«Жаужүрек» тарихи қойылымының сыр-сипаты. «Сахна сыртындағы сыр»

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) – керемет әнші-композитор, сері, балуан, халықтың сүйіктісі. Қойылымда жары Балқаш, ғашығы Ғалия, тұтқын жас қыз Татьянаның жүрегін жаулаған еркіндік сүйгіш Балуан күрескер, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға ретінде бейнеленеді. Әлеуметтік ортасымен тағдыры бірегей әншінің шұрайлы жерінен, демек, еркіндігінен айырыла бастаған әлеуметтік ортасы, яғни халқының мүддесін қорғап, тәуекелге бел буып, күреске шығу жолы айшықталады. Шынайы теңдік, бостандық жоқ жерде шынайы махаббат, бақыт жоқ; ел азат болмай – ер азат еместігін алға тартатын қойылымның кеңістігі үлкен. Өз контекстінде драмалық негізі, режиссурасы, сценографиясы және актерлік ойын үйлесім тапқан спектакльде ұлттың өзін-өзі тануының жаңа бір кезеңі бар. Бағдарламаға қатысушылар: Дулыға Ақмолда– актер Алмас Шаяхметов – актер Гульнур Чингизова – актриса Есмұхан Обаев – режиссер #Сахнасыртындағысыр #Жаужүрекспектаклі #БалуанШолақ #сахнасыртындагысыр #сахнаеларна #сахнаеларна #elarnaбағдарлама #еларна #еларна #elarna #elarna #еларнабағдарлама #театреларна #драмаеларна #спектакльеларна