«Шие» комедиясы (Антон Чехов)

Атауы комедия демесеңіз, «Шиеде» күлдіретін емес, жылататын сөз бен сезім көп. Қазіргі кезде күйіп тұрған жер сату мәселесі алдыңыздан шығады. Кейіпкерлердің бейқамдығы – бүгінгі қоғамның бейқамдығы. Қойылым соңында зар жылап жалғыз қалатын байғұс шал – қадірі қашқан қарттық. Қысқасы, сахнадағы әрбір кейіпкердің сөзі мен қимылынан өз бойымыздағы міндерді, қазіргі қоғамның дертін көруге болады.