Астаналық меломан. «Өміршең өнер туындылары»

Таңғажайып коллекцияны астаналық музыка әуесқойы Аненов Марат жинады. Марат жас кезінен бастап көптеген құрдастары сияқты музыкаға қызығушылық таныта бастады. Магнитофонда дыбыстық таспаларды тыңдау сол кездегі жастардың сәні болған. Қазір Мараттың жинағында 100-ден астам аудио ойнатқыш бар. Оның барлық жабдықтары өте жақсы жұмыс істейді. Музыка әуесқойының өзі магнитофондардан сүйікті музыкасын тыңдау арқылы ғана шынымен демалатынын айтады.

#Еларна #Өміршеңөнертуындылар #астаналықмеломан