Алдаумен дүниені өзгертіп, күлкімен аш қарынды тойдыруға болмайды. «Алдар көсе» фильмінен

Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдар көсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Алдар көсе туралы ең алғаш фильм түсіріп, оның образын көрермен қауымға алғаш жеткізгендердің бірі – Шәкен Айманов.