Логин
Kілт сөз
Сақтау

Блогтар

14:46 08.05.2012   8   462

Асхат САДЫРБАЙ

ҰМЫТПАЙМЫН! ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Жеңіске 50 жыл болғанда ауылдағы әкімшіліктің адамдары апама арнайы келіп құттықтап медаль тақты. Сол кезде апамның (папамның анасы) көзіне еріксіз жас келді. 95 жылдың мамыр айы болатын. Біз ол кезде баламыз, апам неге жылады деп түсінбедік. Бірде ауылға барғанымда сол медальға көзім түсті, қарасам "Тылда еткен еңбегі үшін" деп жазылыпты. Кейіннен сұрап білдім,соғыс жылдарында апам Гүлбаршын Баубекқызы тылда еңбек еткен екен. Ол кезде жұмысты әйел немесе ер істесін деп ешкім бөлген жоқ қой, бәрінің мақсаты жұмысты тездетіп тапсыру болған. Апам көзі тірісінде сол кездегі қиын күндерді еске алып айтып отырады екен, ойын баласы құлаққа ілмеппіз. Енді қазір ойлап отырсам, ол кісінің де өмірде өшпестей ізі қалған екен. Өз елі, өз жері, өз отаны үшін аянбады. Біз оны ұмытпаймыз, біз онымен мақтанамыз! Алла жатқан жерін жайлы, топырағын торқа қылсын!

 Бұл айтулы күн еліміздің әрбір азаматы үшін маңызын ешуақытта жоғалтпайтын күн! Отан үшін отқа түсіп, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы азаматтық борышын өтеген барша ардагер апаларымыз бен аталарымызды мерекемен құттықтаймын! Ауырмаңыздар, қартаймаңыздар, Алла алдарыңыздан жарылқасын! Біз сіздердің ерліктеріңзді ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз да! Сіздер біз үшін үлгісіздер! Тағы да Мерекелеріңізбен!

әрі қарай→
16:25 02.05.2012   32   1417

Асхат САДЫРБАЙ

Сұрақ:

1-"Twitter" маған керек пе? 2-әлде мен "Twitterge" керекпін бе? Сіздер қалай ойлайсыздар? әрі қарай→
15:51 20.04.2012   6   672

Асхат САДЫРБАЙ

Күннің тақырыбы (Фэйсбук әлеуметтік желісінде талқыланды)

Радиоларымыз қашан қазақшаланады екен? Елка мен Носа мезі қылды! Өз елімізде өз әншілеріміздің әндерін радиодан тек түнгі 12ден кейін тыңдап жүре береміз бе?
Сауле Омарова Русское радио анда-санда казакша андер берип калады, кызык болганда, Каншайым сондай ески андер. Соган караганда, ондагылар ол аннин осыдан баленбай жыл бурын хит болганын билмейди-ау дейм..

Асхат Садырбай
Иә,бірақ ол жеткіліксіз деп ойлаймын. Төл өнерге жаны ашитын жастар болса осы тақырыпты ғаламторда кеңінен талқыласа ғой шіркін, бәрі шеттерінен саясатты сынағыш!

Сауле Омарова
Талкылаганнан не пайда?! Бир кездери телеарналарда сондай маселелерди талкылайтын каптап кеткени есимде. 4-5 адам жиналып, ангиме сокканнан пайда болса кане...

Хайрулла Қожабай
талкылап талкылап Қазақстан телеарнасы қазақша боп кетті де

Асхат Садырбай Сәуле, мен 4-5 адам жиналып алып талқылайық деп отырғаным жоқ. Титаниктің 3Д форматта жарық көргенін бәрі жамырап жарнмалайды кеп, одан бізге не пайда, депутаттар, атақты сазгерлер,жоғар жақта жүрген азаматтер мен азаматшаларға мүмкін Фейсбук арқылы жеткізерміз? Олардың радио тыңдауға уақыты жоқ шығар, "ел қамымен жүгіріп жүріп"

Назымка Сейлбек rasimen kashan radiodan kez kelgen uakitta kazaksha tindai alar ekenbiz??askhat suraginiz orindi eken!!sizge kosilam!

Асхат Садырбай Иә,Хайрулла Қожабай, дұрыс айтасыз. Бірақ қазақшалағанда да ел көретін, ел тыңдайтын қазақша дүние жасасақ. Қазақ радиосы көп көліктің "настройкасында" да жоқ-ау осы

Хайрулла Қожабай
Қазақ радиосы онша емес, Шалқар мықты

Асхат Садырбай
Келісемін,менікі "басқа да радиоларымыз Шалқар секілді қазақша сайрайтын болса ғой шіркін" деген арман
 
Сауле Омарова Ол ушин ресми хат жазып, кол жинау керек!!! Бизде тек ресми кагаздарга гана жауап береди. Ол жауаптын кандай боларын алдын-ала болжай алмаспыз, дегенмен ол да бир ис-кимыл!!! Шынын айтканда, менин де радиодан казакша ан тындагым келеди... Казак радиосы машинамда устамайды, Шалкарды тындайм. Онда кейде ишинде пыстыратын былжыр(кеширим сурайм), немесе болмайтын андер... Жастарды кызыктыратындай дуниелер аз...Дала даусы деген фестивальдери унап жур.

Назымка Сейлбек
saule sizge kosilam duris aitasiz

Маржан Султанбаева Менің РусРадиодан не үшін кеткенімді есіме түсіре бермеші, Асхат!!!!!!!!!!!!!!!! Министрліктен лицензия алып отыр, демек ЖОҒАРЫ жақта КРЫШАлары бар, әйтпесе, әлдеқашан жабылар еді, я тәртіпке түсер еді.

Асылзат Исатай Мен радио ашсам ба деймин! Кыргын катысым бар бирак тенгесиз, ештене де бермениз деген заманда оттте ауыр... Ойланып армандааааап, елестетиииип....(((

Serzhan Sagindikov
Асхат, жалпы Хабар агенттігінің құрылымында қазақша мейнстримді музыка тарататын радиостансасын ашу мүмкіндігі бар ма? Менің ойымша, біріншіден, "орыстілділердің" құқықтарын қорғайтын қазіргі мемлекеттік саясат аясында барлық радиостансаларды іс жүзінде (заң жүзінде бәрі жақсы) қазақша сөйлету мүмкін емес. Екіншіден, радиостансалар белгілі бір форматты ұстанатынын ескеру керек (мысалы, психоделикалық рок бағытындағы музыка тарататын Тенгри ҒМ-де прайм-тайм уақытында Бақтияр Тайлақбаевті есту оғаштық болар еді). Сондықтан да, қазіргі заманғы қазақ музыкасына арналған жаңа радиостанса ашу керек. Бұны тек Хабар агенттігі ғана іске асыра алады. Өйткені Қазақстан ұлттық телеарнасының өз радиосы бар және де Қазақ радиосы қазіргі форматта, яғни дәстірлі және консервативті қазақ музыкасын тарату бағытында жұмыс істей бергені дұрыс деп ойлаймын...

Асылзат Исатай
Жалпы казак андеринин кай кайсысына да жол ашу жане казакстандак орыс тилди не орысша-казакша аралас текттеги андер де тыс калмау деген керемет жиелик болса халыкты бирден баурап алар еди!!!

Назым Ракишовна
Енди КАЗАКСТАНДА турамыз гой , казакшанын бари тунде койылады ! Арине бул дурыс емес , биз кайдан оз тилимизди динимизди курметтеймиз , кашанга дейин осы жалгаспак ?! Окиништи арине осылай болганы , баска ултка кулки болып журмиз
 
Айдана Алиарыстанова Назым айтуын айтасыз-ау, пикриниз орынды-ак, бирак сол пикирге лайык болу есебинде тым курыанда фэйсбук паракшасындагы мукабанызды баскага кулки кылмай койсаныз артык болмас еди. Ренжимениз...
 
 Мыңжасарқызы Асхат, соны сендер қолға алмайсыңдар ма? Әнебір Айқын деген сендерге берген сұхбатында біздегі халықтың 50 пайызы ғана қазақтар дейді. Ол қайдан шыққан дерек? Бізде 70 пайыздан асты қазақтар. Білмейтін фактіні айтып, неге күлкі болады? Неге сондайларға тоқтау қоймайсыңдар...

Назым Ракишовна
Айдана , мен емес кулки болган букил казак халкы ! Ойткени осы жагдайды озгертуге болар еди ! Енди отырысымыз тек осыны талкылау . Бизде жумыста орыстар айтады гой казак деген аты гана бар , бари орыс болып кеткен деп , расымен де осылай. Жасыратын ештенеси жок
 
Динара Мыңжасарқызы Айдана, жастардың өкілі ренітде сен солай деп отырсаң, қазақ тілі мәселесі осы күйінде кете беретінін сезінбейсің бе? Әрбір адам өз ұлтының, өз тілінің патриоты болуы керек!

Айдана Алиарыстанова
арине жасыратыны ештене жок мен булай казакты буге-шегесине дейін мактап отырганым жок кемшиликтерди мактап отырганым жок бул аркылы. Жумысыныздагы орыстар солай айтса бәлкім...рас.. Бирак патриоттык бойында болган адамда казакка сай аты-жони жазылып турса, мукабасына караганда уятты сурет турса ол озинизге ягни осындай суреттерди кору аркылы казактарды казак деуден калдык деуи, бунымен толыкканды айтып отырганым жок, бул бир мысалы гана. тым курыганда интернет паракшаларандагы мукабаны озгерту аркылы болса сиз оз ултынызга деген махаббатынызды корсете аласыз. Сосын менің айтпағым мен өз ұлтымды жақсы көремін, дінімді, тілімді құрметтеймін!!!
әрі қарай→
14:14 16.04.2012   61   2636

Асхат САДЫРБАЙ

Қара тізім пайда болды...

"Қара тізім" деген сөзді тырнақшада жазайын, әйтпесе жұрт дұрыс түсінбей қалар. Бұл нәрсе кез-келген арнада бар. Өз басым көбіне әртістерге кешіріммен қарап, жасаған түсініксіз тірліктерін кешіре салатынмын. Бірақ бұл жолы мен шақырған қонақтарымыздың әрекетін ұға алмадым. Сөйттім де "Жарайсың" бағдарламасының түсірліміне атүсті қараған әртістерді қара тізімге енгізу туралы шешім қабылдадым, шығапрмашылық топпен кеңесе келе. Өткен аптада студиямызға танымал актриса Лидия Кәденова келу керек болатын, (мерейтойын ескеріп, халық алдындағы өнерін бағалап! шақырғанбыз) келмеді. Ал, кешегі түсірілімде Тоқтар мен Бейбіт те бізді дәл осындай жағдайға тап қылды. Редакторлар алдын-ала қоңырау шалып келіскен, олар уәде берген, сценарийст сценарий жазған, нәтижесінде "Жұлдыздар" мынау тұрған "Хабардың" студиясына жете алмай қалды. Айтпақшы, 22-наурызда эфирге шыққан бағдарламаға Жанар Айжанова келу керек болатын, ол апамызды да ұшты-күйлі жоғалтып алдық. Қанша рет қоңырау шалдық, телефонын көтермеді. Егер бұл кісілерді эфирден көргілеріңіз келіп, бірақ көре алмай жүрсеңіздер, бізге ренжімеңіздер. Бағдарлама ұжымын ыңғайсыз жағдайға тап қылған өнер адамдарын екінші рет студиямызға шақырып, "аузымызды күйдіргіміз" келмейді. Қайта Ресейден қайырымдылық кешін тегін жүргізуге келген "Мисс Россия-2003", тележүргізуші Виктория Лопыреваға рахмет! Бір ауыз айтқан ұсынысымызды бірден қабыл алып, айтқан уақытында түсірілімге қатысып, алғысын айтып кетті!

Эксклюзивті сұхбат, 16.04.2012, кешкі сағат 20.10да!
әрі қарай→
13:32 27.03.2012   27   1193

Асхат САДЫРБАЙ

Мен Қазақпын!

"Мемлекеттік Раміздерімізді оз паракшамызга жуктеп кояйык! Білмейтіндер білсін, казак деген елдін бар екенін жане олардын мемлекеттік раміздері мынадай екенін! Біресе Елтанбаны кошіріп алады, біресе Ануранды шатастырып алады! Патриот болсаныздар, аркайсымыз озімізден бастайык! Асхат Садырбай!" -осы мәтінмен бүгіннен бастап өзімнің әлеуметтік желілерімде жастарға, ғаламтор қолданушыларына, достарға ұсыныс тастадым! Өз ұлтын сүйетін, өз мемлекетінің рәміздерін құрметтейтін азаматтар қолдайды деп ойлаймын! Қысқаша мәтінді орысша әріптермен жазбасам көп жерде қазақша әріптер оқылмайды...Ал, жаңағы нәрселер менің жаныма батады, сіздің ше?


әрі қарай→