Қазіргі балалар атақты болу үшін қандай қадамға дайын? «Freshman»

Өкінішке қарай, танымал болуды «атың шықпаса, жер өрте» деген ұғыммен шатыстырып, ерсі қылықтарға баратын балалар бар. Иә, балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін айта келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Дегенмен зеректігімен таң қалдырып, талантымен тамсандырып, дүйім жұртқа танымал болған бүлдіршіндеріміз бар. «Freshman» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Қазіргі балалар атақты болу үшін қандай қадамға дайын?» тақырыбын арқау етіп отыр.

1. Мөлдір Тоқжанова, балалар психологы;

2. Ырысалды Саяқызы, желіде танылған кішкентай қыз;

3. Сая Шағыбаев, Ырысалдының әкесі;

4. Ләззат Сатова, Алматы қ. полиция Департаменті ювеналдық полиция бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі;

5. Мәнсия Сапаргалиқызы, әлеуметтанушы;

6. Ағайша Сапарова, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары;

7. Нұрдәулет Ақыш, жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы.