Елім дейтін ерлер. «Freshman»

Әлеуметтік желіні ашып, кез келген тақырып бойынша пікірді оқи қалсаң, қыздарымыз бен ұлдарымыздың тәрбиесіне қатысты сөз таластырып жатқандарды кездестіресің. Ер-азаматтар ұсақталып кетті. Сөйлеген сөздері алдыңғы буын ағалардай кесек-кесек емес, өсек болып барады дейтіндер көп. Бірақ бұны бәрі бірдей мақұлдай бермейді. Дегенмен қазіргі еркектердің қоғамдағы мәртебесі қандай? Найзағай намысты, нар тұлғалы азаматты қалай тәрбиелейміз? Жігіттің бойындағы ұлттық рухты ояту үшін не істеу керек? Отан үшін отқа түсетін азаматтарды қалай тануға болады? Осы және тағы басқа сұрақтардың жауабын анықтадық.

1. Батыр Жүкембаев, кәсіби боксшы, әлем чемпионы;

2. Шырын Мұратқызы, әлеуметтанушы;

3. Санжар Тұрсынбетов, психиатр-нарколог;

4. Арулыат Мұхаметқали, тырнақ әрлеуші;

5. Гүлзахира Тұрсынқызы, көп балалы ана;

6. Бердалы Оспан, мәдениеттанушы.