Коллекционер Жаңыл Байтуриева. «Өміршең өнер туындылары»

«Әйелдер қауымы табиғатынан нәзік, сезімтал, сұлулық пен әсемдікке әсерленгіш болып келеді емес пе?! Сондықтан, олардың айналасы да әдемі бұйымдарға толы» -дейді біздің кейіпкеріміз Жаңыл Байтуриева. Елуді еңсерген ол бүгінде шаттығы шалқыған шаңырақты сүттей ұйытып отыр.Қонақ күткенді ұнатады. Ал, ақ дастарханның ажарын ыдыс-аяқтар аша түсетіні сөзсіз. Иә, Жаңылдың бойында әйел затына тән ыдысқұмарлық қасиет бар. Алайда, ол бұл бұйымдарды тұтыну үшін емес, бірегей коллекциясын толықтыру үшін сатып алады. Жаңылдың кампанофилияға, яғни, қоңырауларды жинау және зерттеуге деген бетбұрысы да көпшілікті таң қалдырды. Кампанофилия -XX-шы ғасырдың басында кәрі құрлықтың Ұлыбритания, Германия және Францияда кеңінен тараған екен. Содан коллекциялаудың осы түрімен айналысатындар қатары көршілес Ресейде көбейді. Қазақстанда да бар, бірақ, саусақпен санарлықтай аз. Бағдарлама қатысушысы: Жаңыл Байтуриева-коллекционер #ELARNA #өміршеңөнертуындылары #коллекции #коллекционерЖаңылБайтуриева #ЖаңылБайтуриева #омиршенонертуындылары #еларнабағдарлама #еларнаөміршеңөнертуындылары #еларнаколлекционер #еларнаЖаңылБайтуриева #әшекейбұйымдар #коллекцииәшекей