Жастар театрының актері, режиссер Даурен Серғазин. «Мен»

«Мен» бағдарламасының бүгінгі қонағы — Дәурен Серікбекұлы Серғазин. Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері. Нұр-Cұлтан қаласындағы жастар театрының актері, режиссер.

Дәурен Серікбекұлы 1984 жылы 6 қазанда Теміртауда дүниеге келген. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал-Арасан ауылында өскен. Бағдаралама барысында актердің «уақыт», «сағыныш» сияқты кейбір түсініктерге байланысты көзқарасын білуге, мінезін ашуға, кейіпкерді тануға тырысамыз.