Ғажайып әлем. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі. 2-бөлім. «Хронограф-2021»

Бояудың құдіреті, түс пен реңнің сәулеленіп нұрлануы суретшінің шеберлігінде. Дәл осындай туындылар Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің залдарында орналасқан. Бұл топтамалардың барлығы – еліміздің мақтанышы, теңдесіз мұрасы. Қазіргі музейдің келбеті мен ұстанымы мүлде бөлек.

Әр кезең өз талабымен , жаңалығымен ерекше. Музей ісінде де жаңашылдық, құнды мұрамызды  бұрынғыдан бетер айшықтай түскен. Заманауи технологиялар мен инновациялар, маркетинг пен менеджменттік тәсілдер, әлбетте, жұмысты жоғары деңгейге көтеріп, жеңілдете түскен.