Корей музыкалық комедия театрының 90-шы маусымы. «Хронограф-2021»

Театр - тірі ағза тәрізді. Тынысы, тіршілігі, ұжымы бір -бірімен біте қайнасқан. Театр – киімілгіштен басталады демекші, бұл сөздің мән-мағынасы зор. Киімілгіш- адамның сыртқы болмысын тастап, жан дүниесімен рухани ортаға бастайтын табалдырығы іспетті. Киелі ортаға келген көрермен, өнердің , мәдениеттің шексіз биіктігіне еніп, өзге әлемге енгендей күй кешеді.... Театр – синтездік өнердің жиынтығы. Бұлай деуіміздің себебі мұнда би де, ән де шеберлік пен сомдайтын рөлдер де бар... Дегенмен театр мәдениеті – ерекше түсінік. Мұнда актердің шеберлігі сізді сағымдарға жетелеп, үкілеген үмітіңізбен қауыштырып, арман биіктеріне шығарады. Театрды мәдениет ошағы десек, ондағы сахналатын қойылымды түп санамызға ұлттық салт-дәстүрді , болмысымызды жеткізетін тәрбие тәсілі деп теңеуге болады. Тарихи отанынан жырақта жүргендерге , көңілі жомарт, пейілі кең қазақ жері пана болған құтты мекен. Елімізде тұратын 130-дан аса ұлт пен ұлыстың әрбір өкілі қазақтың жақсылығына бас иіп , бағалап келеді. Тоңғанды жылытып, ашыққанға бір үзім нанымен бөліскен қазақты, олар мәңгі қадірлеп өтері сөзсіз. Солардың бірі қазақ жеріндегі Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының ұжымы.