Қазіргі қазақ киносындағы қазақ тілі. «Freshman»

«Freshman» бағдарламасының бұл шығарылымы қазіргі таңда түсіріліп жатқан отандық кинолардың тілі, яғни ана тіліміздің көгілдір экрандағы тынысына арналады.

Кейінгі жылдардағы қазақ фильм­дерінің тіліне көпшіліктің көңіл толмайтыны рас. Өйткені сөз саптасымен сүйсіндіріп, құлаққа жағарлықтай құнарлы тілді драматургия жоқ. Түсірушілер сценарий жазуға қазақы тілдің қаймағын білетін қаламгерлерді тартуды ескере бермейді. «Киноға көркем тілдің қажеті не?» деп дау­ласа кететіндер де бар.

Бұл туралы студияға келген қонақтар не дейді екен? Олар қандай пікірде?