Сәбит Құрманбектің «Оралман» фильмі. «Ашық көрсетілім»

«Ашық көрсетілім» бағдарламасының бұл шығарылымында Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмін талқылаймыз. Студия қонағы – фильмнің авторы, режиссер Сәбит Құрманбек.

«Оралман» фильмінің әлемдік тұсаукесері Иранда Фаджр кинофестивалінде болған еді, сол жақта картина шетелдік туындылардың арасында бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар 2017 жылы елордада өткен Еуразия кинофестивалінде «Гран-при» иеленген. Ал Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалінде басты рөлді сомдаушы Дулыға Ақмолда үздік актер атанды.