Судың пайдасы. Күніне қанша литр су ішу керек? «Денсаулық философиясы»

Суды жиі қолдану ағзадағы калорияны реттеп, артық салмақ жинаудан сақтандырады. Өйткені кейде қарныңыз ашқанын сезе қалсаңыз, бірден тамақтануға асықпай, жай ғана су ішіп көріңіз. Адам ағзасы суды қажет еткен кезде, аштық сезімінің әсері байқалуы мүмкін. | Күнделікті суды жеткілікті дәрежеде қолдану қан айналымын жақсартып, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Ағзадағы артық инфекция мен зиянды токсиндердің шығуына әсер етеді. Судың өзін ішуді аса ұнатпайтын адамдар, құрамында суы мол жемістер мен көкөністерді жиі пайдаланса болады.

Бағдарламаға қатысушылар: Жарқынай Медеубекова — эндокринолог-диетолог Маржан Құлбаева — биофизик Гүлнара Джапарова — жүзуден жаттықтырушы