Болат Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмі. «Ашық көрсетілім»

XIII ғасыр. Жерорта теңізіндегі ең үлкен флоттың егесі, Мысыр елінің билеушісі, теңдесі жоқ Бейбарыс сұлтан патша тағына дейінгі өмір жолын есіне түсіреді.

Билік атаулының бейшаралығын, ең жақын деген адамдарының ішінде де сатқындыққа бейім тұратын адамдардың болатынын ол атақ-даңққа ие болған кезде бір-ақ көз жеткізеді...

Режиссер Болат Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмінде басты рөлдерді Нұрмұхан Жантөрин, Дәулет Бейсенов, Болот Бейшенәлиев, Кеңес Қожабеков сомдайды.