Сайысқа қатысушылар – Айгерім Үзембай, Мадияр Батырбай. «Қиындықпен қызық кеш»

«Қиындықпен қызық кеш» сайысы – қатысушылардың интеллект деңгейі мен білім көкжиегін анықтауға көмектесетін, зияткерлік және ойын-сауық телевикторина. Ойын барысында қатысушыларға түрлі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Бұл бағдарламаның әр шығарылымы белгілі бір тақырыпқа ғана арналмайды. Сондықтан оның айналымдары шоу-бизнестен бастап, саясатқа дейін барлық салаларды қамтиды.