Нұржұман Ықтымбаев – ҚР халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері. «Кино. Театр»

Қазақ киносының тарихында дара аталатын есімнің бірі – Нұржұман Ықтымбаев. Өнер деген киелі кәсіптің тұлпарын бозбала күнінен тізгіндеп мінген актер қашанда ұлт мүддесін жоғары қоя отырып, өз ісінің биігінен түспей келеді. Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» орденінің, «Тәуелсіз Тарлан» сыйлығының және де көптеген халықаралық жүлделердің иегері Нұржұман Ықтымбаев Қырғызстан, Польша, Италия, Франция, т.б. шетелдерден шақырту алып, Ж.Депардье, Х.Тагава, Д.Ли сияқты әлемге танымал актерлермен киноға түсті.