Торантино фильмдерінде «штрудель» десертін не үшін қолданады? «Мәдениет мәзірі»

Бағдарламада К. Торантиноның «Тексіздер жасағы» фильмінде көрсетілген штрудель десерті жайлы сөз қозғаймыз. Фильмде неміс қолбасшысы Ханс Ланда мен Эмануель атты еврей қызының дастархан басында штрудель жеген сахнасы бар. Аталмыш сахна арқылы режиссер екі кейіпкер арасындағы шиеленісті, олардың бір-бірі жайлы ойын штрудель жеуі арқылы әдемі көрсете білген.