Асылбек Қапаев: 24 сағаттың жартысы театрда өтеді. «Шеберлік дәріс»

«Шеберлік дәріс» жобасы белгілі бір тақырып немесе қандай да бір саланың үлгілі мамандары қатысатын ақпараттық, танымдық бағдарлама. Бас кейіпкер бұл тележобада өзінің кәсібі, қызметі, мамандығы жөнінде көрерменге керекті ақпараттар мен өзіндік жеке ойларын айтады. Сондай-ақ, өз ісінің шебері болудың сырларымен бөліседі. Белгілі театр және кино актері Асылбек Қапаев өзінің өмір жолы, өнердегі, театр мен кинодағы еңбектері мен ойларын айтады. Сондай-ақ, өнер жолы төңірегінде қызмет еткісі келетін жасөспірімдерге кеңес береді.