«Кинокафе». Кинорежиссер, жазушы Сатыбалды Нарымбетов

Сатыбалды Жәұлы Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Кинорежиссер, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005), Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (1996). «Құрманғазы» атты деректі фильмін (1972 жылы) «Зауал» (1981 жылы), «Күзгі бұралаң жол» (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, «Ұрын келген күйеу» (1987 жылы), «Созақтан шыққан Гамлет»(1990 жылы), «Көзімнің қарасы», «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994 жылы Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік «Кино-Шок» кинофестивалінің жүлдесі, Халықаралық кинофестивалі жюриінің дипломы, Франция, Анже (1995 жылы); Француз кино өнері академиясының сыйлығын (1996 жылы), тағы басқа), «Омпа» (1998 жылы) тағы басқа көркем фильмдердің режиссері.