Тілектес Мейрамов: Театр – менің өмірім. «Шеберлік дәріс»

Тілектес Уахитұлы – актер, Қазақстанның халық әртісі . Көкпекті селосының тумасы. Алматы мемлекеттік зооветеринариялық институтында, одан кейін Қарағанды облыстық драма театры студиясында оқыған. 1971 жылы Алматы өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, профессор А.Тоқпанов пен Ш.Жандарбекованың жетекшілігімен) бітірді. Сол жылы Қазақ академиясы жастар мен балалар театрының директоры. Ұлттық драматургия бойынша қойылған спектакльдерде Қозы (алғашқы ролі), Байғара (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы» мен «Амангелдісінде»), Ознобин (Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде»), Жұмат, Мәлік (А.Сүйлеменовтің «Жетінші палатасы» мен «Қыздай жесір-штат қысқартуында»), Еркін,Ақан (А.Жағанованың«Беймаза әйелі» мен «Жан алқымдасында»), Шынғысхан (Иранғайыптың осы аттас спектаклінде), Қалдан сері (Ә.Кекілбаевтін «Абылай ханында»), сонымен қатар драмалық аударма шығармаларда Темір шал (Ш.Айтматовтың «Ана – жер-анасында»), Еділ (Е.И.Замятиннің «Еділ патшасында»), Войницкий, Сорин (А.П.Чеховтың «Ваня ағайы мен «Шағаласында»), Роберт (В.Дельмардың «Өкінішті өмірінде»), Шамилетро (Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде»), Соқыр жігіт (М.Метерликтің «Соқырларында»), Брут (У.Шекспирдің «Колриоланында»), т.б. рөлдерді орындады. Өнер академиясында педагогикалық қызметпен (2000 жылдан) айналысады. 1977 жылдан киноға түскен. 1984 жылы Қазақ академиялық драма театры құрамында гастрольдік сапармен Францияның Нанси қаласында болды.