Режиссер Болат Қалымбетов: әркімнің өз Мұқағалиі бар. «Ашық көрсетілім»

Кинокартина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері – танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірді. "Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында", – дейді фильмнің режиссері Қалымбетов. Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. "Біз фильмде Мұқағали Мақатаевтың есейген кезімен, Қазақ КСР жазушылар одағының ақынның тағдырын отырыста шешкен уақытымен танысамыз", – деп қосты Болат Қалымбетов. «Мұқағали» фильмінің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыров жазған.