«Кинокафе». Режиссер Шарипа Оразбаева: Әйел режиссерлерге қолдау керек

«Байқоңыр» кинофестивалінің гран-при иегері Шарипа Оразбаева 2010 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «Кино режиссурасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жанындағы «Кино және ТВ режиссурасы» мамандығы бойынша грузин режиссері И.М.Квирикадзенің шеберлігінде «Режиссерлардың жоғары курсын» бітірген. 2013 жылы Лиссабонда (Португалия, 2012) фильм түсіру мен технологиясын үйрену бойынша халықаралық тәжірибеден өтеді. Халықаралық қысқаметражды кинофестивальдердің лауреаты атанған бірнеше қысқаметражды фильмдер түсірген.
Шарипа Оразбаева бағдарламада фильм түсіру үрдісі мен халықаралық кинофестивальден алған жүлдесі өмірін қалай өзгерткені туралы айтады.