Блогтар
Ринат Зайытов өтірікші ме?
Бүгін "Жарайсың" бағдарламасының кезекті түсірілімі болды. Студияға қонақ ретінде Ринатты шақырғанбыз. Негізі бұл сұхбатты әлдеқашан түсіруге болар еді, бірақ Ринаттың қолы тимеді. Алайд, берген уәдесінен таймай келісілген күні, студиямызға жетті. 1 сағат кешікті, бірақ алдын-ала кешігетінін ескертті.
Сонымен не керек, Әния екеуміз Ринатпен 50 минутқа жуық сұхбаттастық. Одан да көбірек әңгімелесуге болар еді, бірақ студиядағы уақыт шектеулі. Әңгіме барысында Ринаттың айтыстан анық кеткенін, енді мүлдем айтыспайтындығын, жүлдеге қызықпайтынын, өзін кәсіби жүргізушімін деп санайтындығын, және осы оқиғаның басы-қасында болған өзге ақындардың түрлі қылықтары туралы аз-кем білдік. Ал, Ринат Зайытов "өтірікші ме?" деген сұрағыма Ринат қалай жауап берді деп ойлайсыздар? Оны әзірге айтпаймыз, жақында көрсетеміз "Жарайсың" бағдарламасынан! ![]() Алдағы күндері студияға Мақпал Исабекова мен Меруерт Түсіпбева келеді. Егер оларға қояр сауалдарыңыз болса жолдаңыздар! Ескерту: Сұрақ қоюшының аты-жөні жазылмаған сауалдар оқылмайды!
|
|




3299










