Э.Айтматов: Халықтың жүрегіндегі Айтматовты толық көрсете алмаймын деп уайымдадым

2018 жылдың көктемінде прокатқа шыққан «Саяқбай» толық метражды фильмінің режиссері – Эрнест Әбдіжаппаров. Кинопоэма «Манас» эпосының жұмбағы және ХХ ғасырдың Гомері атанып кеткен Саяқбай Қаралаевтың өміржолы туралы сыр шертеді. Сондай-ақ картинада манасшының Ш.Айтматовпен алғаш кездескен сәті де баяндалады. Осы орайда заңғар жазушының ролінде оның кенже ұлы Эльдар Айтматов ойнайды. Шығармашылық топтың сенімі Эльдар Айтматовты жігерлендіре түсті. Ол актерлермен кеңесіп, шеберлік дәрістер алған екен.