Қиын кезеңнің ұлы күрескері – Мәжит Бегалин

Ол – қиын кезеңнің ұлы күрескері. Айтуға ауыз бармайтын, баруға батылдық бойламайтын тақырыптар дәуірінің батыры – Мәжит Бегалин!

Қазақтың маңдайына біткен классик режиссер ширек ғасырға жуық шығармашылық ғұмырында ұлт батырларының, ел тұрмысының рухани болмысын бейнелеп, ақиқат пен әділдік өрнегін кино әлеміне әшекейлеуді мұрат тұтты.

Еліміздегі тұңғыш кәсіби кинорежиссер, қазақ киносына айрықша еңбек сіңірген дара тұлға Мәжит Бегалин туралы киножурнал «Ел Арнада»!