«Қорғансыздың күні» драмасы (Мұхтар Әуезов)

Спектакль драматург, қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі желісімен қойылған. Қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. «Қорғансыздың күні» көрерменнің көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі бейнелейді.

#Еларна #Қорғансыздыңкүні #драма