Спорттық драма «Боксшы». «Жарық. Камера. Мотор!»

Бағдарлама Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өмірбаянына арналған картина жайлы. Спорттық драма Қарағанды ​​облысында түсірілді. Түсіру тобының мүшелері басты рөлге үміткерді қалай іздегендері, Ақан Сатаевпен бір алаңда жұмыс істеуі қандай болатыны, көрнекті спортшының туыстарының рөлін ойнауы қандай болғандығы және оларға қалай кеңес бергендері туралы әңгімелейді.