«Жаңғақ тал» кинокартинасы қалай түсірілді?

Кинорежиссер Ерлан Нұрмұхамбеттің «Жаңғақ тал» фильмі алғаш рет көрермен назарына Оңтүстік Кореяда ұсынылған болатын. Одан бөлек Франция, Польша, Америка, Жапония, Иран секілді мемлекеттерді аралап, кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 «Жаңғақ тал» фильмі ауыл тақырыбынан алшақтап бара жатқан бүгінгі қазақ киносына дем беріп, жан бітірді. Фильмнен бала кезден көз алдымызда қалып қойған ауыл адамдарының ұмытылмас бейнесімен де жолығып қаламыз. Өмірдегі айтулы оқиғаларда жаныңнан табылып, жүгіңді жеңілдететін көпшіліктің кескінін де шынайы көрсетеді. Айтулы фильм толығымен қалаға қоныстанып, заманауиланып алған қазіргі қазақ кино өнеріне ерекше өң береді.