«Өміршең өнер туындылары». Берік Әлібайдың таңғажайып өнері

Елордалық зергер Берік Әлібайдың таңғажайып туындылары оның филигранды өнерін ғана емес, бүкіл Қазақстанды паш етеді. Бүгінгі бағдарламада зергердің өміршең өнер туындыларымен таныс боламыз. Мысалы, оның жасаған алқаларының бірін Иордания патшайымы тағады, жасаған қылыштары Армения Президентінің, Түркияның экс-Президентінің, Малайзия премьер-Министрінің жеке коллекцияларын безендіреді. Берік Әлібай – Қазақстандық зергер, Карл Фаберже орденінің елдегі жалғыз иесі, сондай-ақ «‎Мұсылман әлемінің құрметті зергері»‎ белгісінің иегері.