«Кинокафе». Режиссер, сценарист Қанағат Мұстафин

«Кинокафе». Режиссер, сценарист Қанағат Мұстафиннің шығармашылық ізденісі жоғары. Оның түсірген жұмыстары көпшілік көңілінен шығып жүр. Айталық, комедиялық жанрда түсірген «16 қыз», «Ең сұлу қыз» киносы көрермен көзайымына айналды. «Ең сұлу қызды» «16 қыздың» жалғасы деп біледі көпшілік. Алайда екі киноның актерлары ортақ болғанымен, жанры екі бөлек.
Қанағат Мұстафиннің алда жоспары көп. Енді ол әртүрлі жанрда жұмыс жасамақ. Соның бірі – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы ерекше фильм түсіру. Қазір режиссер бұл жұмысына дайындық үстінде.