Қазақ киносы шетелдік кинофестивальдерде. «Freshman»

Отандық кино өндірісі, әсіресе, коммерциялық және телевизиялық бағытта қарқынды дамып келеді. Десе де халықаралық кинофестивальдерде топ жарып, үздік атанған киноленталар жайлы естуіміз аз. Дәл осы саланың еліміздегі аяқ алысы қандай? Әлемдік аренада Қазақстанды танытып жүрген киногерлер кімдер? Фестивальдік фильмдердің деңгейі қандай? Сан сауалдың жауабы бүгінгі бағдарламада белгілі болмақ.

1. Шарипа Оразбаева, режиссер; 2. Дана Әмірбекова, киносыншы; 3. Ернар Маликов, кинопродюсер; 4. Меруерт Саббусинова, «Үздік әйел рөлі» номинациясының жүлдегері; 5. Олжас Тоғымбет, актер.