«Үлкен экранның құпиясы» бағдарламасы. Каскадер Жайдарбек Күнғожинов

Жайдарбек Күнғожинов – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, трюктерді қоюшы, «Номад» каскадерлер тобының жетекшісі. Жайдарбек Күнғожинов Қазақстанның цирк өнерін Италия, Украина, Франция, Ресейге көрсетті. Қытайда өткен халықаралық фестивальде лауреат атанып, «Күміс арыстан» жүлдесімен марапатталды.