«Дон Кихот. Жаңа премьера»

Әйгілі қаламгер М.Серваниестің «Дон Кихот» шығармасы алғаш рет қазақ сахнасына шыққалы отыр. Қазақстандық жас режиссер Әлібек Өмірбекұлы аталмыш туындыны бүгінгі күннің тілінде сөйлетіп, жас театртанушы Мирас Әбілдің сахналық нұсқасымен көрермен назарына ұсынбақ. Қатысушылар: Әлібек Өмірбекұлы, Қуандық Қыстықбаев, Айнұр Бермұхамедова, Ұлан Қабыл, Бегімнұр Қалила, Заңғар Әбенов.