«16 қыз» фильмі. «Ашық көрсетілім»

«Ашық көрсетілімнің» кезекті шығарылымы «16 қыз» фильмі туралы. Бағдарламаға қатысушылар: режиссер Қанағат Мұстафин және кинотанушы Дана Әмірбекова. Айта кетейік, «16 қыз» фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Әкесі Бауыржанды досының қызы Айжанмен «бел құда» салты бойынша атастырады. Дегенмен қыздың кейін басқа жігіті бар болып шығады. Досының көңілін қалдырғысы келмеген әкесінің өтінішімен Айжан Бауыржанға басқа қалыңдық іздей бастайды. Кейін олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады.