«Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер фестивалі

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының қорының қолдауымен республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Шараға 150-ге жуық киногер жұмыстарын жіберіпті. Олардың 35-і фестиваль ережесіне сай деп танылған. Бұл кино мамандарын дайындайтын еліміздің беделі жоғары оқу орындарының түлектері мен студенттерінің тырнақалды туындылары.