Нұрбол Алманов EL ARNA телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

Нұрбол Алманов EL ARNA телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды


Нұрбол Мейрханұлы 1997 жылы Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясын «Кинотанушы-редактор» мамандығы, 2015 жылы «Тұран» университетін «Заң» мамандығы, 2019 жылы Тараз мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
1996-1998 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы;
1998-2000 жылдары «ТАҢ» телерадиокомпаниясындағы ақпараттық қызметтің тілшісі, «Алматы айнасы» ақпараттық-талдау бағдарламасының редакторы;
2000-2003 жылдары «НТК» телеарнасының ақпараттық қызметтің бас редакторы;2003-2005 жылдары «КТК» телекомпаниясының мемлекеттік тілде шығатын бағдарламалардың жауапты редакторы;
2005-2007 жылдары «CASPIONET» спутниктік телеарнасының бағдарламалар бөлімінің редакторы;
2007-2009 жылдары «Қазақстан» РТРК-да қоғамдық-саяси бөлімі басшысының орынбасары;
2009-2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП медиа-орталығы басшысының орынбасары;
2011-2012 жылдары «ЭРА ТВ» 7 арна ЖШС-нің бағдарламалар дирекциясының директоры;
2012-2013 жылдары «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықтың басшысының орынбасары, басшысы;
2013-2017 жылдары «Медиа Астана» продюсерлік орталығы»-ның бас продюсері;
2017-2018 жылдары ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы;
2018-2019 жылдары Астана қаласының 20 жылдығына арналған халықаралық жобалардың басшысы қызметтерін атқарды.