Жалақыны есептеу. Актив және пассив.«Teens МВА»

Әдетте экономика мен қаржы саласында арнайы терминдер жиі қолданылады. Ең жиі кездесетіндері: «актив» және «пассив». Олар көптеген құжатты рәсімдеу кезінде, сондай-ақ экономистер мен бухгалтерлердің әдеттегі сөзінде де қолданылады. Шығарылымның екінші бөлімінде еңбекақы және оның қалай есептелетіні туралы айтамыз. Жалақыны есептеу – ай сайынғы және өте көп уақытты қажет ететін процесс. Себебі бұл жерде маңызды бірнеше мәселе бар. Қызметкерге еңбекақысын қолына берместен бұрын есепші бірінші кезекте ол қаржыдан алынатын салық пен жарна мөлшерін дұрыс есептеуі керек.

Мысалы, табыс салығын есептеген кезде одан зейнетақы жарналары мен медициналық сақтандыру жарналары шегеріледі. Осындай есептеулерде жіберілген қате қызметкер алатын сомаға әсер етуі мүмкін.

Миятбек Алтынбеков - PhD докторы, Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ұлағат Юсупов - PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі.