«Орындалмас арман» телехикаясы. «Жарық. Камера. Мотор!»

Туындыда қуаныш пен өкініш, байлық пен мансап, жалпы қазіргі заманның бейнесі көрініс тапқан десе болады. Сериал қайда және қалай түсірілді? Телехикая 25 жастағы Қайрат пен оның отбасында болып жатқан сан-алуан оқиғаларды баяндайды. Басты қақтығыс Қайрат пен өгей әкесінің арасында өрбиді. Шетелден білім алып, Алматыға келген Қайрат өзінің жүрек қалауы Іңкәр есімді арумен тағдырын қосқысы келеді. Бірақ бұл шешімге анасы қарсы шығады. Міне, содан бастап отбасы арасында түсінбеушілік пен дүрдараздық болады.