Сәлем салу: ескіліктің сарқыншағы ма әлде әдептілік белгісі ме? «Freshman»

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу – осының нақ дәлелі. Бүгінгі таңда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік пен батыста жақсы сақталған бұл үрдісті үлкенді құрметтеудің әдемі әдебі десе де болады. Дегенмен қазіргі қоғамның бұл салтқа көзқарасы қандай?