«Ундерву» маркалы баспа машинасы. «Заттар жайлы ақпар»

1937 жылы тұтқындалғаннан кейін Сәкеннің қолжазбаларын, кітаптарын, хаттарын, жеке заттарына дейін тәркілеген. Дегенмен, біршама жәдігерлер сақталып қалған. Ақынның адал жары Гүлбаһрамның арқасында бүгінде Сәкен мұражайында оның көзі тірісінде қолданған, әр кезеңдеріне қатысты жәдігерлер жинақталып, мұражай төрі Сейфуллиннің отбасында сақталып қалған заттардың бірі – «Ундерву» маркалы баспа машинасы. Деректер бойынша, 1903 жылы Нью-Йорк қаласында жасалған. Материалы – темір, ағаш, қара, сары және жасыл түспен боялған. Уақыт өте келе машина аяқтары бұзылып, бірнеше жерінде бояуы кетіп, тот басқан. Бағдарлама қатысушылары: Гүлсара Сұлтанқызы- С.Сейфуллин мұражайының экскурсия өткізетін маманы. Қанат Жүніс –актер, сәкентанушы, меценат. Қуанышбай Ғабиден- С.Сейфуллин мұражайының ғылыми қызметкері. #заттаржайлыақпар #Ундерву #баспамашинасы #СәкенСейфуллин #Сейфуллинмұражайы #еларна #еларна #еларнабағдарлама #заттаркупиясы #заттаржайлыакпареларна #заттарсыры #заттарқұпиясы