Ахметтанушы ғалым Райхан Имаханбет. «Шеберлік дәріс»

Бұл шығарылымда Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барып, халқымыздың ғұлама тұлғасының өмірбаянына үңіліп, жәдігерлерімен танысатын боламыз. Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі – ұлт ұстазының мұрасы, шығармашылық ғұмырбаяны, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлік жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. Музей-үйдің қорында ғалым өмірі мен шығармашылығына қатысты 500-ге жуық ресми құжат, 300-і мемлекеттік мұрағаттан алынған түпнұсқа. Тарихи тұлға тұтынған мүліктер: жазу машинкасы, мөртабан, қаламсап, қол чемодан, самаурын, жезтабақ, сандық қойылған. Қорда ғалымның өз тұсында жарық көрген еңбектерінің түпнұсқалары: «Қырық мысал», «Маса», «Оқу құралы» 3 кітап; «Тіл – құрал» 3 кітап; «Баяншы», «Әліпби» әліппе, «Ер Сайын», «Әліппе астар», «Сауаташқыш», «23 жоқтау», «Әдебиет танытқыш», «Тіл жұмсар» (2 бөлім) атты кітаптарының көшірмелері жасақталған. Жалпы осы кітаптардың әр жылдары жарық көрген сандарымен қоса есептесек, 17 туындысы 56 рет басылым көрген. Бұл кітаптардың түпнұсқалары республикалық Ұлттық кітапхананың сирек қорлар бөлімінде тіркелген әрі сақталған.

1. Лаула Асқар, журналист; 

2. Жансая Құрманәлі, мұражай қызметкері;

3. Райхан Имаханбет, ахметтанушы ғалым, А. Байтұрсынұлының музей-үйінің директоры;

4. Қуаныш Әлімберді,мұражай қызметкері;

5. Жазира Жүнісова, Еңбекшіқазақ ауданы А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.