дос-әріптестердің атынан шын жүректен құттықтаймын!!! Бауы берік болсын, артынан еретін іні-сіңлілері көп болсын, жас шаңырақтарына берекелі өмір сыйласын жаратқан!


 
 

 
 
 
 
 

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Мен Гавайда болдым! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-259/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-259/ Өз-өзіме демалыс жариялап, істелу керек жұмыстарымның бәрін кейінге қалдырдым да, Гавайға баруды жөн санадым. Американың 50-інші штаты саналатын Гавай аралдарына емес, әрине... Өзіміздің Алматыдағы «Апорт» сауда кешенінің ішінде салынған Орта Азиядағы ең үлкен "Hawai аквапаркі" жайында айтып отырмын.))) Аквапарк маған ұнады. Бағасы да қымбат емес. Қысқасы, алдағы демалыс күндерін осы жерде өткізуге әбден болады. 

















]]>
Лидер Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Сұрақ: http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-260/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-260/ Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600 ҰМЫТПАЙМЫН! ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-261/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-261/ Жеңіске 50 жыл болғанда ауылдағы әкімшіліктің адамдары апама арнайы келіп құттықтап медаль тақты. Сол кезде апамның (папамның анасы) көзіне еріксіз жас келді. 95 жылдың мамыр айы болатын. Біз ол кезде баламыз, апам неге жылады деп түсінбедік. Бірде ауылға барғанымда сол медальға көзім түсті, қарасам "Тылда еткен еңбегі үшін" деп жазылыпты. Кейіннен сұрап білдім,соғыс жылдарында апам Гүлбаршын Баубекқызы тылда еңбек еткен екен. Ол кезде жұмысты әйел немесе ер істесін деп ешкім бөлген жоқ қой, бәрінің мақсаты жұмысты тездетіп тапсыру болған. Апам көзі тірісінде сол кездегі қиын күндерді еске алып айтып отырады екен, ойын баласы құлаққа ілмеппіз. Енді қазір ойлап отырсам, ол кісінің де өмірде өшпестей ізі қалған екен. Өз елі, өз жері, өз отаны үшін аянбады. Біз оны ұмытпаймыз, біз онымен мақтанамыз! Алла жатқан жерін жайлы, топырағын торқа қылсын!

 Бұл айтулы күн еліміздің әрбір азаматы үшін маңызын ешуақытта жоғалтпайтын күн! Отан үшін отқа түсіп, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы азаматтық борышын өтеген барша ардагер апаларымыз бен аталарымызды мерекемен құттықтаймын! Ауырмаңыздар, қартаймаңыздар, Алла алдарыңыздан жарылқасын! Біз сіздердің ерліктеріңзді ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз да! Сіздер біз үшін үлгісіздер! Тағы да Мерекелеріңізбен!

]]>
Асхат Садырбай Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600
Собчакқа ұқсаймын, расында! http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-262/ http://www.elarna.kz/rus/blogs/t-262/
12:57 29.04.2012Гость
Маржан енди биреудин ішкі жануя шаруасына араласайын дедінба.Асхаттын куанышына ортакпыз.Бауы берік болсын.Бірак дегенмен баска такырып жетпей калдыма.Асхаттын коллегасымын деп жазган шыгарсын.Шын жанашыр болсан,қазақта баланы қырқынан шыкканға дейін лажы болса ешкімге корсетпейдіда,айтпайдыда,тем более букіл халыққа!Әлде блогта рейтингінді жогары кою максатпа.Оданша өзіннін тағы енді носкиін туралы жазсай.Тықылдақ.

 

Осы пікір қалдырған азаматқа қатты ызаланып жүргем, тек клавиатураны сабалап отыруға мүмкіндік болмады. Соңғы кезде twitter-мен ғана дос боп жүрмін, басқаға көңіл бұрылмай кетті. Бүгінгі демалысты тиісінше пайдаланайын дедім сосын.


Пікірге қатысты не айтуға болады?.. Жай ғана қуанышты хабарды жеткізейін деген едім. Оның несі айып?.. Ауылда, әжемнің үйінде жүрген кезім еді. Асхатқа осы блогқа қатысты бір мәселе турасында телефон соққам. Ол өзінің босамай жатқандығын айтты. Себебін де. Қуандым. Өзге біреулер сияқты: «Менде – жоқ, басқаларда болмасын!» -  деген эгоисттік иттігім жоқ. Қайта өзге жанның қуанышына ортақтасып, сол бақытты сезінген жандардың жағымды энергетикасына шомылып қалсам деймін аз ғана уақыт болса да. Тұнжырап, қабағы ашылмай жүретіндердің жанында ұзақ жүргім жоқ. «Сынықтан басқасының бәрі жұғады» деген.


Әрине, осы бір оқырманның пікіріне қатысты Маржан «ПиииП» деген дыбыспен жабылатын сөздерді жазғысы келеді, бірақ, шектен шықпаған абзал деп өзін-өзі тоқтатты. Осы бірер күндікте Собчакқа күліп қойып ем: «Байғұсты не істесе де жек көреді жұрт...» - деп. Менің еш айырмашылығым жоқ екенін түсіндім сол бикештен: менің де «ең жақсы» деген әрекетімнен «былық» іздейді кейбіреулер. Бірақ, МАРЖАН қашанда МАРЖАН боп қалады!!! Мейлі дей берсін дегісі келгендер, мейлі қараласын, мейлі жақтырмасын, мейлі... өртенсін өзектері қызғаныштан. Иә, иә!!! Бәрін жалмап бара жатқан сол қып-қызыл қызғаныштың өрті!!! Әйткенмен, нені қызғанады, түсінбеймін?.. Маржанның астында феррари бар ма фиолетовый, кең коттеджде кербезденіп жүр ме Маржан, әлде бриллиант білезіктерге аллергиясы ұстап жүр ме??? Не??? Бір кез шулы жобадан танылғаны болмаса, Маржанда ештеңе жоқ. «Доступы бар» пысықтар тексеріп көрсін, Маржанда әлі жабылмай жатқан кредитінен басқа жылжымайтын мүлік жоқ. Маржанда тек МАРЖАНы бар. Ол ештеңеден қайтпайтын, ештеңеден қорықпайтын тентек қыз! Ол – үйінің еркесі емес, жаратушының жарылқап маңдайдан сүйген қызы!!! Осы сөзді айтқызды ақыры, ризамын дұшпандарыма!!! Бала кезден өзімді «бөтен» сезінетінмін бұл әлемге. Түсінбейтінмін өзімнің «даралығымды». Неге ұқсамаймын өзгелерге, неге ерекшемін?.. «Мені түсінбейді...» - деген өкпем кейін басылды, айттым өзіме: «Маржан, олар емес түсінбейтін, өзің оларға жеткізе алмай жүрген ойыңды...» содан қанша жыл осындай түсінікпен өмір сүріп келдім: өзімнен іздедім кінәні ең әуелі. Сөйтсем... біздің қоғамда аз екен көзінде оты бар жандар. Демек, мен сияқты «индивид»-тер керек!!! Эх... бір сілтедім қолымды сосын. Неге ұқсауым тиіс оларға, егер олардың өмір сүру қалпы маған ұнамаса?.. егер олардың маған - БЕРЕРІ, менің олардан аларым болмаса?.. мынау ғой енді нәтижесі: Маржан қуанышты хабарды жеткізіп жатса да РЕЙТИНГ іздеген болып шығады. «Бөрінің аузы жесе де – қан, жемесе де - қан» деген осындайда айтылады. Жо-жоқ, мен ондай, ішінде май айналмайтын жандарға жамандық тілемеймін. Бар болыңдар!!! Намысымды қайраңдар менің! Сендер сүріндірген сайын мен қайраттана түсем! Тек, тағы бір ескерте кетейін: Маржан әр жазбасына тақырыпты өзі таңдайды. Гүлді-гүлді носкилер туралы жазса да – оған ешкімнің басы ауырмасын: оқырман табылады бағалайтын. Ал, бір бөлмеде тығылып отырып коммент жазу – қорқақтың ғана ісі. Батылырақ болыңыздар! Ашық әңгімеге шақырам! Пікір жазғанда есімдеріңізді түртіп қойсаңыздар, ең бергісі. Ал бетпе-бетке қашанда дайынмын.
Астана қаласы. Сарыарқа даңғылы 30. ХАБАР агенттігі.
Мені осы мекен-жайдан оп-оңай тауып аласыздар!!! (перчатка лақтырып дуэльге шақырам десеңіздер, оны да көрейік!!!)

]]>
Маржан Султанбаева Thu, 01 Jan 1970 06:00:00 +0600