BOOK БАЗАРЫ. «Жаңа қадам»

Кітап оқудан қалған ұлт, әсіресе, жас ұрпақ орны толмас ауыр рухани жұтқа ұшырайды. Ғабит Мүсіреповтің: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деуі де осыдан. Бүгінгі жастар кітап оқи ма? Олар кімдерді оқып жүр? Зиялылар жазып кеткен мұралар архивте құр шаң басып жатыр ма? Мектеп оқулығына қандай авторлар кірген? Сауал көп. Жауап іздеп көрейік.